Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Банктік ісі

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 29 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Қазақстан Республикасының банк жүйесі. Ұлттық банк жүйесі


Жоспар

Кіріспе 3
І тарау. Қазақстан Республикасының банк жүйесі 6
1.1 Банктердің нарықтық экономикадағы рөлі 6
1.2 Қазақстандағы 1991 жылдан бергі банк реформасы және 1995 жылғы банк жүйесін реформалау 10
1.3 Банктік қызметтердің ұйымдық негізі, банктердің типтері 15
ІІ тарау. Ұлттық банк жүйесі 17
2.1 Ұлттық банкі, оның мақсаттары мен міндеттері, қызметінің бағыттары, меншікті қаражаттары мен пайдасы 17
2.2 Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің негізгі міндеті 18
2.3 Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қызметтері мен операциялары 19
2.4 Ақша айналысын басқару 21
2.5 Ақша-несие саясатының құралдары 22
2.6 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі – “Банктердің Банкі” 23
2.7 Банктер және олардың клиенттері арасындағы қарым –қатынасы 25
2.8 Банктік қызметтерді бақылау мен қадағалау 26
Қорытынды 28
Пайдаланған әдебиеттер 29

Кіріспе

Кеңес үкіметі кезінде Қазақстанның өзінің банктік жүйесі болған жоқ, себебі республика аумағында КСРО-ның орталықтандырылған несие жүйесінің филиалдары мен бөлімдері қызмет етті. Осыған байланысты банктік жүйенің тарихы КСРО мен революцияға дейінгі Ресей тарихы мен тығыз байланысты болып келеді. Патшалық Ресейдің банктік жүйесіне: мемлекеттік банк, акционерлік банктер, қалалық банктер, ипотекалық несие банктері мен басқа да несиелік мекемелер кіреді.
Ресейдің мемлекеттік банкі (өз қызметі 1860 жылы болды) барлық несие жүйесінің Орталық банкі болып табылады. Ол айналымға қағаз ақша шығарудың монополиялық құқығына ие болды. Сөйтіп, 1914 жылы Ресейдің мемлекеттік банкі бұл іске барлық акционерлік коммерциялық банктердің салымдары мен ағымдағы шоттардың жартысынан көбін және есептік қарыздық операцияларының 1/3 бөлігіне жуығын жұмылдырды. Басқа орталық эмисиондық банктеріне қарағанда, Ресейдің мемлекеттік банкі тек банктерді ғана емес, сонымен бірге, өнеркәсіпті, сауданы, қор жинаушыларды да несиелендіреді. 1914 жылы қарсаңында ол 10 кеңсе, 124 бөлім мен мемлекеттік қазынашылықтың 791 тіркелген кассасына иелік етті.
Акционерлік коммерциялық банктер (47 банк 743 фирмасымен) қарыз капитал нарығында басымдық жағдайға ие болып, 1914 жылы шоғырланудың жоғарғы дәрежесіне жетті.

І тарау. Қазақстан Республикасының банк жүйесі

1.1 Банктердің нарықтық экономикадағы рөлі

Банктердің және тауарлы –ақшалай қарым –қатынастарының дамуы тарихи тұрғыдан қатарлас жүрді және де олар бір –бірімен өзара тығыз байланысты. Банктер халық шаруашылығы қызметінің барлық деңгейіндегі басқарумен тікелей байланысты болады. Олар арқылы ұдайы өндіріс үрдісіне қатысушыларының экономикалық мүдделерін қанағаттандыру жүзеге асырылады. Осы кезде банктер қаржылық делдел ретінде шаруашылық органдарының капиталдарын, халықтық жинақтарын және шаруашылық қызметтерінің үрдісінде босаған басқа да бос ақша қаражаттарын тарта отырып, қарыз алушылардың уақытша пайдалануына береді, ақшалай есеп айырылысу жүргізіледі және экономика үшін басқа да көптеген қызметтер көрсетіледі, соның арқасында өндірістің тиімділігі мен қызметтері өнімнің айналасына тікелей ықпал етеді. (5 сызба).
Қаржылық делдалдар осылай қоғамға ақша капиталын салааралық, ауданаралық үлестіру механизмін қамтамасыз ету арқылы маңызды халық шаруашылығы қызметін атқарады.

