Сәбит Мұқанов
Сәбит Мұқанов - қазақ әдебиетінің аса көрнекті қайраткері. С. Мұқановтың туған жері қазіргі Солтүстік Қазақстан облысының Преснов ауданы. Ол кездегі қазақ ауылындағы жалғыз оқу – молда оқуы болған. Жас Сәбит осы молдадан оқып, арапша хат таниды. Ел арасына көп тараған қисса поэмаларды оқитындай сауаты ашылды. Әуелде өлең жырға, ертегі әңгімеге әуес бала тым-тыңдап әдебиет үлгілерін оқи бастайды. Ол кездегі қазақ кітаптарында Шағатай немесе татар тілдері араласып кеетін. Бұған себеп кітап бастыру ісі көбіне дін оқуына қаңық молда немесе қазақ тіліне шорқақ, татар оқығандардың қолында болатың.
1922 жылы Орынбор қаласында жұмысшы факультетінде оқиды.
Осы кезден орысша үйреніп, орыс әдебиетін үлгілерімен танысып поэзияның үлкен дариясында сусындайды, алуан түрлі жандарды ғажайып бейнелерді ол сонан көреді. Біліміне ақындық таланты ұштасқан Сәбит Мұқанов бірнеше өлеңдерін шығарады,ал 1926 жылы рабфакты бітіріп шыққан соң «Батырақ», « Октябрь өткелдері»поэмаларын жазады.
1926-1928 жылы Мұқанов Республикалық «Еңбекші қазақ» газетінде, баспа орындарында жұмыс істейді.
1950 жылдары Мұқанов «Сырдария» романың, «Шоқан Уалиханов» пьессасын жазды.Кейін бұрынырақ жариаланған екі томдық «Өмір мектебі» кітабының жалғасы ретінде «Есею жылдары» деген өмірбаяндық романың жазып шығарды.
1926 – 1928 жылдары С. Мұқанов республикалық «Еңбекші қазақ» қазіргі «Егемен Қазақстан» газетінде, баспа орындарда қызмет істейді. Мұнан кейінгі жылдарда Ленинград университетінде, кейін Мәскеудегі қызыл профессура институтында оқып, оны 1935 жылы бітіріп шығады. Сәбит Мұқанов соғыс жылдарында фашистік басқыншыларды әшкерейлтін бірнеше уытты өлеңдер, очерк, әңгімелер жазды. Халқымыздың майдан мен тылдағы ерлігін, қаһармандығын паш етті.1950 жылдары С. Мұқанов «Сырдария» романын, «Шоқан Уәлиханов» пьесасын жазды. Кейін бұрынырақ жарияланған екі томдық «Өмір мектебі» кітабының жалғасы ретінде «Есею жылдары» деген өмірбаяндық романын жазып шығарды.
Поэзиясы
С. Мұқанов революция қарсаңында жалпы адам өмірі туралы, көңіл күйі, арман туралы өлеңдер жазған. Соның ішінде ең маңыздысы – 1919 жылы жазылған «Бостандық» өлеңі.
Прозасы
Қазақ әдебиетінің проза жанрын өсіріп өркендетуде Сәбит Мұқанов – үздік еңбек еткен жазушы. Өскен, марқайған әдебиеттің белгісі – іргелі прозаның болуы. Бұрын тек поэзиялық шығармалар, яғни халық поэзиясы басым болып келген қазақ әдебиеті тек XX ғасырда түрлі жанрлармен байыды. Қазір поэзия, проза, драма, сын, кино салаларында сан алуан шығармалар бар да және олардың мазмұн, сапасы айтарлықтай жоғары. Әңгіме, очерктермен қатар хикаят туа бастаған кездерде Сәбит Мұқанов көптеген прозалық туындылар беріп, бұл жанрды көш ілгері өсірген жазушы.