Мемлекет шығыстарының мәні және құрамы
Мазмұны
Кіріспе 3
1 Мемлекет шығыстарының экономикалық мазмұны және сыныптамасы 4
1.1 Мемлекет шығыстарының мәні және құрамы 4
1.2 Экономиканы дамыту шығындары 6
1.3 Мемлекет шығыстарын қаржыландыру 7
2 Мемлекеттік шығыстардың түрлері және қызметі 11
2.1 Әлеуметтік-мәдени шараларға жұмсалатын шығыстар 11
2.2 Халықты әлеуметтік қорғау және ғылыми-техникалық прогресс шығыстары 14
2.3 Қорғанысқа және басқаруға жұмсалатын шығыстар 25
Қорытынды 29
Қолданылған әдебиеттер 30
Кіріспе
Мемлекеттің, шығыстары - мемлекеттің қаржы саясатының маңызды құралы, оның орталықтандырылған және орталықтандырылмаған кірістерін пайдалануға байланысты болатын қаржы қатынастарының бір бөлігі. Мемлекет шығыстарының өзгешелігі сол, ол қызметтің тек мемлекеттік сферасының қажеттіліктерін қамтамасыз етеді. Сондықтан мемлекет шығыстарының мазмұны мен сипаты мемлекеттің экономикалық, әлеуметтік, басқару, қорғаныс және т.б. функцияларымен тікелей байланысты. Мемлекет шығыстарының жеке түрлері экономикалық маңызы мен мазмұны жағынан бірыңғай (бір текті) емес.
1 Мемлекет шығыстарының экономикалық мазмұны және сыныптамасы
1.1 Мемлекет шығыстарының мәні және құрамы
Мемлекеттің шығыстары - бұл мемлекеттің жұмыс істеуімен байланысты ақша шығындары. Экономикалық категория ретінде олар қоғамдық өндірісті дамытып, жетілдіру, қоғамның сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жалпы ішкі өнімнің бір бөлігін бөлумен және тұтынумен байланысты экономикалық қатынастарды білдіреді.
«Шығыстар» ұғымының қос мағынасы бар:
1. Ақша қаражаттарын олардың мақсатты арналымы бойынша пайдалану, яғни ақша қаражаттарын айырбас процесінде тікелей рәсуалау. Бұл жағдайда шығыстардың құрамына түпкілікті табыстардың есебінен жүзеге асырылатын өндірістік және өндірістік емес сфера кәсіпорындары мен ұйымдарының, халықтың шығыстары кіреді, ал жалпы қоғамдық өнім үш қорға: орын толтыру қорына, қорлану қорына, тұтыну қорына ыдырайды.
1.2 Экономиканы дамыту шығындары
Экономиканы дамытуға жұмсалатын шығыстар - бұл өндіріс көлемінің тұрақты өсуі және оның тиімділігін арттыру үшін жағдайлар жасауға бағытталатын ақша қаражаттары. Оған мыналар жатады: күрделі жұмсалымдар, негізгі капиталдарды жөндеу; айналым қаражаттарының өсімі; материалдық резервтер жасау; арнаулы қорлар мен мақсатты қаржыландыру қорларын жасау.
Экономикаға жұмсалатын шығыстарда басты орынды ұлттық шаруашылықтың барлық салаларының негізгі капиталдарын ұдайы жаңғыртуға бағытталатын күрделі жұмсалымдар - материал, еңбек және ақша ресурстарының жиынтығы алады. Күрделі жұмсалымдардың құрамына:
1.3 Мемлекет шығыстарын қаржыландыру
Мемлекеттің шығыстарын қаржыландырудың мақсатты сипаты мемлекеттің қаражаттарын қатаң белгілі бір шараларға пайдалануды талап етеді. Мұның негізінде ұлттық шаруашылықтың және аймақтың жекелеген салаларын дамытуда үйлесімділіктерге жету, қаржылардың ең алдымен ғылыми-техникалық прогресті айқындайтын неғұрлым перспективті жөне профессивті салаларға бөлу және аса маңызды әлеуметтік проблемаларды шешу қамтамасыз етіледі. Мемлекеттің шығыстарын қаржыландырудың қайтарусыз сипаты берілген ресурстарды (кредит механизмінен айырмашылығы) тікелей өтеуді талап етпейді. Бұл қағидат бойынша қаржы ресурстарын беру соңғы уақытта мемлекеттік бюджеттен қаржыландырудың кредиттік әдістерімен қатар қолданылады (мысалы, Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдаудың мемлекеттік қоры); бұл пайдаланылатын қаржы ресурстарының тиімділігін арттырады.
