Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Банктік ісі

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 68 стр.

Год: 2009

Полный просмотр работы

Коммерциялық банктердің депозиттік операциялары және олардың дамуы


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАР БАНК РЕСУРСТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ КӨЗІ РЕТІНДЕ 6
1.1 Банктің депозиттік операцияларының теориялық негіздері 6
1.2 Банктің депозиттік операцияларының түрлері мен олардың сипаттамасы 12
1.3 «Альянс банкі» АҚ-ның депозиттік операцияларын жүзеге асыру кезеңдері 18
2 «АЛЬЯНС БАНКІ» АҚ-Ы МЫСАЛЫНДА КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ТАЛДАУ 23
2.1 «Альянс банкі» АҚ-ның депозиттік операцияларын басқа коммерциялық банктердің депозиттік операцияларымен салыстыра отырып талдау 23
2.2 Коммерциялық банктердің несие және депозит нарықтарындағы операцияларын салыстырмалы талдау 36
2.3 Коммерциялық банктердiң депозиттiк саясаты және оның депозиттердi жетiлдiрудегi маңызы 44
3 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕГІ ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ 52
3.1 Депозиттік портфельдi басқару және ондағы тәуекелдердi азaйтy жолдары 52
3.2 Қазақстан Республикасының коммерциялық банктеріндегі депозиттерді сақтындыру жүйесінің даму келешегі 59
ҚОРЫТЫНДЫ 65
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 68

