Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қаржы

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 27 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Қазақстан Республикасының ақша жүйесі


Жоспар
Кіріспе 3
1 Қазақстан Республикасының ақша жүйесі 6
1.1 Қазақстандағы ақша реформалары 6
1.2 Қазақстанның ұлттық валютасы – Теңге 12
1.3 Теңгенің тұрақтылығына қол жеткізу жолдары 14
2 Қазақстан Республикасында валютаның жүйесі және валюталық операцияларды жүргізу ережелері және реттеу органдары 17
Қорытынды 25
Ұсынылған әдебиеттер тізімі 27

Кіріспе
Халықаралық валюталық құқықтың қалыптасуы және дамуы дүние жүзі мемлекеттерінің экономикалық ынтымақтастығының кеңейюі мен тереңдеуіне тікелей байланысты.
Халықаралық валюталық құқықтың маңызы мен мәні дүниежүзілік шаруашылығының қатынастары мейлінше күрделеніп олардың ұйымдық-құқықтық нысандары дамыған сайын арта түседі.
Халықаралық валюталық құқықтың түсінігі қарастырмасан бұрын осы түсінік төңірегіндегі біраз мәселелерін анықтап алуға тура келеді. Бұл арада айтарымыз, біріншіден Қазақстан Распубликасында валюталық қатынастарды реттейтін құқықтың саласының және оның нормаларының жасап қолданушы институттардың негізін қалыптасып бола қойған жоқ. Бірқатар ғылымдар құқықтың бұл саласын халықаралық төлемдер мен не -сиелер құқығы т.с.с деп жалғастыра береді.

1 Қазақстан Республикасының ақша жүйесі
1.1 Қазақстандағы ақша реформалары
Қазақстан Республикасында 1993 жылы ақша реформасын жүргізудің негізгі себебі — ақша белгісін тұрақтандыру. Себебі КСРО ыдырағаннан кейінгі екі жыл аралығында кеңестік рубль бұрынғы одақтас республикалардың орнына құрылған тәуелсіз елдерде біртектес ақша ретінде қолданылды. Ол елдерде 1986 жылы басталған экономиканы қайта құру кезінде өндіріс құлдырап, айналыстағы ақша массасы өсіп, инфляция қарқыны шарықтады. Тауарлар мен азық-түлік негізінен шетелдерден тасылды. 1990 ж. қолма-қол ақша эмиссиясы 25 млрд сом болды, ол 1981-85 жж. эмиссияланған қосынды сомадан әлдеқайда көп еді.
1991 ж. қаңтарындағы КСРО Мемлекетптік банкінің 1961 ж. үлгідегі 50 және 100 сомдық ақша белгілерін төлемге қабылдамау және оларды айырбастау тәртібі мен азаматтардың салымдарын қолма-қол ақша беруді шектеу туралы КСРО Президенттің Жарлығы және КСРО Министрлер Кабинетінің қаулысына сай 1991 ж. үлгіде 50 және 100 сомдық купюралар шығарылды. Ескі ақшаларды жаңасына айырбастау процесі жеке адамдар үшін үш күнде өтті. Кейін 1992 ж айналысқа 200, 500, 1000 сомдық кеңестік үлгідегі ірі купюралар шығарылды.

1.2 Қазақстанның ұлттық валютасы – Теңге
Теңгенің алғашқы банкоталарын полиграфиялық дайындауды «Харрисон және ұлдары» фирмасы жоғары деңгейде жүзеге асырды (ол ең жақсы экспорттық өнім ретінде Ұлыбритания королевасынан «Алтын белгі» алды).
Ұлттық валюта енгізілгеннен кейін алғашқы екі жыл біздің еліміз үшін өте қиын жылдар болды. Жалпы экономикалық сипаттағы объективті қиындықтар (бағаларды ырықтандыруға және өндірістің құлдырауына байланысты инфляцияның жоғары деңгейі, импорт тауарларына қанағаттандырмайтын сұраныстың едәуір көлемі) шетел валютасына сұраныстың едәуір өсуі не, ал ізінше,бағамның өсуіне әкеп соқтырды. Теңгені енгізуіне байланысты есеп айырысу жүргізген кезде ұлттық валюта тұрақтылығына ықпал ете алатын барлық негізгі факторлар есепке алынады. Алғашқы кезде теңге бағамы төмендейді деп күтілген болатын. Алайда, мысалы, 1994 жылы кәсіпорындардың сәтсіз жүргізілген өзара шаруашылық есеп беруі сияқты өкінішті экономикалық жаңсақтықтар алғашқы айларда теңге айналысының жағдайын біршама қиындатты. Енгізілген кезден бастап алғашқы 7 айда теңге 8 есе құнсызданды.

1.3 Теңгенің тұрақтылығына қол жеткізу жолдары
Ұлттық валютаның ішкі тұрақтылығы инфляция қарқынының төмен болуының сақталуымен, ал сыртқы тұрақтылық – айырбас бағамының тұрақтылығымен сипатталады. Инфляцияның төмендеуі макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізеді және сол арқылы экономикалық өсуге жағдай жасайды. Айырбас бағамының тұрақтылығы инфляциялық күтулерге және ішкі қаржы рыноктарының тұрақтылығына оң ықпалын тигізеді.
Экономикада ақша ұсынысының сұраныстан едәуір артуы бағалардың өсуіне, яғни инфляцияны тездетуге әсер тигізеді. Сондықтан Ұлттық банк ақша-кредит саясатының құралдарын пайдалана отырып , экономикаға ақшаның түсуін реттейді. Мысалы, ақша шамадан тыс көп түскен кезеңдерде Ұлттық банк портфеліндегі мемлекеттік бағалы қағаздардың бір бөлігін сатып, ақша ұсынысын азайтады. Ақша жетіліксіз көлемде түскен кезеңдерде қайталама рынокта айналыста жүрген мемлекеттік бағалы қағаздардың бір бөлігін сатып алып, ақша ұсынысын ұлғайтады.

2 Қазақстан Республикасында валютаның жүйесі және валюталық операцияларды жүргізу ережелері және реттеу органдары
Қазақстан ұлттық валюта жүйесі қазіргі кезде өзінің қалыптасу және даму дәуірін бастан көшіріп отыр. Дегенімен оның негізгі тенденциялары мен пішіні жеткілікті түрде анықталды деп айтуға болады. Біздің мемлекет дүниежүзілік шаруашылыққа интеграциялануға бағыт алып, 1992 жылдың 15 шілдесінде Халықаралық валюта қорына (МВФ) мүше болып кіреді.
Ұлттық валюта жүйесі дүниежүзілік валюта жүйесінің құрылымдық принциптеріне сәйкес қалыптасты. Қазақстан Республикасының қазіргі валюталық жүйесі мен оның негізгі элементтерін (белгілерін) мұқият қарастырып көруге мүмкіндіктер жеткілікті деп есептейміз.
Ұлттық валюта жүйесі дегеніміз ұлттық заңдармен немесе мемлекетаралық келісім-шарттармен бекітілген валюталық қатынастарды ұйымдастыру мен реттеу нысаны. Ұлттық, дүниежүзілік, халықаралық, аумақтық деп жіктелетін валюталық жүйелерді мақсаты мен атқаратын рөліне сәйкес ажыратуға болады.
Ұлттық валюта жүйесінің дүниежүзілік валюта арнаулы лицензиясы бар тұлғаларға ғана беріледі.

Қорытынды
Қорыта келгенде, халықаралық валюталар қатынастар - ұлттық шаруашылықтарының қызметкерлерінің нәтижесінен өзара қызмет ететін және әлемдік шаруашылықтағы валюталардың қызмет етуі барысында қалыптасқан қоғамдық қатынастар жиынтығын білдіреді.
Халықаралық валюта қатынастары шаруашылық байланыстарының интернационалдануы негізінде бірте-бірте белгілі бір формаларды иемдене бастады. Нәтижесінде валюталық жүйе қалыптасты.
Валюталық жүйе дегеніміз - ұлттық заңдылықтармен немесе мемлекет аралық келісім шарттарымен бекітілетін валюталық қатынастарды ұйымдастыру және реттеу формасын білдіреді.
Валюталық жүйелер 3 түрге бөлінеді:

Ұсынылған әдебиеттер тізімі
1. Аникии А. В. Адам Смит. М.: Молодая гвардия, 1968.
2. Блауг М. Экономическая мысль в ретроспектяве. М.: «Дело Лтд/ 1994.
3. Жид. Ш. Рист. Ш. История экономических учений. М.: Экономика, 1995.
4. Кондратьев Н. Д. Избр. соч., М.: Экономика. 1993.
5. РоббинсЛ. Предмет политической теории //ТНЕSIS. Зима. 1993. Т.1, Вып. 1.
6. Самуэльсон П. Экономика. В 2-х т. М.: Алгон. 1992.
7. Смит А. Исследование о природе и причинах богатства народов. М.: Соцэкгиз. 1962.