1980-1991 жж. Қазақстандағы қоғамдық мекемелер
Жоспар
1. 1986ж. Қазақстандағы қоғамдық мекемелер 3
2. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы.,«Тіл - туралы заң» 6
Әдебиеттер 9
1. 1986ж. Қазақстандағы қоғамдық мекемелер
Республикада әскери өнеркәсіп кешенінің 43 ірі кәсіпорны орналасты (1985 ж.) І Полигондар, әскери объектілер аумағы-18 млн. га (1980ж.).
- Ауылшаруашылығына жарамсыз жерлер - 720 шаршы шақырым.
- Семей ядролық полигоны аумағы-8,372 шаршы шақырым. Орналасқан жері-Семей, Павлодар, Қарағанды облыстарының түйіскен жері. Полигонда алғашқы ядролық сынақ өткізілген уақыт - 1949жылғы 29 тамыз. Әрбір эксперимент қондырғы мен жер астында өткізу күні - 30 млн. сом. - Полигондағы жарылыс саны-500-ге жуық(459), оның 113-і әуеде жарылды.Ашық ауада ядролық сынақ 14 жылға жалғасты.
2. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы.,«Тіл - туралы заң»
Советтік жүйенің жалпы дағдарысы билік басындағыларды реформалар жасауға мәжбүр етті. 1985 жылдың наурыз айында КОКП Орталық Комитетінің Бас хатшысы болып М.С.Горбачев сайланды. Ол елдің саяси және экономикалық жүйесін қайта құру бағытын жариялады. Алайда бұл қайта құрулардың сөз ғана екендігін 1986 ж. желтоқсан оқиғалары айқын көрсетті.
1986 ж. 16 желтоқсан күнгі Қазақстан Пленумында ОК-тің бірінші хатшысы Д.А. Қонаев орнынан алынып, оның орнына Ульянов обкомының хатшысы болып істеген Г.В. Колбин тағайындалды. Ол Қазақстанда ешқашан тұрмаған, оның ерекшеліктерін білмейтін еді. Бұл жағдай қазақ халқының намысына тиіп, наразылығын тудырды.