1.2 Қазақстандағы 1991 жылдан бергі банк реформасы және 1995 жылғы банк жүйесін реформалау

Қазақстан экономикасы нарықтық қатынастарға көшу кезінде несиені басқарудың жүйесін және шаруашылық қызметіне банктік қызмет көрсету механизмін құру, банктер мен кәсіпорындардың қызметіне жетекшілік етуде экономикалық әдістерді қолдану; банк пен клиенттері, сонымен қатар, банктердің өз жүйесі шеңберіндегі, оның жекеленген буындарының арасындағы өзара қарым –қатынастар жүйесін қайта құру, жаңа құбылыстар мен процестерді ескере отырып, принципті түрде реформалау қажеттілігінің маңызы зор.
Қазақстан Республикасында банктік жүйені реформалаудың қажеттілігі, дүниежүзілік банктің мамандарының пікірінше, қысқа мерзімді мәселелер категориясының бар болуымен түсіндіріледі және оларды өз кезегінде макроэкономикалық формасын жүргізуде кедергі етуі мүмкін деп сынайды. Бірінші категорияға орталықтандырылған экономикадан мұра боп қалған мақсатты несие мен банктік тәжірибені мемлекеттік үлестіру жүйесінің ескі тәжірибесімен келісілген қаржылық ресурстарды дұрыс орналастырмау мәселесі. Екінші категорияға банктердің «сапасыз» қарыздары мен мемлекеттік зиянды кәсіпорындарын жатқызымыз.

1.3 Банктік қызметтердің ұйымдық негізі, банктердің типтері

Банктік заңдарда, банктің жарғылық қоры қандай көздерден құралғанына байланысты оларды: мемлекеттік, жеке меншік, акционерлік, аралас және шетелдік банктер деп жіктейді.
Банктердің ұйымдық акционерлік формасының ерекшеліктері мен айырмашылықтары неде? «Шаруашылық серіктестіктер мен акционерлік қоғамдар туралы» заңға сәйкес, біріншіден, акционерлік қоғам –бұл құрылтайшылардың меншік құқығын, Ұлттық банк берген лицензия негізінде шығарылатын акциялармен куәландыратын заңды тұлға. Акционерлердің банк меншігіндегі үлесі мен табысы сатып алынған акциялардың санымен тікелей байланысты. Акционерлердің жауапкершілігі тек сатып алынған акциялардың сомасымен ғана шектелген. Егер банк банкротқа ұшыраса, өз қызметін тоқтатса, барлық кінә жеке акционерлерге емес, банкке қойылады.
Банкті басқаруда акционерлердің жауапкершілігі тек басқарманы сайлау мен жылдық жиналыстарда банк саясатына қатысты сұрақтар бойынша дауыс беру мен шектеледі.
Банкті ұйымдастырудың акциялық емес формасы қатысушылардың меншік құқығын куәландыратын қандай да бір формальды куәлікті қажет етпейді.

ІІ тарау. Ұлттық банк жүйесі

2.1 Ұлттық банкі, оның мақсаттары мен міндеттері, қызметінің бағыттары, меншікті қаражаттары мен пайдасы

Орталық банктер бүкіл елдің несие жүйесін бақылаушы әрі реттеуші бас органның ролін атқара отырып, ерекше орынға ие және экономикалық басқарудың мемлекеттік органы болып табылады. Олардың басшылық ролі мемлекет берген үлкен өкілеттіліктермен анықталады.
Орталық банк елдің эмиссиялық, резервтік және кассалық орталығы, сондай-ақ ол норма шығару, басқару құқықтарына ие “банктердің банкі”, “соңғы сатыдағы несие беруші” ролін атқарады, ақша несиелік және валюталық саясатты анықтайды оның негізгі мақсаты пайда табу емес, ақша-несие саясатын жүзеге асыру және елдің несиелік жүйесін басқару болып табылады.
Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, мемлекеттік Орталық банкіге кең өкілеттік беруі екінші деңгейлі банк жүйесінің тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Орталық банк мемлекет берген эмиссиялық құқығы негізінде экономиканы жалпы мемлекетті тұрақтандыру саясатын тауар-ақша тепе-теңдік саясатын жүргізеді.

