Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі

Тип: Реферат

Объем: 15 стр.

Полный просмотр работы

Сөзжасам тізбектері

Жоспар
Кіріспе 3
1.Қазақ тіліндегі сөзжасамдық тізбектер 5
2. Сөзжасамдық тізбек 7
3. Бұл - ұядағы тізбек атаулыға ортақ заңдылық 13
Қорытынды 14
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 15

Кіріспе
Сөзжасам 1991 жылы жоғары оқу орындарының оқу жоспарына кіріп, содан бері қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бөлімінің студенттеріне жеке пән ретінде оқытылып келеді.
Бұл пәннің оқу жоспарына қосылуы сөзжасамның тіл білімінің жеке саласы ретінде танылуына байланысты. Сөзжасам мәселесі бұл кезеңге дейін мүлдем оқытылмады деуге болмайды. Сөзжасам жеке сала болып танылмаған кезде, ол морфология саласына жатқызылып, морфология курсымен бірге оқытылып келді. Бірақ, морфология құрамында сөзжасам мәселелерінің тек сөз таптарының сөзжасамы ғана қамтылды. Сөзжасамның басқа мәселелері ол кезде зерттелмеді де, окытылмады.

1.Қазақ тіліндегі сөзжасамдық тізбектер
Әр сөзжасамдық ұялар сандық құрамы жағынан түрліше. Сондықтан сөзжасамдық ұяның көлемі, кұрамы туралы сөз қозғағанда, әр сөзжасамдық ұя туралы жеке түрде сөз болуы керек.
Құрамы жағынан сөзжасамдық ұяның белгілі бір тұрақты көлемі жоқ. Ол үлкен де, кіші де бола береді. Сөзжасамдық ұяның көлемі түп негіз сөздің сөзжасамдық кабілетінің күштілігіне, кұнарлығына, өнімді-өнімсіздігіне байланысты.
Сөзжасамдық ұялар бір-біріне байланысты, бағынышты құрылымдар емес. Әр сөзжасамдык ұя өзінше бір дербес құрылым, әркайсысының өзіндік құрамы бар. Сөзжасамдық ұя екі мүшеден бастап, жүзден аса мүшелерден де құрала береді.

2. Сөзжасамдық тізбек
Сөзжасамдық ұя мүшелерінің негізгілерінің бірі - сөзжасамдық тізбек. Сөзжасамдық ұя орыс тіл білімінде зерттеле бастағаннан бері оның құрамында сөзжасамдық тізбек те зерттеле, таныла бастады. Сөзжасамдық ұя теориясының негізін қалаушы А.Н.Тихонов болғандықтан, ғалымның сөзжасамдық тізбекке берген анықтамасын келтірген дұрыс, ол: "Под словообразовательной цепочкой мы понимаем ряд однокоренных слов, находящихся в отношениях последовательной производности"-деп анықтаған ол.

Ал ұяда 10 сөз болса, оның бәрі бірінен-бірі тікелей туындамаса, олар бір тізбек бола алмайды. Мәселен, жал деген түп негізден жасалған сөзжасамдық ұяда 9 түбірлес туынды сөз бар, бірақ олар бір сөзжасамдық тізбекке жатпайды, олар: 1) жал->жалдай; 2) жал->жалда->жалдан->жалданыр->жалданыдырт; 3) жал->жалдас; 4) жал->жалсыз; 5) жал->жалсымақ; 6) жал->жалша деген 6 сөзжасамдық тізбекке жатады. Себебі ол 9 туынды сөз бірінен-бірі туындамаған. Сегіз туынды сөздің бесеуі жал сөзінен тікелей жасалған туындылар, бірақ олар тізбекі аяқтап, әрі қарай өрбімеген: 1) жал->жалдай; 2) жал->жалдас; 3) жал->жалсыз; 4) жал->жалсымақ; 5) жал->жалша. Бұлар екі сөзден тұратын тізбектер. Бұлардағы туынды түбірлердің бәрі негізді сөздер, бірақ олардың ешқайсысы негіз сөздің қызметін атқармайды.
Осы ұядағы алтыншы тізбек қана (жал->жалда->жалдан->жалдандыр-> жаддандырт) 5 сөзден құралған, олардың төртеуі бірінен-бірі тікелей туындаған түбірлес сөздер, сондықтан олар сөзжасамдық тізбек құрайды, бір тізбекке жатады.

3. Бұл - ұядағы тізбек атаулыға ортақ заңдылық
Сөзжасамдық тізбектің кұрамындағы туынды түбір сөздер бір (сөз табына да, түрлі сөз табына да қатысты бола береді. Әрине, олардың түрлі сөз табына жататын туынды сөздер болуы жиі кездеседі. Мысалы, өн->өнім->өнімпаз->өнімпаздық деген тізбекте туынды зат есімдер - өнім, өнімпаздық, туынды сын есім - өнімпаз. Бұл тізбекте туынды зат есім мен туынды сын есім жасалған. Ал піс->пісір->пісірт->пісірткіз деген тізбекте тек туынды түбір етістіктер ғана жасалған.

Қорытынды
Сөзжасам морфология құрамында қаралған кезеңде сөзжасам бойынша тек сөз таптарының сөзжасамы ғана зерттеліп келді. Ал сөзжасамның жалпы теориялық мәселелері анықталмады, сөзжасамның көптеген мәселелерінің терминдері де жоқ болатын. Қазір ғалымдар бұл олқылықтарды біршама толықтырды. Сөзжасамның жалпы мәселелерінің қомақты күрделі түрі -сөзжасамдық ұя. Бұл құрылысы өте күрделі тілдік құбылыс. Ол туралы шағын мағлұмат бірінші рет «Қазіргі қазақ тілінің сөзжасам жүйесі» атты монографияда ғана берілген болатын.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Оралбаева Н. Ж. «Қазақ тілінің сөзжасамдары»
2. «Қазақ тілі және әдебиеті» журналы, №23.