Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Педагогика

Тип: Эссе (Реферат)

Объем: 12 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Заманынан озып туған азамат еді Сағат Әшімбаев туралы

Қоғамды қозғайтын, адам санасын өзгертетін тұлғалар болады. Олар өзінің қата­рынан, заманынан озық туады. Өткен ғасырдың алпысыншы – сексенінші жылда­рының арасы қазақ руханиятына дарындыяларды үйіп-төгіп беріп-ақ еді. Өкініші, со­лардың көбінің ғұмыры қысқа болды. Орыс әдебиетінің бағына туған Писарев секілді құйрықты жұлдыздай жарқырап жанып, ағып түскен жарықтарымыздың бірі – қазақ мәдениеті мен әдебиетінің дамуына, ұлттық сананың өсуіне үлкен үлес қосып кеткен асылымыз Сағат Әшімбаев еді.
Мен Сағатқа сабақ берген, оны жақсы білген кісілердің бірімін. Сағат та заманынан озып туған азамат еді. Кездескен кезде қынабынан суырылған жалт-жұлт еткен қы­лыш елестеуші еді көзге. Қай ортаға барса да сыйып жүре беретін, өзінің пікірін бүкпесіз ашық айтатын, оппонентін лезде ашық пікірге шақыратын. Бұл, сірә, көп оқып, көп тоқығанынан болар. «Мына мәселе туралы көзқарасыңыз қалай?.. Өзім былай ойлаймын», – деп «әу» деп ауыз ашқаннан-ақ ұршықша үйіріп, жіпсіз жетелеп, ағыл-тегіл текті сөзге бұрып әкететін. Жатсыну, тіксінуді білмейтін, аңқылдаған ақпейіл көңілдің тереңіне сүңгігендей әсерде болатынбыз. Қалай шүйіркелесіп, тіл табысып кеткеніңді білмей қалатынсың.

Сағаттың бұл сөзінің астарында елдік рух жатыр. Астарлы сөз, қырағы ой жатыр. Тәуелсіздік тұсында бәріміз айтып жүрген, біз ешкімнен кем емеспіз, ұлы десең ұлыларымыз бар, дана десең даналарымыз бар, иық тірестіріп, сөз жарыстыра алатын алыптарымыз да бар дегенді Сағат орда бұзар отызында-ақ айтып кетті. Қамшының сабындай қысқа ғұмырында бәрін қалай орын-орнымен айта білген десеңізші! Бейсекең бастап, мен қоштап зерттеген әдебиетіміздің ерте дәуірі жайында, байтақ эпостарымыздың құдіреті жайында көп білгісі келіп, құмартып ұзақ әңгімелескеніміз әлі есімде. Ғажайып эпостарды, дастандарды, құдіретті күйлерді, тамылжыған әндерді дүниеге әкелген қазақтың осы ұлы мұраларын әлі күнге дейін әлемге танытып, мойындата алмай жүргеніміз аянышты әрі өкінішті-ақ.

Алаштың ардақтысына айналған Зейін аға – Зейнолла Қабдоловтың бір қанатты сөзі бар еді. Ол: «Әдебиет – ардың ісі» деген сөз. Сол ардың ісіне адалдық танытқан азаматтардың бірі – Сағат Әшімбаев. Оның әдебиеттегі сыншылығын бәріміз де жоғары бағаладық. Қазақ әдебиеті сынына алғаш философиялық бояу дарытқан да осы Сағат Әшімбаев болатын. Төл әдебиет сынымызда Сағат салған сара жол сайрап жатыр.