Макроэкономикалық реттеу
Жоспар
1 Макроэкономикалық реттеу 3
1.1 Реттеудің негізгі мақсаттары мен бағыттары 3
1.1.1 Нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеудің мәні мен мақсаты 3
1.2 Мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары 5
1.3 Мемлекеттің қаржы-бюджет саясаты 6
1.3.1 Мемлекеттік бюджет, оның мәні, рөлі. Мемлекеттік бюджеттің шығындары мен кірістері 6
1.4 Мемлекеттің дискрециондық фискалдық саясаты 8
1.5 Салық түрлері,салық қызметтері. Лаффер қисығы 9
Әдебиеттер 14
1 Макроэкономикалық реттеу
1.1 Реттеудің негізгі мақсаттары мен бағыттары
1.1.1 Нарықтық экономиканы мемлекеттік реттеудің мәні мен мақсаты
Қазіргі дамыған экономиканың көбісі аралас болып табылады. Бұл осы мөлшерде нарықтық өзіндік реттеу мен мемлекет жағынан қоғамдық өндірісті реттеу арқылы толықтыруларды белгілейді. Осындай реттеу, орталықтандырылған экономиканы мемлекеттік басқарумен өзгешеленеді. Орталықтандырылған жүйеде (сурет 1.1) мемлекет Әкімшіліктік және ТУРА әсермен кәсіпорындардың барлық қызметтері мен олардың арасындағы шаруашылық байланысты анықтайды. * Нарықтық экономика немесе аралас экономикада (сурет 1.2) мемлекет, тек нарықтың құқықтық пен макроэкономикалық реттеуіне әсер етеді де, (яғни ең алдымен ақша, салық, бюджет, несие, т.б. сияқты шаруашылық тұтқалар көмегімен) ал кәсіпорындардың өмірлеріне тікелей араласпайды.
1.2 Мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары
Қаржылық, несиелік-қаржылық пен әлеуметтік саясаттар келесі параграфтарда толық қарастырылады. Алғашқы үш бағыт бойынша қысқаша түсініктерімен шектелейік. Сонымен,атап өтсек.
Әкімшілік-құқықтық реттеу- ең алдымен мемлекет пен экономиканың құқықтық негіздерінің құрылуымен анықталады. Осыған жататындар:
а) мемлекетте меншік құқықтары мен нысандарын және шаруашылық қызмет ережелерін белгілеу;
б) еңбек қатынастарды және зейнеткерлік тәртіпті реттеу (еңбекақы мен зейнетақы, еңбекке жарамсыз және жұмыспен қамту төлемдерінің минималды мөлшері, зейнеткерлік жағдайы мен еңбекті қорғау туралы заңдар, т.б.);
в) тұтынушылардың құқықтарын қорғау, экологиялық заңнама және басқалар. Бұл реттеу, екінші жағынан, мемлекеттің монополияға қарсы саясатты жүгізуімен, монополияға қарсы шаралар, адамгершілік емес бәсекелестік, жасанды жетіспеушілік, бағалық және басқа да теріс қолдануларды анықтайды.
Тікелей мемлекеттік басқару - қорғаныс, энергетика, пайдалы қазбалар, су ресурстары, білім, денсаулық сақтау, ұлттық мұражайлар, парктер, қорықтар, демалыс орындары, жол, көшелерді жинау және жарықтандыру, маяк, су апатынан қоршаулар, т.б. сияқты салалар мен қоғамдық маңызы бар объектілер қатынасында қолданылады. Осы кезде осы объектілер мен салалардың көбі мемлекеттік немесе муниципалды меншікте болуы мүмкін.
1.3 Мемлекеттің қаржы-бюджет саясаты
1.3.1 Мемлекеттік бюджет,оның мәні,рөлі.Мемлекеттік бюджеттің шығындары мен кірістері
Қаржылық реттеудің екі нысаны бар – фискалдық саясат, яғни салық салу облысындағы саясат, және бюджеттік, яғни бюджет қаржыларын жұмсау облысындағы саясат. Қаржы саясатының негізінде мемлекеттік қаржылардың теоретикалық концепциялары жатыр.
Экономикалық дағдарыстар итермелейтін тиімді сұранысты жүзеге асыру үшін кейнсиандықтар экономиканы реттеудің басты құралы деп бюджеттік саясатты санайды. Мемлекеттік шығындар тиімді сұранысқа жетудің маңызды факторы ретінде қарастырылады. Бұл концепция тапшылықты қаржыландыру қағидасына негізделеді.
Қаржы саясатының бағыты елдің экономикалық жағдайына байланысты болады. Экономиканың дағдарыстық жағдайы, бір жағынан, өндірістің төмендеуін тоқтату мен өндірісті ынталандыруға (мысалы, өндірушілерге салықтық жеңілдіктер түрінде), экономиканың жеке салаларына қаржы ресурстарын тиімді салу мақсатымен олардың мобилизациялауына, ал басқа жағынан, барлық әлеуметтік бағдарламаларды басуға бағытталған қаржы саясатын ескереді.
Қаржылық реттеудің әдістері:
1.4 Мемлекеттің дискрециондық фискалдық саясаты
Фискалдық саясат – бұл мемлекеттің бюджеттік-салық саясаты. Фискалдық саясат – экономикаға әсер ету мақсатымен мемлекеттік шығындар құрылымын реттеу мен салық салу облысындағы саясат. Фискалдық құралдардың әрекетінің сипатына байланысты фискалдық саясатты дискрециондық емес саясат және дискрециондық (кірістірілген тұрақтандырғыштар саясаты) саясат деп бөледі.
Дискрециондық емес саясат үкіметтік шығындардың бөлігі жеке сектордың белсенділігімен байланысты екеніне, ал экономикалық конъюнктураның өзгеруі бюджеттік шығындар мен салықтардың едәуір деңгейінде өзгерістерді автоматты түрде туындатады екеніне негізделеді.
1.5 Салық түрлері,салық қызметтері. Лаффер қисығы
Салық – бұл мемлекеттік және жергілікті бюджеттерге жеке және заңды тұлғалардың міндетті төлемдері. Кез-келген қоғамда салық салу міндетті, себебі мемлекет өзінің қызметтерін орындау үшін нақты қаржы ресурстарын талап етеді.
Салық салу объектілері бойынша ерекшеленеді:
Әдебиеттер
1. Жолдасова Г.А. Экономика негіздерінен сабақ беру әдістемесі Астана 2003
2. Мәуленов С, Бекмолдин С, Құдайбергенов С. Экономикалық теория Оқу
құралы. 2 өлім. Экономика 2003
3. Крылова В. Экономикалық теория А. 2003
4. Осипова Г.М. Экономикалық теория негіздері. А.2002
5. Мәдешев Н. Нарықтық экономика теориясына кіріспе. Э, 1990
6. Макконнелл К.Р, Брю Л.С, Экономикс, М, 1992. 2 т.