Физикалық географияны оқыту процессінде оқушылардың экологиялық біліктерін дамыту
Жоспар
Кіріспе 3
1-тарау. Жалпы білім беретін мектеп оқушыларының экологиялық біліктерін дамытудың ғылыми-теориялық негіздері 9
1.1 География пәні негізінде экологиялық білім беру 9
1.2 Физикалық география – экологиялық білім көзі 19
1.3 Физикалық география сабақтарында экологиялық білім берудің ұтымды жолдары 30
2-тарау. Физикалық география оқыту процесінде оқушылардың экологиялық біліктерін дамыту әдістемесі 42
2.1 Экологиялық біліктерді дамытатын сабақ жоспарлары 42
2.2 «Жұмыр Жер – жалғыз мекенің» атты сыныптан тыс экологиялық сайыс сценарийі 46
2.3 Оқушылардың экологиялық біліктерін тексеру тәжірибесі 52
Қорытынды 56
Пайдаланған әдебиет тізімі 59
Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасы тұрақты дамудың жаңа жолына түскен кезеңде жас ұрпақты табиғатқа деген ізгілікке, жанашырлыққа баулитын экологиялық білім мен тәрбие берудің маңызы арта түсуде. Себебі, «Табиғат-қоғам-адам» жүйесіндегі қарым-қатынастардың шиеленісуі жылдан-жылға күшейіп, экологиялық зардаптар жердегі тіршілікке қауіп төндіріп отыр [1].
Бүкіл әлемде экологиялық дағдарыстар мен апаттар ұлғая түсуде. Мұндай апатты зардаптар Қазақстанның Семей, Қызылорда (Арал өңірі), Батыс Қазақстан (Нарын, Азғыр, Тайсойған), Орталық Қазақстан (Сарышаған, Байқоныр, Балқаш) Оңтүстік Қазақстан (Созақ, Отырар) аймақтарында көрініс тапты, олар табиғи экологиялық жүйе тұрғысындағы экологиялық жағдайы өте нашар аймаққа айналды.
1-тарау. Жалпы білім беретін мектеп оқушыларының экологиялық біліктерін дамытудың ғылыми-теориялық негіздері
1.1 География пәні негізінде экологиялық білім беру
Үшінші мыңжылдықта адамзаттың ғаламдық экологиялық мәселелерінің шешілуі балабақша бүлдіршіндері мен мектеп қабырғасындағы оқушылардың қоршаған орта туралы сапалы білім мен тәрбие алуына байланысты. Сондықтан, жас ұрпаққа экологиялық білім мен тәрбие беру бүгінгі күн тәртібіндегі бірден-бір қажетті кезек күттірмес мәселе екендігі 1991 жылғы «Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептердің тұжырымдамасында», «Қазақстан Республикасының 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздік тұжырымдамасында» (2003 ж.) және Ата заңымызға негізделіп жасалған Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңдарында көрсетілген [1].
1.2 Физикалық география – экологиялық білім көзі
Ерте заманнан бері адамзат өзінің тіршілігіне қажетті заттардың бәрін табиғат қазынасынан алып келеді. Сондықтан, табиғат байлығын тоздырмай, ортайтпай, қайта қорландырып, нәрлендіріп, молайтып отыруымыз қажет.
Қазір адамдар табиғи байлықтарын өз керегінше алып, пайдаға жаратып ғана қоймай, олардың табиғи түріне ірі-ірі өзгерістер енгізуде. Адамзат алдында тұрған келелі мәселелердің бірі – қоршаған ортаның тиімді қарым-қатынасының негізгі ұстанымдарын қайта қарау, туған табиғатты аялап, оны қорғаудың экологиялық жолдарын ұтымды шешу.
Қазіргі кезеңде айналадағы жергілікті, аймақтық, ғаламдық экологиялық проблемалар, көбінесе, географиялық сипатта болады. Жалпы білім беретін орта мектептерде экологиялық мәселелерді оқытып, зерттеудің негізі физикалық география сабағында қалануы тиіс, себебі география – жаратылыстану мен әлеуметтік жағдайды бірлестіре қарайтын оқу пәні [28].
1.3 Физикалық география сабақтарында экологиялық білім берудің ұтымды жолдары
Экологиялық тәрбие беру бағытында сыныптан және мектептен тыс жұмыстардың маңызы зор. Оның көптеген түрлелі мен формалары бар: мұғалім әңгімесі, диспут, экологиялық әдебиеттер мен басылымдарға шолу, тақырыптық кештер, роликті ойындар, компьютерлік экологиялық ойындар, ғалымдармен кездесу, конференциялар, ғылыми жобалар мен табиғат туралы көркем суреттерге конкурс, экологиялық плакаттар конкурсы, экологиялық кештер, мектеп мұражайы, туған өлке табиғатын зерттеу, т.б.
