Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Орманшылық

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 24 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Типологиялық негізде ормандардың қалыптасуы мен қайта жаңаруы


Жоспар
1 Типологиялық негізде ормандардың қалыптасуы мен қайта жаңаруы 3
1.1 Ормандар типологиясы 3
1.2 Ормандардың қайта қалыпына келуі 8
1.3 Ормандардың қалыптасуы 15
1.4 Ағаш тұқымдастарын ауыстыру 20
Қолданылған әдебиеттер тізімі 24

1 Типологиялық негізде ормандардың қалыптасуы мен қайта жаңаруы
1.1 Ормандар типологиясы
Бонитет классы бойынша сүректер (ағаштар жиынтығы) сипаттамасы топырақтардың сапасын, олардың өнімділігін, екпелердің барлық сапасымен құрамын толықтай анықтайды. Көп жағдайда бонитеттің бір класстағы орман өсіру жағдайы неғұрлым әр түрлі болғандықтан орман дайындалуы, орман шаруашылық және экономикалық шараларды қажет етеді. Мысалы: бонитеттің төртінші класстық қарағайлары бедердің көтеріңкі қылқанды орман аймақтарында және құрғақ немесе сарғыш құмдақ топырақта өседі. Сонымен қатар бонитеттің төртінші кластық қарағайлары көбінесе осы аймақтағы төмеңгі бедер элементтерін сарғыш, ылғалды және дымқыл топырақта өседі. Сондықтан орман шаруашылық және орманды пайдалану жұмыстарында мұндай ағаш бітімдері әр түрлі болады.

1.2 Ормандардың қайта қалыпына келуі
Орман табиғаттың маңызды бір бөлігі бола отырып, өзіне қатысты ерекше құрамдармен сипатталады. Бұл құрамдар ормандардың табиғи қайта қалпына келуге, бітімдердің қалыптасуында олардың табиғи сиреуі дифференцияасы. Ағаштардың көлемі бойынша жіктелуі олардың: құрамы, түрі, жас аралық құрлымының өзгеруі барысында көрініс табады. Орманның қалыпына келуі - бұл дегеніміз негізгі орман компаненті (ағашты өсімдік) қайта қалыпына келуі осыдан іле – шала, тірі және өлі топырақ үсті жамылғыларынан мүктер, қыналар, орман өсімдіктері, аласа бұталар, бактериалды және саңырауқұлақ флорасы және т.б. пайда болып тіршілік етуі.

1.3 Ормандардың қалыптасуы
Табиғи қайта қалыпына келу процесінде тұқымдар жетілгеннен кейін жас өскіндер пайда болып, барлық орман құрамы мен белгілерін қамтыған өсімдік қауымдастығы қалыптасып, орманның өмірінің жаңа этапына көшеді. Орманның қалыптасуының бастапқы этапында ағаш сүрегінің үздіксіз жетілуі жүреді. Егер кесілген ағаштар гектарына 10 млн. өскіндер есепке алынса ал, 100-150 жыл ішінде не бары 600-1000 ағаш қана қалады. Ағаштардың дифференциасымен іріктелуінің негізгі себептеріне тұқымдары мен дәндердегі тұқым қуалаушылық құрамы, олардың түскен микро орта жағдайы, тіршілік үшін күрес (Ч.Дарвиннің эволюциялық теорияларының негізгілерінің бірі), яғни қорек, ылғал, жарық үшін күрес.

1.4 Ағаш тұқымдастарын ауыстыру
Орманды қалыптастыру және жаңарту процесстері, орман құрамы тұқымдастарын ауыстыру уақытында немесе бір ағаш тұқымдасын басқа ағаш тұқымдасымен ауыстырғанда, байқалады. Ағаш тұқымдастарының ауыстырылуы табиғи жолмен өте ұзақ процессте жүзеге асады. Қарағай, емен, қайың және көктерек секілді жарық сүйгіш тұқымдастар шырша, самырсын, жөке және т.б. көлеңке сүйгіш ағаштармен алмасады. Ғасырлар бойы табиғи жолмен алмасатын ағаш тұқымдастары адамның шаруашылық әрекеттері барысында алмасатын ағаштарда өте баяу жүреді. Климаттың біртіндеп өзгеруі бір тұқымдастың пайда болуына алып келсе, екіншісін жоғалтады.

Қолданылған әдебиеттер тізімі
1 Қазақстан Республикасының Орман кодексі.Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі № 477 Кодексі.
2 Атрохин В.Г., Гурский А.А., Аманбаев А.К., Токтасынов Ж.Н. Леса и лесное хозяйство Казахстана.Алматы. 1996.-244 с.
3 Белов С.В. Лесоводство. – М.: 1983. – 321 с.
4 Мелехов И.С. Лесоведение. – М.: 1980. – 133 с.
5 Мелехов И.С. Лесоводство. – М.: 1989. – 153 с.