Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару құқығы

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 17 стр.

Год: 2011

Полный просмотр работы

Мемлекет мекемелері мен органдарының жаза атқару жүйесі


Жоспар
1 Мемлекет мекемелері мен органдарының жаза атқару жүйесі 3
1.1 Жаза атқаратын мемлекет мекемелері мен органдарының түрлері және міндеттері 3
1.2 Сотталғандарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану 7
1.3 Мемлекеттік бақылаудың түрлері 9
Әдебиеттер 17

1 Мемлекет мекемелері мен органдарының жаза атқару жүйесі
1.1 Жаза атқаратын мемлекет мекемелері мен органдарының түрлері және міндеттері
Қылмыспен күресу үрдісі әртүрлі бағытта өтеді: болжау, арнайы алдын алу жұмысын ұйымдастыру; жасалған қылмысты тергеу; жасалған қылмысты сотта қарау және жазаны белгілеу; сот үкімімен тағайындалған жазаны орындау. Көрсетілген қылмыспен күресудің арнайы шараларынын іске асыру мемлекеттің мекемелері мен органдарына жүктелген. Яғни, жазаны атқаруға байланысты белгілі бір мемлекеттік мекемелер мен органдар құрылады.
Үкімді орындау туралы жарлықты сот немесе сот төрағасы үкімнің көшірмесімен қоса үкім орындау міндеттелген мекемеге немесе органға жібереді.

Әрбір облыстағы облыстық түзеу мекемелерін басқару үшін түзеу мекемелерінің саны мен ондағы сотталғандардың санына байланысты облыстық қылмыстық-атқару департаменті құрылады.
Облыстық қылмыстық-атқару департаменті Қылмыстық-атқару комитетінің құрылымына кіреді, соған бағынышты.
Әскери қызметшілер мына жазаларды өтейді:

Шартты сотталғандар қылмыстық-атқару инспекциясының бақылауында болады. Шартты сотталған әскери қызметшілерге бақылау жасауды әскери бөлімдердің қомандованиясы атқарады.(ҚР ҚАК-нің 14-б.9-т.).
Жазаны атқару мекемелері мен органдарының негізгі міндеттері мыналар:

1.2 Сотталғандарға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану
ҚР ҚАК-нің 16-бабының 1-тармағына сәйкес бас бостандығынан айыруға сотталған, алкоголизммен, нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауыратын, сондай-ақ ақыл-есінің кемістігі болуы мүмкін, бұзылуынан зардап шегуші адамдарға атқарушы мекемелер соттың шешімі бойынша медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданады.
Сот алкоголизммен, нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауыратын, сондай-ақ ақыл-есінің кемістігі болуы мүмкін, бұзылуынан зардап шегуші адамдарға үкім шығарғанда жазаның орнына, оларға медициналық сипаттағы мәжбүрлеп ем жүргізу шараларын тағайындайды.
Егер, бас бостандығынан айыруды өтеу кезінде сотталушының алкоголизммен, нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауыратыны анықталса, жазалардың аталған түрлерін атқарушы мекеменің әкімшілігі медициналық мәжбүрлеп ем жүргізу жайлы мәселені көтеріп, мекеме бастығы сотқа мұндай сотталушыға медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы ұсыныс жібереді.

1.3 Мемлекеттік бақылаудың түрлері
Қазақстан Республикасында қылмыстық жазаны атқару кезінде сотталғандардың құқықтары мен заңды мүдделерін шектеуге немесе басқада заң бұзушылыққа жол бермеу мақсатымен қылмыстық жазаны атқару мекемелері мен органдарының қызметтеріне бақылау жүргізіледі.
Сондықтан жазаны атқару мекемелері мен органдарының қызметтерін бақылау түрлері және оның тәртібі ҚР ҚАК 3-тарауында бекітілген.
Қылмыстық жазаны атқарушы мекемелер мен органдарының қызметтерін бақылау жұмыстарын әр түрлі органдар жүргізеді. Ең бірінші бақылау бұл жергілікті атқарушы органдардың бақылауы болып табылады.