Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қаржы

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 33 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Валюталық операциялар.


ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
1. ЭКОНОМИКАДАҒЫ ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАР ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ 5
1.1 Валюталық операциялардың негізгі түрлері және жіктелу барысы 5
1.2 Қазақстан Республикасындағы валюталық операциялар және олардың құқықтық қамтылуы 16
2 ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯ ТҮРЛЕРІН ЖҮРГІЗЕТІН ЖӘНЕ РЕТТЕУ ОРГАНДАРЫ МЕН ҰЙЫМДАРЫ 23
2.1 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюталық операциялары мен реттеу шаралары 23
2.2 Валюталық операцияны жүргізетін маманданған ұйымдар және олардың міндеттері 27
ҚОРЫТЫНДЫ 31
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 33

КІРІСПЕ
Бүгінгі әлемде экономикалық және шаруашылық қатынастар күннен-күнге даму барысында халықаралық валюта қатынастарының өркендеуі өндіргіш күштердің қарқынды өсуімен, дүниежүзілік рыноктың қалыптасуымен, халықаралық еңбек бөлінісінің тереңдеуімен, шаруашылық байланыстарының интернационалдануы және жаһанданумен сипатталады.
Әлемдік валюталық жүйе дүниежүзілік шаруашылықтың шеңберіндегі сатып алу және сату айналымын тудыратын әдістер, құрал жабдықтар және мемлекетаралық ұйымдардың жиынтығынан тұрады. Оның пайда болу және одан әрі даму экономикасы халықаралық ақша кеңістігіндегі адекватты шарттарды талап ететін ұлтаралық капитал үрдісінің объективті дамуын бейнелейді. Халықаралық валюталық жүйенің негізгі құраушы элементтері ретінде әлемдік ақшалай тауар және халықаралық өтімділік, валюталық бағам, валюталық операциялар, валюталық рыноктар, халықаралық валюта, қаржылық ұйымдар және мемлекетаралық валюталық келісім шарттарды атауға болады.

Осыған байланысты курстық жұмыстың тақырыбы «Валюталық операциялар» болып алынды.
Тақырыптың өзектілігі банктер және басқа да лицензиясы бар тұлғалар жүргізетін валюталық операциялардың түрлерін бүгінгі заман талабына сай жан-жақты зерттеп, оларды еліміздің тәжірибесінде тиімді қолдану, валюталық операциялардың түрлері бойынша мәмілелер жүргізуде халықаралық талаптарға сай келуін ескеру және оларды дамыту болып табылады.
Жұмыстың негізгі мақсаты еліміздегі валюталық операцияның заңдық-экономикалық сипаттамасын ашып, валюталық операциялардың негізгі түрлерін талдау.
Осыған орай келесідей міндеттер ескерілуі керек:
• Валюталық операцияларға анықтама беру және оның құрылымын қарастыру;
• Валюталық қозғалыстарға тоқталу және валюталық операциялардың өзіндік белгілеріне байланысты жіктелуіне тоқталу;
• Валюталық операциялардың негізгі экономикалық түрлерін талдау.
• Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүргізу ережелері мен реттеу органдарын талқылау;
• Валюталық операциялар түрлерін жүргізетін маманданған ұйымдар мен олардың міндеттерін қарастыру болып табылады.

1. ЭКОНОМИКАДАҒЫ ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАР ЖӘНЕ ОНЫҢ ТҮРЛЕРІ
1.1 Валюталық операциялардың негізгі түрлері және жіктелу барысы
Валюталық операциялардың анықтамасын беруден бұрын «валюта» терминінің мәніне тоқталайық. Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес, «валюта деп мемлекеттердің заңды төлем құралы ретінде қабылданған ақша бірліктері немесе банкноттар, қазыналық билеттер мен тиындар, соның ішінде қымдат жасалған тиындар (айналымнан алынған немесе алынатын, бірақ айналымда жүрген ақша белгісімен айырбастауға жататынын қоса алғанда) түріндегі қолма –қол және аударым нысандарының құнның ресми стандарттары, сондай-ақ шоттардағы, соның ішінде халықаралық ақша немесе есеп айырысу бірліктеріндегі қаражаттарды білдіреді».

1.2 Қазақстан Республикасындағы валюталық операциялар және олардың құқықтық қамтылуы
Қазақстан 1992 жылдың шілдесінде Халықаралық валюталық қорға мүше болып кіргеннен бастап өзінің валюта қатынастарын «Ямаика» валюта жүйесінің құрылымдық қағидаларымен қордың жарғысына сәйкес қалыптастыруда. Валюта қатынастарын ұйымдастырушы үшін 1993 жылдың 14 сәуірінде «Валюталық реттеу туралы» ҚР-ның алғашқы заңы қабылданды. Ол кезде Қазақстан Кеңес экономикасы аймағында болғандықтан шетелдермен жеке валюталық байланыстар жоқтың қасында болатын. Қабылданған заң бойынша валютаны ырқына жіберу деңгейіне сәйкес келіп кейбір жағдайларға байланысты дамып келе жатқан валюта қатынастарына тіпті қарама-қайшы сипатта болды. 1996 жылы 24 желтоқсанда Қазақстанда «Валюталық реттеу туралы» жаңадан заң қабылданды. Ол заң бүгінгі таңда дейін экономиканың дамуына және заман талаптарына сай өзгертулер мен толықтыруларға ұшырады.
«Қазақстан Республикасының валюталық реттеу туралы» Заңына сәйкес «валюталық операцияларға» төмендегідей түсінік берілген:

2 ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯ ТҮРЛЕРІН ЖҮРГІЗЕТІН ЖӘНЕ РЕТТЕУ ОРГАНДАРЫ МЕН ҰЙЫМДАРЫ
2.1 Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюталық операциялары мен реттеу шаралары
Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүргізу тәртібін 2001 жылғы 21 сәуірдегі ҚР Ұлттық Банкі бекіткен «Қазақстан Республикасында валюта операцияларын жүргізу ережесі» реттейді.
Қазақстан Республикасы аумағындағы резиденттер мен резидент еместер жүргізетін валюта операциялары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банктік нормативтік-құқықтық актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкілетті банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын уәкілетті ұйымдар арқылы жүзеге асырылады. Резидент және резидент емес валюта операцияларын жүзеге асырған кезде, уәкілетті банкке Қазақстан Республикасының валюталық заңнамасына сәйкес ұсынылатын талап етілген құжаттарды беруге міндетті. Осы ережеде және Ұлттық банктің басқа да нормативтік-құқықтық актілеріне көзделген жағдайларды қоспағанда, резидент және резидент емес мұндай құжаттарды бермесе, уәкілетті банк олардың төлемдерін немесе ақша аударымдарын жүзеге асыруға құқылы емес.
Резидент Ұлттық Банктің лицензиясын және тіркеу куәлігінің болуы талап етілетін валюта операциялар бойынша төлем жасаған немесе ақша аударған кезде, резидент уәкілетті банкке осындай лицензиясының және тіркеу куәлігінің түпнұсқалары мен нотариат куәландырған көшірмелерін ұсынуға міндетті. Берілген құжаттар тексерілгеннен кейін олардың көшірмелері уәкілетті банкке қалады.
Осы аталған валюта операцияларын жүргізу нәтижесінде алынған ақша резиденттің пайдасына түскен жағдайда Ұлттық Банктің лицензиясын немесе тіркеу куәлігін ұсынбаса да, уәкілетті банк түскен ақшаны резиденттің банктік есепшотына аударуға құқылы, сондай-ақ резиденттерге мұндай құжаттарды ұсыну қажеттігі туралы алдын ала жазбаша хабарлауға тиіс.

2.2 Валюталық операцияны жүргізетін маманданған ұйымдар және олардың міндеттері
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі біртұтас мемлекеттік қаржы саясатын үйлестіретін және бақылайтын басты атқарушы орган.
Біртұтас мемлекеттік қаржы саясатының валюталық реттеу жөніндегі шараларын жүзеге асырудағы негізгі міндеттеріне мыналар жатады:
• Мемлекеттік қаржыны басқару;
• Шетелдік капиталды басым бағыттар арналарымен пайдалану мәселесінде мемлекеттік саясатты жүргізу;
• Мемлекеттің сырттан алған займдары мен гранттарын тиімді пайдалануды бақылау;
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің 1997 жылғы 31 наурыздағы «ҚР-сы мүше болып кірген халықаралық қаржы ұйымдарындағы операцияларды есептеу туралы» нұсқауына сәйкес ҚР-ның Ұлттық банкі Қазақстанның қаржылық агенті және халықаралық қаржы ұйымдарындағы депозитарийі болып есептелінеді.

ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен жұмысты аяқтай келе келесідей қорытындыға келуге болады: валюталық операциялар валюталық қатынастардағы негізгі элементтің бір болып табылады. Экономикада валюталық операциялардың түрлері арқылы екі жақты келісуші тұлғалар арасында валюталық есеп айырысу мәмілелері, сыртқы займдардың немесе әр түрлі төлемдердің арасындағы операциялар, ұлттық валюта мен шетел валюталары арасындағы операциялар мен айырбастаулар, экспорт пен импорт мәмілелерінде және әр түрлі валюталық операциялар арқылы пайда табатын және қызметтер атқаратын тұлғалар мен қатысушылар әрекет жасайды.

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Байгісиев Майдан-Әлі / Халықаралық валюта қатынастары және валюталық құқық: Оқу құралы. Алматы: Қазақ университеті, 2004. – 302 бет.
2. Баян Көшенова, Оқу құралы / Ақша, несие, банктер, валюта қатынастары, - Алматы: «Экономика» 2000ж.
3. Роде Э и др. / Банки, биржа валюта современного капитализма, - Москва, 1986 г.
4. С.Б. Мақыш , Оқу құралы / «Ақша айналысы және несие» – Алматы, Қазақ университеті, - 2000ж.
5. Деньги, кредит, банки: Учебник / Под. Ред. О.И Ловрушина, Изд. 2-е, - Москва: 1999г.