Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі мен әдебиеті

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 76 стр.

Год: 2013

Предварительный просмотр

Абай мен Мағжан поэзиясындағы үндестік


МАЗМҰНЫ
Кіріспе 6
1 АБАЙ - СЫРШЫЛ СЕЗІМ АҚЫНЫ 11
1.1 Абайдың махаббат тақырыбындағы жырларының көркемдік ерекшеліктері 11
1.2 Абай поэзиясындағы әлеуметтік теңсіздік тақырыбы 21
2 МАҒЖАН - СИМВОЛИСТ 27
2.1 Романтизм және символизм 27
2.2 Мағжан өлеңдеріндегі символдық бейнелер 41
3 АЛЫП КҮН ЖӘНЕ ЖАРЫҚ АЙ 54
3.1 Абай мен Мағжан 54
3.2 Абай 66
Қорытынды 75
Пайдаланылған әдебиеттер 76

Кіріспе
Жанр (франц. denre, лат. denerіs — түр, тек) — өнердің барлық түрлерінде тарихи қалыптасқан іштей жіктелім жүйесі. Жанрлық жіктелім әрбір өнер түрінің ерекшелігіне байланысты өзіндік жанрлық жүйе құрайды. Мыс., музыкадағы «ән», «күй», «романс», «симфония», т.б. жанрлар бейнелеу өнеріне тән емес, бейнелеу өнерінде «натюрморт», «пейзаж», «портрет» сияқты жанрлар болса, әдебиетте «айтыс», «жыр», «әңгіме», «роман», «эпопея», т.б. жанрлар бар. Солай бола тұрғанмен барлық өнер түрі үшін ортақ жанрлық жіктелім үрдісі бар, сол үрдіс әр өнер түрінде өзінше көрініс табады. Бұл үрдіс, яғни жанрға анықтама беру заңдылығы көпқырлы және бір-бірімен тығыз байланысты болғандықтан, оған көзқарас та біртекті емес. Әдебиеттегі жанр — әлем әдебиетіндегі немесе нақтылы бір ұлттық әдебиеттегі белгілі бір дәуірде қалыптасқан, ортақ типологиялық, т.б. белгілері бар көркем шығармалар түрлерінің жүйесі.

1 АБАЙ – СЫРШЫЛ СЕЗІМ АҚЫНЫ
1.1 Абайдың махаббат тақырыбындағы жырларының көркемдік ерекшеліктері
Алып ақын Абай өзінің саналы ғұмырында махаббат тақырыбында кең жазып, айтып әндер шығарып кетті. Абайдай бұл тақырыпты кең көлемде, терең мағынада, шыншыл ғашық жүрегімен ашып берген қазақта мұндай ақын жоқ.Сөз басын мына өлеңмен бастасақ па деймін:
Махаббатсыз - дүние бос
Хайуанға оны қосыңдар.
Қызықтан өзге қалсаң бос,
Қатының, балаң, досың бар, -деп келеді. Махаббаты тек сүйген жарына ғана емес, өз перзентіне дос-жарандарына махаббатпен қарауға шақырады. Жүрегінде махаббат жоқтарға қайунға теңеп, махабатсыз бұл өмірдің мән-мағанасы жоқ екеніне көз жеткізіп тұр. Абай сұлу қыз, адал жар, жігіттің сұлтаны, ғашық болу, сүю, махаббат ләззаты, тауқыметі, әйел тейсіздігі, сағыныш пен күйініш осы өмірде кездесетін махаббаттың бар белгісін мен көрінісін жазып кеткен.

1.2 Абай поэзиясындағы әлеуметтік теңсіздік тақырыбы
«Бір сұлу қыз тұрыпты хан қолында» деген өлеңінде сұлу, жас қызға үйленбек шалдың «қалыңдығына» туғызған барлық жағдайы мен іс-әрекеттерін, оның өз басындағы қуаныштарын суреттей келіп, қыздың шалға барып тірлік еткеннен де, суға кетіп өлуін артық санағандығын тамаша түрде суреттеп береді:
Деген сөз: бұқа - буға, азбан - дуға,
Хан қарық боп түсіп жүр айқай-шуға.
Етімді шал сипаған құрт жесін деп,
Жартастан қыз құлапты терең суға...
Абайдың бұл айтқаны ол кездегі, я онан бұрынғы және соңғы кездегі өмір шындығы болатын. Ақын мұны көре де, сынай да білді. Әйел жөніндегі әлеуметтік теңсіздік Абайдың жанын ауыртқан мәселенің бірі болды. Абай бұдан өзінше қорытынды жасап, бұл мәселені айта қалғандай жоғары сатыға көтерді:

2 МАҒЖАН – СИМВОЛИСТ
2.1 Романтизм және символизм
Жаратылыс пен адам сұлулығының әсемділігінің, көркемділігінің сан қырлы сипатын танытуда өнердің барлық түрінің қызметі ерекше. Өнердің әр түрі адам-жаратылыс әлемін түсіндіруде сан түрлі мазмұн мен көркемдік әлемге бой ұрады. Көркемдіктің өзі өнерде тек әсемдік, сұлулық, жақсылық символы ғана емес, өмір, әлем, адам сырының теріскей жақтарын (өмірдің ауыр қасіретті шағын немесе адамның жауыздығын, зұлымдығын суреттеуде) танытуда адам санасы әлі толық бағдарлап танып үлгермеген сан қырлы мүмкіндіктерін ашып береді. Өнер - мәңгілік. Әр дәуірдің, әр заманның талантты өкілдері өнердің мәңгілігін, шексіздігін дәлелдеп кеткен. Сол өнердің бірі - поэзия. Поэзия әлемі - адам мен тіршілік сырын берудегі қызметінің шексіздігі соны жасаушы суреткер. Поэзияның көркемдік-эстетикалық сыры - сөз бояулары мен тілдік амал тәсілдері арқылы жүзеге асады. Жан дүниесінен, тебіренісінен ақыл-ойынан туған дүниелері ғасырларға өнер ретінде танылып болашақпен жалғасып жатады. Қай заманда, қай дәуірде де сол өнер халық қолына тигенде тот баспас асыл мұра екенін таныта алады.

2.2 Мағжан өлеңдеріндегі символдық бейнелер
М.Жұмабаев шығармашылығы арқылы қазақ бұрын-соңды болмаған әдеби-көркемдік биіктерге жетті. Кемеңгер Абай реалистік, романтикалық лириканың классикалық үлгілерін тудырса, Мағжанның романтикалық бейнелеу тәсілі қазақ өлеңінің көкжиегін кеңейте түсті. Романтикалық саяси-әлеуметтік, махаббат, табиғат, көңіл-күй лирикалары қазақ әдебиетінде Мағжан шеберлігі арқасында қазақ қоғамының күрделі дәуірінің көркем шежіресі, әрі адамның ішкі жан дүниесінің көркем айнасы болды. Ұлы ақын төл сөз өнерімізге орнықтырған осындай ірі жаңалықтарының бірі – символизммен байланысты. Символизмді, сондай-ақ романтизмді де зерттеп жүрген ғалымдардың айтуынша романтизм мен символизм бірқатар аспекті де бір-біріне өзара жақын келеді.

3 АЛЫП КҮН ЖӘНЕ ЖАРЫҚ АЙ
3.1 Абай мен Мағжан
Төменде тұрып, жоғары қарасаң, басың айналардай, ұлы Абай тым биік. Тереңіне бойласаң, тұңғиық. Жан-жағыңды барласаң — даладай шексіз кең.Жер жүзінде толғанып-тасқан, арнасынан асқан ақындар көп. Бірақ, өз халқын соншалықты сүйе тұра, сол халықтың мінін көзге шұқып көрсетіп, кемшіліктен арылудың жолын көрсеткендері бірен-саран.
«Ойға түстім, толғандым,
Өз мінімді қолға алдым.
Мінезіме көз салдым.
Тексеруге ойландым.
Өзіме өзім жақпадым,
Енді қайда сия алдым?»
деген Абай бойы бұлғаң, сөзі жылмаңдарға, аяқты алшаң басқандарға, білімсіз, арсыз, еріншектерге мүсіркей қараған болатын.

3.2 Абай
Өзге халықтардың ұлы классиктері сияқты, Абай да ең алдымен өз заманының жыршысы, оның шығармалары - өз заманындағы қазақ өмірінің шежіресі. Ал Абай заманы халқымыздың тарихындағы терең қайшылықтарға толы, тасқамаудай тығырыққа тірелген заман болғаны қазіргі жұртшылыққа кеңінен мәлім.

Қорытынды
Қорыта келгенде, Абай да Мағжан да өздерінің ұлы еңбектерінде өз кезіндегі әлеумет өміріндегі теңсіздікті, бай-феодалдардың еңбекші кедейлерді езіп, қанап отырғандығын, әлеумет өміріндегі алауыздық, кертартпалық, мәдениетсіздік, еңбек сүймейтін жалқаулықтарды көре білді. Қазақтың феодалдық өміріндегі әйелдердің теңсіздіктерін терең суреттеп, сүйіспеншілікті, бас бостандығын жыр ете отырып, олардың әлеумет өмірінде шынында үлкен орын алатынын, алуы керектігін көрсетті. Сөйтіп, қазақтың ұлы ақыны әлеумет өміріндегі өте маңызды, үлкен мәселелерді шығармаларының тақырыбы етіп алды да, оларды терең түсініп, сол кездегі өмір шындығымен жанастырып көрсете білді. Жоғарғы айтылған көп мәселелер жөнінде өте маңызды, аса құнды пікірлер айтып, дұрыс кеңес берді.