Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Құқық

Тип: Баяндама

Объем: 6 стр.

Полный просмотр работы

Ақпаратқа құқық

«Ақпарат пен идеялардың еркін ағымы демократия түсінігінің өз негізінде жатыр және адам құқығын тиімді сақтаудың абсолюттік алғы шарты болып табылады. Ақпарат пен идеяларды іздеу, алу және тарату құқығын қамтитын еркін пікір білдіру құқығына құрмет жоқ жерде, дауыс беру құқығын іс жүзінде жүзеге асыруға, адам құқығының бұзылуы туралы ашық айту мен сыбайласқан және тиімсіз үкіметті әшкерелеуге мүмкіндік болмайды. Ақпарат пен идеялардың еркін ағымын іске асыру кепілдігі үшін негізгі мәні мемлекеттік органдар ақпаратқа өздері үшін емес, алдыңғы кезекте халық үшін және оның атынан ие болады деген принципті мойындау», - Абдул Вахид Хан, Юнеско Бас директорының Коммуникация және Ақпарат жөніндегі орынбасары.

Ақпаратқа қол жеткізу саласында халықаралық және ұлттық заңнаманы талдау «Қазақстан республикасында ақпаратқа қол жеткізу туралы» заң жобасын әзірлеу азаматтардың ақпаратқа құқығын нормативтік-құқықтық реттеудің бірыңғай жүйесін құруға және биліктің ақпараттық ашықтығын қамтамасыз етуге ықпал ететін болады.

Ақпарат еркіндігіне құқық туралы бірқатар стандарттар мен ережелерді іс жүзінде іске асыру үшін тиісті заң қабылдау қажет. Заң өз кезегінде жұртшылықтың білу құқығы туралы халықаралық-мойындалған тоғыз принципіне жауап беруі тиіс.
Бірінші принцип ақпаратты барынша ашуды, тарату саласының кеңдігін және осы құқықтан үміті бар адамдар сияқты, ұйымдардың да іске қосылған тобын талап етеді. Бұл ретте осы принцип мекемелердің немесе мемлекеттік органдардың ақпаратқа қол жеткізуден бас тартуы кезінде мұндай бас тартудың заңдылығын дәлелдеу міндетін қамтамасыз етеді.
Екінші принцип ақпаратты жариялау міндеттемесін білдіреді. Көбіне ақпаратқа тиімді қол жеткізу жедел жарияланымға және мемлекеттік органдардың тіпті сұрау болмағанның өзінде ақпараттың маңызды санаттарын таратуға байланысты.