Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктегі еңбек ақы төлемдер есебінің аудиті
Мазмұны
Кіріспе 3
1-тарау. «НИМЭКС» Жауапкершілік шектеулі серіктестіктегі еңбек ақы төлемдер есебі 5
1.1 Еңбеккерлердің құрамының есебі 5
1.2 Жалақыдан ұсталатын ұсталымдар 9
1.3 Өнімдер мен еңбек төлемінің есебін ұйымдастыру 12
1.4 Қызметкерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысу 17
1.5 Орташа жалақыны есептеу тәртібі 23
2-тарау. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің еңбекке төлем ақысы есебін талдау 28
2.1 Негізгі көрсеткіштерді талдаудың мәні және оның мазмұны 28
2.2 Шығындардың, сату көлемінің және табыстарының арақатынасын талдау 33
2.3 Қаржылық қор бірлестігі, есеп рентабельділігін талдау 35
3-тарау. «НИМЭКС» Жауапкершілігі шектеулі серіктестікте еңбекке төлемақы есебінің аудиті 37
3.1 Аудит, оның пайда болу мерзімі және дамуы 37
3.2 Аудиттік ақпараттық базасының құрамы 49
3.3 Нақты тексерудің тәсілдері 53
Қорытынды 55
Пайдаланылған әдебиеттер 58
Кіріспе
Нарықтық экономикаға көшу кезінде экономиканың барлық сапаларында түбегейлі өзгеріс болды. Сонымен қатар еңбек ақы төлеу жүйесі де өзгеріске ұшырады. Мемлекет пен кәсіпорындар және жұмысшылар арасында еңбек ақы төлеуді ұйымдастыруда жаңа қатынастар пайда болды. Нарықтық экономикаға көшу кезеңі еңбек қатынастарын реттеу формаларынада өзгеріс енгізді. Ендігі жерде еңбек қатынастарын реттеуші формалары заңгерлік арқылы тарифтік және ұжымдық келісімдермен реттелетін болды.
Әрбір кәсіпорын өз алдында тұрған мақсаттарына жету үшін өзіне қолайлы еңбек ақы төлеу жүйесін таңдауға құқылы.
Осы диплом жұмыстың негізгі мақсаты кәсіпорын есебінің және аудитінің негізінен теориялық, іс-тәжірибелік тұрғыдан және заңдылық тұрғыдан реттелуін қамтамасыз ету.
Көзделген мақсатқа жету үшін төмендегідей мәселелерді шешу қажет;
• Еңбек ақы төлеудің негізгі мәселелерін көріп шығу;
• Еңбек ақы төлеу жүйсені және формасын озық технологиялық негізінде үйрену.
• Еңбек ақы төлеу және еңбеккерлермен есеп айырысу операцияларына толыққанды мінездеме беру.
• Еңбек ақы есептеу сондай-ақ одан ұсталынатын ұсталымдар және аударылатын аударымдардың заңдылығын көріп шешу.
• Кәсіпорындардың бухгалтерлік есеп жүргізуін еңбек ақы төлеудің ұйымдастырылуының артықшылықтарын үйрену.
• Еңбек ақыны тексерудің методикасын ашып көрсету.
Зерттеудің негізгі мақсаты еңбек ақы төлеуде оның есебімен аудитін жүргізу.
Зерттеудің объектісі Жауапкершілік Шектеулі Серіктестік «Корпорация НИМЭКС» кәсіпорын жарнашылары және жарғысы болып табылады.
Жауапкершілік Шектеулі Серіктестік «Корпорация НИМЭКС» заңды тұлға болып табылады. Мемлекеттік тіркеуден өткен 1997 жылы өзінің меншіктік капиталына ие. Сонымен қатар мүліктік есептеріне құқықтық иелігі белгіленген, жеке байланысы түзіледі.
Негізгі мақсаты табыс алу өндірістің негізгі түрі мақта шикізатын өңдеп сауда сатық жасау. Сонымен қатар Жауапкершілік Шектеулі Серіктестік кәсіпорын ҚР-ның заңдарына қайшы келмейтін кез-келген басқада өндірістермен шұғылдана алады.
1-тарау. «НИМЭКС» Жауапкершілік шектеулі серіктестіктегі еңбек ақы төлемдер есебі
1.1 Еңбеккерлердің құрамының есебі
«Корпарация Нимекс» ЖШС шаруашылық қызметін жасаудың процесінде қызметкрлерді жұмысқа қабылдап және жұмыстан шығарып отырады, яғни олардың сандары өзгереді, демек жұмыс барысында әртүрлі ауыз-түйістер болып тұрады. Қызметкерлердің құрамдық өзгерісінің есебін кадырлар бөлімі (кадрлар жөніндегі инспектор немесе басшы осыған өкілетті етіп қойған басқа бір адам ) жүргізеді, ол бүкіл субъектідегі және оның құрылымдық бөлімшелеріндегі қызметкерлердің санын және оның өзгеру себептерін, жынысын, жас мөлшерін, категорияларын, кәсіптерін, қызмет орындарын, мамандықтарын, біліктілігін, жұмыс стажын, білім және басқа белгілерін есепке алады. [23]
Жұмыс беруші қабылдаған кезде ( заңды немесе жеке тұлға, еңбеккер мен еңбек қатынасын қалыптастырады ) еңбеккерлермен өзара тікелей жеке еңбек келісім-шарттарын жасайды.
