Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Өміртану

Тип: Реферат

Объем: 10 стр.

Полный просмотр работы

Қайрат Байбосынов. Алаштың айбозы

Сөз қадірін білетін қазақ әнді орындау, айту дегеннен гөрі әнге салу етістігін пайдалануға бейім. Кәдімгі кірпіші, лайы, ағашы, терезесі, есігі мен едені секілді әрқилы заттарды түзіп, реттеп, жонып, септеп, құрап басқа пана болатын үй салғандай, ән де салынады. Мұң мен сағыныш, іңкәрлік пен аңсау, шалқу мен сүйіну, күйініш пен зар, екілену мен егілу бәрін-бәрін өнерпаз сезініп, сезінгенін артық алмай, я кем салмай түзіп, реттеп, жонып, септеп әнді салады. Салынған ән – жанға сая, рухқа пана болуы шарт. Жүректер бәһәр тапса, салған ән сол көңілге көлеңке болмақ.

Қайрат Байбосынов – Сегіз Сері, Ақан сері, Біржан сал, Жаяу Мұса, Үкілі Ыбырай, Әсет, Ес¬тайлар негізін салған Арқадағы әншілік дәс¬түр¬дің өкілі. Өкілі болғанда да өзгеше өреге кө¬тер¬ген, өзіндік айшық, ерекше сипат пен ән өне¬рін әрлей түскен, ән күмбезінен кетік тауып қаланған алтын кірпіш, асқақ әнші, адуын өнерпаз.
XІX ғасырда дамудың шыңына беттеген Арқадағы әншілік өнер қарашекпеннен шегініп, Көкшеден күнгейге таман пана іздегендей XX ғасырдың ортасына таман Қорғалжындағы Қосымжандарға (Бабақов), Баянауылдағы Қବлиларға (Байжанов), Қарқаралыдағы Жүсіп¬бектерге (Елебеков), Ақтоғайдағы Манарбектерге (Ержанов) таман ойысқандай еді. Ығысқан әннің бағы Шыңғыстың бауырындағы Жәні¬бек¬ті (Кәрменов) тапты. Өткен ғасырдың қақ ор¬тасында Орталық Қазақстанның Жаңаарқасында қобызшы Әукен ақсақалдың шаңырағында туған тұңғыш ұл Қайратқа қонды. Кейін жіліктеп жүрген өзіміз болмасақ, ән мен күйдің еншісі ортақ болатын.

Қайрат қалыптасқан тұс – кеңес импе¬риясының кемелденген социализмге беттеген шағы. Ленинсіз көшесі, Ленинсіз мектебі, Ленинсіз мекені жоқ бөтенді ұлықтаған менмен кезең. Тұңғыш тұғыры – Ленин атындағы мектептің жұпыны ғана сахнасы. Алайда, салған әні Жарылғапберлінің “Ардағы”. Бала түгілі бағланға бой бермейтін Біржанның “Адасқағын” салды.

Бүгінде Қайрат аға астаналық болған. Му¬зыка академиясының профессоры. Кейбір шәкірттері өзімен Астанаға ере келіпті. Ұстазын қимағандықтан деп білдік. Жарылғапбердінің “Топайкөгіндегідей” “Әнді ерттеп, күйді мінген ардагер әнші” шәкірт баптап, әнін салып алашына қызмет етуде.