КІРІСПЕ

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2011 жылғы 28 қаңтар айындағы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Қазақстан халқына Жолдауында атап өтілгендей «Өркенді де өршіл дамып келе жатқан қоғамның іргетасы тек қана осы заманғы, бәсекеге қабілетті және бір ғана шикізат секторының шеңберімен шектеліп қалмайтын ашық нарық экономикасы бола алады. Бұл – жеке меншік институты мен келісім-шарттық қатынастарды құрметтеу мен қорғауға, қоғамның барлық мүшелерінің бастамашылығы мен іскерлігіне негізделген экономика» [1, 3 б.]. Ал бұл мақсаттарға жету үшін осы іскерлікті жүзеге асыруға және шығарылатын өнімдердің жоғары бәсекелік қабілеттілігін орнатуға көмектесетін банк жүйесінің несиелері болып табылады. Бұл несиелер, өз кезегінде, банктердің тартылған ресурстары арқылы берілетініне көзіміз жетеді. Мемлекет басшысының алға қойған мақсаттарын орындау – Үкіметтің басты міндеті.
«Банктер және банктiк қызметi туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес «депозит - бiр тұлғаның екiншi тұлғаға - банкке (соның iшiнде Ұлттық банкке) оларды номиналды түрде қайтару шартымен, бiрiншi ретте талап еткенде сондай - ақ белгiлi бiр мерзiм өткеннен кейiн қайтарылу шартына байланыссыз, толығымен немесе бөлiктеп, алдын-ала келiсiлген өсiммен немесе өсiмсiз, тiкелей депозиторға (салымшыға) немесе оның тапсырмасы бойынша үшiншi тұлғаға берiлетiн ақшалар» /3/.
Қазақстан Республикасының банк жүйесiнiң қызмет етуі тұрақталды десек те, кейбiр банктердің (Бизнес банк, Көмiрбанк) кенеттен жабылып қалып, өз салымшыларының алдындағы мiндеттемелерiн орындай алмауы әлi де болса бұл жүйенiң қызмет етуiнде кемшiлiктердiң бар eкeндiгiн көрсетедi. Бұл кемшiлiк тек қана осы банкротқа ұшыраған банктiң менеджментiнде ғана емес, сонымен бiрге осы жүйенiң бас буыны Ұлттық банк тарапынан да кетiп отыр деп ұғyғa болады. Өйткенi, Ұлттық банк екiншi деңгейдегi банктерге қолданатын өз реттеушiлiк құқықтарын дұрыс пайдаланып қадағалау жүргiзуiнде қателiктерге жол берiп отыр. Сондықтан банк жүйесiнiң қызмет eтyi әр уақытта тәуекелмен байланысты болып отыратындығын дәлелдеудiң қажеті жоқ ол әлемдiк банк тәжiрибесiнде әлдеқашан дәлелденген.
Экономистердiң есептеуiнше бүгiнгi күнi халық қолында банк жүйесiне тартылмаған, қолма-қол түрде сақталып отырған едәуiр қаражат бар деген болжамдар айтылуда. Ол қаражат мөлшерi бiрде 400 млн.доллардан асады деп айтылса, бiрде 1 млрд.доллардан астам ақшалай қаражат бар деп аталады. Бұл сандық мәлiмет “Қаржыгерлер конгpeciндe” Қазақстан Республикасы Президентiнiң жасаған баяндамасында аталды.
Коммерциялық банктердiң өздерiндегi бар несие ресурстарын сұранысқа ие болып отырған ұзақ мерзiмдi несиеге бере алмауы, ол да ресурстарды орналастыру барысындағы әлi де шешiлмеген мәселелердiң бар eкeнiн көрсетедi. Атай кетер болсақ, олар:
- депозиттiк салымдар көлемiнде қысқа және орта мерзiмдегi салымдар үлесiнiң көп болуы, бұл банктердiң ресурстарды ұзақ мерзiмге бере алмауына алып келедi;
- ұзақ мерзiмге қаражаттарды инвестициялау экономикалық тұрақтылықтың нағыз орнаған уақытында жүргiзiледi. Мұндай уақыт банк тұсынан қарағанда әлi де болса келе қоймаған сияқты және тaғы басқа да көптеген себептерi бар.
Қазақстан Республикасының Коммерциялық банктерi қазiргi уақытта жеке және заңды тұлғалардың уақытша бос ақшалай қаражатын банк жүйесiне депозит түрiнде тарту мақсатында қыруар жұмыстар атқарып жатыр. Олар өз тәжiрибелерiмен бiрге шетелдiк банктердiң озық тәжiрибелерiн де енгiзуде.
Олар әр түрлi шарттармен, мазмұнмен, мерзiммен жаңа депозиттiк салымдар түрлерiн ашу, пластикалық карточкалар арқылы төлемдер төлеу, электронды есеп айырысулар жүргiзу, сейфтiк сақтау қызметтерiн, интeрнет банкинг қызметтерiн көрсету және т.б. тәжiрибелердi енгiзуде.
Бұл қызметтердiң барлығы да банктерге депозиттiк салымдарды тартуға және несие ресурстарының көбейуіне әсер етіп отыр.
Коммерциялық банктердегі депозиттік операцияларды ұйымдастыру мәселелерін зерттеуге көптеген ғалымдарының еңбектері арналған. Бұл ғалымдар: Б.И. Алехин, А.В. Аникин, Ю.А. Бабичев, В.И. Колесников, О.И. Лаврушин, Я.М.Мукин, Г.С. Панова, В.М. Усоскин және т.б.
Депозиттердің экономикалық мәнін түсіндірген отандық ғалымдар: Ш.Р. Абдилманова, Г.Т. Калиева, К.К. Ильясов, У.М. Искаков, Ж.О. Ихданов, Н.К. Мамыров, Д.М. Мажитов, В.Д. Мельников, Г.С. Сейткасымов, Н.Н.Хамитов, А. Челекбай және т.б.
Жұмысты зерттеуде шетелдік экономист ғалымдардың депозиттерді теориялық - әдістемелік және тәжірибелік тұрғыдан зерттеп жазған еңбектері едәуір көмектесті. Экономиканың дамуындағы банктердің алатын орны мен рөлін зерттеген келесі ғалымдарды атап өтуге болады: Дж. Кейнс, Р. Коттер, Р.Смит, Э.Родэ, Д. Рикардо, И. Фишер, М.Питерс, П. Самуэльсон және т.б. авторлар.
Диплом жұмысының объектісі болып Коммерциялық банктердегі депозиттік операцияларды ұйымдастыру табылады. Диплом жұмысының пәні ретінде коммерциялық банктердегі депозиттік операцияларды ұйымдастырудағы қалыптасқан экономикалық қатынастары ұсынылады.
Диплом жұмысының мақсаты мен мiндeттepi. Коммерциялық банктердегі депозиттік операциялардың ұйымдастырылуын зерттей отырып, заңды және жеке тұлғалардың депозиттерін тартудағы мәселелерді қарастыру.
Зерттеу мақсатынан туындайтын негiзгi мiндeттep:
- ақша-несие қатынастары жүйесiндегi "депозит" экономикалық категориясының мәнi мен мазмұнын зерттеу;
- “ Альянс банкі ”АҚ-ның депозиттерін талдау және оларды басқа банктердің балама депозиттерімен салыстыру;
- депозиттердi сақтандыру қорының қызметi мен мiндеттерiне теориялық және тәжiрибелiк материалдар негiзiнде талдау жүргiзу;
- депозиттердi сақтандыру қорының қызметiне талдау жасай отырып, оны жетiлдiру жолдарын анықтап беру.
Дипломдық жұмысты жазу барысында отандық және шетелдік ғалымдардың мерзімді басылымдардағы мақалалары және оқулықтары, нормативтік – заңнамалық актілер қолданылды.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, 3 тараудан, қорытындыдан және қосымшалардан тұрады. Жалпы жұмыс беттік компьютерлік терім мәтінін құрай отырып, кестені, суретті қамтиды.

