Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Экономика

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 31 стр.

Полный просмотр работы

Еңбек нарығы

Мазмұны
Кіріспе 3
І-бөлім. Еңбек нарығы және оның атқаратын қызметі 4
1.1. Еңбек нарығы және оның атқаратын қызметі 4
1.2. Жұмыссыздық және оның түрледі 6
1.3. Қазақстан Республикасының жұмыссыздық деңгейі 10
ІІ-бөлім. Еңбекпен қамту саясаты 13
2.1. Қазақстан Республикасындағы еңбекпен қамту 13
2.2. Қоғамдық жұмыстар 19
ІІІ-бөлім. Қазақстан Республикасындағы нақты қолданылып жатқан шаралар 21
3.1. Жаңа жұмыс орындарын құру 21
3.2. Қоғамдағы ішкі еңбек базарын қорғау 25
3.3 Кәсіптік оқыту 26
Қорытынды 29
Қолданылған әдебиеттер 31

Кіріспе
Осы курстық жұмыста нарықтық экономиканың маңызды түрлерінің бірі еңбек нарығы және еңбек нарығының маңызды мәселесі жұмыспен қамту саясаты қаралған. Жұмыспен қамту қазіргі кезде әр мемлекеттің алдына қойған проблемаларының бірі. Әр елдің тұрғындарының жұмыспен қамту деңгейі сол елдің даму деңгейін көрсетеді. Егер жұмыспен қамтылу жоғарғы деңгейде болса онда сол елдің халқының әлеуметтік-экономикалық деңгейі соған сәйкесті жоғары болады.

Осы курстық жұмыс үш бөлімнен тұрады. Олар:
І-бөлім. Еңбек нарығы және оның атқаратын қызметі.
ІІ-бөлім. Қазақстан Республикасында еңбек нарығының қалыптастырылуы.
ІІІ-бөлім. Қазақстан Республикасы саясатында жүзеге асырылып жатқан нақты шаралар.
«Курстық жұмыстың мақсаты-Енбек нарығы және оның атқаратын қызметін, жұмыссыздықтың және оның түрлерін, ҚР-дағы жұмыссыздық денгейін және халықты жұмыспен қамтуын күрделі қарастыру.

І-бөлім. Еңбек нарығы және оның атқаратын қызметі
1.1. Еңбек нарығы және оның атқаратын қызметі
Еңбек нарығы – бұл жұмыс күшін (адамның еңбек ету қабілеті) тауар түрінде сатып-сатуға байланысты болатын экономикалық қатынастар жүйесі. Еңбек нарығы жоғары квалификациялы еңбектің беделінің сөзсіз көтерілуіне әсер етеді, осының арқасында әрбір жұмыс орнының бағасы артады, жұмыскерлерге және олардың еңбегінің сапасына деген талап күшейеді.

1.2. Жұмыссыздық және оның түрледі
Шетелдік мамандар жұмыссыздықтың себептері талдай отырып, оның әр түрлі нысандарын тудыратын нақты факторларын қарайды. Жұмыссыздықтың мынадай сан алуан нысандары болады: жасырақ, фрикциондық, маусымдық, құрылымдық, технологиялық және тағы басқа. Осыларға толық тоқталайық.

Бұл графикте еңбекке сұраным мен ұсыным және жалақының тепе-теңдік деңгейінің графигі көрсетілген. Сұраным мен ұсыным шарттарының ауытқуы SS және DD қисық сызықтарының жылжуына және жалақының тепе-теңдік мөлшерінің өзгеруіне әкеліп соқтырады.
Еңбекті ұсыным жалақы динамикасында кері пропорционалды тәуелділікпен әсер етеді. Басқаша айтқанда, егер жұмыс күшін ұсыну басқа өндіріс факторларын ұсынумен салыстырғанда шектеулі болатын болса, онда жалақының өсуі орын алады. Еңбекті ұсыну мынадай факторлармен анықталады:

3.2. Қоғамдағы ішкі еңбек базарын қорғау
Ішкі еңбек базарын қорғау мақсатында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі шетелдік жұмысшы күшін тартуға және жұмыс күшін Қазақстан Республикасы шегінен сыртқа шығаруға байланысты қызмке лицензия, сондай-ақ жұмыс берушілер шетелдік жұмыс күшін алып келуге рұқсат береді.

