Шағын және орта бизнестің экономикадағы маңыздылығы
Мазмұны
Кіріспе 6
1 Кәсіпкерліктің мәні және шығу тарихы. 10
1.1 Кәсіпкерліктің түрлері және нысандары 10
1.2 Кәсіпкерлік қызметтің түрлері 18
1.3 Нарық жағдайындағы кәсіпорын және кәсіпорын қалыптасуының механизмі 21
2 Шағын және орта бизнестің экономикадағы маңыздылығы 27
2.1 Шағын және орта бизнестің артылықшылығы және кемшіліктері 27
2.2 Шағын және орта бизнесті дамыту 34
2.3 Бизнес-ортаны жақсарту және кәсіпкерлікті дамыту 37
3 Шағын және орта бизнестің Қазақстандағы даму деңгейі 55
3.1 Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерлік 55
3.2 Жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың негізгi бағыттары 67
Қорытынды 79
Қолданылған әдебиеттер 82
Қосымшалар 84
Кіріспе
Кеңес одағының ыдырауымен және халық шаруашылығындағы реформалар кешені мен құрылымдық қайта құрулар арқылы экономикасы нарықтық қатынастарға өткен бірқатар тәуелсіз мемлекеттердің құрылуымен кәсіпкерлік жаңа күшпен жанданды және халықтың материалдық тұрмыс жағдайы жақсаруының,тұтастай елдің экономикалық өрлеуінің ішкі көзі болды. Қазіргі уақытта ғалым-зерттеушілер кәсіпкерлік проблемаларды әр түрлі жалпы экономикалық баптар тұрғысынан белсенді қарастыруда: олар басқару, қолданылатын салық салу жүйелері, атқаратын қызметтері, мемлекеттік, аймақтық және салалық деңгейлерде шаруашылық жүргізуші субъектілерді қолдаудың әр түрлі құралдары, субъектілерді шағын, орта және ірі кәсіпкерлікке жатқызудың сандық және сапалық бағалау өлшемдерін анықтау, кәсіпкерліктің қызмет ету жүйелері және , т.б.
1 Кәсіпкерліктің мәні және шығу тарихы
1.1 Кәсіпкерліктің түрлері және нысандары
Кәсіпкерлік туралы теориялық концепция алғашқы рет 1725-1730 жылдары Ричард Кантиллионның (Richard Cantillion) еңбектерінде баяндалды. Кейінгі 250 жыл шегіңде кәсіпкерлік теория әртүрлі ғалымдар мен экономистердің еңбектерінде дамытылды да, олар бірте-бірте кәсіпкерлік - бұл адамның тәуекел мен жаңартпаға деген бейімділігі ғана емес, қорыта келгенде жаңа кәсіпорын құруды білдіретін ұғым деген пікірге келді.
Алғашқыда «кәсіпкерлік» термині тәуекел сөзімен, ал кәсіпкердің өзі тауарды өндіру мен өткізуде белгілі бір тәукел мен жауапкершілікті өз мойнына алатын адаммен байланыстырылды; Мысалы, 1725 жылы Кантиллион кәсіпкерлікті, өз мойнына тәуекелді алумен байланыстырды, сонымен қатар ол капитал салушы кәсіпкерлер мен өз еңбегін, ресурстарын қолданушьшарды ажыратып отырды (таблица 1.1.). Ол кәсіпкерді өзіне өзі жұмыс орнын жасайтын адам ретінде қарастырды. Адамды белгілі бір төлемақы, сыйақы үшін жумыс істеу қанағаттандырмаса, ол өз ойларын жүзеге асыру жолдарын іздей бастайды, сөйте келе ол кәсіпкерге айналады. Кантиллионның пікірінше, кәсіпкерлердің басты ерекшелігі олардың тұрлаусыз жағдайларда жұмыс істеулері.
1.2 Кәсіпкерлік қызметтің түрлері
Кәсіпкерлік қызметтің түрлері. Жалпы кәсіпкерлік қызметі көп түрлі болып келеді. Әрбір бизнес ұдайы өндірістік циклінің негізгі фазаларымен (өнімдер мен қызметтерді өндіру, тауарларды бөлу және алмасу, олардың тұтынуы) байланысты болғандықтан кәсіпкерлік қызметінің түрлерінен келесілерді бөлуге болады: өндірістік, коммерциялық, қаржылық.
Сонымен қатар, соңғы он жыл ішінде барлық дамыған экономикалық елдерінде кәсіпкерліктің дербес түрі кеңестік (консалтинг) дамып келді.
Кәсіпкерліктің әрбір түрі белгілі бір бөлімдерге бөлінеді.
1.3 Нарық жағдайындағы кәсіпорын және кәсіпорын қалыптасуының механизмі
Кәсіпорын – қоғамдық қажеттілікті қанағаттандыру және пайда алу мақсатында өнім өндіру үшін және қызмет көрсету үшін құрылған дербес шаруашылық субъект. Салықтарды және басқа да міндетті төлемдерді төлегеннен кейін кәсіпорын өз қызметін дербес жүзеге асырады, яғни бұларға шығарылатын өніммен және пайдамен басқару.
Өз қызметін жүзеге асыру үшін кәсіпорын, оған жататын жеке меншік немесе шаруашылықты толық жүргізу құқығындағы меншікті қалыптастырады.
Кәсіпорын меншігінің көздеріне жататындар:
2 Шағын және орта бизнестің экономикадағы маңыздылығы
2.1 Шағын және орта бизнестің артылықшылығы және кемшіліктері
Шағын және орта бизнес – экономикадағы нарықтық қатынастарды қалыптастырудың неғұрлым тиімді әрі икемді түрі. Шағын кәсіпорындар өзгермелі нарық конъюктурасының өзгеруіне қарай жылдам бейімделе алады. Қазақстандағы шағын кәсіпорындар меншік түріне қарай мемлекеттік жекеменшік және аралас болып үшке бөлінеді. Жеке меншік кәсіпорындар барлық шағын кәсіпкерлік пен бизнес нысандарының шамамен 80 пайызын құрайды. Расында елімізге экономиканың әр түрлі салаларын қамтыған көптеген шағын бизнес кешендерін құру арқылы ғана толыққанды нарық қалыптастыруға болады .Өйткені, нақ сол кәсіпорындар ішкі нарықты тұтыну таурларымен тез толықтыра алады.
2.2 Шағын және орта бизнесті дамыту
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерін дамыту жөніндегі мемлекеттік саясаттың негізгі мақсаттары олардың кызметі үшін колайлы жағдай жасау, олардың бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету, жұмыс істейтін бизнестің жалпы саны ұлғайту, олар өндіретін тауарлардың, жұмыстардың және қызметтердің мемлекеттің жалпы ішкі өніміндегі үлесін ұлғайт халыктың өзін өзі еңбекпен қамтуын дамыту болып табылады. Инновациялық өсім мен экономиканың әртараптануын қамтамасыз етудің, халықтың кедейшілігі проблемасы жеңудің маңызды бағыттарының бірі шағын бизнесті дамыту үшін жағдай жасау болып табылады.
2.3 Бизнес-ортаны жақсарту және кәсіпкерлікті дамыту
Бизнес-ортаны жақсарту және кәсіпкерлікті дамыту мемлекеттік саясаттың басты бағыттарының бірі болуға тиіс, олар арқылы мемлекет елде кәсіпкерлікті дамытуды қолдаудың көп жақты саяси, экономикалық, заңнамалық және ұйымдастыр нысандарын көрсетуді, Қазакстанда жеке меншік
бизнестің күшті орташа класын құруды болжайды, оның калыптасуы өңде өнеркәсібіндегі, инновациялық сектордағы және қызметтер саласындағы экономиканың дамуы үшін ұнамды.
3 Шағын және орта бизнестің Қазақстандағы даму деңгейі
3.1 Қазақстандағы шағын және орта кәсіпкерлік
Қазақстаңда кәсіпкерлік жөніңде 90-жылдардың басыңда, қайта құрудың басталуымен айтыла бастады. Бұл кезде былайша айтқанда, «комсомолдық кәсіпкерлік» басталды, көптеген белсенді жас адамдар, негізінен комсомол жетекшілері, жастардың шығармашылық ғылымитехникалық орталықтары негізіңде кооперативтер құра бастады. Несиелеудің жеңілдік жағдайлары жасалды. Мұның үстіне, өспелі инфляция жағдайына дәл осы кәсіпкерліктің алғашқы толқыны төтеп беріп қана қоймай, сондай-ақ қажетті, былайша айтқаңда, бастапқы капитал жинай алды, себебі несие ак,ша «қымбат» алынып, «арзан» қаЙтарьшды.