2.2 Қазақстан Республикасының Ұлттық банкінің негізгі міндеті

Қазақстан Республикасының ұлттық валютасының ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісіне мынандай міндеттер жүктеледі.:
- Қазақстанның экономикалық дамуы және оның дүние жүзілік экономикаға интеграциялануы мақсаттарына жетуге көмектесетін ақша айналысы, несие, банктік есептеулерді және валюталық қатынастар саласындағы мемлекеттік саясатты жасау және жүзеге асыру;
- Ақша-несие және банк жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге көмектесу;
- Банктік және басқа несиелік мекемелердің қызметін реттейтін ережелерді жасау және олардың орындалуына бақылау жасау негізінде банк несие берушілердің, салымшылардың мүдделерін қорғау.
Ұлттық банк жұмысының негізгі бағыттары:

2.3 Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің қызметтері мен операциялары

Ұлттық банк “Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі туралы” Заңға сәйкес мынандай қызметтер мен операциялар орындайды:
- айналыстағы ақша массасының көлемін реттеу жолымен Қазақстан Республикасында мемлекеттік ақша-несие саясатын жүргізеді, Қазақстан Республикасы аумағында банкноталар мен монеталарды айналысқа шығарушы жалғыз эмитент болып табылады;
- кепіл берушісі Үкімет болып табылатын Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы қарызына қызмет көрсетуге қатысады;
- Қазақстан Республикасы аумағанда еншілес банк ашуға рұқсат береді;
- Қазақстан Республикасы аумағында, одан тыс жерлерде банк филиалдарын өкілдіктерін ашуға келісімін және банк операцияларын жүргізуге лицензия береді;
- Банктердің бағалы қағаздар эмиссиясы жобасының оның тіркелуіне дейін өзі белгілеген тәртіппен міндетті сараптауын жүргізеді;
- Ол банктерге несие беруге, банктердің қарыз капиталы нарығындағы ашық позициясына бақылау жасауға құқылы. Банктерге соңғы сатыдағы несие беруші болады, қайта қаржыландыру саясатын жүргізеді;
- Банктердің жұмысына және шетелдік валютаны сатып алу, сату және айырбастау ұйымдарына бақылау мен қадағалау жүргізеді әрі пруденциалдық нормативтер белгілейді;

2.4 Ақша айналысын басқару

Ұлттық банк заңды төлем құралын, яғни банкноталарды шығаруға эмиссиондық құқы бар жалғыз мемлекеттік орган. Олар Ұлттық банкінің эмиссиялануында шығарылады және банктерге сатып, қолма-қолсыз эквивалент алу формасында болады. Қазақстан Республикасының ресми ақша бірлігі – теңге болып табылады.
Ұлттық банк банкноталармен монеталардың қажетті мөлшерін анықтайды, олардың жасалуын қамтамасыз етеді, сақталу, жою және қолма-қол ақшаның инкассациялау тәртібін орнатады.
Қазақстан Республикасында шығарылған монеталар мен банкноталардың номиналдық құрылымы, айшықталған пішіні болуы керек. Банкноталар мен монеталардың көрсетілген сипаттамалары баспасөзде жариялануы тиіс. Валютаны өзгертуге тек Қазақстан Республикасының Парламентінің құқығы бар.
Ұлттық банк Қазақстан Республикасының валютасын шетел мемлекеттерінің ақша бірліктеріне айырбастау бағамын анықтау тәртібін белгілейді.
Эмиссия – бұл мемлекетпен банкноталардың, монеталардың, бағалы қағаздардың шығарылуы. Ол қолма-қол түрінде де немесе ақша түрінде болуы мүмкін.

2.5 Ақша-несие саясатының құралдары

Пайыздық саясат ақша несие саясатының құралдарының бірі болып табылады. Ұлттық банк ақша нарығының сұраныс пен несие бойынша ұсыныстың инфляция деңгейінің жалпы жағдайларына және инфляциялық күтімдеріне байланысты анықталатын ортақ қайта қаржыландыру мөлшерлемесін бекітеді. Ұлттық банк өзінің пайыздық саясатын мемлекеттің ақша-несие саясатын іске асыру мақсатында, нарықтың пайыздық мөлшерлемесіне әсер ету үшін қолданады. Қайта қаржыландыру мөлшерлемесін анықтау кезінде Ұлттық банк пайыздық мөлшерлемесін оң және нақты түрде ұстап тұру мүдделігін ескереді.