1.2 Жалақыдан ұсталатын ұсталымдар
Жалақы - бұл еңбек үшін төлем, оны еңбек келісім-шартында және қызмет нұсқауында белгіленген көлеміне сай еңбеккерлер орындаған жұмысы үшін алады.
Еңбек тиімділігі арттырудың әртүрлі ынталандыру жолдары бар, атап айтқана: сыйлық, үстеме, кепілдік төлемдері. Жұмыс беруші нақты жағдайын ескере отырып, «Еңбекақы төлеу туралы» ережесін дербес әзірлей алады, сондай-ақ онда еңбеккерлердің категориясын, жұмыс уақытының тәртібін , «Қызметкер туралы» ережесін белгілей алады. Аталған ереже жұмыс берушіге еңбек тәртібін ұйымдастырумен еңбек келісім-шартын жасау үшін ғана емес, сондай-ақ, ол шығыстармен ұсталымдарды негіздеу үшін де қажет. Төлем жеке және ұжымдық еңбек нәтижесі бойынша жасалуы мүмкін.
1.3 Өнімдер мен еңбек төлемінің есебін ұйымдастыру
Өндірім мен еңбек төлемінің есептері өндірілген өнім саны аяқталмаған өндіріс пен шығарылған жарамсыз өнім туралы уақытында және дәл деректер алуды қамтамасыз етуге; әрбір қызметкердің өндіріміне сәйкес еңбек ақы төлемінің мөлшерін дұрыс және уақытында анықтауға; өндірілген өнімнің материалдар мен өңдеуге жіберілген шала өнімдердің санына сәйкестігін бақылауға; өндірістегі тетіктердің бөлшектердің және агрегаттардың қозғалыстарын қадағалап отыру үшін қажет.
Өндіріс технологиясы мен оны ұйымдастыруға, еңбек төлемінің қолданылатын жүйесіне, өнім сапасын бақылауға, есеп пен басқа да жайларын компютерлендіру деңгейіне қарай бастапқы құжаттар есебі мен үлгісінің әртүрлі әдістерін қолданады. Әр түрлі өндірістегі өндірім мен еңбек төлемі есебінің ұйымдастырылуын қарастырайық.
1.4 Қызметкерлермен еңбек ақы бойынша есеп айырысу
Қызметкерлермен еңбек ақысының төлемі бойынша есеп айырысу есебі 681 «Қызметкерлермен еңбек ақысы бойынша есеп айырысу» шотында жүргізіледі. Бұл пассивтік шот.
Еңбек ақыны есептегенде 681 шоты кредиттеледі де, мына шоттар дебеттеледі:
126-шоты «Аяқталмаған құрылыс» күрделі құрылыспен шұғылданатын және сонда жұмыс істейтін қызметкерлердің еңбек төлемінің сомаларына ;
811-шоты «Тауарларды (жұмыстарды , қызметтерді) сату жөніндегі шығындар» өнім өткізумен, жұмыстар мен қызмет көрсетулерді жүзеге асырумен шұғылданатын қызметкерлерге есептелген еңбек төлемінің сомаларына ;
821-шоты «Жалпы және әкімшілік шығындар» жалпы шаруашылық және әкімшілік - басқармашылық қызметкерлеріне есептелінген еңбек төлемінің сомаларына;
2- тарау. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің еңбекке төлем ақысы есебін талдау
2.1 Негізгі көрсеткіштерді талдаудың мәні және оның мазмұны
Кез келген деңгейдегі шаруашылық субъекттісін басқару үшін, оған ғылыми жағынан негізделген жедел талдау жүйесін тұрақты түрде жүргізіп отырудың керектігі жөнінде аз айтылып жүрген жоқ.
Сондықтан да көптеген экономикалық әдебиеттерде оның ролі мен алатын орны туралы жан-жақты баяндалған. Бірақта ол өндіріс процесін басқаруда әлі де болса тұрақты сипатқа ие болмай келеді. Осындай олқылықтарды жою үшін академик Ветров А.А. біршама талпыныс жасаған болатын. Ветров А.А. , Стоянов Е.С жедел талдауға оң баға бере отырып, аталған талдаудың жаңа қырын ашуға талпынған. Олар өздерінің анықтамаларында тиімділік пен өнімділікке қатысты белгілеріне басты мән берген. Ал бұл белгілер өз кезегінде , жедел талдау мен тығыз байланысты, атап айтсақ: функционалдық, ұйымдастырушылық және арнайы белгілерімен.
