Төменгі курс студенттердің ағылшын тілінде хат жазу іскерліктерін қалыптастыру әдістемесі
Жоспар
Кіріспе 3
I Тарау. Студенттердің ағылшын тілінде жазу іскерлігін қалыптастырудың теориялық негізі 6
1.1 Жазудың лингвистикалық негізі 6
1.2 Жазудың психологиялық негізі 12
II Тарау. Мәдениетаралық қарым-қатынаста хат жазуға үйрету үрдісінің моделі 19
2.1 Хат түрлері – олардың теориялық сипаттамасы 19
2.2 Хат түрлері және оларды жазу үлгісі 21
2.3 Хат жазуға үйретуде қолданылатын жаттығулар жүйесі 25
Қолданылған әдебиеттер 35
Кіріспе
Зерттеудің өзектілігі
Әлемдік өркениетке қадам басқан тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық – саяси, экономикалық, мәдени дамуындағы жаңа бастамалар мен түбегейлі өзгерістер білім беру жүйесіне өз әсерін тигізіп, білім мазмұнын, оқыту әдістемесін жетілдіруде тың ізденістер жасауға мүмкіншілік туғызды.
Қазақстан Республикасы Жоғары білім беру мемлекеттік стандартының тұжырымдамасында көрсетілгендей: «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің стратегиялық мақсаты – мемлекеттің әлеуметтік және кәсіптік проблемаларын өз бетінше тұжырымдай отырып, іс жүзінде шеше алатын, жоғары білімді әрі бәсекеге түсуге қабілетті шығармашылық тұлғаны қалыптастыруға қолайлы жағдай жасау болып табылады».(1,5)
Сондай-ақ мемлекетімізде болып жатқан өзгерістер мен саяси – мәдени араласудың көбеюі, біріккен өнеркәсіптердің пайда болуы, экономикалық қайта құрулар ағылшын тілінің мәртебесін көтеріп, тіл үйренуге деген сұраныс тудырып отыр.
Демек, жоғары оқу орындарында оқитын студенттерге ағылшын тілін оқытудың сапасын арттыру – қазіргі өзекті мәселе.
Тіл үйренуші студенттердің ағылшын тілінде өз ойын түсінікті айтып жеткізумен бірге, сауатты дұрыс жаза білуге ерекше мән бере бастады. Мұның өзі сөз әрекетінің түрі жазуды игеруге қажет әдістемелік жүйені талап етіп отыр. Сондықтан тілдік жоғары оқу орындарында оқитын студенттерге ағылшын тілін оқытудың басты мәселесі - жазу іскерлігі арқылы сауаттылықты меңгерту және сол арқылы тілдік қарым-қатынасқа үйрету.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы: Төменгі курс студенттерінің ағылшын тілінде хат жазу іскерліктерін қалыптастырудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттеудің нәтижелері ағылшын тілін оқытудың әдістемесінің ғылыми-теориялық жағынан дамуына өз үлесін қоса алады. Зерттеу жұмысында ұсынылған жаттығулар жұмысының нәтижелері оқулықтар мен әдістемелік құралдарды ғылыми-теориялық жағынан дамыта отырып, студенттердің ағылшын тілінен білімін, сауаттылығын көтеруге мүмкіндік жасайды.
Зерттеудің практикалық құндылығы:
- ағылшын тілінде хат жазудың үлгісін ұсына отырып, хатты сауатты жазудың құралы жасалынды;
- болашақ мұғалімдерге, іс-тәжірибеден өтүші студенттерге хат жазуға үйретуге байланысты жаттығу жұмыстарын жүргізу әдістемесі берілді;
- зерттеу жұмысындағы нәтижелер ағылшын тілін оқытудың сапасын жақсартуға, дамытуға көмегін тигізеді;
- ғылыми зерттеу жұмысы кейінгі студенттерге дипломдық, курстық жұмыстарды жазуға көмегін тигізеді.
I Тарау. Студенттердің ағылшын тілінде жазу іскерлігін қалыптастырудың теориялық негізі
1.1 Жазудың лингвистикалық негізі
Адам баласы сөйлеу тіліне келгенде ешбір тіл ережесін оқымай-ақ сөздерді дұрыс байланыстырып жаңа сөздер, сөз тіркесін, сөйлемдерді құрастырады. Бірақ мұның барлығы да ауызша сөйлеу шеңберінде болатын іс-әрекет. Ал жазу әрекетінде ауызшаға қарағанда өзгешелік бар. Өйткені жазуда барлық қателер мен кемшіліктер көрініп тұрады. Жазу әрекетінде тілдің жүйесіне қатысты фонетика, грамматика, лексика, графика, орфография ережелерін міндетті түрде меңгеріп үйренуді қажет етеді. Жазу жұмыстарында фразаларды құрастыруда, сөз таңдауда т.б. формаларды пайдалануда ережелерді, заңдылықтарды білуге тура келеді.
Жазудың лингвистикалық ерекшелігі – ол әріптік таңбадан бастап алфавитке дейінгі тілдің дыбыстық жүйесін, олардың жазылу ережесін, жазбаша сөйлеу үлгілерін қамтиды.(2,9)
Лингвистика тілдің байлығын, мәнерлілігін танытып, тілдік бөлшектердің құрылысын, маңызын анықтайды. Ендеше, лингвистика жазу әрекетін меңгертуде ең қажетті дағдыларды қалыптастырып, жетілдіреді.
1.2 Жазудың психологиялық негізі
Өзге ұлт тілін үйреніп, оны саналы түрде меңгеру, кәсіби қарым-қатынас құралы ретінде пайдалана білу, дағдыға айналдыру – оқыту саласындағы аса күрделі мәселе. Тілді меңгеру үшін тіл үйренуші ойлау жүйесі арқылы тиісті тілдік тұлғаларды дұрыс қолдана отырып бір-бірімен қарым-қатынас жасайды. Осыған байланысты қарым-қатынас үрдісінде тілдік тұлғалар алдымен есту арқылы қабылданып саналы түрде ұғынылады. Ал оларды дұрыс түсініп қабылдау тіл үйренушілердің психологиялық ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Жалпы тілді, оның ішінде ағылшын тілін жазба тіл әрекеті арқылы оқытуда психология мен оның қағидаларының алатын орны ерекше. Өйткені жазбаша тілдік қатынас психологиялық тұрғыдан тіл, ойлау және жазбаша сөйлеу үрдістерін негізге алады. Тілді психологиялық жақтан меңгеру тіл арқылы ойды жеткізу, қабылдау, айту және жазу құбылыстарымен байланысты. Әдістеменің ғылыми пәні ретінде психологияға сүйенетінін айта келе, Б.В.Беляев: «Шет тілін оқыту әдістері мен тәсілдерінің мәселелері психологиялық заңдылықтар негізінде өз шешімін табады,» - деп есептейді.(16,143)
Бірінші тарауға қорытынды
Жазудың адамзат тарихындағы мәдениет атаулының қалыптасуында маңызы зор. Жазу - адам ақыл ойының асқан тапқырлығы. Жазу болмаса ғылым, техника, мәдениеттің дамуы, түптеп келгенде, әлеуметтің алға жылжуы болмас еді.
Жазу туралы түсініктің ең қарапайым түсінігі – адамдардың ара қашықтықтары ескерілмей-ақ өзара қарым-қатынас жасауын қамтамасыз ету. Жазу өзі қоғамдық қажеттіліктен туындағаны анық. Заман аясы кеңейе де, жетіле де, дами да келе, адамдар арасындағы күрделі қоғамдық құрылыстың солай дамып жетілуін жалғыз ауызша сөйлеу тілі қанағаттандыра алмады. Сондықтан жазудың шығуы ең алдымен қарым-қатынастың маңызды бір құралына деген қоғамдық мұқтаждыққа тікелей байланысты.
Жазу дегеніміз – тілдік тұлғалардың таңбалары арқылы тілдік материалдың мазмұны мен формасын саналы қабылдап есту, көру түйсігі арқылы материалды тілдік қарым-қатынаста пайдаланып, іске асыру процесі. Жазу жеке әрекет ретінде сөйлеуге қатысты дыбыстар мен сөздерді шартты түрде белгілейтін белгілі бір жүйесі бар таңбалардан тұрады.
II Тарау. Мәдениетаралық қарым-қатынаста хат жазуға үйрету үрдісінің моделі
2.1 Хат түрлері – олардың теориялық сипаттамасы
Орта мектептерге арналған шетел тілдерінің бағдарламасында қойылатын мақсат – оқушылар шетелдегі достарына хат жаза алатын болуы керек. Жазу шетел тілін оқытудың мақсаты емес, тек тіл материалын берік меңгеру, сондай-ақ оқу және ауызша сөз дағдыларын жетілдіру үшін қолданылатын оқытудың құралы ғана болып табылады. Мұнда бір ғана мақсат қойылады, ол тұрмыс тақырыбында досына хат жаза білу.(24,127)
Қазіргі әдіскерлер 90-жылдың ортасына дейін шет тілінің продуктивті жазба тілін оқу тапсырмаларын орындататын көмекші құрал немесе сөз әрекетінің басқа түрлерін меңгерту тәсілі ретінде ғана қарастырып келсе, бүгінгі таңда продуктивті жазба тіл іскерлігін меңгеру ең қажетті әрекеттің бірі болып саналады.
Сонымен, жазба тілге үйретуде ең маңызды міндет хат жазу болып табылады. Хат жазу барысында тіл үйренушілер ауызша меңгерген тілдік тұлғаларды қолдана алу керек.
2.2 Хат түрлері және оларды жазу үлгісі
Хат жазу – шығармашылық ізденістің бір түрі. И.Рысқұлованың айтуы бойынша, “хат жазу - өз бетінше дербес орындалатын және сапалы мәтін құра білуге, өз ойын дәл әрі логикалық байланыста бере білуге жаттығудың бірден-бір әр адамға қажетті мәні бар жазба жұмыстарының түрі”.(28,114)
Хат жазып үйренудегі негізгі мақсат – жазу әрекеті арқылы іске асатын арнаулы ақпаратты екінші адамға жеткізуде қатысымдық бағыттағы тілдің сөйлеу үлгілерін дұрыс қолдана білу болып табылады. Әр адамның өмір тіршілігіне байланысты жазылатындықтан ізденістің бұл түрі тіл үйренушіні өзіндік ойы мен пікірін, өзіндік топшылауларын жазуға үйретеді.
Хатты ресми және ресми емес түрде жазу адресатқа (хат алушыға) белгілі бір хабарды (ақпаратты) жеткізу мақсатында жүзеге асады. Хат жаза алу үшін төмендегідей қабілеттерді игеру қажет:
2.3 Хат жазуға үйретуде қолданылатын жаттығулар жүйесі
Студенттердің мәдениетаралық қарым-қатынаста ағылшын тілінде хат жазу іскерлігін қалыптастырудың практикалық маңыздылығын арттыру - өзекті мәселелердің бірі. Ағылшын тілінде хат жазуды студенттерге үйретудің сапасын арттыру әр түрлі жағдайларға байланысты. Ол – тіл үйренушілерге барлық грамматикалық ережелерді, тілдік тұлғалардың іс жүзінде, жазуда қолданылу жағдайын меңгерту, жаттығудан басталады.
Осыған байланысты ағылшын тілінде хат жазуды практикалық түрде меңгерту амалдары орындалатын жаттығулар мен тапсырмаларға байланысты жұмыс жүйесінің қатысымдылық бағыттылығына сүйенеді. Сол себепті тіл үйренушілерге берілетін жазбаша жаттығулар мен тапсырмалар тілдік қатынасты жүзеге асыру дағдыларын қалыптастырады. Жалпы жазба жұмыстарын орындауда тіл үйренушілерге қойылатын талаптарды төмендегідей іріктеуге болады:
Екінші тарауға қорытынды
Қазақстан Республикасындағы қоғамның, оның мүшелерінің тұрмыс деңгейі көтерілген сайын өмірдің әр саласындағы қатысым ретінде қолданылатын тілдің мәдениеті де жетіліп, қарым-қатынас жасаушының ойды айқын да жатық, мәнерлі де түсінікті жеткізіуді талап етеді.
Шығармашылық ізденістің бір түрі ретінде хат жазу – студенттердің айтар сөзін, ойын, тілегін басқа біреуге нақты, түсінікті етіп жеткізуге үйретеді, студенттердің сөйлеу дағдыларын қалыптастырады. Сондықтан студенттердің тілдік құралдарды хат жазу үрдісінде қолдана білудің ғылыми-әдістемелік жолдарын көрсетіп, жазу әрекетін, оның ішінде хат жазу іскерлігін дамыта оқыту өзекті мәселе болып табылады.
Қолданылған әдебиеттер
1. Қазақстан Республикасы Жоғары білім беру мемлекеттік стандартының тұжырымдамасы. Алматы, 1998. –96 б.
2. Оразбаева Ф.Ш. Тілдік қатынас: теориясы және әдістемесі. Алматы, 2000. – 208 б.
3. Рогова Г.В., Рабинович Ф.М., Сахарова Т.Е. Методика обучения иностранным языкам в средней школе. М.: Просвещение, 1991. – 287 с.
4. Грузинская И.А. Методика преподавания английского языка в средней школе. М., 1947. – 222 с.
5. Климентенко А.Д., Миролюбова А.А. Теоретические основы методика обучения иностранным языкам в средней школе. М., 1981. – 456 с.
6. Гез Н.И., Ляховицкий М.В., Миролюбова А.А. Методика обучения иностранным языкам в средней школе. М., 1982. – 373 с.
7. Аханов К. Тіл біліміне кіріспе. Алматы, 1965. – 599 б.
8. Бухбиндер В.А., Штраусс В. Основы методики преподавания иностранных языков, Киев: Вища школа, 1986. – 335 с.
9. Власенков А.И. Общие вопросы методики русского языка в средней школе. М., 1973. – 384 с.