2.6 Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі – “Банктердің Банкі”

Республиканың Ұлттық банкінің ең басты мақсаты – экономиканы төлем құралдарымен үздіксіз жабдықтауды қамтамасыз ету және елдің барлық несие жүйесінің қызмет етуіне жағдай жасау, есеп айырысу жүйесін қалпына келтіру, банк қызметін реттеу болып табылады. Ол басқа қаржы несие құралдарымен бәсекелеспейді және өз қызметінде пайданы табу мақсатын көздемейді. Коммерциялық және де басқа несиелік мекемелер өз клиенттеріне шаруашылық субъектілері мен халыққа не жасаса, Ұлттық банкі де соны жасады.

2.7 Банктер және олардың клиенттері арасындағы қарым –қатынасы

Банктер арасында клиенттерді тарту жөнінде бәсекенің күшеюі банктердің клиенттермен өзара қарым –қатынасын ұйымдастыру сұрақтарына ерекше көңіл бөлуді талап етеді. «Қазақстан Республикасының банктер және банктік қызмет туралы» заңының 33 бабы бойынша банктер тең құқылы әріптестер ретінде шығып, бос несие ресурстары нарығында өз операцияларын жүргізеді.
Олар өз қызметтерінде, өз клиенттеріне қаражаттарды орналастыру, несие алу үшін жақсы жағдай, банктік қызметтің әлдеқайда кең спектрін көрсете отырып, бір бірімен бәсекеге түседі. Банктер өз клиенттері алдында жауапты.

2.8 Банктік қызметтерді бақылау мен қадағалау

Банктік жүйенің елдің экономикада алатын рөлі мен орны ауқымды. Сондықтан несие –банктік сфера мемлекеттік органдары жағынан мұқият бақылау мен талдаудың объектілері болып табылады. Әрбір елде банктік қызметті реттеп отыратын, өзіндік бақылау мен құқықтық актілер жүйесі жұмыс істейді. Республикада банктерді бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасының банктік және басқа да Заңдарының сақталуын қамтамасыз етуге, шаруашылық қаржылық қызметті және банктегі оның мекемелерінде жұмысты ұйымдастыруды кезеңдік тексеруге бағдарланған кешенді шаралар жиынтығы ұсынылады.
Банктер үстінен жасалатын бақылау мен қадағалауды: халықаралық, мемлекеттік, аудиториялық және құрылтайшылық деп бөлуге болады:

Қорытынды

«Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі туралы» Заңы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының Орталық банкі болып және Республикадағы банк жүйесінің жоғарғы деңгейі болып табылады. Қазақстан Республикасының Ұлттық банкі Қазақстан Республикасының Орталық банкі ретінде басқа елдің орталық банктерімен және халықаралық қаржы ұйымдары мен қатынаста Қазақстан Республикасының мүддесін көздейді. Ұлттық банк бұл –эмиссиялық, резервтік, кассалық және есеп айырысу орталығы, норма шығару және бақылау жасау құқығына ие, «банктердің банкі» рөлін атқарады, сондай –ақ ақша –несие және валюта саясатын анықтайды.
Ұлттық банк –оның жоғарғы үкімет органы тұлғасындағы мемлекеттік біртұтас органы, бір ғана қол қоюшы және жарғылық қор иесі. Ол тек Қазақстан Республикасының президентіне есеп береді.
Ұлттық банктің басты міндеті –ұлттық валюта теңгенің ішкі және сыртқы тұрақтылығын қамтамасыз ету болып табылады.

Пайдаланған әдебиеттер

1. Ғ.С. Сейітқасымов –«Ақша, несие, банктер». Алматы - 2001 жыл.
2. А.Қ. Мейірбеков , Қ.Ә. Әлімбетов –«Кәсіпорын экономикасы». Алматы -2003жыл.
3. Ө.Қ. шеденов, Ү.С. Байжомартов, Б.А. Жүнісов, Б.И. Комягин –«Экономикалық теория». Алматы –Ақтөбе 2002 жыл.
4. С.С. Мәуленова, С.Қ. Бекмолдин, Е.Қ. Құдайбергенов. «Экономикалық теория». Алматы 2004жыл.
5. Н.Қ. Мамыров, М.Ә. Тілеужанова-«Макроэкономика». Алматы -2003жыл.
6. С.С. Сахариевич, С.А. Сембаевна –«Жаңа кезең экономикалық теориясы». Алматы «Дәнекер». 2004жыл.