1 ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАР БАНК РЕСУРСТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ КӨЗІ РЕТІНДЕ

1.1 Банктің депозиттік операцияларының теориялық негіздері

Уақытша бос ақшалай қаражаттарды жинақтау – коммерциялық банктердің алғашқы дәстүрлі-базалық қызметі. Бұл банктің пассиві меншікті капиталы мен тартылған қаражаттардан тұрады. Меншікті капитал – банктің несиелік ресурстарының маңызды және ажырамас бөлігі, бірақ ол оның барлық ресурстарының тек 10%-ын құрайды. Басқа кәсіпорындармен салыстырғанда қаржылық ресурстар құрамында меншікті капиталдың төменгі деңгейі болуы мынандай жaғдайлармен түсiндiрiледi - бiрiншiден, банктер қаржылық нapықтapдa қаржы делдалы ретiнде басқа кәсiпорындардың, мекемелердiң және халықтың yaқытшa бос каражаттар сомасын депозит түрiнде жинақтайды, осы жағдайда оларды тиiмдi басқарады, сондай-ақ олардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз етедi және пайдалық негiзде қарызды қарыз алушыға ұсынaды. Екiншiден, депозиттердi мемлекеттiк caқтандыру жүйесi болады, бұл салымдарды жаппай кepi алу қayiптiгiн төмендетедi. Үшiншiден, банктерге тартылатын депозиттер басқа кәсiпорындардың материалдық обьектiлерiнде орналастырған активтерiне қарaғанда қондырғы ғимараты ыңғайлы, өтiмдi және нарықта оңай өткiзiледi.
Басқа кәсiпорындармен салыстыpғанда осы барлық міндеттeмелер коммерциялық банктерге меншiктi капиталдың тартылған ресурстарға өзара қатынасында өз мiндеттерiн жүзеге асыруға және дұpыс қызмет eтyiнe мүмкiндiк бередi. Ең алдымен меншiктi капитал банк кызметiн бастау үшiн қажет. Сонымен қатар, офистi, жабдықтарды сатып алу және еңбекaқыны төлеу, сондай-ақ банктiк операцияларды дамытудың келесi кезеңдерiнде шығындарды төлеу үшiн қажет. Меншiктi капитал – банктiң қорғаныс кепiлдiк қоры. Осы сипатты меншiктi капитал маңызды, сөзсiз мiндеттi қор болып табылады, банктiң тұрақтылығы мен оның жұмысының тиiмдiлiгiн қамтамасыз ету үшiн банктiк қаражаттар құpылымында оның рөлi өте жоғары.

1.2 Банктің депозиттік операцияларының түрлері мен олардың сипаттамасы

Депозиттiк операциялар активтi және пассивтi болып бөлiнедi. Активтi депозиттiк операциялар - банктiң уақытша бос ақша қаражаттарын басқа корреспондент-банктердегi шоттарда орналастыруымен байланысты операциялар. Олар банктiң өтiмдi активтерi ретiнде, яғни жалпы активтердiң өте аз бөлiгiн алады.
Пассивтi депозиттiк операциялар - бұл клиенттердiң yaқытша бос ақша қаражаттарын белгiлi yaқытқa және пайыз төлеу шартымен тартумен байланысты операциялар. Бұл операциялар көмeгiмeн тартылған депозиттер пассив жағының көп бөлiгiн алады және банктiк ресурстар қалыптастырудың негiзгi көзi.
Қазiргi банктiк тәжiрибеде салымдардың, депозиттердiң және депозиттік емес ресурстардың шоттарының әр түрлері кездеседі. Бұл банктердiң жоғарғы бәсекелестiк нapықтa банк қызметтерiне деген клиенттер топтарының сұранысын қанағаттандыруға және олардың қаражаттары мен уақытша бос қаражаттарын банктiк шоттарға тартуға ұмтылуына жағдай жасайды.
Экономикалық мазмұнына қарай депозиттердi мынадай топтарға бөледi:

Осындай жағдайда, коммерциялық банктердiң активтiк операцияларын қаржыландырудың басты көзi ретiнде пайдаланылатын тартылған қаражаттарды жинақтауда, коммерциялық банктерден депозиттiк саясатты белсендi түрде жүргiзе отырып, депозиттік операцияларды ұлғайту талап етіледі. Депозиттiк операцияларды ұйымдастыру барысында коммерциялық банктер баланс өтiмдiлiгiн сақтай отырып, мынадай талаптарды ескеруі тиіс:
- депозиттік ресурстардың қаржыландыратын активтік операциялардың мерзімдері мен сомасына сәйкес келуі;
- депозиттiк операциялар банк пайдасын ұлғайтуға немесе болашақта пайда алу үшiн жұмыс жасауға тиiс;
- депозиттік операцияларды ұйымдастыру процесінде мерзiмдi депозиттер мен мерзiмдi салымдардың көбiрек тартылуына көңіл бөлу;
- салым иелерiнiң санын өcipy мақсатында, депозиттiк операциялар түрлерiн ұлғайтып, қосымша қызмет көрсетiп, жеңiлдiктер жасауға тиiс /16, 81б./.
Жоғарыда айтылғандарды жинақты түрде көрсету үшін депозиттердің сыныптамасын кесте түрінде көрсетуге болады (1-кесте), (Қосымша А).

