Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Нарық

Тип: Реферат

Объем: 6 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Жаһандық қаржы және экономикалық дағдарыс

Қазақстан экономикасы да дағдарыс жағдайынан шыға бастады. Ел Үкіметі осы жылы аз болса да ІЖӨ-нің өсіміне қол жететіндігіне сенімді. Әлбетте, Президент бірнеше жыл бойы кұртып, мұқият қорғап келген Ұлттық қордың болуы арқасында біздің еліміз басқаларға қарағанда дағдарысты оңайырақ өткеруде. Солай болсадағы жаһандық дағдарыстың ықпалы бізге де айтарлықтай сезілді: біріншіден, Қазақстан ТМД-ның басқа елдерінен гөрі ертерек, 2007 жылдың өзінде-ақ дағдарысқа дейінгі жылдары республикаға үлкен көлемде және дейтіндей қиыншылықсыз келіп жатқан сыртқы капитал арнасының кілт азаюы тұрғысында бұл дағдарыс құбылыстарын сезінген болатын.

Қазақстанға келетін болсақ, Елбасы Ұлттық банкке және Үкіметке отандық жана қаржы архитектурасын құруға кіруді тапсырды. Дағдарыс көрсеткендей, біздің қаржы жүйеміз осал, қазіргі сілкіністер жағдайында шетін болып шықты. Валюталық реттеудің қатаң тәртібі болмады, ақша елге қалай келсе, солай елден еркін кетіп жатты. Қазақстанда тауар-ақша айырбасын қамтамасыз етуге тиісті қаржы қорларының едәуір бөлігі шетелдік банктер мен оффшорлық аймақтарда сақталды.
Өкінішке орай қазіргі кезге дейін Қазақстан экономикасы іс жүзінде қаржының ішкі көздеріне арқа сүйеген жоқ. Негізінен тірек сырттан қарыз алу болды. Бірақта дағдарыстан шығу кезінде бұл ахуал түбегейлі өзгерді.
Дағдарыс Қазақстан экономикасының негізгі проблемасын - ондағы әртараптандырудың жоқтығын айқын көрсетіп берді. Кезінде Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын қабылдап, оны іске асыру үшін даму институттарының желісі құрылды.

Экономиканың қаржы секторындағы басталған жаһандық дағдарыс барлық салаларды шарпып өтті. Бұл экономиканың даму қарқынына, әрине, әсер етпей қоймады. Осыған байланысты мемлекет жалпы экономиканы тұрақтандыруға және жекелеген салаларды қолдауға бағытталған бірқатар кешенді шараларды қолға алды. Әлемдегі оң серпін Қазақстан экономикасындағы белсенділіктің артуына ықпал етеді, қазірдің өзінде оң үрдістер байқалып отыр деуге болады.

Өзіміздің экономикалық саясатымызды өзіміз айқындаудың арқасында, жан-жақты ойластырылған жоспарларды жүзеге асырудың, әлемдік конъюктураның құбылмалы екендігін ерте бастан ескерудің арқасында Елбасымыз осыдан біраз жыл бұрын құрған Ұлттық кордың көмегімен қандайлық күрделі мәселелерді шешудің сәті түскендігін айта кету керек.