Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Әлеуметтану және саясаттану

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 59 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

КХДР ядролық дағдарысын шешуге қатысушы мемлекеттер мүдделерінің қарама-қайшылығы


МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3
І тарау. Қазіргі әлемдегі ядролық көпполярлылық жағдай және КХДР ядролық дағдарысы 7
1.1 Ғаламдану жағдайындағы халықаралық қатынастағы ядролық көпполярлылық жағдайдың орнауы 7
1.2 КХДР ядролық бағдарламасының тарихи алғышарттары 16
ІІ тарау. КХДР ядролық дағдарысын шешуге қатысушы мемлекеттер мүдделерінің қарама-қайшылығы 25
2.1 КХДР тарабы 25
2.2 АҚШ, Жапония және Корея Республикасы 28
2.3 Қытай және Ресей 37
ІІІ тарау. КХДР ядролық дағдарысын шешу жолдары мен нәтижелері 42
3.1 КХДР ядролық дағдарысын шешудегі алтыжақты келіссөздердің нәтижелері 42
3.2 КХДР ядролық дағдарысын шешудің болашағына болжам 48
ҚОРЫТЫНДЫ 53
Сілтемелер 57
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 59

КІРІСПЕ

ХХ ғасырдың соңғы онжылдығында Кеңес Одағының және Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қалыптасқан халықаралық қатынастардың бүкіл тұтас жүйесі құлауымен байланысты әлемдік саясатта ғаламдық өзгерістер орын алды.
Биполярлы жүйе құлауымен байланысты әлемдік екі саяси жүйе арасында әскери және қарулы күштер саласындағы жарыс тоқтатындай көрінді. Алайда, биполярлы жүйелен кейін жекелеген мемлекеттердің ұлттық мүдделерінің алуан түрлілігіне орай геосаяси қарама-қайшылықтың орнады. Сол себепті халықаралық қатынастар тәжірибесінде әскери және қарулы күштер қолданылмайтын жаңа дәуір басталды деп айту қате тұжырым. Халықаралық қатынастардың жаңа заманға өтпелі кезеңінде ядролық қарудың жаңа әскери-саяси жағдайдағы ролін анықтау маңызды мәселеге айналды.

Сондықтан қазіргі кезде ядролық қарудың таралуына бөгеу салуда күш қолдану тәсілі емес, дипломатиялық және экономикалық әдістер қолданылу керек. Социализм жүйесі құлағаннан кейін Солтүстік Корея қазіргі ғаламдану жағдайында өзінің социалистік тәртібі, тоталитаризм және казармалық коммунизм жағдайында қалып отыр. Осыған байланысты Солтүстік Корея басшылығы өз билігінен айырылып қалмау мақсатымен қолда бар іс-шараларды қолдануда: сыртқы қауіптерге жауап ретінде ядролық қаруға иелену арқылы елдің саяси қауіпсіздігін қамтамасыз етпек. Ал КХДР ядролық бағдарламасын жүзеге асыру Солтүстік Шығыс Азиядағы тұрақсыздыққа бастап, ұлы державалардың алаңдаушылығын туғызуда:
Біріншіден, КХДР-дың басқа мемлекеттерге ядролық технология немесе құралдар сатуы ядролық қаруды иеленуге асығып отырған мемлекеттерге оңтайлы жағдай туғызады.
Екіншіден, әлем мелекеттері арасында, әсіресе, Солтүстік Шығыс Азияда ядролық қару жасау жарысы бүкіл әлемдік қауіпсіздіктің дағдарысына әкеліп, ядролық қаруды таратпау тәртібін жояды. Сол себепті КХДР ядролық бағдарламасының бүгінде халықаралық қатынастардағы терең шиеленіскен мәселелердің бірі болып табылады.
Тақырыптың маңыздылығы. Бұрынғы «қырғи қабақ» соғысы кезінде КХДР ядролық дағдарысын шешу мәселесінің басты қиындығы АҚШ және КСРО бастаған екі жүйенің ғаламдық қарама-қайшылық болып табылатын еді. Қазіргі ғаламдану заманында Кореядағы дағдарысты шешуге негізгі кедергі – бұл мәселені шешудегі мемлекеттер пікірі мен мүддесінің қарама-қайшылығы болып табылады. Бұл мәселені толығымен талдауда, сонымен қатар, мәселенің ең негізгі өзегі КХДР-дағы әкімшіл-әміршіл жүйе мен жоспарлы экономика екендігі айқындалады.
Сондықтан, Солтүстік Корея ядролық дағдарысын шешуге қатысушы мемлекеттер осы мәселені басшылыққа алуы жөн. Себебі, бұл КХДР-дың бүкіл әлемдік дағдарысқа және саяси тұрақсыздыққа бастауын алдын алудың негізгі шарты болып табылады.
Мақсат – міндеттер. Солтүстік Корея ядролық дағдарысын шешу мәселесін қозғау үшін алдымен бұл жағдайдың туындауының алғы шарттарымен танысып, мән-жайға қанығу керек. Бұл бітіру жұмысының негізгі мақсаты – қазіргі көпполярлы халықаралық қатынастар жүйесіндегі Солтүстік Корея ядролық дағдарысына талдау жасай отырып, аталмыш мәселені шешуге жаңа механизмдерді алға тарту.
Бұл мақсатты жүзеге асыру барысында жұмыстық міндеттері де айқындалады:

І тарау. Қазіргі әлемдегі ядролық көпполярлылық жағдай және КХДР ядролық дағдарысы

1.1 Ғаламдану жағдайындағы халықаралық қатынастағы ядролық көпполярлылық жағдайдың орнауы

Қырғи қабақ соғыс аяқталғаннан кейін халықаралық қатынастардың көпжақты қауырт трансформациясы байқалады. Бұрынғы биполярлы қатынас орнына әлемде мемлекеттердің, мемлекет түсті институттардың, мемлекеттік емес ұйымдар мен қозғалыстардың қарым-қатынастарының басқа принциптері мен модельдеріне негізделген әлдеқайда күрделі құрылым орнады.
Осыған орай, ядролық саясатта да жаңа әдістерді қолдану қажеттігі туды.
Себебі, әлемдегі саяси күштердің қайта құрылуының негізгі мәселелерінің бірі болып жаңа әскери-саяси жағдайдағы ядролық қарудың ролін анықтау саналады.
Әскери немесе саяси қажеттіліктер туындаған кезде мемлекеттердің ядролық қаруды алу немесе жасау мүмкіндігі жоғары күйінде қалып отыр. Бұл қауіпті Үшінші дүниенің бірқатар мемлекеттеріндегі жағдайдың тұрақсыздығы батысқа қарсы көңіл-күйдің пайда болуы НАТО-ның Югославияға және АҚШ-тың Иракқа қарсы сияқты іс-қимылдардың құрбаны болудан сақтану сияқты факторлар күшейтіп отыр.
Қазіргі кезде ядролық қаруға ие болу және оны алу мен жасауға қабілеттілік қана емес, мемлекеттердің ядролық қару жасау туралы саяси шешімнің декларациясы барған сайын үлкен мәнге ие болуда. Бұған 2002-2003 жылдардағы Солтүстік Корея дағдарысына байланысты халықаралық жағдайдың тұрақсыздануы мысал бола алады [1].

1.2 КХДР ядролық бағдарламасының тарихи алғышарттары

КХДР ядролық бағдарламасын екі кезеңге бөлуге болады.
Бірінші кезең - КХДР ядролық салада негізгі зерттеулерін жүргізіп,сәйкес инфрақұрылым құра бастаған 50 жж. ортасынан 70 жж.аяғына дейінгі аралық.
Екінші кезең – 70 жж. аяғынан бастап қазіргі кезге дейінгі уақыт аралығы. Аталмыш кезең КХДР-дың негізінен өз күшімен ғылыми-өндірістік базаны дамытуымен сипатталады, сондай-ақ осы кезде КХДР елдегі энергетикалық дағдарысты шешу үшін шетелден көмек алуға тырысты.
1947-1950 жж. КСРО жүргізген геологиялық барлауларының нәтижесінде Солтүстік Кореяда 26 млн. тонна уран қоры табылған, ал оның 4 млн. тонасы өнеркәсіптік өңдеуге жарамды. Кеніштер құрылысы басталып, КСРО өз кезегінде КХДР-дан 9 мың тонна моназит рудасын алған болатын. Корей соғысы аяқталғаннан кейін (1950-1953жж) КХДР ядролық саланы зерттеуге ғылыми-техникалық мамандар дайындауды қолға алады, ол үшін 1956 жж. КСРО-мен корей мамандарын дайындау туралы келісімге келді.Олар МИФИ, Бауман атындағы МВТУ, МЭИ-де оқып, Дубнадағы Біріккен ядролық зерттеулер институтында тәжірибеден өтіп отырды. Жалпы 90 жж. басына дейін КСРО-да үш жүзге жуық корей мамандары дайындалған. КХДР-дың өзінде ядролық физика және радиохимия ғылыми-зерттеу институттары ашылған болатын. 1953 ж КСРО-мен атом энергиясын бейбіт пайдалану келісіміне қол қойғаннан кейін Ненбенде (Пхеньянның солтүстігінен 80 км жерде) ядролық зерттеулер орталығының құрылысы басталып, ол 1965 жылы аяқталды.

ІІ тарау. КХДР ядролық дағдарысын шешуге қатысушы мемлекеттер мүдделерінің қарама-қайшылығы

2.1 КХДР тарабы

Қырғи қабақ соғыстың аяқталғанына біраз уақыт өтсе де, Корей түбегі оның заңдарымен өмір сүруін тоқтатқан жоқ. Корей мәселесін шешуге қатысушы мемлекеттер АҚШ, Жапония, Оңтүстік Корея, Ресей, сонымен қатар, Қытайда (ОША-5) нарықтық-демократиялық және плюралистік жолмен даму үстінде. Ал Солтүстік Корея ұлтшылдық, коммунизм жүйесінде қалған. Бұдан бірнеше қорытындыға келуге болады: Біріншіден, Солтүстік Кореяның бұрынғы одақтастарының ешқайсысы да (Ресей мен Қытай) идеялық-саяси себептермен КХДР-ға қолдау көрсетпейді [22].
Екіншіден, саясаткерлер ресми мойындамаса да, Солтүстік Корей режимінің тарихи болашағы жоқ, ал оның қашан құлайтынын тек уақыт көрсетеді.

2.3 Қытай және Ресей

Әлем және Азия Тынық Мұхиты аймағының дамуы жөніндегі болжамдарға сәйкес Қытай ғасырдың ортасында жалпы ұлттық күші бойынша және экономика саласында АҚШ-ты басып озады.
Ал Корей түбегі мыңдаған жылдар бойы Қытай ықпалындағы ел болып келген еді. Қытай оған бақылау жасаудан тек жүзге жуық жыл бұрын ғана айырылған болатын. Қытайға қысым жасау үшін КХДР-дің АҚШ плацдармына айналып кетуі мүмкіндігіне Пекин алаңдаушылық білдіруде. ҚХР үшін әскери-стратегиялық және саяси жағынан алғанда, американдықтардың әскери күшпен КХДР-ды басып алуы тиімсіз болып табылды. Мұның салдары АҚШ-тың Корей түбегіне бақылау орнатуына, Қытаймен шекаралас жерге (Маньчжурия маңында) АҚШ қарулы күштерінің орналасуына әкеп соғады. Сонымен қатар, кейбір ресей мамандары пікірінше, АҚШ-тың Ауғанстандағы террористерге қарсы операциялары, Иракқа қарсы шабуыл нәтижесінде Орталық Азияда құрылған АҚШ әскери базалары АҚШ-қа терроризмге қарсылық көрсету үшін емес, Қытайдың солтүстік-батысына бақылау орнату үшін қажет. Сондай-ақ, ҚХДР-дан «айырылу» ҚХР-дың Азия мен әлемдегі беделі мен сыртқы саяси беделіне нұқсан келтіреді.

ІІІ тарау. КХДР ядролық дағдарысын шешу жолдары мен нәтижелері

3.1 КХДР ядролық дағдарысын шешудегі алтыжақты келіссөздердің нәтижелері

Солтүстік Корея ядролық бағдарламасы мәселесін алтыжақты келіссөздер арқылы шешуді американ-солтүстік корей диалогының баламасы ретінде АҚШ ұсынған болатын. Мұндағы Вашингтонның айтқан сылтауы Пхеньянның АҚШ-пен жасаған келісімдерді жүзеге асырмауына байланысты сенімнен шығуы. Ал көпжақты күш жұмылдырудағы АҚШ-тың негізгі мүддесі КХДР-дағы қалыптасқан жағдай үшін өз жауапкершілігін басқалармен бөлісу. Кореядағы тұрақтылық, Солтүстік Кореяның ядролық қарусыз елге айналуы және осы елдің бірден нарықтық-демократиялық жолға түспесе де, кемінде нарықтық жолға өтуіне алтыжақты келіссөзге қатысушылардың бәрі де мүдделі. Дегенмен ішінара кейбір мәселелерде мемлекеттердің пікірі әр түрлі.

