Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Муниципалды менеджмент

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 27 стр.

Год: 2014

Предварительный просмотр

Әкімшілік қадағалауды жүзеге асыру қызметі


ЖОСПАР
КІРІСПЕ 3
1 Қазақстан Республикасындағы атқарушы билік органдарының қызметі 4
1.1 Атқарушы органдардың атқаратын қызметтері, міндеттері және мақсаттары 4
2 Қазақстан Республикасының атқарушы билік органдарының қызметіндегі заңдылықтың сақталуын қадағалау 10
2.1 Атқарушы билік органдарының қызметіндегі заңдылық ұғымы, оны қамтамасыз ету әдістері, заңдылықтың сақталуын қадағалау институттары 10
2.2 Атқарушы билік органдары қызметіндегі заңдылықты қамтамасыз ету әдістері 11
3 Әкімшілік қадағалау теориялық негіздері 23
3.1 Әкімшілік қадағалауды жүзеге асыру қызметі 23
ҚОРЫТЫНДЫ 25
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 27

КІРІСПЕ
Атқарушы билік органы мемлекеттік биліктің бір тармағы болып табылады. Онсыз мемлекеттік басқарушылық қызметті, әкімшілік-құқықтық қатынастардың пайда болуы мүмкін емес. Өйткені, басқа да әкімшілік-құқықтық қатынасқа түсушілердің әкімшілік-құқықтық мәртебесі осындай органдардың қызметі аясында жүзеге асырылады.
Қандай да болмасын мемлекеттік органның ерекшелігі, оның мемлекеттік міндеттер мен қызметтерді жүзеге асыруында, оның атынан қамтамасыз ету үшін мемлекеттік биліктік өкілеттікке иеленуінде. Бұл өкілеттіктер сол органның баршаға міндетті нормативтік құқықтық актілерді мемлекет атынан шығаруында, сонымен бірге актілердің орындалуын мемлекеттік сендіру мен көндіру шараларын қолданып олардың орындалуымен қамтамасыз етуінде.
Атқарушы билік органдары әлеуметтік-саяси, әлеуметтік мәдени, шаруашылық және салааралық, оларды жалпы басқару, нақты және күнделікті жедел басқарушылық функйияларын жүзеге асырады. Олар заңмен белгіленген тағайындау тәртібінде құрылады.

1 Қазақстан Республикасындағы атқарушы билік органдарының қызметі
1.1 Атқарушы органдардың атқаратын қызметтері, міндеттері және мақсаттары
Атқарушы билік органдары дәстүрлі түрде мемлекеттік басқару органдары деп аталады және бұл түсінікті де, өйткені олар басқарушылық қызметті жүзеге асырады.
Үкiметке мынадай негiзгi конституциялық өкiлеттiктер берiлген:

2 Қазақстан Республикасының атқарушы билік органдарының қызметіндегі заңдылықтың сақталуын қадағалау
2.1 Атқарушы билік органдарының қызметіндегі заңдылық ұғымы, оны қамтамасыз ету әдістері, заңдылықтың сақталуын қадағалау институттары
ҚР Конституцияның 34 бабына сәйкес «Әркім ҚР Конституциясын және заңдарын сақтауға, абыройы мен ар-намысын құрметтеуге міндетті» делінген, яғни, лауазымды адамдар,азаматтар және олардың бірлестіктері Крнституция мен заңдарды сақтауға міндетті.
ҚР Конституциясын және заңдарын сақтау қажеттілігі туралы талаптар ең алдымен мемлекеттік тұрақталықты қолдауға, республиканың конституциялық құрылысының негіздерін нығайтуға, құқық тәртібі мен әр адам өмірінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Сонымен бірге, Қазақстан Республикасында қабылданатын нормативтік актілер еліміздің Крнституциясына қайшы келмеуі тиіс. Конституцияның жоғарғы заңдылық күші Конституцияға қайшы келетіннормативтік құқықтық актілердің немесе олардың жекелеген құқықтық нормаларының, ережелерінің заңдық күші жоқ деп есептелетін және олардың күшін жоюға жататындығын білдіреді.

2.2 Атқарушы билік органдары қызметіндегі заңдылықты қамтамасыз ету әдістері
Атқарушы билік органдары қызметінде заңдылық пен тәртіпті қалыпта ұстау мен нығайту міндеттері жүктелген мемлекеттік органдардың ерекше жүйесі қызмет атқарады. Олар қызметінде қолданатын қүқықтық және ұйымдастырушылық нысандар мен тәсілдер, тәжірибелік әдістер, операциялардың жиынтығы заңдылықты қамтамасыз етудің әдістері деп ата-лады.
Оларға бақылау және қадағалау, қоғамдық бақылау, сонымен бірге шағымдау, яғни шағымдану құқығын жүзеге асыру жатады.
Бақылау - бұл объект қызметінің процесінде алдына қойылған міндеттерден ауытқуын орнықтыру мақсатында жүргізілетін байқау және тексеру жүйесі.

3 Әкімшілік қадағалау теориялық негіздері
3.1 Әкімшілік қадағалауды жүзеге асыру қызметі
Әкімшілік қадағалау органдары қызметі, басқарудың салалары мен аяларында әрекет күші бар арнайы нормалардың сақталуына бағытталынған. Мақсаты азаматтардың, қоғамның, мемлекеттің қауіпсіздігін, сонымен бірге өнімдер мен қызметтің тиісті саласын қамтамасыз ету болып саналады.
Әкімшілік қадағалауды жүзеге асыру қызметінің негізі болып саналатын кейбір атқарушы билік органдарына мыналар жатады:

ҚОРЫТЫНДЫ
Осыған байланысты ішкі істер органдарының (полицияның) жүзеге асыратын әкімшілік қадағалауын үш түрге бөлеміз.
Біріншіден - ол ішкі істер органдарының ұйымдастыру немесе басқа да бағынуында болмайтын адамдардың (жеке және заңды тұлғалар) белгісіз топтарына қатысты жүзеге асырылауында. Қадағалаудың бұл түріне мынаны жатқызуға болады, мысалы, ішкі істер органдарының (полицияның) нарядтарының көпшілік бұқаралық шаралар өткізу кезінде қоғамдық тәртіпті қорғау және қогамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуі.
Екіншіден - әкімшілік қадағалау белгілі субъектілер тобына немесе белгілі сүрақтарды реттеуге таратылады. Мысалы, жеке және заңды тұлғалардың лицензиялық және рұқсат беру жүйесі, тауар өту ережелерін сақтауларына қадағалау жасау жөне т.б.
Үшіншіден - әкімшілік қадағалау белгілі адамдарға қарсы таратылады, оларға бас бостандығынан айыру орындарынан босаған азаматтар категориялары жатады.