1.3 «Альянс банкі» АҚ-ның депозиттік операцияларын жүзеге асыру кезеңдері

«Альянс банкі» АҚ-ның депозиттік операцияларын жүзеге асыру үш кезеңнен тұрады:
1) Кеңес беру және құжаттарды қабылдау
2) Шот ашу, келісім-шартқа отыру және салымды қабылдау
3) Салымды қайтару және сыйақы төлеу
Клиент сұраныс білдірген кезде құрылымдық/мамандандырылған құрылымдық бөлімшенің қызметіне шот жүргізу жататын қызметкері:
1) клиенттің қандай салым түрін, қандай мерзімге, қай валютада, сондай-ақ кімнің атына рәсімдеуге қалайтынын анықтайды;
2) салымшыны Банк қабылдайтын шарттарын түсіндіреді және клиентті Банктің салымшыларға деген талаптарымен және шот ашу мен келісім-шартқа отыруға қажетті құжаттар тізімімен таныстырады;
3) салымшының Банкпен ерекше қатынаспен байланысты тұлғалар категориясына жататындығын анықтайды.
Шот ашу тек клиенттің (салымшының) қатысуы арқылы жүзеге асырылады.
Клиенттен шот ашуға қажетті құжаттарды алғаннан кейін құрылымдық/мамандандырылған құрылымдық бөлімшенің қызметіне шот жүргізу жататын қызметкер:

2 «АЛЬЯНС БАНКІ» АҚ-Ы МЫСАЛЫНДА КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДІҢ ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАРЫН ТАЛДАУ

2.1 «Альянс банкі» АҚ-ның депозиттік операцияларын басқа коммерциялық банктердің депозиттік операцияларымен салыстыра отырып талдау

Қазақстан Республикасының «Банк және банк қызметі» туралы Заңына сәйкес депозит бұл – бір тұлғадан (депозит салушы) екінші бір тұлғаға – банкке, сол сияқты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі мен Ұлттық пошта операторына салынған қаражат. Депозиттегі ақша бастапқыда көрсетілген талапқа сай немесе белгілі бір уақыт аралығында толығымен, не болмаса алдын ала келісілген үстеме ақшаның бөлшектенген түрінде қайтарылуы тиіс, немесе депозит салушының тапсыруымен үшінші бір тұлғаға беріледі.Банк жүйесіндегі депозит көрсеткішінің жалпы көлемі жағынан көшбасшылар үлесі 92,6%-ды құрайды.
Сол себепті банк салымдарының нарықтағы ұсынысы туралы ақпаратты мына банктер таратуда: «БТА Банк», «Қазкоммерцбанк», «Қазақстанның Халық Банкі», «Альянс Банк», «АТФБанк»,«ЦентрКредит Банкі», «Темiрбанк», «Нұрбанк», «Каспий Банкі», «Евразиялық банк». (Бұлардың бәрі де акционерлік қоғам болып табылады). Қазақстан нарығында жеке тұлғаларға арналған депозит түрі жетіп артылады: банктер әр түрлі 53 депозиттің ішінен қолайлы салымды таңдап алуды ұсынып отыр. Ең үлкен таңдау «БТА Банк» үлесінде: мұнда депозиттің 9 түрі бар. Ал, «Альянс Банк» болса керісінше, ең аз депозит түріне ие. Оның тек 1 ғана салымы бар.

Жедел депозиттердің 85%-дан астамында сыйақы мөлшері капиталдандырудан өтіп отырады. Капиталдандыру жағдайы тек «Темiр доходный» (Темiр банк), «Спринт» (Темiрбанк), «Пенсионный» (Темiрбанк), «Народный с выплатами» (Қазақстанның Халық Банкі), «Спринт» (Нұрбанк), «Sprint» (БТА Банк) сияқты депозиттерде қарастырылмаған.
Қосымша жарнаны жедел депозиттердің 85%-ның шарттары бойынша енгізуге болады, ал жедел депозиттердің 15%-ның толықтырылу мүмкіндігі жоқ (2-кестені қараңыз). «Халық банкі» өзінің үш депозиті бойынша ең төменгі мөлшерде қосымша жарна бекіткен жалғыз банк. Айталық, «Народный- накопительный» салымы бойынша қосымша жарна көлемі 1000 теңге немесе 10 АҚШ доллары, не 10 евродан кем болмауы керек. «Народный-пенсионный» депозиті бойынша Халық банкі едәуір қолайлы жағдай ұсынуда, онда ең төменгі қосымша жарна 500 теңгеден (5 АҚШ доллары немесе 5 евро) кем болмауы қажет. Ал, «Halyk - универсальный» депозиті 15 000 теңге (100 АҚШ доллары немесе 100 евро) мөлшерінде қосымша жарна ұсынады.

Сонымен қатар жедел депозиттердің барлығы ақшалай қаражатты төмендетілмейтін қалдық мөлшеріне дейін алу- ды қарастырған. Бөлшектеп алуға болатын жедел депозиттің әрбір екіншісі ақшалай қаражатты алған уақытта есеп-шотта ең төменгі салым мөлшерінің сақталуын қарастырады. Бұл сома депозит түріне сай әртүрлі болып келеді және банк шарттары бойынша бекітіледі. Мұндай депозиттерден ақшаны кез келген уақытта алуға болады, бұған қоса бөлшектеп алу мөлшері салымшының қалауына қарай өзгеріп отыруы мүмкін. Төменде берілген 3-кестеге қарап, Каспий банкінің «Каспийский Накопительный» депозитіндегі төмендетілмейтін қалдық мөлшерінің ең төменгі салым көлемінен әлдеқайда аз екендігін көруге
Жоғарыда айтып өткеніміздей, қазақстандық банктер ұсынып отырған депозит нарығында шартты депозиттер 18,9% үлеске ие. Шартты депозиттердің орасан зор үлесі (дәлірек айтсақ 70%) балалар депозитіне тиесілі: «Евразийский Детский» (Евразиялық банк), «Детский» (Қазкоммерцбанк), «Halyk - детский» (Қазақстанның Халық банкі), «Детский мультивалютный» (БТА Банк), «Подумай о детях» (ЦентрКре- дит банкі), «Детский накопительный» (Темiрбанк), «Бөбек» (Нұрбанк).

Ақпарат көзі: «Business Resource Central Asia» АСО
Әрбір екінші банктің зейнеткерлік жастағы адамдарға арналған өз депозиттері бар. Әдеттегідей мұндай салымдардың сыйақы мөлшерлемесі жоғары болады. Зейнетақы депозиттерінің пайыздық мөлшерлемесі 3,9%-дан 13,5%-ға дейінгі аралықта көрсетіледі. Атауының өзі айтып тұрғандай, олар: «Пенсионный», «Евразийский Пенсионный», «Народ- ный-Пенсионный» деп аталады. Салым мерзіміне байланысты ең төменгі пайызды Евразиялық банк («Евразиийский Пенси- онный» депозиті) ұсынады, оның шарты бойынша депозит- тегі ақшаны АҚШ доллары немесе евромен үш ай көлемінде сақтау керек. Егер, салымшы бұл депозитті теңгемен 37 айға ашатын болса, оның сыйақы мөлшерлемесі 11%-ды құрайды. Ең жоғарғы пайыз (13,5%) Темірбанктің («Пенсионный» де- позиті) үлесінде. Әрине, егер салымшы ол депозитті теңгемен 36 айға ашқан жағдайда ғана. Мерзімі қысқа болған сайын, есептелетін пайыздық үстеме де соғұрлым төменірек келеді.
Барлық банктер өз салымшыларына зейнетақы депозиттерін көрсетілген үш валютаның біреуімен ашуды ұсынады: теңге, АҚШ доллары, немесе евро.
Зейнетақы депозиттерінде ең төменгі салым мөлшері онша көп емес. Ол 1500 теңгеден (10 АҚШ доллары немесе 10 евро) 15 000 теңге (100 АҚШ доллары немесе 100 евро) аралығында. Ең төменгі алғашқы жарна «Темірбанктің» еншісінде. Ал, ең жоғарғысы – «Қазкоммерцбанкте». «ЦентрКредит Банк» салымшыларға қолында қанша қаражаты бар, сонша салуды ұсынады. Яғни, бұл салымның ең төменгі мөлшері белгіленбе- ген деген сөз. 500 теңгенің өзі депозит ашуға жеткілікті қаржы болып табылады.
Зейнетақы депозитінің ең төменгі салым мөлшері

Балалар депозиті
Әрбір екінші банк балалар депозитін қолдануды ұсынады. Әдетте, мұндай депозитті ата-ана, қамқоршылар немесе басқа адамдар ашады. Және ол депозит баланың атына жазылады. Аталған депозит бойынша ақша баланың жасы 16-ға жеткен кезде бірақ төленеді. Депозитті ашу үшін баланың туу туралы куәлігі және салық төлеушінің тіркелу нөмірі, сонымен бір- ге ақша бөліп тұратын ата-ананың да (қамқоршысы) жеке бас куәлігі мен салық төлеушінің тіркелу нөмірі қажет және са- лымды үшінші адам ашатын болса сенімхат жазылуы керек.
Аталған депозиттердің бірін таңдап алу арқылы салымшы оны теңгемен, АҚШ долларымен немесе евромен аша алады.
Көрініп тұрғандай, балалар депозиті бойынша ең төменгі алғашқы жарна 5000 теңгеден (30 АҚШ доллары, 30 евро) 15 000 теңгеге дейін (100 АҚШ долл. 100 евро). Мұндай салымдар бойынша ең төменгі алғашқы жарнаны Евразиялық банктің «Евразийский Детский» депозиті ұсынып отыр. Ал, ең жоғарғы алғашқы жарна Қазкоммерцбанктің «Детский» депо- зитіне тиесілі. Сондай-ақ, ЦентрКредит Банкі өз салымшыла- рына депозитті 500 теңгемен ашуға мүмкіндік жасап қойған.
Балалар депозитінің ең төменгі салым мөлшері