3.2 КХДР ядролық дағдарысын шешудің болашағына болжам

КХДР ядролық дағдарыстың жағдайының одан әрі дамуының сегіз түрлі жолы бар. Біріншісі – қазіргі дағдарыс жағдайындағы КХДР басшылығы саясаты негізгі мақсатына сәйкес, ядролық бағдарламаны жою ісін Солтүстік Кореяның келіссөзге қатысушылардан қаржылай-экономикалық көмекке айырбастау. Қазіргі кезде саудаға түсіп тұрған нәрсе – бұл КХДР ұлттық қауіпсіздігі, ал ол үшін шабуыл жасамау, ішкі істерге қол сұқпау кепілдігі берілуі керек және КХДР-ды АҚШ-тың мойындауы талап етілуде. Сондай-ақ, бұл жерде ядролық бағдарламаның әскери саласын толығымен жою шарты орындалмақ. Ал МАГАТЭ бақталастығы бейбіт ядролық бағдарлама әлі күнге дейін ашық күйінде қалып отыр.

ҚОРЫТЫНДЫ

Қазіргі ғаламдану жағдайында 1953 жылы Бітім туралы келісімге негізделген Кореядағы бейбітшілікті сақтау жүйесі өз дәуірінен асып, заман талабына сай емес. Қытай мен АҚШ бұл мәселені қайта қарастыруға дайын емес, сондай-ақ, АҚШ КХДР-ды дипломатиялық жолмен мойындауға асықпайды. Сеул мен Пхеньян БҰҰ және басқа да халықаралық ұйымдардың мүшесі болып табылса да, өзара дипломатиялық қарым-қатынас жасауға дайын емес. Бұған олардың бір-бірін өз мемлекеттерінің біт бөлігі ретінде қарастыратын Конституциялары кедергі болып отыр. Сонымен қатар, бұл мәселені шешудегі мемлекеттер мүдделерінің қарама-қайшылығы кедергісімен қоса, КХДР-дың басшылығы өз билігінен айырыламын деген қауіппен келіссөздерде бітімге келуден және басқа мемлекеттердің шарттарын қабылдауға үрейленетіні де бөлек қиындықтар туғызуда [40].
Сондықтан, Солтүстік Корея ядролық дағдарысын шешуде АҚШ, Қытай, Ресей, Жапония және Оңтүстік Корея ғаламдану кезеңін басынан өткізіп отырған бұл мәселені шешуде мыналарды мойындауы қажет:

Пайдаланған әдебиеттер тізімі

42. Бурмистров Р. «Япония – КХДР: обострение северокорейской ядерной проблемы» // Азия и Африка сегодня. - №, (575). -2005.
43. Булычев А.Р. «Ким Чен Ир отправляется в путь» // Проблемы Дальнего Востока. - №5. -2001. Сентябрь-Октябрь
44. Есин В. «Восточно-Азиатская подсистема после распада СССР» // www.google.ru
45. Есин В. «Ядерное оружие КНДР: угроза или шантаж» // www.rambler.ru
46. Жебин А.З. «КНДР: традиции и совремменость» // Восток/Orients. - №2. -2003.
47. Жебин А.З. «О возможных сценариях развития ситуации на Корейском полуострове» // Корейский полуостров и вызовы ХХ века: ИДВ РАН. – Москва. - 2003. –с. 40
48. Жебин А. «Ядерный кризис в Корее и интересы безопасности России» // Азия и Африка сегодня. - №3 (572). -2005.
49. Жебин А. «Ядерный кризис в Корее и интересы безопасности России» // Проблемы Дальнего Востока. - №2. -2004. Март-Апрель
50. Калядин А. «Россия и международный режим ядерного нераспротранения» // Международная жизнь. - №7. -1997.
51. Киреченов О. «Ядерная политика КНДР: дипломатическое уравнение шестой степени» // Азия и Африка сегодня. - №6 (563). -2004.