Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Бухгалтерлік есеп

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 42 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Кредиторлық қарыздар есебі


Жоспар
Кіріспе 3
1 Дебиторлық борыштар есебін ұйымдастыру 4
1.1 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер борышының есебі 6
1.2 Күмәнді дебиторлық борыштар 14
1.3 Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық борыштарының есебі 19
1.4 Басқадай дебиторлық борыштардың есебі 22
2 Кредиторлық қарыздар есебі 26
2.1 Алдағы кезең шығындарының есебі 26
2.2 Берілген аванстар есебі 27
2.3 Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің алашақ (кредиторлық) қарыздарының есебі 29
2.4 Алынған аванстар бойынша есеп айырысу есебі 30
2.5 Жабдықтаушы және қызмет көрсетушілермен есеп айырысу есебі 31
2.6 Басқа да кредиторлық қарыздар мен есептелген төлемдер есебі 34
2.7 Салық міндеттемесінің есебі 37
2.8 Банктер мен банктен тыс мекемелердің несиелерін есепке алу 38
Қорытынды 41
Қолданылған әдебиеттер тізімі 42

Кіріспе

Дебиторлық берешек – сатып алушылардың немесе тапсырыс берушілердің қандай да бір кәсіпорын алдындағы өткізілген тауар үшін ақша төлеу бойынша міндеттемелері. Ол ағымдағы және ағымдағы болып бөлінеді. Бухгалтерлік есепте саудалық және саудалық емес дебиторлық берешекті бөліп көрсетеді.
Саудалық дебиторлық берешек – негізгі іс-әрекет нәтижесінде өткізілген тауарлар мен көрсетілген қызмет үшін сатып алушылардың міндеттеме сомасы.
Саудалық емес дебиторлық берешек – іс-әрекеттің басқа түрлері нәтижесінде (мыс: қызметтерге аванстар, шығынды жабуға арналған депозиттер алуға арналған дивидендтер мен % - р және т.б) пайда болады. Дебиторлық берешек 3 топқа бөлінеді:
1) алынуға тиісті шоттар;
2) алынған вексельдер;
3) басқалар.
Алынуға тиісті шоттарға : ақшалай қаражатқа, тауарға, көрсеткен қызметке, субъектілердің ақшалай емес активтеріне деген тілек – талаптары кіреді. Дебиторлық берешек алынуға тиісті шоттарды төлеу мерзіміне немесе борышты өтеу күніне қарай ағымдық және ұзақ мерзімді дебиторлық берешек болып бөленеді. Дебиторлық берешек саудалық шот фактурамен расталады. Алынған вексельдер бабы ресми борыштық міндеттемелермен расталады. Дебиторлық берешек пайда болатын сипатына қарай қалыпты және аяқталмайтын болып бөлінеді.

1 Дебиторлық борыштар есебін ұйымдастыру

Кәсіпорындар мен ұйымдардың басқа заңды немесе жеке тұлағалардан оларға сатқан тауарлары, көрсеткен қызметтері, сондай-ақ аванс ретінде алдын ала төлеген төлемдері үшін алашақ борыштары –1200 дебиторлық борыштар (алынуға тиісті шоттар) деп аталады. Осы кәсіпорындар мен ұйымдарға берешек борышы бар заңды және жеке тұлғалар дебиторлар болып табылады. Өтелетін (алынатын) уақытына қарай алынуға тиісті дебиторлық борыштар ағымдағы алынуға тиісті борыштар және ұзақ мерзімді алынуға тиісті борыштар болып екіге бөлінеді. Бұл борыштардың есебі «Алынуға тиісті шоттар» бөлімінің шоттарында есептелінеді.
Есеп беретін уақыттан кейінгі бір жыл ішінде алынатын (өтелетін) дебиторлық борыштар ағымдағы активтер қатарында есептеледі. Олардың қатарына жататындар:

