Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қаржы

Тип: Бақылау жұмыс

Объем: 36 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Қаржылы басқару


Жоспар
1 Қаржылы басқару 3
1.1 Қаржыны басқару ұғымы 3
1.2 Мемлекеттің қаржысын басқару 7
1.3 Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын басқару 25
1.4 Қаржылы басқарудың автоматтандырылған жүйесі 30

1 Қаржылы басқару
1.1 Қаржыны басқару ұғымы
Басқару адам кызметінің барлық аясына, соның ішінде қаржылық кызметке де тән нәрсе. Қаржыны басқару - бұл қаржыға және шектес экономикалық-әлеуметтік жүйелерге оларды жетілдіру және дамыту мақсатымен ықпал жасау үдерісі және қаржылық қатынастардың бүкіл жиынтығының тиімді жұмыс істеуіне жетуді және мұның негізінде тиісті қаржылық саясатты жүргізуді қамтамасыз ету жөніндегі мемлекет (қаржы органдары арқылы) шараларының жиынтығы. бұл ретте белгілі бір нәтижеге жету үшін субъектінің объектіге нысаналы ықпал етуінің тәсілдері мен әдістері пайдаланылады. Қаржы жүйесінде басқару қаржылық механизм арқылы оның әдістері, тұтқалары ынталандырмалары мен санкциялары көмегімен жүзеге асырылады. Сөйтіп, қаржыны басқару бұл тиісті қаржылық саясатқа жетудің мақсаты; қаржылық механизм бұл мақсатқа жетудің құралы; Қаржылық саясат қаржыны басқарудың тиісті үдерісінің түпкілікті қорытынды нәтижесі.

1.2 Мемлекеттің қаржысын басқару
Қаржыны басқару стратегиялық және оперативтік басқару болып ажыратылады. Стратегиялық басқаруды дәстүр бойынша мемлекеттік биліктің және басқарудың жоғары органдары - Парламент, Президент аппараты, Үкімет, Қаржы министрлігі, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы Президентіне оның көптеген өкілеттіктерінің Парламентке етуіне қарамастан көп жағдайда Президент аппараты арқылы қаржыны басқаруға үлкен өкілеттік берілген:

1.3 Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржысын басқару.
Ұлттық шаруашылық салаларының қаржысын басқаруды министрліктердің, ведомстволардың, компаниялардың, акционерлік қоғамдардың, серіктестіктердің қаржы басқармалары мен бөлімдері және қаржы службалары жүзеге асырады.
Қоғамдық ұйымдардың қаржысын осы ұйымдардың қаржы бөлімдері мен топтары басқарады.
Бірқатар министрліктер мен ведомстволарда қаржыны басқарудың сызбасы басқарудың басқа функцияларымен: жоспарлауды (болжауды), есепке алуды орындаумен қоса атқарылады. Мұндай жағдайларда жоспарлау - қаржылық немесе қаржылық бухгалтерлік басқармалар жұмыс істейді. Бұл органдар жүйесінің шаруашылық - қаржылық кызметін талдайды, қаржыны: айналым қаражаттарының айналымдылығын тездетуді, шаруашылық айналымына пайдаланылмай жатқан тауар-материалдық құндылықтарды тартуды, өнімсіз шығыстар мен ысыраптарды қысқартуды, ведомствоға қарасты объектілердің залалдығын азайтуды және жоюды; ішкі шаруашылықтың резервтерді жұмылдыруды, ресурстарды пайдалануды жақсартуды, шығындарды төмендетуді, табыстылықты (рентабелділікті) арттыруды пайдалана отырып оның тиімділігін артыруға бағытталған ұсыныстар дайындайды. Олар сонымен бірге ведомствоға қарасты шаруашылық бірліктерінің қаржылық жұмыстарын реттейтін нұсқаулар, нұсқаулықтар, әдістемелік материалдар дайындайды.

1.4 Қаржылы басқарудың автоматтандырылған жүйесі
Қазіргі уақытта қаржыны басқаруды жетілдіру бұл үдерісте автоматтандырылған жүйелерді жасап, оларды қаржыны басқаруға ендіру мен үйлестіру негізінде жүргізіліп отыр. Экономикалық - математикалық әдістер мен электронды - есептеу техникасына негізделген басқарудың автоматтандырылған жүйелері (БАЖ) қаржыны жалпы басқарудың бір бөлігі болып табылады. Қаржыны басқарудың автоматтандырылған жүйесі деп қаржыны, қаржы жүйесін тиімді басқаруға мүмкіндік жасайтын есептеу және ұйымдық техниканың, байланыс құралдарының әкімшілік, экономикалық, математикалық әдістерінің жиынтығын атайды. Ол есепке алу, жоспарлау және ұлттық шаруашылықты басқару үшін ақпаратты жинау мен өндеудің жалпы мемлекеттік автоматтандырылған жүйесінің қосалқы жүйесі ретінде көрінеді.
Қаржыны басқаруда қаржылық есеп-қисаптардың автоматтандырылған жүйесі (КЕАЖ) қолданылады. Ол өзара байланысты, бірлесіп іс-әрекет ететін функциялық, қамтамасыз етуші, технологиялық қосалқы жүйелерден тұрады.
Ұйымдық тұрғыдан ҚНАЖ дегеніміз бір-бірімен өзара байланысты мына қосалқы жүйелердің жиынтығы: