Экологиялық қылмыстардың құқықтық сипаттамасы және түсінігі
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 Қоғам мен табиғаттың арасындағы қарым-қатынасты эколого-құқықтық реттеудің маңызы 5
2 Экологиялық заңдылықтарды бұзғаны үшін жауапқа тарту 9
2.1 Қоршаған ортаны қорғау жөнінен заңды жауапкершіліктің түсінігі мен мәні 9
2.2 Экологиялық құқық бұзушылық үшін заңды жауапкершіліктің түрлері 10
2.3 Экологиялық зиянның түсінігі мен түрлері. Оның орнын толтырудың тәсілдері мен принциптері 12
3 Экологиялық қылмыстар 14
3.1 Экологиялық қылмыстардың ұғымы мен түрлері 14
4 Экологиялық қылмыстарды болдырмау үшін мемлекеттік реттеу мен басқару 18
ҚОРЫТЫНДЫ 25
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 26
КІРІСПЕ
Қазақстан Республикасының Конституциясында өмір сүру құқығы әр адамның негізгі құқығы болып саналады (15 бап). Бұл құқық Адам құқықтарының Хартиясымен, 1948 ж. 10 желтоқсанда БҰҰ Бас Ассамблеясымен қабылданған Адам құқықтарының жалпы декларациясымен қаралған, және де бұл құқық БҰҰ қоршаған ортаны қорғау конференциясында қабылданған Стокгольм декларациясында бекітілген (1972ж.).
Жеке тұлғаның экологиялық құқықтары туралы Қазақстанның қоршаған орта құқығында негізгі сұрақ деп санауға болады. Осыған байланысты олар құрамын және заңдардың, басқа да нормативтік құқықтық актілердің қолдануын көрсетеді (ҚР Конституциясы 12-бап).
Осыған байланысты адам мүддесіне шешілмейтін экологиялық міндеттер қаралады, яғни әр адамның қоршаған ортаны қолдану құқығы, соның нәтижесінде қоршаған ортаны сақтауы және қалпына келтіру болып саналады. Адамның құқықтары мен бостандықтары туылғаннан пайда болады. Адамның экологиялық құқықтары болып – жеке тұлғаның заңда анықталған және бекітілген, табиғатпен байланыста адам қажеттіліктерін қанағаттандыру құқықтары.
Бұл құқықтар құқықтық реттеу дәрежесінде байланысты қоршаған ортада негізгі және өзге болып бөлінеді.
1 Қоғам мен табиғаттың арасындағы қарым-қатынасты эколого-құқықтық реттеудің маңызы
Адам – табиғаттың бір бөлігі. Табиғаттан тыс, оның ресурстарын пайдаланбай адам өиір сүре алмайды. Табиғат әрқашанда ең негізгі, адам өмірінің бастауы болып табылады.
Ал, табиғат – мәңгілік, объективті өмір сүретін категория. Қазіргі экологиялық заңнамада «табиғат» түсінігі реттеудің, пайдаланудың және қорғаудың объектісі ретінде өте сирек қолданады.
Бірінші экологиялық заң барлық заттардың барлығымен қарым-қатынаста болатынын көрсетеді. «Экология» темині (грек сөзінен аударғанда «иокос» - үй, баспана, туған жер және «логос» - ғылым деген мағынада) «өмір сүретін орын туралы ғылым» дегенді білдіреді. Бірінші рет ғылыми терминологияға «экология» сөзі неміс биолог-зерттеушісі Э.Геккелмен 1866 жылы өзімен өмір сүретін ортаның арасындағы тірі организмдердің қарым-қатынастарды туралы арнайы биологиялық ғылымды белгілеу үшін енгізілді. Ол тек ХХ ғасырдың орта кезеңдерінде ғана кеңінен таралды. Бірақ күннен күнге осы терминнің түсінігі кеңейіп отырды ал қазір ол қоғам мен қоршаған ортаның арасындағы қарым-қатынасының аспектілерін қамтиды. Экология – біздің жалғыз үйіміз – жер туралы ғылым болып табылады.
2 Экологиялық заңдылықтарды бұзғаны үшін жауапқа тарту
2.1 Қоршаған ортаны қорғау жөнінен заңды жауапкершіліктің түсінігі мен мәні
Кәсіпорындардың өсуіне, жер шары тұрғындарының өсуіне байланысты қоршаған ортаның жағдайын жақсарту мәселесі – бүкіл әлемде де, белгілі бір елде де өте күрделі қарастырылуда. Қазақстанның экологиялық қауәпсіздігін қамтамасыз ету ісінде ҚР Қылмыстық кодексінің тарауы белгілі бір рөл атқарады. Онда экологиялық қылмыс үшін жауапқа тарту нормалары қарастырылған.
Экологиялық қылмыс – бұлзаңда қарастырылған қоғамға қауі төндіретін әрекеттер, тұрғындардың экологиылқ қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен қоршаған ортаны тиімді пайдалану және қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарға қол сұғу әрекеттері.
Экологиялық қылмыстың объектілеріне табиғат ресурстарын тиімді пайдалануға байланысты қылмыстық заң арқылы бақыланатын қоғамдық қатынастар жатады.