Нөмірі 9 Журнал-ордерге қосымша тізімдеме – 1610 «Берілген аванстар» шотының дебиті бойынша;
Нөмірі 10 Журнал-ордер – 1290 «Күдікті қарыздар бойынша резерв», 1620«Алдағы кезең шығындлары» шоттарының несие (кредиті) бойынша;
Нөмірі 11 Журнал-ордер – 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы» шотының және 1220 «Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық борышы» шотының кредиті бойынша жүргізіледі.
Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер және басқадай дебиторлармен есеп айырысудың есебі бойынша жоғарыда аталып өткен тіркелімдерден басқа дебиторлық борыштардың есебіне талдамалық есептің карточкалары, ажырату парақшалары (қағаздарын), бухгалтерлік анықтамалары және тағы да басқа тіркелімдер (құжаттар) қолданылады. Жалпы есеп тіркелімдерін толтыру шаруашылық операцияларының мазмұнын сипаттайтын бухгалтерлік жазулардың жиынтығын анықтау үшін керек. Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарында (соның ішінде Америка Құрама Штаттарының бухгалтерлік есеп стандарттарында) ұйымның бухгалтерлік есеп жұмысын жүргізу барсында қолданылатын барлық бланкілері үшін міндетті ортақ есеп беру формалары қарастырылмаған. Есеп нысанын таңдау құқығы толығымен бас бухгалтердің құзырында, яғни ол алғашқы құжаттарды топтастырудың ең қарапайым әдісін таңдап, шоттар корреспонденциясын жүргізуге міндетті. Шоттарға келетін болсақ, оларға негізгі есеп тіркелімдерінде үнемі қатысатын, эпизодтық болып бөлінеді және олар басқадай операцияларда қолданылады. Дебиторлық борыштар шоттарныда есептелінетін сомаларлың дұрыстығы мен олардың толықтығын бақылау үшін түгендеу жүргізу керек, ол құжаттар бойынша шоттарды корреспонденцияланатын щоттармен салыстыру арқылы жүргізіледі.

1.1 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер борышының есебі

Кәсіпорындар мен ұйымдардың 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің борышы» деп аталатын бөлім шоттары сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің осы кәсіпорынға деген әр түрлі қарыздары жайлы ақпараттарды қорытындылау үшін арналған. Аталған бөлімде келесідей шоттар қаралған:
1210 «Алынуға тиісті шоттар»
1210 «Алынған вексельдер»
1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өзге де борыштары»
Бұлар активті шот болып табылады. Сондықтан да бұл шоттардың дебитінде борыштың сомасы жазылса, ал кредитінде борыштың азаюы көрсетіледі. Алынуға тиісті шоттар (дебиторлық борыштар шоты) сатып алушы заңды немесе жеке тұлғалардың сатып алған тауарлары, сондай-ақ кәсіпорынның оларға көрсеткен қызметі үшін қарыз сомаларын білдіреді.
«Алынуға тиісті шоттар» деп аталатын шотта тиеліп жіберілген өнімдер (тауарлар), атқарылған жұмыстары мен көрсетілген қызметтері үшін сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің банк мекемесі қабылдаған есеп айырысу құжататары бойынша төлеуге тиісті сомасы есептеледі Жалпы «Алынуға тиісті шоттар» шотын сипаттай келе олардың қысқа мерзімді активтер екендігін және олардың сату нәтижесінде пайда боатындығын аңғаруға болады. Сондықтан оларды кейбір уақыттарда «саудалық міндеттемелер» деп те атайды. Олар тауарларды несиеге сату кезінде де пайда болады. Міндеттемелердің өтелу көздеріне басқадай нұсқаулар болмаған жағдайда, оларды сатудан алынды деп санайды. Халықаралық тәжірибеде кез келген адамға тауарларды несиеге сату кең көлемде етек алған, сонымен бірге сатып алушылар үшін сатып алған тауарларының төлемін бір немесе бірнеше айдан кейін төлеу (өтеу) құқығы да берілген. Мұндай несиені коммерциялық несие деп те атайды.

Ал сатылған материалдық емес активтер, негізгі құралдар, бағалы қағаздар бойынша дебиторлық борыштардың пайда болуына 1210 «Алынуға тиісті борыштар», 1210 «Алынған вексельдер», 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өзге де борыштары» деп аталатын шоттардың тиістілері дебиттелініп, оған сәйкес 6210 «Материалдық емес активтердің есептен шығарылуынан алынатын кіріс», «Негізгі құралдардың есептен шығарылуынан алынатын кіріс» және «Бағалы қағаздардың есептен шығарылуынан алынатын кіріс» деп аталатын шоттардың тиістілері кредиттелінеді.
Сатылған материалдық емес активтер, негізгі құралдар, бағалы қағаздар бойынша қосылған құн салығы есептелгенде 1210 «Алынуға тиісті борыштар», «Алынған вексельдер», 1210 Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өзге де борыштары» деп аталатын шоттардың тиістілері дебиттелініп, «Қосылған құн салығы» шоты кредиттелінеді.
Шетелдік валютада сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің тиімді баға айырмашылықтарының пайда болуына 1210 «Алынуға тиісті борыштар», «Алынған вексельдер», 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өзге де борыштары» деп аталатын шоттардың тиістілер дебиттеліп, «Бағамдық айырмашылықтан алынатын кіріс» шоты кредиттелінеді.
Алынуға тиісті айыппұлдардың, өсімақылардың сомаларына 1210 «Алынуға тиісті борыштар», «Алынған вексельдер», 1210 «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілердің өзге де борыштары» деп аталатын шоттардың тиістілері, 6010, 6280 «Негізгі емес қызметтен алынған басқадай кірістер» шоты кредиттелінеді.

1.2 Күмәнді дебиторлық борыштар

Сатып алушылар мен тапсырыс беруші заңды және жеке тұлғалардың төлем қабілеттілігін анықтау жүйесін қаншалықты арттырғанымен, оларға несиеге сатылған тауарлар немесе көрсеткіге қызмет үшін уақтылы есеп айырыспай немесе алынуға тиісті сомалардың бір бөлігі ғана өтеліп, қалған бөлігінің алынбай қалуы іс-тәжірибеде әрдайым кездесіп отырады. Мұндай жағдайлардың алғашқы нысандары болып борышкер кәсіпорындар мен ұйымдардың банкрот болып қалуы немесе ол кәсіпорындар мен ұйымдардың тартылуы, сондай-ақ борышты талап ету мерзімінің өтіп кетуі табылады. Сатып алушылардың келісімшартқа сәйкес белгіленген мерзімде төлемеген шоттары «күмәнді қарыздар» деп аталады. Күмәнді қарыздарға – уақытында төленбеген, жабылмаған және де тиісті кепілдікпен қамтамасыз етілмеген дебиторлық борыштар жатады.

Мысалы: «ҚКК» фирмасының дебиторлық қарызы 200000 (екі жүз мың) теңге, ал күдікті қарыздары бойынша резерв сомасы 50000 (елу мың) теңгені құрайды деп есептейік. Сонда қаржылық есеп беру кезінде күдікті қарыздары бойынша резерв сомасы 50000 (елу мың) теңге кезе шығындары ретінде танылады да, «ҚКК» фирмасының бухгалтерлік балансында дебиторлық қарыз сомасы 50000 (елу мың) теңгеге азайтылып 150000 (бір жүз елу мың) теңгеге (200000-50000) тең болады.

1.3 Еншілес (тәуелді) серіктестіктердің дебиторлық борыштарының есебі

Жалпы кез келген ұйымның бухгалтерлік есебіндегі мына шотта:
1220 «Еншілес серіктестіктердің борышы»
1220 «Тәуелді серіктестіктердің борышы»
1230 «Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың борышы» 1240 сол ұйымның барлық еншілес және тәуелді серіктестіктердің, бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаларының дебиторлық борыштары жайлы ақпараттар көрініс табады.
«Шаруашылық серіктестіктері» дегеніміз пайда табу мақсатына негізделген және жарғылық қоры құрылтайшылардың салған салымдарының үлесімен анықталатын коммерциялық ұйымдар немесе заңды тұлғалар болып табылады. Қазақстан Республикасындағы шарушылық серіктестіктер: толық серіктестік, сенім серіктестігі, жауапкершілігі шектеулі серіктестік, қосымша жауапкершілікті серіктестік және акционерлік қоғамдар нысандарында болуы мүмкін. Осы жоғарыда айтылған еншілес серіктестік дегеніміз, басқа (негізгі) шаруашылық серіктестік оның жарғылық қорына үлесін қоса алатын серіктестік болып табылады. Еншілес шарушылық серіктестігі өзінің негізгі шаруашылық серіктестігінің қарыздарына жауап бермейді. Тәуелді серіктестіктердің еншілес серіктестіктерден айырмашылығы, олар филиал боп табылады және ондай серіктестіктердің өз алдында жарғылық қоры болмайды, ал олардың балансы ішкі қолдануға ғана арналады. Сонымен қатар, тәуелді серіктестіктер өздерінің қаржы-шаруашылық қызметінің бухгалтерлік есебін өздерін жүргізіп, есеп тіркелімдерін, бас кітапты толтырады және баланстарын жасайды.

Еншілес, тәуелді серіктестіктер мен бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың дебиторлық борыштарының салыстыру актілері арқылы кредиторлық борыштардың есебінен жабылуына:
Дт: 1210 «Алынған вексельдер» шоттарының тиістілері;
Кт: 1220 «Еншілес, тәуелді серіктестіктердің және бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың борышы» деп аталатын шот түрінде екі жақты жазу жазылады.
Еншілес, тәуелді серіктестіктер мен бірлесіп бақыланатын заңды тұлғалардың дебиторлық борыштары олардан тауарлық-материалдық құндылықтарды жеткізу үшін алынған аванстар есебінен жабылғанда мына төменде көрсетілгендей түрінде бухгалтерлік жазу жазылады:

1.4 Басқадай дебиторлық борыштардың есебі

Кәсіпорындар мен ұйымдарда басқадай операциялар бойынша тиісті дебиторлық борыштар төмендегідей шоттарда есептеледі:
1280 «Алынуға тиісті қосылған құн салығы».
1280 «Есептелген пайыздар».
1250 «Жұмысшылар мен басқадай тұлғалардың борышы».
1280 «Өзге де дебиторлық борыштар».
Бұл шоттарда «Сатып алушылар мен тапсырыс берушілер» бөлімшесінде есептелуге жатпайтын (сатылған тауарларға, көрсетілген қызметтерге, орындалған жұмыстарға жатпайтын) есеп айырысу операциялары есептеледі.

2 Кредиторлық қарыздар есебі

2.1 Алдағы кезең шығындарының есебі

1620 «Алдағы кезең шығындары» деп есеп беретін кезеңде шығарылған, бірақ келесі есеп беретін кезеңнің шығындарына жататын шығындарды айтады. Олардың қатарына жататындар:
Алдын ала (мерзімінен бұрын) төленген сақтандыру полисінің сомасы,
Келесі кезеңдерге жазылған газет, журнал және басқа да ақпарат құралдарының құны,
Маусыммен жұмыс істейтін өндірістердің маусымдық шығындары және тағы да басқалар.
Осы айтылғандармен қатар алдағы кезең шығындарына жаңа өндірісті дайындау және меңгеруге байланысты шығындар, кен өндіруші өнеркәсіпті пайдалануға дайындау жұмыстарының шығындары, жаңа кәсіпорындарды іске қосу шығындары жатады.
«Сақтандыру полисі» шотында төленген сақтандыру полисінің сомасы есептеледі.
Сақтандыру полисін алу үшін есеп айырысу шотынан төленген сомаға:

2.2 Берілген аванстар есебі

Берілген аванстардың есебі келесі шоттарда есептелінеді:
«Тауарлық-материалдық қорларды жеткізіп беру үшін берілген аванстар» шоты;
«Орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер үшін берілген аванстар» шоты.
Ал берілген аванстар 1610 дегеніміз ұйымның жабдықтаушылар мен қызмет көрсетушілерге олардан алынатын тауарлық-материалдық қорлар, негізгі құралдар, материалдық емес активтер үшін және олардың көрсететін қандай да бір қызметі үшін алдын ала төленіп қойылған сомалары болып табылады.
Бұл жоғарыда аталған шоттарға байланысты бухгалтерлік есепте мынадай корреспонденциялар жазылады:

2.4 Алынған аванстар бойынша есеп айырысу есебі

Басқа заңды немесе жеке тұлғаларға сатылатын тауарлар немесе көрсетілетін қызметтер үшін алдын-ала алынған аванс сомалары бойынша есеп айырысу есебі 1610, 3510 «Тауарлық-материалдық қорларды қою үшін алынған аванстар» және «Жұмыстарды орындау және қызмет көрсету үшін алынған аванстар» деп аталатын шоттарда есептеледі.
Осы аталған операцияларға сәйкес кәсіпорынның алынған аванс сомасына:

2.5 Жабдықтаушы және қызмет көрсетушілермен есеп айырысу есебі

Кез келген кәсіпорын үзіліссіз және ырғақты жұмыс істеп тұруы үшін оны уақтылы керекті материалдармен жабдықтап отырудың маңызы зор болып табылады. Ұйым материалдық қорлармен жабдықтау экономикалық және әлеуметтік дамыту жоспарларына сәйкес жүргізіледі. Кәсіпорын өнім өндіруші ұйымдармен, сондай-ақ делдалдық ұйымдармен өзіне керекті материалдық қорлармен және техникалармен қамтамасыз ету жөнінде келісімшарттар жасасады немесе өзінің делдалдары арқылы биржадан сатып алады.

Ал бұл тауарлар үшін есептелген қосылған құн салығы сомасына:
Дт: 3130 «Қосылған құнға салынған салық» деп аталатын шоты;
Кт: 3310«Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айырысу» деп аталатын шоты түріндегі екі жақты жазу жазылады.
Жабдықтаушылардың шот фактурасының қай шоттан төленгеніне қарай:
Дт: 3310 «Жабдықтаушы және мердігерлермен есеп айрысу» деп аталатын шот.
Кт: 1030 «Ағымдағы банктік шоттардағы ақша қаражаты» деп аталатын шоты түрінде бухгалтерлік жазу жазылады.

2.6 Басқа да кредиторлық қарыздар мен есептелген төлемдер есебі

Жалдық міндеттемелердің есебі
Бұл міндеттемелер есебі 3390 «Жалдық міндеттеме» деп аталатын шотта жүргізіледі. Бұл шотта негізінен пассивті есеп айырысу шоты болып табылады. Шоттың кредиті бойынша жалға алушы ұйымның негізгі құрал-жабдықтарды ұзақ мерзімге жалға алғаны үшін жалға беруші кәсіпорынға қарызы көрініс табады. Ал «Жабдық міндеттеме» деп аталтын шоттың дебиті бойынша негізгі құралдарды жалға беруші кәсіпорынға жалдық міндеттеме бойынша қарыздың төленуі көрсетіледі. Бұл шотта талдамалық есеп әрбір жалдық міндеттеме бойынша бөлек жүргізіледі.
Төленуге тиісті сыйақы есебі
Алынған несие, жалдық келісімшарт және шығарылған бағалы қағаздар бойынша төленуге тиісті пайыздардың есебі 3380, 4160 «Төленуге тиісті сыйақы» деп аталатын шотта жүргізіледі. Төленуге тиісті пайыздардың барлық түрлерін есептеген кезде:

Қорытынды

Қазақстан Республикасындағы барлық шаруашылық субъектілердегі табыстар есептеу тәсілінен айқындайтындықтан күдікті борыштар бойынша резерв құру қажет. Олар тәуекел қоры болып табылады және борыштық өтелмей қалуынан сақтандырады. Бухгалтерлік баланста дебиторлық берешек күмәнді борыштар бойынша резервті есептен шығару үшін көрсетіледі. Салық Кодексіне сәйкес күмәнді талаптар Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары және жеке кәсіпкерлері Қазақстан Республикасында тұрақты мекеме арқылы іс-әрекет жасайтын заңды тұлғалар тауар өткізу, жұмыс орындау, қызмет көрсету нәтижесінде пайда болатын сәттен бастағанда 3 жыл ішінде қанағаттандыратын талаптар, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес салық төлеуші дебиторды банкрот деп тануға байланысты қанағаттандыратын талаптар күмәнді деп танылады. Күмәнді дебиторлық борышты шотта көрсету қажет салыстыру принципі бойынша дебиторлық борыштың есепті кезеңді күмәнді шығындары мойындалуын талап етеді. Болжанатын дебиторлық борыш операциялық іс-әрекеттен болған шығыс күмәнді борыштан шығыстары ретінде көрсетіледі. Егер күмәнді дебиторлық борыш күтілмесе, онда көрістер мен алынуға тиісті шоттарға ешқандай түзетулер талап етілмейді.