Кенесары Қасымұлы бастаған көтерілістің тарихнамасы
Жоспар
Кіріспе 3
І тарау. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс 6
1.1 К.Қасымұлы бастаған көтерілістің басталу себебі 6
1.2 Ұлт – азаттық көтерілістің қозғаушы күштері 8
1.3 Орыс қамалдарына шабуыл көтерілістің қарқын алуы 16
IІ тарау. Көтерілістің жеңілу себептері мен тарихи маңызы 23
2.1 К.Қасымұлы бастаған көтерілістің жеңілуі 23
2.2 К.Қасымұлы бастаған көтерілістің тарихтағы маңызы 28
Қорытынды 32
Пайдаланған әдебиеттер 33
Пікір 34
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі.
ХVIII – ХІХ ғасырлардағы болып өткен барлық көтерілістерден Кенесары бастаған көтерілістің ерекшелігі бүкіл үш Жүз қазақ шаруалары дерлік қатысты. Кенесары көтерілісіне феодалдық қозғалыс деп айдар тағу дұрыс емес. Бұл қозғалыстың басында кім тұрғанына қарамастан бұл көтеріліс ұлт – азаттық шаруалар көтерілісі сипатына ие.
І тарау. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс
1.1 К.Қасымұлы бастаған көтерілістің басталу себебі
1822 жылы Сібір қазақтары туралы устав далалық аудандарды басқару құрылымын өзгертіп жіберді. Енді басқарудың округтік жүйесі енгізілді. Ал ол бойынша қазақ қоғамы округке, болысқа, ауылға бөлінді. Төмендегі әкімшілік бірлестігі ретінде ауыл құрамына 50-70 - ке дейінгі үйлерді біріктірді. Осындай 10-12 ауылдан болыс құрылды. 10-15 болыстан округ қалыптасты. Бұлардың белгілі бір территориясы болды. Әкімшілік билігін сақтап қалған аға сұлтандар негізінен алғанда сол үкімет билігін нығайтылуын қамтамасыз етуге тиісті еді.
.Қазақтардың ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда болған барлық ірі көтерілістерінен Кенесары көтерілісінің ерекшелігі, оған үш жүздің бұқара халқы түгел қатысты. Олар күреске бірден, жұмыла қосылмағанымен, жекелеген облыстар қозғалысқа тартылған кезде өзге аудандардағы қозғалыс басылып қалып отырғанымен Кенесары көтерілісі алғашқы жылдардың өзінде –ақ ғаламат кең құлаш жайып, бүкіл халық көтерілген қозғалысқа айналды.
1.2 Ұлт – азаттық көтерілістің қозғаушы күштері
Көтерілісшілердің Ағыбайға деген ерекше құрметі туралы оның әйелдерінің бірімен Кенесарының әңгімесінен байқауға болады. Бірде ханым Кенесарыдан: «Сіз әскеріңіздегі кейбір адамға мың басы, бес жүз басы деген атақтар беріп жатырсыз, неге сіз «көсеге» атақ бермейсіз?» - деп сұрапты. Сонда оған Кенесары: « Егер әскерімнің алдыңғы легі ұрысқа « Абылай!» деп ұрандап кіріссе, ал олардың соңынан ілескен жауынгерлер «Ағыбайлап» соғысқа кіріседі.Міне, сондықтан да мен оған әскери атақ берген жоқпын» деп жауап беріпті.
Ағыбай көтерілістің соңына дейін Кенесарыға деген адалдығынан айныған жоқ. Кенесары қаза тапқан соң Ағыбай Шұбыртпалы руымен қазіргі Ақмола облысының жеріне қоныс аударып, 83 жасында Қайрақты деген мекенде қайтыс болды. ХІХ ғ. ІІ-ші жартысында айтылған «Ағыбай батыр» қиссасы оның ерлік жолына арналған.
1.3 Орыс қамалдарына шабуыл көтерілістің қарқын алуы
1838 жылы Кенасары соғыс қимылдарын көктемде Ақмола приказын қоршауға алып өртеді. Бекініс коменданты әскери старшина Карбышев пен Ақмола округының аға сұлтаны Қоңырқұлжа Құдаймендин өртелген бекіністен әрең дегенде қашып шықты. Көп кешікпей көтерілісшілер Торғай даласы өңіріне қоныс аударды. 1841 жылы қыркүйегінде қазақтардың Үш Жүздің ықпалды билері Кенесарыны хан сайлады. Хандық басына келген соң Кенесары қазақ жерлерін азат ету жолындағы күресті бұрынғыдан да батыл жалғастырды.
IІ тарау. Көтерілістің жеңілу себептері мен тарихи маңызы
2.1 К.Қасымұлы бастаған көтерілістің жеңілуі
Кенесары Торғай мен Ырғыздан Сырдария маңына кетер кезде, ол үшін біршама ыңғайлы жағдай қалыптасты.
Хиуа мен Бұқар арасында 1842 жылы басталған соғыс бәсеңдеместен 1844 жылға дейін созылған. Екі жақта қатты әлсіреген-ді. Сол кезде Хиуада тұрған ростовтық екі гильдиядағы көпес Пичугин былай деп әңгімелейді: «Бұл үш билеуші екі жылға созылған соғыстан өздерінің күшін, қаржысын әбден әлсіретті және соғысты жалғастыруға да шамалары жетпейтін сияқты. Әсіресе, Хиуа тым әлсіреген, оған біздің саудагерлер куә: хан өзінің экспедициясын Мерв түбіне жорыққа әзірлегенде өзінің бай адамдарынан тіпті чиновниктерінен де әскерге тарату үшін күшпен, зорлап көп мөлшерде ақша жинады. Сондықтан халық оған тым наразы, эмир өз әскерімен ел ішіне екінші рет кіре ме деп қорқады».
Бұқарда тұрған Ресей саудагерлерінің көптеген көрсетулеріне қарағанда, ұзаққа созылған соғыстан Бұқар да дәл осындай күйге түскенін аңғарасың.
2.2 К.Қасымұлы бастаған көтерілістің тарихтағы маңызы
1847 жылы Кенесары қырғыздар жеріне басып кірді. Бұл күресте Кенесарының көздеген негізгі мақсаты - қазақтар мен Алатау қырғыздарының ортақ жауы Қоқан үстемдігіне және Қоқан бектерінің сенімді одақтастары қырғыз манаптарына қарсы күресу еді. Сондықтан ол қырғыздарға қарсы жорықты Қоқан жағына шығып кеткен манаптар сатқындығына жауап ретінде қарады . Бірақ осының өзінде ол күрестің феодалдық әдістерін қолданып, үлкен қателік жіберді. Оның жазалаушы шаралары манаптардан гөрі қырғыз халқына қатты батты. Ол бүтіндей ауылдарды өртеп, әйелдерді де балаларды да аямады. Бірақ қатыгездік екі жақтан да болды. Қырғыз манаптары өкіметке жазған хаттарында:
Қорытынды
Кенесары Қасымовтың көтерілісінің біршама қайшылықтары, анықталмаған мән-жайлары бар: бір жағынан, Қоқан хандығымен соғыс, ал екінші жағынан, бауырлар қырғыздармен қантөгісі соғысы, тағы бір жағы, өзін қолдаудан бас тартқан қазақ руларына мейірімсіздігі.