Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Криминалистік құжаттарды тану

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 12 стр.

Год: 2005

Полный просмотр работы

Криминалистік фотографияның қысқаша даму тарихы


Жоспар
1 Криминалистік фотографияның қысқаша даму тарихы 3
1.1 Криминалистік объектілерді фотоға түсіру ережелері 6
1.2 Тергеу әрекетін жүргізуде бейне жазуды қолдану және фото-кинобейне құжаттарды криминалистік зерттеу 8
Әдебиеттер 12

1 Криминалистік фотографияның қысқаша даму тарихы
Криминалистік фотографияның даму тарихы жалпы фотография тарихына негізделеді.
Қылмыспен күресу мақсатында фотосурет XIX ғасырдың ортасынан бастап қолданыла бастады. Басында негізінен қылмыскерлерді есепке алу үшін қолданылса, соңынан қылмыскерлерді жедел іздестіру, оқиға болған жерді қарау, табылған белгісіз өліктерді есепке қою және жедел-іздестіру жұмыстарын іске асыру мақсатында қолданыла бастады.

1.1 Криминалистік объектілерді фотоға түсіру ережелері
Заттай дәлелдемелерді фотоға түсіру. Алғашқыда заттай дәлелде табылған жерінде фотоға түсіріледі. Тораптық сурет заттай айғақты ғана емес, оны қоршаған заттарды да қамтиды. Содан соң заттай айғақты бөлшектеп түсіру әдісімен фотоға түсіреді.
Бұл жерде түсірілетін заттардың жарықтануына ерекше көңіл бөлінеді, өйткені заттардың формалары мен сыртқы белгілерінің дұрыс қабылдануы жарықтың түсуіне байланысты болады. Объектінің фотобейнесін анық көрсету үшін бірнеше жарық көзі қолданылады. Заттың анық бейнесін алу үшін оны ашық фонда түсіреді. Бұл үшін объектіні ақ қағазға қоюға болады. Бірақ оған жарық түсіргенде міндетті түрде көлеңке пайда болады. Көлеңкені болдырмау үшін кадр көрінбеуі тиіс кітаптың, кірпіштің үстіне қойылған шыны әйнекті қолданады.

1.2 Тергеу әрекетін жүргізуде бейне жазуды қолдану және фото-кинобейне құжаттарды криминалистік зерттеу
Бейнежазу криминалистикада қылмысты ашу мен тергеу мақсатында қолданылады.
Бейнетаспаға жазу-киноға түсіру мен суретке түсірудің алдында беделі басым. Ол ыңғайлы, технологиялы және ұтымды. Алынатын материалдар лабораториялық жөндеуді талап етпейді, ал олардың сапасы бейнежазудың орындалу шарасы бойынша қадағаланады. Бейнежазу бейне мен дыбысты теңдей тіркеп түсіруге мүмкіндік туғызады.
Бейнежазу тергелуші әрекеттің процесі мен қорытындысын тіркеуші қосымша құрал ретінде қолданылады. Ол динамикадағы, оны жүргізудегі қатысушылардың ерекшеліктерін, не ауыр және құрастырылған жағдайдың көлемін көрнекі құрал ретінде ұсынуға қажетті әрекеттерді тіркеуді талап етеді.
Тергеу әрекеттерінің тактикалық ерекшеліктері және жағдайдағы мәселелерді шешуде суреттегі қалатын негіз бейнежазу түрлері мен әдістерін анықтайды.