Азаматтық іс жүргізу ұғымы
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1. Азаматтық іс жүргізу ұғымы 4
1.1 Азаматтық іс жүргізу сатылары 4
1.2 Азаматтық процестегі тараптар 9
2. Азаматтық іс жүргізу құқығы. Оның пәні мен жүйесі 16
2.1 Азаматтық іс жүргізу құқығының бастаулары 16
2.2 Азаматтық іс жүргізу құқығының өзге құқық салаларымен ара байланысы 17
3. Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының объектісі мен мазмұны 20
ҚОРЫТЫНДЫ 25
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 26
КІРІСПЕ
Азаматтық іс жүргізу бұл сот және басқа субьектілер арасындағы азаматтық іс қарау мен шешу кезіндегі құрылатын азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларымен реттелген азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастар және процессуалдық әрекеттер жиынтығы. Іс жүргізудің басты мақсаты – бұзылған құқықты қалпына келтіру немесе заңмен қорғалатын мүддені қорғау болып табылады. Азаматтық іс жүргізу соттың, тараптардың (талап қоюшы мен жауапкер), басқа да процеске қатысушылардың (прокурор, өкілдер, сот хатшысы және т.б.) процессуалдық әрекеттерін, олардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттерін жинақтайды. Сотқа басқа да қатысушыларға процеске қатысу мақсатына жету үшін заңмен белгіленген іс жүргізу құқықтары беріліп, соған сәйкес іс жүргізу міндеттері жүктеледі. Іс жүргізу құқықтар мен іс жүргізу міндеттер процесі барысында жүзеге асырылады.
Азаматтық іс жүргізудің нысанына тән белгілері:
1. Азаматтық іс жүргізу ұғымы
1.1 Азаматтық іс жүргізу сатылары
Азаматтық процестің сатылары мынадай мақсаттарға жетуге бағытталған процессуалдық әрекеттердің жиынтығы талап арызды(арызды, шағымды) қабылдау, сот қарауына істерді әзірлеу, сотта іс қарау, сот актілерін шығару және т.б.
Азаматтық іс жүргізу сатылары
Азаматтық іс жүргізу сатыларын былай бөліп қарастыруға болады
1- Іс қозғау сатысы.
Сот азаматтық істерді мынандай жағдайларда қарайды
1) өзінің құқығын немесе заңды мүддесін қорғауды талап еткуен адамның арызы бойынша;
2) заңда белгіленген реттерде басқа адамдардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды талап етіп, соттан өзіне алатын мемлекеттік басқару органдарының, мекемелердің, кәсіпорындардың, қоғамдық ұйымдардың немесе жеке азаматтардың арызы бойынша.
1.2 Азаматтық процестегі тараптар
Азаматтық процестегі тараптардың түсінігі.Қазіргі біздің мемлекетіміздің даму кезеңінде тараптардың азаматтық процессуалдық мәні өте кең ауқымды және азаматтық іске қатысудағы органдары процестің басқа қатысушыларына қарағанда ерекше.Материалдық-құқықтық даулы қатынастардың бірден-бірсубъектілері осы тараптар,тараптар болмаса азаматтық істі қозғау мүмкіндігі де жүзеге асырылмайды.
2. Азаматтық іс жүргізу құқығы. Оның пәні мен жүйесі
2.1 Азаматтық іс жүргізу құқығының бастаулары
Азаматтық іс жүргізу құқығы – азаматтық істерді қарап, шешім шығарып және оны орындау тәртібін реттейтін нормалар жиынтығынан тұратын ұлттық құқықтың бір саласы. Ол сот органдарының сот ісін жүргізудегі қызметін, судьялардың қызметін, іс жүргізуге барлық басқа да қатысушылардың қызметіне байланысты туатын қатынастарды реттейді. Азаматтық істер жүргізу тәртібімен ұлттық құқықтың кейбір басқа да салаларынан туып отыратын даулар қаралып, шешіледі. Азаматтық іс жүргізу құқығының нормаларын бұлжытпай сақтап отыру бұл істерді қарап шешетін сот органдарына әрбір істің ақиқатына жетуге кепілдік береді, демек мұның өзі сайып келгенде, жеке адамның құқығын, қоғамның мүддесін, мемлекеттің игілігін пәрменді де жан-жақты қорғауға мүмкіндік береді.
2.2 Азаматтық іс жүргізу құқығының өзге құқық салаларымен ара байланысы
Азаматтық іс жүргізу құқығын зерттеу үшін мемлекет және құқық теориясы мен тарихының мәні, негізгі қолданылатын ұғымдар мен категорияларын еске алу керек. Ааматтық іс жүргізу құқық өзге салалық құқытық пәндер жүйесінде ерекше орын алады. Құқықтық институттар мен нормалар ара байланысы, ұқсас құқықтық реттеу салалары бар.
Азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымының пәні мен жүйесі.
3. Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының объектісі мен мазмұны
Азаматтық іс жүргізу құқық қатынастарының объектісін 2 түрге бөліп қарастыруға болады: жалпы және арнайы.
Жалпы объект – сотпен қаралып, шешілуге немесе қорғалуға жататын материалдық-құқықтық дау немесе заңмен қорғалатын мүдде.
Арнайы объект – нақты, белгілі құқық қатынасын жүзеге асыруда жасалатын қорытынды (мысалы, сот пен сарапшы арасында азаматтың іс жүргізу құқық қатынасының объектісі болып осы сарапшының өзінің арнайы білімі негізінде іс үшін мәні бар фактілер туралы қорытындысы).
Азаматтық іс жүргізу құқықтық қатынастың мазмұны – азаматтық процестегі субъектілерінің іс жүргізу қүқықтары мен міндеттері, ал кейбір процессуалистердің пікірінше (А.А.Мельников) субъектілердің мінез- құлқы, яғни өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асырудағы әрекеттері.
ҚОРЫТЫНДЫ
Азаматтық іс жүргізу құқығының өзге құқық салаларымен ара байланысы. Азаматтық іс жүргізу құқығын зерттеу үшін мемлекет және құқық теориясы мен тарихының мәні, негізгі қолданылатын ұғымдар мен категорияларын еске алу керек. Ааматтық іс жүргізу құқық өзге салалық құқытық пәндер жүйесінде ерекше орын алады. Құқықтық институттар мен нормалар ара байланысы, ұқсас құқықтық реттеу салалары бар.
Азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымының пәні мен жүйесі.
Азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымы – азаматтық іс жүргізу мен азаматтық іс жүргізу құқығының маңызды проблемалары бойынша ғылыми білімдердің жиынтығы болып табылады.
Азаматтық іс жүргізу құқығы ғылымының пәні: