Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қаржы

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 25 стр.

Год: 2014

Предварительный просмотр

Зейнетақы қоры түсінігі


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 Зейетақы қорының теориялық негізі 4
1.1 Қазақстан зейнетақы нарығының қалыптасуы мен дамуы 4
1.2 Қазақстан зейнетақы нарығының құрылымы 6
2 Қазақстан зейнетақы нарығының ағымдағы жағдайы 10
3 Шетелдік зейнетақы жүйесі 14
ҚОРЫТЫНДЫ 22
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 25

КІРІСПЕ
Қаржы нарығының тауарын сату-сатып алу, мәселен, белгілі бір мерзімге ақша қаражаттарының келісілген сомасын қайтару секілді қаржылық міндеттемелермен жүзеге асады. Несие берушінің қаржы міндеттемесіне ие болуы үшін оның белгіленген мерзімде нақты ақша қаражаттарын алатын құқыққа ие болуы керек.
Мұндай міндеттеме қаржылық талап деп аталады. Оны делдалдар түпкілікті инвесторға бұдан былай тартымды болмайтындай етіп қайта құрады. Қаржы нарығында тікелей қаржыландырудың жетіспеушілігі байқалды, ал оны толықтыру үшін делдалдар пайда болады. Олардың көмегі арқылы несие беруші мен қарыз алушының арасындағы киындықтар жойылады. Олар тікелей қаржылық талапты сатып алып, оны басқа сипаттамасы (өтеу мерзімі, номинал құны) бар тікелей болмайтын талапқа айналдырады да сатады. Түрлендірудің мұндай процесі делдалдық атауына ие, ал субъектілер қаржылық делдалдар немесе қаржы институттары деп аталады.

1 Зейетақы қорының теориялық негізі
1.1 Қазақстан зейнетақы нарығының қалыптасуы мен дамуы
Қазақстанның зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесінде халықтың жалпы санындағы қарт азаматтар үлесінің артуына байланысты объективті қиыншылықтар пайда болды. Соның нәтижесінде елдің зейнетақы жүйесін кешіктірмей реформалаудың қажеттілігі өткір сезідді. Оны жүргізудің негізгі қағидасына мыналар кіреді: ұрпақтар ынтымақтастығы қағидасымен зейнетақыны дербес жинақтау қағидасына өту және 1980 жылдардың басында басталған чилийлік ең озық үлгінің негізінде мемлекеттік зейнетақы жүйесінен мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы жүйесіне көшу.
Осыған байланысты 1997 жылдың наурыз айында ҚР Үкіметі «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін реформалаудың тұжырымдамасын» мақұлдады және 1997 жылдың 20 маусымында ҚР «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» Заңы қабылданды.
Қазақстанның зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесін дағдарысқа ұшыратқан негізгі себептер мыналар:

1.2 Қазақстан зейнетақы нарығының құрылымы
Қолданыстағы зейнетақы жүйесі кемшіліктері болғанына қарамастан республикада жинактаушы зейнетақы корлары, зейнетақы активтерін инвестициялық басқаратын компанияларды, кастодиан-банктерін, бағалы қағаздар бойынша брокерлік компанияларды, екінші деңгейлі депозиттік банктерді, қор биржасын, орталық депозитарийді, мемлекеттік реттеуші органдарды қамтитын қатысушылардың айтарлықтай үйлесімді институционалдық құрылымы құрылды. [2]
Қазақстан зейнетақы нарығының құрылымын былайша көрсетуге болады.

2 Қазақстан зейнетақы нарығының ағымдағы жағдайы
Бүгінгі таңда Қазақстанның зейнетақы нарығы - елдің әлеуметтік-экономикалық жүйесінде ең серпінді дамып келе жатқан нарық. Олардың жұмыс істегендеріне 7 жылдан асты. Осы уақыт аралығында көптеген шешілуі тиіс, шиеленіскен проблемалардың ел экономикасының жағдайына бейімделуі бойынша шешілмеген және даулы мәселелердің пайда болғанын айта кету керек. Осылардың ішінде зейнеткерлердің еңбек еткен жылдарынан кейін қалыпты өмір сүруіне жинаған қаражаттарының аздық ететінін, яғни жетіспеушілігін, гендерлік проблеманың шешімін таппағандығын (әр түрлі өмір ұзақтығы, еңбекақыдағы теңсіздік, осыған байланысты ерлер мен әйелдердің зейнетақы мөлшерінде орын алатын теңсіздік), өндірістік жарақат проблемасын және т.б. айтуға болады. Мемлекет зейнетақымен қамсыздандырудың механизмдерін жетілдіру жолында түрлі шараларды қарастырып жатыр. Мәселен, 2004 жылдан бастап зейнетақыға жинақталған қаражаты жеткілікті адамдардың 55 жасында зейнетақыға шығуына құқық беретін зейнетақы аннуитеті ұғымы енгізілді. Бүгінгі таңда мұндай әр түрлі зейнетақымен қамсыздандырумен «Валют-Транзит life» АҚ өмірді сақтандыру компаниясы айналысады.

3 Шетелдік зейнетақы жүйесі
ХХ-ң 90 жылдар басында көптеген елдер, соның ішінде Қазақстан да Чили үлгісіне негізделген зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесіне көшті. Чили зейнетақы жүйесінің қайта құрылуы ХХ ғасырдың 80 жылында болды.Бұған үрдіс ретінде мынадай себептер негіз болады.Чилидің экономикасы реттелген және құрылымдалған бұл форма сыртқы қарыздың дағдарысы және бүгінгі таңдағы жаһандану жағдайына салыстырмалы табыстылықпен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.Бұл елдегі демографиялық жағдай әрбір жұмысшы санына қарттар санының бір мезгілде тепе-тең келіп,қарауындағы жандар үлесінің күрт құүлдырауымен сипатталады.Жұмысшы күші нарығының даму құбылысында ресми емес секторлардағы жаңа жұмысшы күшін құрудың үлесі жоғары болды.

ҚОРЫТЫНДЫ
Әлемдік қаржы нарығының құрылуы ХХ ғасырдың 30-жылдарына жатады. Бірақ екінші дүниежүзілік соғыс кезінде орын алған әлемдік қаржылық-экономикалық дағдарыс сауда-экономикалық байланыстарды бұзды. Әлемдік қаржылық жүйені қайта құру 1944 жылы болған Бреттон-Вуд конференциясынан басталды.
Әлемдік қаржы нарығы түсінігіне қатысты экономистердің пікірі әр түрлі тарқатылады. Біреулері оны қарыз капиталы нарығының құрамдас бөлігі ретінде және функционалдық көзқарас тұрғысынан, екіншілері оны ұдайы өндірістің үздіксіздігі жинақталу мен қайта бөлуін қамтамасыз ететін нарықтық қатынастар жүйесі ретінде қарастырады. Басқа экономистер валюта нарығынан алыпсатарлық операцияларды бөліп алу қажет деп есептейді.