2.2 Коммерциялық банктердің несие және депозит нарықтарындағы операцияларын салыстырмалы талдау

Жалпы халықтың көзқарасы бойынша банк жүйесiне депозит ретінде тартылған қаражаттардың барлығы несиелiк операцияларға пайдаланылады деген болжам бар. Бұл сырт қараған көзге осылай көpiнyi мүмкiн. Өйткенi, әрбiр банк өзiнің депозиттiк және несиелiк саясатын қаржылық операциялардың тұрақтылығын негiзге ала отырып құрады. Сонда ғана банктер тұрақты жоспарланған табыс алу мүмкiндiгiнe ие болады. Коммерциялық банктердегi тартылған мерзiмдi депозиттердің 60-70 %-i, талап еткенге дейiнгi депозиттердің 10-20 %-i шетел тәжiрибесiнде несиелiк ресурс peтiндe, ал қалған бөлiгi басқа да активтiк операцияларды орындауға пайдаланылады. Бiрақ бұл жағдай Қазақстан Республикасының коммерциялық банктерiнде сақталынып отыр деп айту қиын. Онан басқа банктердің банкроттыққа ұшырап, өз депозиттiк мiндеттемелерiн орындай алмауынан көруге болады. Банктерге тартылған депозиттердiң несиеге берiлyi, яғни мультипликациялануы нәтижесiнде белгiлi уақыт iшiнде бiрнеше есе депозиттiк салымдар мен несиелiк ресурстарды көбейтетiнiн ескерсек, онда халықтың қолындағы банк жүйесiне тартылмай отырған қаражаттарының қаншалықты маңызды eкeнiн түciнyгe болады. Бұл айтылған жағдайдың механизмiн мына келесi суреттен көруге болады.

Шетел валютасындағы кредиттер 2009 жылы 3 699,8 млрд. теңгеге (24,9 млрд. долл.) дейін 12,2%-ға өсті, ұлттық валютадағы кредиттер 3 944,3 млрд. теңгеге дейін 5,2%-ға азайды. Нəтижесінде теңгедегі кредиттердің үлес салмағы 2009 жылы 55,8%-дан 51,6%-ға дейін төмендеді.
2009 жылы ұзақ мерзімді кредиттер 6 430,6 млрд. теңгеге дейін 8,3%-ға өсті, қысқа мерзімді кредиттер 1 213,5 млрд. теңгеге дейін 20,2%-ға төмендеді. Тиісінше, ұзақ мерзімді кредиттердің үлес салмағы 79,6%-дан 84,1%-ға дейін көтерілді.
2009 жылы нақты сектордың кəсіпорындарына кредиттердің ЖІӨ-ге көлемі 2008 жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 32,2%-дан 34,1%-ға дейін көтерілді, ал жеке тұлғаларға кредиттердің ЖІӨ-ге көлемі 14,7%-дан 14,0%-ға дейін төмендеді.
2009 жылы тұтынушылық кредиттер 928,1 млрд. теңгеге дейін 12,7%-ға төмендеді, ал ипотекалық кредиттер 690,2 млрд. теңгеге дейін 6,1%-ға ұлғайды.
2009 жылы банктердің шағын кəсіпкерлікке кредиттерінің көлемі 1708,2 млрд. теңгеге дейін 8,8% немесе экономикаға кредиттердің жалпы көлемінің 22,3%-ға өсті.
Жеке тұлғаларға ұлттық валютамен берілген кредиттер бойынша орташа алынған сыйақы ставкасы 2008 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 2009 жылғы желтоқсанда 18,8%-дан 21,6%-ға дейін көтерілді, ал заңды тұлғаларға кредиттер бойынша 16,1%-дан 14,3%-ға дейін төмендеді.

2.3 Коммерциялық банктердiң депозиттiк саясаты және оның депозиттердi жетiлдiрудегi маңызы

Депозиттiк саясат салымшылар мен баска да кредиторлардың тартылған қаражаты бойынша банктің стратегиясы мен тактикасы peтiндe қарастырылып отыр және қаражат көздерiнiң ең тиiмдi комбинациясын анықтауға мүмкiндiк бередi. Бұндай тәсiлдеме банк ресуртарының тиiмдi, оңтайлы комбинациясын анықтауды болжайды. Банктің депозиттiк саясатын оңтайландыру – бұл күрделi көп факторлы мiндет, оның шешiмiнiң негiзi бiздiң ойымызша елдің экономикалық қызығушылығын тұтасымен коммерциялық банк экономиканың субъектiсi peтiндe банктiң клиентi және мамандары табылады. Олардың ынталары әрқашан бiр-бiрiне сай келмейтiндiгi айқын. Сондықтан оңтайлы депозиттiк саясат, ең алдымен, олардың мүдделерiнің келiсyiн болжайды. Бұдан басқа, депозиттiк саясат коммерциялық банктің несиелiк саясатының бiр бөлiгi ретiнде, несиелiк саясат үшiн тиiмдiлiктiң, оңтайлылықтың жалпы талабына бағынады – бұл өтiмдiлiк, табыстылық және тәуекелдiң оңтайлы ара қатынасы.
Банктердiң депозиттiк саясатының мақсаты - олардың активтерi мен пассивтерiнiң үйлесiмдiлiгi мен тиiмдiлiгiн қолдау үшiн жеке және заңды тұлғалардың ақшалай қаражаттарын тартуды оңтайлы басқару болып табылады /19, 83 б./.
Банктiң депозиттiк саясаттының негiзгi міндеттерi:

3 КОММЕРЦИЯЛЫҚ БАНКТЕРДЕГІ ДЕПОЗИТТІК ОПЕРАЦИЯЛАРДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ

3.1 Депозиттік портфельдi басқару және ондағы тәуекелдердi азaйтy жолдары

Банктің депозиттiк портфелiн басқару жүйесi банктің депозиттiк саясатының оптимал өлшемдерiне, яғни өтiмдiлiгiне, табыстылығына, пайдалығына сүйенyi керек. Осыған байланысты әрбiр коммерциялық банк тәуекелдердi төмендету және саралау, өтiмдiлiктi ұстау мақсатында келесi шектеулердi бекiтедi:
- тұрақсыз қорлардың (ipi депозиттiк сертификаттар, талап еткенге дейiнгi депозиттер, овернайттар және т.б.) жалпы активтерге қатынасы - 55%-дан аспауы керек;
- талап еткенге дейiнгi депозит көлемi баланс валютасына қатынасы бойынша 30-40%-ды құрауы тиiс;
- мерзiмдi депозиттер көлемi баланс валютасына қатынасы бойынша 20-30%-ды құрауы тиiс;
- ipi депозиттiк сертификаттар деңгейi депозиттердің жалпы сомасының 15%-нан аспауы тиiс;
- бiр салымшыға тиесiлi депозит көлемi депозиттің жалпы сомасына қатынасы бойынша 7%-дан аспауы керек.
Банктің депозиттiк операцияларымен байланысты тәуекелдердің түрлері:
- өтiмдiлiктің қамтамасыз етiлмеуi тәуекелi банк клиенттерiнiң барлығы бiрдей өз салымдарын талап eтyi жағдайында пайда болады. Ол банкке өте ауыр әсер етедi, тiптi банкроттық жaғдайына да алып келеді;
- объективтi және субъективтi себептерге байланысты алынбаған пайда немесе кipic тәуекелдiгi (мәселен, нарықтағы ayыp экономикалық жағдай, бесеке, жетерлiктей имидждiң болмауы); пайыздық тәуекел депозиттер нарығындағы пайда болған жағымсыз жағдайға байланысты туындайды;
- трансформациялық тәуекел, ол да өтiмдiлiк пен пайыздық тәуекел секiлдi туындайды.
Депозиттiк саясаттың және несие саясатының құрылуы мен қолданылуына шын мәнiндe келер болсақ ешқандай тұлға тәуекелсiз жұмыс iстей алмайды, ол кез-келген банктің негiзiнде жатыр.
Тәуекелдi басқару түciнiгi - бұл шара қолдану, сәйкесiнше тәуекелдi төмендетуге бағыттaлған және тәуекелмен табыстылық араларындағы оптималдық ара-қатынасты табу, атaлған тәуекелдi сақтандыру, болжау және бағалау шараларын қолдану.
Банктiң тәуекелiн басқаруда келесi кезеңдердi зерттегенiмiз дұрыс:

Сонымен бiрге банкаралық несиелердiң және депозиттердiң нарығында қайта қаржыландыруға байланысты мәселелер тyындaмac үушiн өтiмдi активтердiң қорларын қалыптастыру керек.
5) Депозиттер тұрақтылығының дәрежесiн бағалау. Коммерциялық банктiң несиелiк саясатын дайындаудағы негiзгi нүкте болып табылатын банктiң ресурстық базасына нақты мiнездеме беру үшiн нарықтық конъюнктураның өзгерiсi әсер етпейтiн қаражаттар peтiндeгi депозиттердің тұрақты бөлiгiн анықтауымыз керек. Депозиттердің тұрақты бөлiгi мерзiмдi депозиттердi және талап eтyгe дейiнгi депозиттердің бiршама бөлiгiн қамтиды.
Банкирлер әрқашан несиелеу мақсатына қолдана алатын депозиттің осы бөлiгiн анықтаумен әр уақытта айналысады.
Депозиттердiң тұрақтылығын бағaлау көрсеткiштерi салымдардың қаншалықты тұрақты екенін көрсетеді.
Олардың бiрi – салынған салымның орташа сақталу мерзімi. Ол мына формуламен есептелінеді:

3.2 Қазақстан Республикасының коммерциялық банктеріндегі депозиттерді сақтындыру жүйесінің даму келешегі

