Қазақстанның 2030 стратегиялық даму бағдарламасы
Мазмұны
Кіріспе 3
1 Стратегияның мәні мен мағынасы 4
1.1 Стратегия түсінігі мен мәні 4
2 Қазақстанның 2030 стратегиялық даму бағдарламасы 7
2.1 Қазақстан 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының экономикалық құбылысы 7
2.2 Қазақстанның экономикалық өсу мүкіндігі 10
2.3 Қазақстан экономикасын көтерудегі энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалану 12
2.4 Қазақстан халқының әлеуметтік, әл-ауқатын көтеру бағдарламасы 14
2.5 Инфрақұрылым, көлік және байланыс 16
Қорытынды 18
Пайдаланылған әдебиеттер 18
Кіріспе
Әрбір мемлекет өзінің дамуы және әлемдік аренада өзінің орныны қалыптастыруы алдына қойған мақсатына байланысты. Мемлекеттің мақсаты ретінде бүгінгі таңда ұзақ, орта, қысқа мерзімді даму жоспарлары арқасында жүзеге асырылып отырылады. Сондай ұзақ жылдық даму жоспары ретінде стратегиялық жоспарды атауға болады.
Біздің мемлекетімізде Президенттің бастамасымен 1997 жылы «ҚАЗАҚСТАН 2030» даму стратегиясы қабылданды. Бұл ұзақ жылдық бағдарламада Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстанды 2030 жылы дамыған өркениетті мемлекеттердің арасындағы басты мемлекет ретінде көргісі келетінін атап көрсетті.
Жалпы Қазақстанның бұл даму стратегиясы негізгі жеті басымдық арқылы жүзеге асырылады. Оларға:
1 Стратегияның мәні мен мағынасы
1.1 Стратегия түсінігі мен мәні
Көп жылдардан бері әскери басшылар стратегия терминін қолданып келеді. «Стратегия» гректің — «генерал өнері» деген сөзінен шыққан. «Стратегия» термині осы уақытқа дейін жарыс, бәсеке мағынасында қолданылып келгенімен, қазіргі кезде бұл атау кәсіпорын қызметінің жалпы концепциясын білдіреді.
Стратегия дегеніміз — мемлекеттің міндетті ісін орындауды және мақсатына жетуді қамтамасыз ететін жан-жақты жоспарлар жиынтығы болып саналады.
Стратегиялық жоспарлау дегеніміз — басшы қабылдаған шешімдер мен әрекеттер жиынтығы, сол арқылы мемлекетті (ұйымды) өз мақсатына жету үшін басшы арнайы стратегияны іздейді.
Стратегиялық жоспарлау мемлекеттің дамуы үшін шешім қабылдауға қажетті құрал болып саналады. Оның басты міндеті — мемлекетте жаңадан енгізілген жоспарларды жеткілікті дәрежеде қамтамасыз ету.
Стратегиялық жоспарлаудың өзіндік белгілері төмендегідей:
2 Қазақстанның 2030 стратегиялық даму бағдарламасы
2.1 Қазақстан 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының экономикалық құбылысы
Еліміздің жетістігі түбінде дұрыс құрылған стратегиялық жоспардың барына және оның шартты түрде орындалуына байланысты. Басшылар күнделікті әрекеттерінде көптеген ұсақ және ірі, белгілі және жаңа, күрделі проблемалармен шұғылдануда. Осы жағдайда олар жеңіл және дағдыланған жолдармен проблемаларды шешуге ұмтылады.
Нәтижесінде туған жағдайлады реттеу үшін басшылар олардың тәуелді болуға мәжбүр болады, аяғында дағдарысқа ұшырайды. Халықаралық тәжірибе бойынша ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарлау қоғамды және мемлекетті әлеуметтік-экономикалық проблемаларды шешуге тұжырымдалады.
Сонымен ағымда әрекеттерді ұзақ мерзімді стратегиялық жоспармен ұштастыруы келесі мүмкіндіктерді туғызады:
2.2 Қазақстанның экономикалық өсу мүкіндігі
Қазақстан экономикасының өсуі үшін негізгі басымдықтың бірі болып саналатын экономикалық өсу маңызды орын алып даму стратегиясының негізгі жеті басымдығының ішіндегі бүгін де ертең де өз мәнін жоймайтын бағдарламалардың бірі болып саналады.
Экономикалық өсу шетел инвестицияларының деңгейі жоғары және шағын, орта бизнестің барлық жерде қолдау негізінде отандық жеке меншік секторын дамыту мен бірге дамыған нарықтық экономикаға негізделінеді.
Қазақстанның ұзақ мерзімді болжауында пайда болатын жағдайларға тез қалыптасуға қабілеті бар шағын және орта кәсіпорындарында ЖІӨ-нің (жалпы ішкі өнім) 40-50 пайызын өндірілуі қажет.
Экономикалық өсуге қол жеткізу үшін экономикалық саясаттың келесідей он негізгі қағидаларын сақтау керек:
2.5 Инфрақұрылым, көлік және байланыс
Инфрақұрылымның әсіресе көлік және байланыстың дамуы жалпы дүние жүзілік экономикалық және саяси процестерге байланысты. Қазақстан географиялық жағынан Еуразия регионындағы жолдар тарапында орналасқан, бұл болса Қазақстандық өнімдердің ірі нарықтарға шығуына орасан зор мүмкіндік туғызады.
Көлік жолдары дамыса жақын арадағы 2 млрд. адамға жуық сыйымдылығы бар нарықтар Қазақстанның қандай да болмасын өнімдерін тұтынуға мүмкіншілік алады. олар Ресей, Қытай, ислам және орта азия мемлекеттерінің топтары, жақын және орта шығыс елдері.
Сондықтан қазақстанның алдында отандық көлік коммуникация кешенінің әлемдік нарықта бәсекелестік қабілетін қамтамасыз ету және республика территориясының үстінен сауда ағымын ұлғайту мәселесі тұр.
Даму стратегиясында бұл мәселелерді шешу үшін келесі мақсаттар тууда:
Қорытынды
Сонымен қорыта айтқанда, мемлекеттің экономикасының негізі саналатын проблемалардың бірі алдағы стратегиялық болжауды дұрыс жолға қою. Сондай стратегияның бірі Қазақстан 2030 жылға дейін даму стратегиясы болып саналады.
Жалпы бұл стратегия Қазақстанның жан-жақты дамыту үшін және әлемдегі алдыңғы қатарлы елдердің арасынан орын алуына зор ықпалын тигізеді. бұл стратегияда Қазақстан халқының әл-ауқатының өсуіне, экономикасының қарқынды өсуіне, ұлттық қауіпсіздік пен ұлтаралық татулықты арттыруға т.б. Қазақстан үшін маңызды саналатын осындай факторларды ескере отырып құрылған.
Қазақстан дамыған елдердегідей жоғары технология мен инфрақұрылымының болуын қамтамасыз ететін осы стратегиясының орны ерекше.