Қылмыстық құқық
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 5
1.1 Қылмыстық құқықтың түсінігі 5
1.2 Қылмыстық құқықтың негізгі міндеттері 8
1.3 Қылмыстың белгілері және оның жіктелуі 10
2 ҚЫЛМЫС - ҚОҒАМҒА ҚАУІПТІ ҚҰБЫЛЫС РЕТІНДЕ 16
2.1 Қылмыстық құқықтың формальды және моральды құрамы 16
2.2 Қылмыс құрамының элементтері және белгілері 19
2.3 Қылмыстық құқықтың қағидалары 22
ҚОРЫТЫНДЫ 27
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 29
КІРІСПЕ
Әрбір мемлекетте, әрбір қоғамда әрбір адамзат кезеңінде ,қылмыс мәселесі әрдайым маңызды мәселелердің бірі бола берген. Сондықтан осыған орай қылмысты, жауапкершіліктің орны да ерекше,. Жасалған Қылмысы үшін әрбір кінәлі қылмыстық жауапкершілік тартуы тиіс. Бұл қоғамды қәділдік те, бұл әрбір дамыған құқықтық мемлекетке де тән. Сонымен қылмыстық жауапкершілік қоғамда тәртіп, қауіпсіздік орната қоймай, қылмыс істеген кінәлінің жауапкершілікке тартуының кепілі де болып табылады.
Мемлекет өз азаматтарынан конституцияда көрсетілген белгілі бір әлеуметтік талаптарды қатаң орындауды талап етеді, оны орындамаған ретте азаматтарға заңда көрсетілген негізде моральдық немесе құқылы, жауапкершілік жүктеледі. Құқылық жауапкершіліктің ішіндегі ең қатал түрі қылмыстық жауапкершілік болып саналады. Қылмыстық жауаптылық мемлекеттің заң шығарушы органы арқылы қылмыстық жазалау қатері мен тыйым салынған қоғамға қауіпті кінәлі түрде істелінген іс-әрекет үшін ғана белгіленеді адам қылмыстық жауаптылыққа істеген іс әрекеттерінде қылмыстық заңда көрсетілген нақтылы бір қылмыстың құрамы болған жағдайда ғана тартылады. Мысалы: тонау, ұрып-соғу, денсаулыққа қасақана орташа зиян келтіру, бұзақылық т.б. Мұның өзінде қылмыстық жауапкершіліктің, оның іс әрекеті нақты қылмыс құрамын түзейтін қылмыстық құқылық нормаларды кінәлі турде ғана бұзғанда жүзеге асырылады. Кез келген құқық бұзушылық мінез құлық қоршаған ортаға, қоғамға белгілі бір мөлшерде қауіп төндіреді. Ал қылмыс дегеніміз – қоғам үшін ерекше құбылыс. Жасалған қылмыс нәтижесінде ең алдымен қылмыстың құрбаны кез келген әлеуметтік топтың адамдарынан : қарттар мен жастар, ер мен әйел, сау мен ауру , кедей мен бай, қазақтар, орыстар тағы басқалар болуы мүмкін. Қылмыстық әрекеттерден әсіресе жас өспірімдер зардап шегеді,. Олар құрбандыққа тікелей де , жанама түрде де тап болады. Егер елде адам қылмыс істесе, оның балалары зардап шегеді. Егер бала отбасында жақсы тәрбиеленсе, үйде үнемі дау-жанжал болып тұрса, ол балаларға өте зиянды, жағымсыз әсер етеді. Көптеген қылмыскерлер дәл осындай отбасынан шығады.
1 ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Қылмыстық құқықтың түсінігі
Қылмыстық құқық жеке құқық саласы ретінде адамды, оның құқықтары мен бостандықтарын, қоғам мен мемлекетті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді. Мұндай реттеу үш түрлі жолмен жүзеге асырылады. Оның біріншісі, қылмыстық құқық нормасы арқылы қоғамдық қатынастарды реттеу функциясы болып табылады. Ол қылмыс істеуге байланысты қылмыс істеген адам мен мемлекет арасында пайда болады. Мұндай құқықтық қатынасқа қатысушылардың әрқайсысының өзіне тән құқықтары мен міндеттері пайда болады. Субъект қылмыс істеуіне байланысты қылмыстық жауапқа және жазаға тартылуға міндетті болса, екінші субъект, әділ сот органдары (сот, тергеу, прокуратура) қылмыс істеген адамды сол міндетті орындауға күшпен міндеттейді. Сонымен, қылмыстық құқықтық қатынастарды реттейтін бұл функция орын алған қылмыс оқиғасына байланысты қылмыстық жауаптылықты және жазаны қолдану немесе қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату сияқты мәселелерді жүзеге асырады.
1.2 Қылмыстық құқықтың негізгі міндеттері
Қылмыстық кодекстің 2-бабына сәйкес қылмыстық заңдардың міндеттері болып:
Адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, меншікті, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерін, қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау бейбітшілік пен адамзаттың қауіпсіздігін қорғау, сондай-ақ қылмыстардың алдын алу болып табылады.
1.3 Қылмыстың белгілері және оның жіктелуі
Адамның қылмыстық құқықтық норма тыйым салған іс-әрекеттерді істеуін қылмыстық құқыққа қайшылық дейміз. Адамның қылмыстық заң тыйым салмаған, осы заңда көрсетілмеген іс-әрекеттерін істеуін қылмыс қатарына жатқызуға болмайды. Тек заң шығарушы ғана белгілі бір іс-әрекеттерді қылмыс қатарына жатқызуға мүмкіндік беретін оның мәнді белгілерін анықтайды. Қылмыстық құқыққа қайшы болудың міндетті белгісі болып осы заңда көрсетілген іс-әрекетті істеген жағдайда нақты нормада көрсетілген қылмыстық құқықтық санкция белгілеген жазаның белгілі бір түрінің тағайындалуы болып табылады. Іс-әрекеттің қылмыстық құқыққа қайшылығын белгілеген тиісті заңның жариялаған уақытынан бастап ондай іс-әрекеттер қылмыс қатарына жатқызылады. Мұндай реттерде мемлекет осындай іс-әрекеттермен қылмыстық құқықтық нормалар арқылы күрес жүргізуге мүмкіндік алады. Керісінше, белгіленген тәртіппен күші жойылған қылмыстық құқықтық норма қылмыс қатарынан шығарылады. Ондай іс-әрекеттер қылмыс деп саналмайды. Мысалы, нарықтық қатынастардың елімізде дамуына байланысты Қылмыстық кодекстен алыпсатарлық деген қылмыс құрамы қатарынан алынып тасталды. Бұрын қылмыс қатарында жоқ жалған банкроттық, табысты жасыру, салық төлемегені үшін қылмыстық жауаптылықты белгілейтін көптеген жаңа нормалар пайда болды.
Келтірілген дене жарақатының ауырлығына орай денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру (103-бап), денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру (104-бап), денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру (105-бап) болып бөлінеді. Басқа жағдайларда, зардаптың әрқилы болып келетіндігін ескеріп, заң шығарушы оның бәрін нақтылап жатпайды, оларды зиян келтіру (142-бап), ірі мөлшер (175-бап), ауыр зардап келтіру (181-бап) және т.б. жалпылама береді. Мұндай жағдайларда зардаптың осы көрсетілген мөлшерін анықтау нақты жағдайларда орындалған фактіге байланысты шешіледі.
2 ҚЫЛМЫС - ҚОҒАМҒА ҚАУІПТІ ҚҰБЫЛЫС РЕТІНДЕ
2.1 Қылмыстық құқықтың формальды және моральды құрамы
Қылмыс – қоғам үшін қауіпті заң бұзушылық тың өрескел көрінісі, бұл заң тиым салған заңмен жазаланатын әрекет немесе әрекетсіздік нәтижесінде туындайтын өрескел қылықтар.
Көптеген батыс Еуропа елдерінің қылмыстық құқықтарында, қылмыстың формальды анықтамаларында түсік беруі орын алса, отанымыздың қылмыстық құқықтарына тән, қылмыстық заңда, жазалау қатерімен тиым салынған материалды - формальды анықтамадағы әрекет дәстүрлі түрде орын алғандығы белгілі.
2.2 Қылмыс құрамының элементтері және белгілері
Қылмыстық заңда қылмыстың жалпы түсінігі берілген, сонымен бірге Ерекше бөлімінде нақты қылмыстар жеке-жеке көрсетілген. Қылмыстық заң қылмыс құрамы түсінігін нақты ашып көрсетпейді. Бұл түсінікті қылмыстық құқық теориясы ғана береді. Қылмыс құрамы деп қылмыстық заң бойынша қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді белгілі бір қылмыстың қатарына жатқызуға мүмкіндік беретін қылмыстың объективтік және субъективтік жақтарынан құралған элементтердің және олардың белгілерінің жиынтығын айтамыз. Қылмыс құрамының әрқайсысы оның субъективтік және объективтік белгілерімен сипатталады. Барлық жүйелер секілді қылмыс құрамы да белгілі бір элементтерден тұрады. Осы белгілердің қосымша жүйелерінің ең болмағанда біреуінің жоқ болуы жүйенің болмауына, яғни қылмыс құрамының тұтастай жоқ болуына әкеп соғады. Бұл жерде қылмыс құрамының элементтері деп қылмыс құрамының жүйелерін құрайтын бастапқы компоненттерді айтамыз. Қылмыс құрамының белгілеріне мынадай төрт түрлі элементтер жатады: объект, объективтік жағы, субъект, субъективтік жағы. Мысалы, бөтен адамның мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру қылмысы (187-бап) белгілері болып, біріншіден, басқа біреудің мүлкіне қол сұғу, екіншіден, осы мүлікті жою немесе бүлдіру, үшіншіден, осы әрекеттерді қасақана істеу, төртіншіден, бұл іс-әрекет ауырлататын жағдайларда жасалса, ол үшін адам 14 жасынан бастап қылмыстық жауаптылыққа тартылуы мүмкін.
2.3 Қылмыстық құқықтың қағидалары
Жалпы, қылмыстық заңның қажеттілігі неге байланысты болады деген сұраққа жауап беру үшін алдымен қылмыстық құқық түсінігіне анықтама беруіміз қажет. Қылмыстық құқық жеке құ¬қық саласы ретінде адамды, оның құқықтары мен бостан¬дық¬тарын, қоғамды және мемлекетті қылмыстық қол сұғушылықтан қорғауға бағытталған қоғамдық қатынастарды реттейді. Мұндай реттеу үш түрлі жолмен жүзеге асы¬рылады. Оның біріншісі, қыл¬мыстық құқық нормасы арқылы қоғамдық қатынастарды реттеу функциясы. Ол қылмыс істеуге байланысты қылмыс жасаған адам (субъекті) мен мемлекет ара¬сында пайда болады. Мұндай құқықтық қатынасқа катысу¬шы¬лардың әрқайсысының өзіне тән құқықтары, міндеттері пайда болады. Субъект қылмыс істеуге байланысты қылмыстық жауапқа және жазаға тартылуға міндетті болса, екінші субъект әділ сот ор¬гандары (сот, тергеу, прокуратура) қылмыс істеген адамды сол мін¬детті орындауға күшпен міндет¬тей¬ді.
ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен қылмыс – қоғам үшін қауіпті заң бұзушылық тың өрескел көрінісі, бұл заң тиым салған заңмен жазаланатын әрекет немесе әрекетсіздік нәтижесінде туындайтын өрескел қылықтар.
1997 жылғы Қылмыстық кодекстің 2-бабында адам мен азаматтың жеке басы, олардың құқықтары мен бостандықтары қылмыстық құқық қорғайтын нысандардың ең алғашқылары¬ның бірі ретінде көрсетілген.
Қылмыстық заң әрбір азаматқа қажет болған жағдайда қорғануға құқық береді, іс-әрекеттің қыл¬мыстылығын жоятын мұндай мән-жайлар қылмыс болып саналмайды.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. ҚР Қылмыстық кодексіне түсінік. Алматы . Құқықтық бастама , 2001 ж.
2. ҚР Жоғарғы Сот Пленумының қаулылар жинағы .2001 ж.
3. Е.Т.Әблезов , С.М.Рахметов, Е.О.Алауханов. ҚР Қылмыстық құқық ; Жалпы бөлім .Оқулық Алматы , Жеті – жарғы. 2001 ж.
4. «Заң» журналы.
5. «Фемида» журналы.
6. Классификация преступлений и ее значение для деятельности органов внутренних дел. М., 1984.
7. Кривоченко Л.Н. Классификацяи преступлений. Харьков, 1983.
8. Ковалев М.И. Понятие преступления в советском уголовном праве. Свердловск, 1987.
9. Пионтковский А.А. Учение о преступлении по советскому уголовному праву. М., 1961.
10. Фефелов Н.А. Общественная опасность преступного деяния и основания уголовной ответственности. Основные методологические проблемы. М., 1972.
11. Онгарбаев Е.А. Классификация преступлений и ее правовое значение. Монография. Кагаранда, 1996.
12. Чубарев В.Л. Общественная опасность преступления и наказание. М., 1982.
13. Ковалев М.И. Понятие и признаки преступления и их значение для квалификации. Учеб. пос. Свердловск, 1977.
14. Онгарбаев Е.А. Категория преступлений небольшой тяжести по уголовному праву Республики Казахстан. Караганда, 1998.
15. Онгарбаев Е.А. Тяжкие преступления по уголовному праву Республики Казахстан. Астана, 2001.
16. Кудрявцев В.Н. Объективная сторона преступления. М., 1960.
17. Кузнецова Н.Ф. Значение преступных последствий для уголовной ответственности. М., 1978.