2-тарау. Физикалық география оқыту процесінде оқушылардың экологиялық біліктерін дамыту әдістемесі
2.1 Экологиялық біліктерді дамытатын сабақ жоспарлары
Өмірдегі бүгінгі өзгерістер мектеп өмірінде де үлкен ықпал етуде. Мектептегі өтіп жатқан әрбір сабақ оқушы талабын қанағаттандыратындай болуы шарт. Ол үшін мұғалім көп ізденіп, оқушыға ой салатын сабақ өткізсе, нұр үстіне нұр болар еді.
Бүгінгі мектептің, оның ішінде мұғалімнің көтерер жүгі ауыр. Өйіткені оқушы теледидар, баспасөз және тағы басқа құралдар арқылы көп мәлімет алады. Қазіргі оқушыны бір нәрсеге қызықтыру қиындау. Сондықтан, мұғалім оқушыны өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландырып, оқу үрдісінде жаңа педагогикалық технологияны пайдалануға көңіл бөлсе ғана жұмысы табысты болмақ. Соңын айғағы ретінде Қазақстан физикалық географиясы пәнінен 8-сыныпта өткізілген «Арал проблемасы» бойынша дебат сабағымды айтуға болады.
2.2 «Жұмыр Жер – жалғыз мекенің» атты сыныптан тыс экологиялық сайыс сценарийі
Жүргізуші: Армысыздар, құрметті қонақтар! Бүгінгі таңда әлемді дүр сілкіндірген ғаламдық экология мәселесіне үн қосу үшін ұйымдастырылған «Жұмыр Жер – жалғыз мекенің» атты сайыс кешімізге қош келіпсіңдер.
Табиғат, Жер-ана, Отан, Туған жер, Атамекен – құлаққа жылы естіліп, жүрекке шаттық сезім ұялататын ұлы да қасиетті, бір-бірімен мағыналас, мазмұны бай сөздер. Адамның өзі табиғат пен Жер-ананың перзенті. Жер-ананы сүйе білу, оны аялау – адамның азаматтық борышы. Сондықтан да ақындар былай жырлайды:
Жер-ана мен өз анаң егіз екен,
Мейірімдері мейлінше теңіз екен.
Анам туды, Жер-ана жетілдірді,
Осыны өмірге өзім негіз етем.
(Н.Бәрменбаев)
Қазаөстан Республикасы Президентінің Жолдауында да: «Жаһандану және күрделене түскен әлемдік бәсекелестік жағдайында қазақстандықтар адам дамуының басты салаалрындағы таза ауыз су және табиғатты қорғау мәселеелрін шешу адамдық және азаматтық борышы екендігін адамгершілік қасиетпен сезінуі тиіс», - деп баса көрсетілген.
2.3 Оқушылардың экологиялық біліктерін тексеру тәжірибесі
Оқушылардың экологиялық біліктерін қалыптастыру әдістемесі тәжірибелі-эксперименттік жұмыс кезінде бақылаудан өтті.
Эксперимент арнайы жасалған эксперимент жоспары бойынша жүргізіледі.
Тәжірибе жұмысы Қостанай қаласының №9 орта мектебінің сегізінші сыныптарында жүргізілді. Жалпы экспериментке қатысқан оқушылардың саны – 57. Негізінен эксперименттің нәтижесін №9 орта мектебінің мысалында келтіреміз. Осы мектептің біздің тәжірибемізге қатысқан сегізінші сыныптардың ішінде екі сыныбы – эксперименттік, біреуі – бақылау сыныбы болды. Осы сыныптардың барлығында сабақты жүргізген зерттеушінің өзі; тәжірибеге қатысушы оқушылардың - жас ерекшеліктері, білім деңгейлері, жалпы дайындықтары бірдей.
Қорытынды
Физикалық география курсында тек жалпы қоғам мен табиғаттың өзара әрекет етуі ғана емес, бізді қоршаған табиғат пен бізді қоршаған қоғамның бірлескен процессі нақтылы оқытылады, яғни қоғам мен табиғат мәселесі тек ғаламдық деңгейде ғана емес, жергілікті жердегі жаңа аспектісінде қарастырылады. Сондықтан да, физикалық география біздің зерттеп отырған проблема бойынша негізгі ауыртпалықты көтеруде ерекше орын алуда. Сонымен қатар, осы пән мазмұнының экономика мен экологияның өзара байланысын, табиғатты пайдаланудың ұтымды жолдарын, «табиғат - өндіріс» жүйесі элементтерінің байланысын толық көрсетуге ықпал етуі де оқушылардың экологиялық біліктерін қалыптастыру процессіндегі физикалық географияның – маңыздылығын дәлелдейді.