Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Әлем тіл білімінің жаңа бағыттары

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 19 стр.

Год: 2011

Полный просмотр работы

Әлем тіл білімінің жаңа бағыттары


Жоспар
1 Әлем тіл білімінің жаңа бағыттары 3
1.1 Тілдің коммуникативтік – іс-әрекеттік қызметі 3
1.2 Психолингвистика мен нейролингвистика 4
1.3 Тіл мен этнос 7
1.4 Тіл мен мәдениет 9
1.5 Этнолингвистика 13
1.6 Тіл және социум 15
Әдебиеттер 19

1 Әлем тіл білімінің жаңа бағыттары
1.1 Тілдің коммуникативтік – іс-әрекеттік қызметі
Сөйлеу актілерінің теориясы (сөйлеу іс-әрекетінің теориясы) Джон Л. Остин (1962) мен Джон Р. Серлдің шығармасы болып танылатын күнделікті тіл философиясының қайнарында туған. Бұл теорияда не істейтініміз, сөйлейтініміз жайлы түсінік беріледі. Бұл теория бастапқыда тіл философиясы мен прагматикалық бағдардағы жалпы қызмет теориясында, кейін ғана лингвисканың бірқатар бағыттарында дамыған.
Сөйлеу актілерінің теориясында бүгін семантикалық бағдарланған және прагматикалық бағдарланған екі ағым байқалады. Сөйлеу актілерінің құрылымдары генеративтік семантика тұрғысынан да зерттелуде (Джерролд М. Сердюк).

Сөйлеу актілерінің теориясы коммуникативтік грамматика, дискурс талдауы, консервациялық талдау (әсіресе оның неміс түрі сөйлеуді талдау) проблемаларының жасалуына ықпалын тигізді. Қазір сөйлеу актілерінің теориясы кеңінен түсінілетін лингвистикалық прагматикаға енеді. Идеяларының жасанды интеллект жөніндегі еңбектерге кіргені байқалады.

1.2 Психолингвистика мен нейролингвистика
Психолингвистика жеке пән ретінде ХХ ғасырдың 50-жылдарында псигологиялы бағыт арнасында туып, сөйлеу қызметінің (сөйлемнің тууы, түсінілуі немесе қабылдануы) процестері мен механизмдерін тіл жүйесіиен байланыстыра зерттеуді мақсат етіп қояды.. Тілде адамның сөйлеу қызметін (сөйлеу әдебін) қамтамасыз ететін динамикалық, «жұмысшы» жүйе ретінде түсіндіру оған тән. Ол тіл бірліктерінің (дыбыстар, сөздер, сөйлемдер, мәтіндер) өзіне емес, сөйлеуші үшін психологиялық анықтама, сөйлемдерді туу мен түсінікті болу актілеріне, солсияқты тілді меңгеруге бағытталған. ОЛ индивидтің сөйлеу қызметінің модельдері мен психофизиялық сөйлем ұйымдастыруын жасап, оларға сынақтақ тексеруді жүргізеді.

1.3 Тіл мен этнос
Мазмұнды бағдарланған грамматиканы 50-жылдары неогумболдтиандық Лео Вайсгербер тілді «энергетикалық»түсіну рухында жасады. Ол ең алдымен мектепте неміс тілін оқытуда пайдалануға арналған.
Неогумбольдианство В. фон Гумбольдтың жіктелу және құрылымдық ролінің аркасында тілдік мазмұның (мәннің) өзіндік әлемін жасайтын жасампаз күшті тілге тануынан туындайтын тұжырымалар мен мектептердің жиынтығын білдіреді. Белгілі тіл қауымдастығы мүшелерінің әлемді ойша құрастыру мен әлемді тануды жасақтау үрдістері тілдің ішкі формасының әрекетіне саяды.

1.4 Тіл мен мәдениет
Тіл мен мәдениет онтологиялық қауымдастығының негізінде байланысқан, идеалдық олардың өмір сүруінің объетивті формасы барып табылады. Тіл мен мәдениет – адамның дүниетанымын көрсететін сананың (идеалды) формасы. Табиғи тіл өз мәнінде халықтың материалдық және рухани мәдениетінің көрінісі мен жүзекге асырылуының ұлттық формасы болып табылады. Кейінгі қағида ХІХ ғасырдағы ұлы неміс галымы В фон Гумболдттың (1767-1835) еңбектернде дамыған. «Язык и философия культуры» кітабында ол тілді «халық рұхының» көрінісі ретінде қарыстырады, тіл арқылы халық рұхын ұрпақтарына табыстайды. Тіл «әлем сүретін» тілдік емес шындықты таныстырудың ұлттық тәсілісінің, ұлттық ішкі форманың жаңғырағы ретінде жасақтайды.

1.5 Этнолингвистика
Этнолингвистика (этносемантика, антрополингвистика) тіл білімінде социялогиялық бағытың америкалық вариантын білдіреді. Идеялық бағыты бойынша европалық неогумбольдттыққа жақын. Этнолингвистика тіл материалдық мәдиниеттің қалыптасуына жол ашқан және онымен өзара әрекеттестікті жалғастырғанұжымның тарихи мұрасы ретінде түсіндіріледі. Этнолингвистика тілді зерделегенде оның мәдениетке қатынасына, тілдің функциясымен эволюциясында тілдік, этномәдени және этнопсихологиялық факторлардың өзара әрекеттестігіне назар аударады.

1.6 Тіл және социум
Социолингвистика тіл білімі, әлеуметтік психология және этнографияның тоғысында ерекше пән ретінде туып, тіл білімінде ХХ ғасырдың бірінші жартысында А. Мейе, Е.Д.Поливанов, Л.Я. Якубинский, В.В. Виноградов, Б.А. Ларин, В.М. Жирмунский, Р.О. Шор, М.В. Сергиевский, Н.С. Чемоданов, В. Матезиус, Б. Гавранек, Й. Вахек, Т. Фрингс және солардың Лейпцигте құрған диалектогиялық мектебі, Ф. Боас, Э. Сепир, Б. Ли Уорф және басқа антропологиялық лингвистика өкілдері, «тілдік өмір сүрудің» жапондық мектебі жасаған зерттеу ұстанымдарының қазіргі кезеңде өткерілуін білдіреді. Ол өз сипаты бойынша имманентті структурализм мен топтастырушылыққа реакциядан туған. Оған әлеуметтік қатынастардың шиеленісуіне байланысты 60-70-жылдары Европалық және Америкалық қоғамда өскен тіл социологиясына қызығушылықты қанағаттандыруға ұмтылыс, Азия, Африка, Орталық және Оңтүстік Американың көптеген мемлекеттерінде тіл саясаты мен тілдік жоспарлаудың өзекті проблемаларына көңіл бұру тән.