2.2 Шығындардың, сату көлемінің және табыстарының арақатынасын талдау
Шаруашылық серіктестігінің шаруашылық қызметіндегі басты экономикалық көрсеткіштердің келесі тобы - шығыстар, сатылған өнімнің көлемі және табыстар болып бөлінеді және солардың ара қатынасын, яғни оптималды деңгейін сақтап басқарудың ең тиімді деңгейін сақтап басқарудың ең тиімді жағдайын қалыптастыру керек. Егерде өндіріс көлемі анықталса, онда ол тапсырыстар портфеліне сәйкес, талдаудың арқасында, баланстық пен таза пайданың белгілі бір деңгейін анықтауға және соның көмегімен «Корпарация НИМЭКС» ЖШС өздерінің шығындарын және сату бағасын есептеуге мүмкіндік алады.
«Шығын-көлем-табыс» тіркесінің арақатынасын талдау - бұл менеджерлердің қолдарында бар ең күшті құралы болып саналады. Кейде өндірістік левериджі (тетігі) деп те атайды.
2.3 Қаржылық қор бірлестігі, есеп рентабельділігін талдау
Зиянсыздықтың деңгейіне қол жеткеннен кені, кез келген шаруашылық субъектісі өзінің рентабельділігін ойлайды және сол табалдырықты қалай аттаудың жолдарын қарастырады, демек өз шаруашылығының беріктілігін жасауға кіріседі.
Мұндай жағдайлар өндірістік тетіктердің эффектілігімен байланысты болып келеді. Өндірістік тетіктің эффектісінің негізінде тұрақты шығындардың ШС қаржылық нәтижесіне тигізетін әсерін зерттеуден басталады. Тұрақты шығындарды жабуға арналған табыстар жеткіліксіз болған жағдайда, ШС зиян шегеді. Тұрақты шығындарды жабуды қамтамасыз еткеннен кейін, яғни қажет өндіріс көлемінің деңгейіне қол жеткеннен кейін, оны одан әрі қарай арттырудың табыс алу жолдарын іздестіреді.
3.2 Аудиттік ақпараттық базасының құрамы
Аудит оңтайлы басқару шешімінің негізінде жататын экономикалық ақпарат жүйесіне негізделеді.
Тиімді ақпараттар жиының құру белгілі бір қағидаларға сүйенуі тиіс. Ол қағидалар келесілер: ақпараттық қажеттіліктерді, өндіріс процесінің дұрыстығын көрсету, табиғи, материалдық, қаржылық ресурстарды тұтыну, бөлу және пайдалану, әртүрлі көздерден келіп түсетін ақпараттардың бірлігі, статистикалық және жедел есеп); соңғы байланыс құралдарын қолдану арқылы ақпаратты жеделдету, дербес комюьтерде ақпаратты жан-жақты өңдеу; ақпараттарды пайдаланудың коэффицентін жоғарылату; жоспарлауға және басқаруға керекті ақпараттарды өңдеу және талдау. [24,25]
Қазіргі кезде «НИМЭКС» ЖШС-тің экономикалық ақпараттық жүйесіне келесі түрде мінездеме беруге болады.
3.3 Нақты тексерудің тәсілдері
Нақты тексеру дегеніміз - натуралдық түрде тексеретін объектінің көрсеткіштерінің нақты жағдайын зерттеп оларды анықтау. Нақты тексерудің көмегімен бастапқы құжаттар мен есеп жазуларының толықтығын, дұрыстығын анықтайды. Осыған орай нақты тексерудің методикалық тәсілдері бойынша тексеретің объектінің нақты жағдайын анықтау, орындалған жұмыстар мен оның көлемін анықтау, орындалған операциялардың құжаттарда дұрыс көрсетілуін анықтау және т.с.с.
Нақты тексерудің тәсілдері төмендегідей үш топқа бөлінеді:
Қорытынды
Қорыта келе қызметкерлердің құрамдық өзгерісінің есебін мамандар бөлімі жүргізеді. Жұмыс беруші қабылдаған кезде еңбеккерлермен өзара тікелей жеке еңбек келісім-шарттарын жасайды. Жеке еңбек келісім-шарты-жұмыс беруші мен еңбеккерлер арасындағы жазбаша түріндегі келісім, онда жұмыс орын, келісім шарттың мерзімі, жалақысы, еңбекті қорғаудың басқада мәселелері туралы сұрақтар қарастырылады және тараптардың жауапкершілігі міндеті, құқықтары белгіленеді.