Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Тарихы

Тип: Реферат

Объем: 10 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Онжылдықтың жол картасы

Біз Президентіміздің әр жылдық Жолдауына дағдыландық. Әрбір жылдық Жолдау — бұл нақтыланған жоспар, дамуымыздың сара жолы. Бірақ, биылғы Жолдаудың ерекшеліктері бар. Елбасы алдағы он жылда атқарылатын ауқымды жұмыстар мен өрелі істерді арқау еткен Жолдауын «Жаңа онжылдық - жаңа экономикалық өрлеу - Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» деп атады. Президент Жолдауына назар салсақ, «Кеше қандай жағдайда болдық, бүгін қай деңгейге көтерілдік, ертеңгі күні шығатын биігіміз қандай?» деген сұрақтарға жауап табамыз.

1997 жылы «Қазақстан-2030» еліміздің Стратегиялық бағдарламасы қабылданды. Содан бері 13 жылға жуық уақыт ішінде мемлекетіміздің әлем алдындағы беделі анағүрлым өсті, экономикасы қаржы дағдарысына дейін қарқынды дамыды, халықтың хал-жағдайы жақсарды. Жүргізілген реформалар нәтижесін бере бастады. Әлемдік қаржы дағдарысы кезінде халық «Енді елдің болашағы қалай болады?» деп алаңдады. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев өткен жылғы Қазақстан халқына Жолдауында алаңдайтын ештеңе жоқ екенін сенімді түрде айтты. Осы Жолдауын Елбасы «Дағдарыс арқылы жаңару мен дамуға» деп текке атаған жоқ.

Ғаламдық қаржылық дағдарыс зардаптарын барынша айналып өткен республикамызда экономикамызды одан әрі өркендетудің маңызды алғышарттары жасалды. Болашағымыз үшін өзі де тынымсыз еңбек етіп, өзгелерді де осынау ортақ мақсат жолына жұмылдырып жүрген Елбасы саясатының арқасында Қазақстанды әлем жұртшылығы таныса, бұл - біз үшін үлкен мақтаныш.

Сонымен, алғашқы онжылдықтың негізгі міндеті — табиғи ресурстарды іске асыру болса, жаңа онжылдықтың міндеті - адам ресурстарын іске асыру болып табылады. Бұл міндет біріншісіне қарағанда әлдеқайда ауыр және абыройлы. Осы міндетті жүзеге асыруда ең ауыр салмақ алғашқы онжылдықта өсіп-жетілген кәсіпкерлер корпусына түсейін деп отыр. Сондықтан жаңа Жолдауда кәсіпкерлікті дамыту ісіне аса үлкен мән берілген. Әрі оған үлкен дайындық жұмыстары да жүргізіліп келді. Кәсіпкерлікті дамытудың заңдық базасы үсті-үстіне жаңартылуда, жетілдіруде болды.

Жаңа индустриялық жобаларды жүзеге асыратын солар, халыққа жұмыс тауып беретін солар. Өйткені олар бұл іске өзінің қаржысымен қатар бүкіл күш-жігерін, ақыл-ойын бағыттайды. Кәсіпкер неғұрлым білікті де білімді, бәсекелестік қабілеті мығым, сонымен қатар отан сүйгіш патриот, елдің қамын ойлайтын кемел болса, онда осы топтың күшімен тауды бұзып, тасты қопаруға болады. Мемлекеттің бизнеспен арадағы әріптестікті қалыптастыратын, дамытуға ұмтылатындығы да содан.
Президенттің Жолдауында кәсіпкерлікті дамытуға ерекше мән берілген. «Әртараптандырудың өзегі кәсіпкерлік болады», деп атап көрсетті мемлекет басшысы. Айталық, дамыған елдерде шағын және орта кәсіпкерлік саласы экономиканың 60 % құрайды. Ал бізде 20 % төңірегінде. Алдағы уақытта бұл саланың үлесін екі есе өсіріп, 40 % жеткізу міндеті тұр. Жалпы, елімізде кәсіпкерлікті дамытуға үлкен маңыз беріліп отыр.

Бағдарламаны жүзеге асыруға еліміздегі екінші деңгейдегі банктер қатыстырылады. Банктер бұл істе үлкен рөл ойнайды. Өйткені, негізгі несиелік қаржыны кәсіпкерлер үшін солар бөледі. Банктер осы бағдарламаны жүзеге асыру үшін өз саясаттарын, іс-әрекеттерін айқындап, қажетті бағдарламалық құжатты жасап, оны жергілікті атқару органдарына тапсырады. Банктің белгіленген сыйақы ставкасын субсидиялау мәселесін міне, осы жергілікті органдар шешеді. Яғни, осы арада банктер мен жергілікті атқару органдарының арасында өзара тиімді жұмыс істеу тәсілдері қалыптасуы тиіс.