2 Мемлекеттік шығыстардың түрлері және қызметі
2.1 Әлеуметтік-мәдени шараларға жұмсалатын шығыстар
Мемлекет шығыстарының маңызды бағыты әлеуметтік-мәдени шараларға - оқу-ағартуға, ақпараттық қызметтер көрсетуге(баспасөз, радио хабарын тарату және теледидар), мәдениетке, өнерге, денсаулық сақтауға, дене шынықтыру мен спортқа, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру мен әлеуметтік қамсыздандыруға жұмсалатын шығындарды қаржыландыру болып табылады.
Бұл шығыстар ірілендірілген түрде мынадай түрлерге бөлінеді:
2.2 Халықты әлеуметтік қорғау және ғылыми-техникалық прогресс шығыстары
Қаржы жүйесінің дербес буыны ретіндегі сақтандыру әдетте ойда болмаған және төтенше оқиғаға байланысты белгілі бір объектіні сақтандыру мен әлеуметтік қамсыздандыру (сақтандыру) сияқты екі оқшауланған нысанада іс-әрекет ететіні белгілі. Сақтандыру мәселесі, медициналықты қоспағанда әлеуметтік сақтандыру проблемаларымен - халықты әлеуметтік қорғау жүйесімен тікелей байланысты.
Қазақстан Республикасының Конституциясы Қазақстан Республикасының азаматы жасына келген, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де заңды негіздерде оған жалақы мен зейнетақының ең төмен мөлшерлеріне, әлеуметтік қамсыздандырылуына кепілдік береді.
2.3 Қорғанысқа және басқаруға жұмсалатын шығыстар
Әрбір мемлекет өзінің қорғаныс қабілетін сақтап отыруы тиіс, ол аса маңызды мемлекеттік функциялардың бірі болып табылады. Өзінің жерін, елін сыртқы күштерден қорғай алатын мемлекетті ғана тәуелсіз деп тануға болады. Осының өзі Қазақстанның төл армиясының құрылуына ұйытқы болды, соған сәйкес әскери доктрина қабылданып, өзінің қалыптасу кезеңінен өтті. Соңғы кезде әскери саясатта түбегейлі өзгерістер болды. Соның ішінде кәсіби әскер құруға алғашқы қадамдар жасалып жатыр. Сондай-ақ кейінгі жылдары әскери салада шет мемлекеттермен ынтымақтастық кеңінен дамып келеді. Қарулы күштер дербес мемлекет құрылымының міндетті элементі болып табылады. Халықаралық қауіпсіздіктің тегіс қамти алатын жүйесін жасағанға дейін ел әскери құрылысты жүргізе береді және қарулы күштерді жетілдіре береді. Олардың құрамында құрлықтағы әскерлер, әскери - әуе күштері, әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері, әскери-теңіз бөлімшелер қамтамасыз ету және қызмет көрсету құрамалары мен бөлімшелері бар.
Қорытынды
Сонымен, мемлекеттік шығыстар жұмыс істеуімен байланысты ақша шығындары. Экономикалық категория ретінде олар қоғамдық өндірісті дамытып, жетілдіру, қоғамның сан алуан қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жалпы ішкі өнімнің бір бөлігін бөлумен және тұтынумен байланысты экономикалық қатынастарды білдіреді.