Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі мен әдебиет

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 25 стр.

Год: 2011

Предварительный просмотр

М. Шаханов – талантты ақын


Мазмұны
Кіріспе 3
1 М. Шаханов – халық жанашыры 4
1.1 Ақын өмірбаяны мен шығармашылығына шолу 4
1.2 Мұхтар Шаханов поэзиясындағы рухани-адамгершілік құндылықтар 9
2 М.Шаханов – қазақ поэзиясының көрнекті өкілі 15
2.1 М. Шаханов поэмалары туралы 15
2.2 М.Шаханов шығармаларындағы тіл мәселесі 18
Қорытынды 24
Пайдаланған әдебиеттер тізімі 25

КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. М. Шаханов поэзиясы өз халқының тарихи тәжірибесіне сүйене отырып, бүгінгі таңдағы аса ділгер, жан толқытар проблемаларға жаңа кілт таба білуімен қуантады. М. Шаханов өлеңдерін оқи отырып, ақынның ұлт қамын жеген ақын екендігін толық мойындауымызға болады. Ақын не жазса да ағынан жарылып, ашық жазады. Сонда айтатыны ел, жер, тіл т.б. мәселелер. Ақын қаламынан біраз дүниелер жарық көрді, әлі де жарық көреді. Олар: өлеңдер, балладалар, поэмалар. Ақынды қазіргі қоғамда болып жатқан жағдайлар да бей-жай қалдырмайды. Ақын өз мақалаларымен үнемі өзекті мәселелерге өз ойын айтып, атсалысуда. Бұл ақынның елі үшін қам жеген азамат екендігін айғақтаса керек.

1 М. Шаханов – халық жанашыры
1.1 Ақын өмірбаяны мен шығармашылығына шолу
Мұхтар Шаханов 1942 жылы 2 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысы, Отырар ауданы, Шілік ауылында дүниеге келді. Бірақ, балалық шағы белгілі бір жағдайларға байланысты Төле би ауданының Қасқасу ауылында өтті. Бала кезінен бастап әкесі Мұхтарды алдына алып отырып, Отырарды қорғаған ұлы бабалардың ерлігі, Қайырханның қайсар-қайтпас өрлігі мен Шыңғысханның зобалаңы жайлы сан рет әңгімелейтін. Анасының «Бала әлі жас қой, түсіне қояр деймісің?» дегеніне әкесі «Жоқ, түсінуге тиіс, түсінбесе өзіне қиын. Тамырын тереңге жібере алмаған дарақтың ғұмыры келте» дейтін. Мұхтардың бірнеше дүркін Отырар жайлы жазуына тура келсек, осының барлығы әке сөзінің оған берген әсері. Бала кезінен бастап, адамзат тарихындағы ғаламат қырғын өткен жердің тарихына үңілгендігінің әсері болса керек. [2, 45]

1.2 Мұхтар Шаханов поэзиясындағы рухани-адамгершілік құндылықтар
Қазақ халқы аса күрделі проблемаға маңдай тіреді. Өз ұлтымыздың ішінен орыс және батыс мәдениетімен жете сусындаса да, ана тілінде «екі ауыз сөйлем құрай алмайтын, құраса да күнделікті тіршілік ауқымындағы жүрдім-бардым әңгімеден алыс ұзай қоймайтын және онысын кемшілік деп есептей бермейтін үлкен топ – «Космополит қазақтар» тобы пайда болды» [9. 5].
Енді қалыптасқан жағдайға көзді ашып қарайтын мезгіл де жетті деп білеміз. Қайта олардың мемлекеттік тілге бұрылуына, рухани құндылықтарды мойындауына және игеруіне мүмкіндігінше ат салысып, еңбегі сіңген белгілі ақын, қоғам қайраткері М. Шаханов осы орайда бұл мәселеге байланысты «Космополит қазақтар» атты өлеңінде тереңінен ой қозғайды:

2 М.Шаханов – қазақ поэзиясының көрнекті өкілі
2.1 М. Шаханов поэмалары туралы
Қазақ поэзиясының көрнекті өкілі, шырайлы шығармаларымен бүгінде әлемге аты танылып отырған М. Шахановқа арналған «Сағыныш» атты өлеңінде айтулы жыр жампозы, құйрықты жұлдыздай жарқ етіп ағып өткен Төлеген Айбергенов:

2.2 М.Шаханов шығармаларындағы тіл мәселесі
Сонымен қатар Мұхтар Шаханов өз шығармаларында тіл мәселесін де қозғайды, әсіресе қазақ тілінің мәселесін. Осы тақырыпқа байланысты Мұхтар Шахановтың мынадай өлеңі бар.

Қорытынды
Дүниежүзінің аузы дуалы, сөзі уәлі қасқа-жайсандарына, игі жақсыларына осылайша өз талантының орасан зор қуатын мойындатып қойған Мұхтар Шаханов шығармашылығының ең басты ерекшелігі, оңбас-тозбас қасиеті – оның тізе бүкпес, бас еңкейтпес өршіл рухы, күрескер қайраты. Сөз түйіні осыған саяды.