2.2 Экологиялық құқық бұзушылық үшін заңды жауапкершіліктің түрлері
Экологиялық құқық бұзушылық дегеніміз – табиғатты қорғау заңдылықтарын бұзатын және адам денсаулығы табиғи ортаға зиян келтіретін құқыққа қарама-қайшы іс-әрекет.
Экологиялық құқық бұзушының қоғамға келтіретін зиянның дәрежесіне байланысты теріс қылық және қылмыс болып бөлінеді. Біріншісі қылмысқа қарағанда қоғамға көп зиян келтіре қоймайды және ол тәртіптік, материалдық, әкімшілік, қылмыстық және азаматтық-құқықтық жауапкершілік пайда болады.
Тәртіптік жауапкершілікке қызмет пен өзінің тікелей міндеттерімен алмаған адам тартылады. Мысалы, құқық бұзушылық кәсіпорынның бас инженерінің лауазымдық нұсқаудың талаптарын орындамағаны үшін жауапқа тартудан тұрады.
2.3 Экологиялық зиянның түсінігі мен түрлері. Оның орнын толтырудың тәсілдері мен принциптері
Экологиялық құқықтық талаптарды бұзудың негізінде жасалған зиянкестік ортаның құқық доктринасында экологиялық экогендік зиян деп аталады.
Экологиялық зиян туралы сөз қозғалған кезде, заң шығарушы органдарда әр түрлі терминдер қолданылады. Мысалы, зиян, залан, шығын. «Қоршаған табиғи ортаны қорғау заңдылықтарын бұзғаны үшін шығынның орнын толтыру туралы жазылған». ҚР Қылмыстық кодексі адам денсаулығына және қоршаған ортаға шығын келтіргені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартады.
Экологиялық шығын түсінігі деп қоршаған ортаға келтірілген қандай да болмасын зиянкестікті түсінеміз. Ол экологиялық құқықтың талаптарын бұзумен байланысып жатады.
3 Экологиялық қылмыстар
3.1 Экологиялық қылмыстардың ұғымы мен түрлері
Экологиялық қылмыс дегеніміз қоршаған ортаға, оның ресурстарына, халықтың экологиялық қауіпсіздігіне қол сүғатын қоғамға қауіпті, қылмыстық заңға қайшы іс-өрекеттер болып табылады.
Экологиялық қылмыстардың заты-нақты табиғат ресурстары: жер, су, ауа, жануарлар дүниесі, орман-тоғай, мал т.б. болады.
Экологиялық қылмыстардың топтық объектісі-қоршаған ортаны қорғау,, табиғат ресурстарын тиімді пайдалану, тірі организмдерге қолфйлы табиғи жагдайларды сақтау жөне адамдардың экологиялық қауіпсіздігін кдмтамасыз ететін қоғамдық қатынастар болып табыладм.
Қылмыстың тікелей объектісі-экологиялық қатынастарды реттейтін қоғамдық қатынастар.
Тікелей объектісінің ерекшеліктеріне байланысты экологиялық қатынастар мына төмендегі түрлерге бөлінеді:
4 Экологиялық қылмыстарды болдырмау үшін мемлекеттік реттеу мен басқару
Экология саласындағы мемлекеттік басқару деп, табиғатты тиімді қолдану мен табиғи ортаны қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған мемлекеттік органдардың орындаушылық қызметін түсінеміз.
Табиғатты қолдану мен табиғи ортаны қорғаудың мемлекеттік басқаруының мазмұны – қауымның мүддесіне, мемлекеттің экологиялық саясатына байланысты.
Мемлекет саясатының негізін - әлеуметтік-экономикалық, экологиялық және басқа да халықтың денсаулығын қамтамасыз етуге арналған шаралар, яғни: аймақтың ерекшеліктеріне байланысты табиғатты тиімді қолдану; шөл және шөлейт жерлерді тыңайту; биологиялық құндылықтарды сақтау мен қолдану; арал теңізі бассейнінде экологиялық жағдайды жақсарту; жер ресурстарын қорғау мен тиімді қолдану; экологиялық қауіпсіздік орнату сияқты шаралар құрайды.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қоршаған ортаны қорғау механизмінде экологиялық бақылаудың ролі – құқықтық шарада өте маңызды. Дәл осы экологиылқ бақылаудың негізінде экологиялық талаптар орындалады. Экологиялық заң бұзушылық үшін заңды жауапкершілік шаралары – экологиялық бақылау барысында немесе басқа мемлекеттік органдар араласуы арқылы қолданылады.
Өзге экологиялық құқықтар категориясы құқығына негізінен Қазақстан Республикасының заңдарында және өзгеде нормативтік заң актілерінде қаралған табиғатты қолдану және қоршаған ортаны қорғау құқықтар жатады. Мысалы, азаматтардың өз денсаулықтарын қоршаған ортаның қолайсыз әсер етуінен қорғануы (Экологиялық кодекс), азаматтардың ормандарға бару құқығы (ҚР Орман кодексі) және т.б.
Азаматтардың экологиялық құқықтарының арасындағы приоритеттік мағынаның қоршаған ортаның қолайсыз әсерінен қорғануға құқығы бар.
Адамның денсаулығы өмір сүріп отырған ортамен тығыз байланыста. Адамның физиологиялық жағдайы әйтеуір табиғат жағдайымен байланысты, оның нәтижесі табиғат қолайлығының көрсеткіші.