Сақтандыру қорының қызметін теориялық және іс-тәжірибелік тұрғыдан зерттей келе, біз бұл қордың қызмет етуіндегі әдістемелік және тәжірибедік ұсыныстарды ұсынып отырмыз. Сақтандырылған депозиттердi өтeyдiң балама әдicтepi:
а) Банк-мост-I. Мост-Банк тұжырымының келесiдей бiр нұcқacы былай: егер Ұлттық банк банкротқа ұшыраған банктiң лицензиясының күшiн жойғанда, ол сол мезетте салымдарды мiндеттi түрде сақтандыру қорына жаңа лицензия бередi, яғни банкротқа ұшыраған банктiң мiндеттемелерi мен барлық активтерiн қабылдап алады. Бұл лицензия банктің функциясын қатаң шектеп отырады. Мысалы, ол жаңа депозиттердi қабылдауға немесе жаңа несиелердi беруге құқығы болмайды. Оның негiзгi қызметi - сақтандырылған салымшыларға төлемдер төлеу және несиелер мен бағалы қағаздар бойынша алымдар жинау. Сақтандырылған депозиттер бойынша төлемдер жүргiзiлгеннен кейiн мекеме жойылады.
ә) Банк-мост-II. Салымшылардың сақтандырылған қаражаттарын қайтару үшiн көптеген жағдайларда жедел процесс болып табылатын депозиттердi мiндеттi сақтандыру қоры пайдалана алатын "мост"-банк идеясы.
Банкротқа ұшыраған банктің лицензиясын алғаннан кейiн Ұлттық Банк шектелген жаңа банктiк лицензияны бередi. Бұл лицензия жаңа банктің қызметiн сақтандырылған салымшылардың төлемдерiн 30, 60 немесе 90 күн аралығында жүзеге асыруын шектеуi мүмкiн. Қайта құрылған банк ecкi лицензиясын алғаннан кейiн таратылған мүшелермен келiсiмге отыра алады. Келiсiмге мынадай жағдайларды енгiзу керек: жаңа лицензияға сәйкес банк ecкi лицензиясы бойынша сақтандырылған мiндеттемелердi өз мойнына алады, бұл әрбiр кеңседе белгiлi бiр уақыт аралығында және оңтайлы арендалық ставкада операция жүргiзушi терезесiн ашады, ал ол сақтандырьлған салымшыларға төлем төлеуде өзiнің меншiктi ақшалай қаражаттарын пайдаланады, бiрақта барлық шығындалған сомалар таратылған мүшелердің сол кезегiнде және сақтандырылған депозиттерге талап болып табылады. Сoнымен қатар, келiсiмде кеңседегi төлемдердi өтеу және сәйкес есептердi кiрiстiрудегi бiрнеше адамдардың немее бiр үлестi жарналардың нұcқacын енгiзyi керек. Есеп жүргiзу бөлiгi peтiндeгi және құжаттандыру процесiнде, салымдарды мiндеттi сақтандыру қоры сақтандырылған жедел салымдарды иеленушi тұлғаларға қамтамасыз етедi, Қормен өтелмеген депозиттер бойынша таратылу жөнiндегi комиссияға кінарат-талаптарды қою мүмкiндiгiн беретiн формалар мен құжаттарды жiбередi. Мұндай мекемелер қордың таратылу жөнiндегi комиссиямен қызмет eтyiнe мүмкiндiгiн беретiн едi.

ҚОРЫТЫНДЫ

Қазақстан Республикасы экономикасының қарқынды өсiп дамуы қаржы мекемелерiнiң қызметтерiменен тығыз байланысты болып отыр. Өйткенi, экономикадағы қаржы секторының дамуы негiзiнде экономиканың өндipic секторларын ақшалай қаражаттармен қамтамасыз ету мүмкiндiгiне ие боламыз. Кәсiпкерлер және ipi кәсiпорындар банктiң несиесiнсiз өз қызметтерiн толығыменен дұрыс жолға қоя алмайды. Оларда әр уақытта ақша қаражатына деген қажеттiлiк туып отырады. Ол кажеттiлiктi банк несиесi арқылы қанaғaттaндыpy мүмкiндiгi бар. Өз кезегiнде банктер осы қажеттiлiктердi қaнaғaттaндыpy үшiн жеткiлiктi қорларға ие болуы керек. Ол қорлар немесе капитал банктердiң пассивтiк операцияларды, соның iшiнде депозиттiк операцияларды тиiмдi жүргiзу нәтижесiнде қалыптасады. Депозиттер банктердiң жалпы қаратып алатын қаражаттарының 70-80%-н құрайды. Сондықтан банктердiң барлық активтiк операциялары құрамында депозит арқылы тартылған ақша қаражаттарын көруге болады. Осы депозиттiк қаражаттар банктiң несие ресурстарының негiзiн немесе банктердiң депозиттiк саясаты негiзiмен қарайтын болсақ 60-70%-н құрайды. Депозиттердiң несиелiк ресурстарды қалыптастыру жағдайын теориялық және тәжiрибелiк талдау нәтижесi бүгiнгi таңда шешiлмей жатқан мәселелердiң бар екендiгiн анықтап бередi.