Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі

Тип: Эссе (Реферат)

Объем: 3 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу - уақыт талабы

Ел тәуелсіздігінің ең басты белгісі - оның ана тілі. Ұлттық мәдениеті жоқ ел ешқашан да егеменді ел бола алмайды, болуы да мүмкін емес. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында мемлекеттік тілді дамытуға барынша көңіл аударылып отыр. Қоғамдық өмірдің әр қилы салаларында қазақ тілін белсенді түрде қолдану қажет. Бүл бірінші кезекте - іс қағаздарын жүргізу қызметіне қатысты. Іс қағаздарын жүргізуді бір жүйеге келтірмей, мемлекеттік ресми құжаттарды әуелі қазақ тілінде жасамай, іс қағаздарын барлық сала бойынша қазақ тілінде жүргізбей оның қолданылу аясы кеңімек емес.

Тіл - рухани әлемнің таусылмас байлығы. Ол тарихтың да, мәдениеттің де, өнердің де қайнар көзі. «Тілдер туралы» заңның 4 - бабында былай делінген; Қазақстан халқын топтастырудың аса маңызды факторлары болып табылатын мемлекеттік тілді меңгеру - Қазақстан Республикасының әрбір азаматының парызы. Үкімет, өзге де мемлекеттік, жергілікті өкілді және атқарушы органдар Қазақстан Республикасының барша азаматтарының мемлекеттік тілді еркін және тегін меңгеруіне қажетті барлық ұйымдастырушылық , материалдық техникалық жағдайларды жасауға; қазақ диаспорасына ана тілді сақтап дамытуы үшін көмек көрсетуге міндетті.
Қазір жоғары және орта арнаулы оқу орындарында іс қағаздарын қазақ тілінде жүргізу пән ретінде оқытылуда. Бүл пәннің алға қойған міндеттері: