Қазақстандағы халық санағының тарихы туралы мәліметтер
Бізге жеткен мәліметтер бойынша халықты есепке алу, осыдан төрт мың жылдан артық уақыт бұрын өткізілген Қытайға қатысты. Ежелгі Египетте, Грекияда, Римде, Иранда, Жапонияда және т.б. ежелгі мемлекеттерде халықты есепке алу жүргізілгені жөнінде мәліметтер бар.
Әскери және салықпен қамтылған контингентті есепке алу біздің ежелгі бабаларымыз Үйсіндер мен Қаңлыларда да болған. Б.з.д. ІІ ғасырда Үйсіндер халық саны 630 мың болғанда, олар ішінде 188,8 мың адам жасақталған, ал Қаңлылардың халық саны 600 мың болғанда 120 мың әскерге жарамды сарбаз шығарған. Ерте ортағасырдағы мемлекеттердің халық санын шамалап шығару қиын емес. Алтын Орданың этникалық негізін құрайтын орта ғасырдағы қыпшақтар, бұрынғы Киевтік Русьтың феодалды-шашыраған аумағындағы салықпен қамтылған халқының санын есепке алуды жүргізген.1456-1465 жылдарда Керей , Жәнібек сұлтандарымен Қазақ хандығы құрыла бастаған кезеңінде, олардың қол астына жиналған халық саны 200 мың адамға жетті. Замандастар анықтамасы бойынша қуатты қазақ хандарының бірі Қасым ханның құзырындағы халық саны миллион адамға жеткен.
Бұл санақ жұртшылықтың барын, тұрақты және заңды бөлігін қамтыған. Кейінірақ санақ парақтары тексеруден өткізіліп, түзетулер енгізілген. Н.В. Алексеенко, Г.К. Кронград және Ф.Н. Базановыйдың деректері бойынша, Ресей империясының 1897 жылғы жалпы халық санағының негіздерінен құралған, Қазақстан территориясында ең ірі үш этникалық топтар шоғырланған; қазақтар жұртшылықтың 74-78%, орыстар - 10-13% және украйндар 1-2% құраған (үлес салмақ көрсеткіштері арасындағы айырмашылық орыстар мен қазақтардың Қазақстан бойынша бірдей әкімшілік бірліктерімен қамтылмағандығымен түсіндіріледі).
1937 жылы Бүкілодақтық бір күндік халық санағы өтті. Ол санақ 6 қаңтарда түнгі сағ 12-00 басталды. Бұл жалғыз бір күндік санақ болды. Бұл санақты 1932 жылы өткізу жоспарланған, одан кейін 1935 жылы өткізуге қалдырылған, нақты 1937 жылы өткізілген. 1932 жылы сынақ халық санағы Тула қаласында және бірқатар ауылдық аудандарда өткізілген. Санақты ұйымдастырып, оны өткізуге 1 млн. 250 мың. сұхбатшы жұмысқа тартылған. Жоғарыда айтылғандай санақты өткізуге бес жыл бойы дайындықтар жүргізілген. О.А. Квиткина, Л.С. Брандгендлер, М.В. Курман, И.А. Кровальдердің сіңірген еңбектерін атап өткен дұрыс. Санақ бюросын О.А. Квиткин басқарған, ол 1926 жылы табысты өткен санақтың ұйымдастырушылардың бірі, математик және медик (Сорбонн (Париж) университетін және МГУ медициналық факультетін аяқтаған). Болған санақты өткізу бойынша сұрақтарды Берлин қаласында зерттеген, неміс, француз және ағылшын тілдерін жетік меңгерген. 1936 жылдың сәуір айынан бастап халық санағына белсенді дайындық жұмыстары жүргізіле бастады. ОК БКП (б) және ССРО ХКК халқына арналған арнайы үндеу таратылған, үндеуде санақтың халықшаруашылық мағынасы жайында айтылған және санаққа қатысу - әрбір адамның міндеті екендігі айтылған. Сонымен қатар, елде тотаритарлық құрылымның билігі байқалған. Идеологиялық тұжырымдамалар елеулі зиян тигізген: соцализм кезінде халық санының күрт өсуі байқалған, әлеуметтік қажеттіліктер жайындағы сұрақтарды қосу, дін, отбасылық жағдайы сұрақтар ашық сұрау түрінде жасалған. Мұндай сұрақтарға нақты жауап алу мүмкін емес болатын. Сұрақтардың сәтсіз қойылымы халықтың наразылығы мен қорқынышын тудырған. 1937 жылдың 2 қаңтарында И.А. Кроваль И.В. Сталин мен Молотовқа халық санағының ең алғашқы қорытындыларын хабарлаған (НКВД –нің арнай контингенті және әскер қатарындағылар бөлек тіркелген). Халықтың санақпен қамтылуы қанағаттанарлықтай еді. Халық санағының ұйымдастырушылық жоспары бойынша қайталап бақылау жұмыстары аяқталғаннан соң, бөлек шаруашылық кеңестеріндегі жұртшылықтың санақтан тыс қалмағандығын тағы да тексеру жүргізу үшін шаруашылық кеңестерінде санақ парақтарына жазылғандарды жеке-жеке аты-жөнімен салыстырған. Санақпен қамтылмаған халықтың саны 1 пайыздың бөлігін ғана құраған. Санақ ағымдағы тіркеудің халықтың санын асырып көрсететіндігін анықтаған, АХАЖ тіркеу жүйесі, туу мен өлімді тіркеу жүйесінде кемшіліктер барын көрсетті. Мәліметтердің толық болуын қамтамасыз ету үшін бұл санақ тұрақты және нақты халықты есепке алудың дұрыстығын көрсетті. Тұрғылықты жерлерінен 1-2 күнге жолға шығып кеткендер ғана санаққа алынбай қалған. Нұсқаулық нақты болмаған, анық нұсқауларсыз, сөздіктерді құру кезінде де біраз кемшіліктер болған. Бұл санаққа деген соңгы талаптар халықтың 1,3%-ның тіркелмегендігіне қатысты болған.
Санақ бағдарламасы 16 сұрақтан тұрған, оның 11 сұрағына жауаптар бірыңғай санақтан алынған, ал қалған 5 сұраққа жауапты тұрақты халықтың - 25% нан алынған (іріктеп алынған санақ). Санақ кезінде және одан кейін де деректердің дұрыстығы мен толықтылығын қамтамасыз ету үшін қайталап бақылау шаралары жүргізілген: қайталап бақылау бланкілері құрылған, санаққа алынғаны жөнінде анықтамалар беру және қайталап бақылаулар жүргізілген. 1979 жылғы санақ бағдарламасындағы жасы мен туған жылы және толған жасы жайындағы сұрақтардың құрылымы анықталған. Жаппай халық санағына мынадай сұрақтар қосылған: үй иесіне деген сүйек қатынасы, халықтың категориясы (тұрақты немесе нақты), жынысы, жасы, некелік жағдайы, ұлты, ана тілі, ССРО халықтарының тілдерін еркін меңгергендігі, білімі, күн көріс көзі. Іріктелген санаққа қосымша жұмысы мен шұғылданатын ісі бойынша сұрақтар енгізілген.