Қорытынды
Осы курстық жұмыстың тақырыбы «Еңбек нарығы және тұрғындарды жұмыспен қамтудың мемлекеттің саясаты».
Жұмыс 3 бөлімнен құралады. Әр бөлімінде өзінің тақырыбына сәйкес жеке-жеке сипаттама берілді..
Осы жұмыс арқылы көзделген ең негізгі мақсаты – қазіргі қоғамдағы кезден алынған өзекті мәселенің бірі-жұмыссыздық. Жұмысымтың мәні, түрлері және халықтың, аймақтың саясаты, себептері, шаралары және пайда болуын толық қамтиды.
Қазіргі жағдайда еңбекті еліміздің тұрмысы төмен бөлігін қорғауға үлкен назар аударып отыр. Жалпы, адамзат тарихының тәжірибесі, адамның еңбекке деген ең жақсы ынтасы, яғни, талаптануы, тек нарық, оның ішінде еңбек нарығы жағдайында ғана іске асатындығын көрсетті. Еңбек нарығы дегеніміз бұл ең алдымен жұмыс күшіне сұраным мен ұсыным. Әрине, бұл тым ерекше, өзгеше нарық. Жұмыс күшін реттеу әкімшілдік - әміршілдік әдіске қарама-қарсы әдіс деп қарауға болады. Еркін еңбек – бұл тиімді экономиканың негізі.
Еңбек басқа өндіріс факторлары сияқты жалақы деп аталатын табыс әкеледі. Жалақы еңбекке марапатталу ретінде көрінеді. Бұл даусыз шындықты барлық зерттеушілер мойындайды. Еңбек нарығы ғылыми шешімдерді, жаңалықтарды, өнер табыстарын, материалдық және рухани игілікке айналдыру үшін ұдайы жұмыспен қамтамасыз етеді. Еңбек нарығының басты міндеті және сипаттамасы:
- кәсіпорындар саны көп болуы, керекті жалдама жұмысшыны жалдау үшін өзара бәсекелеседі;
- жоғары дәрежелі мамандандырылған қажетті жалдаушылардың көптігі;
- еңбек нарығына бірде-бір жұмысшының немесе кәсіпорынның күшті ықпалы жоқ.
Еңбек нарығының тиімді жұмыс істеуіне информациялық маңызы зор. Ғылыми-техникалық, экономикалық информациялар және болжауларды уақытты пайдалану және жұмыспен қамтуды қамтамасыз етеді.
Сонымен жұмыс өз дәрежесінде жазылады және бағалаушылар арасында тиісті бағамен табады деп ойлаймын.
Осы курстық жұмысты аяқтай отырып, ондағы мәселелерді талқыладым. Осы курстық жұмысты қамтитын барлық мәселелердің барлығын толық қамтыдым депойлаймын. Бұл курстық жұмыста тек еңбек нарығы туралы мағлұмат емес, сонымен қатар Қазақстан Республикасының саясатымен іс-әрекеттері қаралған.
Осы жұмысты орындай отырып, еңбек нарығындағы жұмыссыздық мәселесінің мәнін түсінуге болады, әрбір ел өзінің әлеуметтік – экономикалық жағдайын көтеруге тырсады және экономикалық деңгейін көтеру үшін әркім өз еліне белгілі мөлшерде көмегін тигізу керек. Ал әр азамат еліне қызмет ете алады (егерде ол қызмет басты болса). Осымен сөзімді аяқтай келіп мынадай тұжырымға келдім. Әр мемлекеттегі жұмыс бастылық деңгей, сол елдің әлеуметтік – экономикалық деңгейінің кепілі болып табылады.

Қолданылған әдебиеттер
1. Әкімбеков С, Баймұхаметова А.С, Жанайдаров У.А. «Экономикалық теория» Астана – 2002 жыл.
2. Әубәкіров Я.Ә, Байжұмаев Б.Б, Жақыпова Ф.Н, Табаев Т.П. «Экономикалық теория». «Қазақ университеті» Алматы – 1999 жыл.
3. Жүнісов Б.А, Мәмбетов Ү. «Нарық экономикалық негіздері». Алматы – 1999 жыл.
4. Шеденов Ө.К, Байжомартов Ұ.С, Жүнісов Б.А. «Жалпы экономикалық тоерия» Алматы – Ақтөбе, 2002 жыл.
5. Чепурин М.Н. «Курс экономической теории» 6. «Динамака рынка в Казахстане» // Труд в Казахстане, 2000, № 7, стр 81-83.
7. Доскалиев С. А «Экономика ілімдерінің тарихы» Алматы 2003 жыл 8.«Еңбек нарықтық категория». // Егемен Қазақстан, 2000, 4 қаңтар.
9. «Рынок в Республике Казахстан». // Труд в Казахстане. 2001, Декабрь, стр 31
10. «Рынок труда в Казахстане». // Аль Пари, 1999, №, стр 69-73.
11. «Ситуация на рынке труда». // Приуралье, 2001, 28 апрель.
12.Мауленов «Экономикалық теория»