Қазақ халқының ежелгі тарихы. Қазақ халқының құралу және даму барысы
Халықтардың «Ұлы қоныс аудару» дәуірі (ІІ-V ғ.ғ.). Қазақстанның, Орта Азия мен Шығыс Европаның этникалық және саяси картасын едәуір дәрежеде өзгертті. Қазақ халқының негізін құраған тайпа бірлестіктері б.д. VI ғ. бастап қоғамдық дамудың жаңа сатысына қадам басты, ерте феодалдық және феодалдық - хандықтардың қол астына бас қосып, құрала бастады. Бұрын өз алдына өмір өткізген ұлыстар мен тайпалардың біртүтас үкіметке бағынып, ұзақ уақыт бойына аралас-құралас бірге жасауы олардың арасындағы саяси, экономикалық және мәдени байланысты күшейте түсті. Олар өзара жақындасып, этникалық бірігу жолына беттеді, олардың тайпалық айырмашылықтары барған сайын азайып, халықтық қасиеттері молая түсті. Экономикалық мәдени және тілдік тұтастық бірте-бірте қалыптасуға қадам басты.
Батыс түрік қағандығындағы шаруашылықтың басым саласы көшпелі мал шаруашылығы еді, сонымен бірге Іле, Шу, Талас өзендерінің алқаптарында, Алатаудың баурайында егіншілік алқаптары болды. Олар тары мен бидай, жеміс-жидек, бау-бақша екті. Көшпелі шаруашылық орын алған жерлерде патриархалдық қатынастар, ал отырықшы егіншілік аудандарда феодалдық қатынас қалыптасты.
Қытай империясы бұл екі ұлыстың арасында 756 ж. жанжал отын жағып, нәтижесінде соңғылары басымдылық танытады. Түргештердің көпшілігі Қытайға өтіп кетеді, ал қалтаңдары қайтадан күшті ұлысқа өсіп-өне алмады. Сөйтіп, түргеш мемлекетінің тарихи өмір сүру мерзімі 698-766 жж. аралығы деп есептелінеді. Бұл мемлекетте отырықшылық пен егіншілік басым болды. Ал бұл жағдай қалалардың өсуіне әкелді. Олар батыс пен шығыс арасында керуен сауда жолына орналасты және сауданы дамытты. Металдан жасалған ақшалары болды.
Батыс түрік қағандығының құрамында болып, кейін қазақ даласында өз алдына мемлекет құрып, қазақ халқының қурылуы мен даму барысына қатысушылар қатарына қимақтар деп аталатын ортағасырлық ел атауын қосуға болады.