Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Банктік ісі

Тип: Курстық жұмыс

Объем: 30 стр.

Год: 2012

Полный просмотр работы

Кірістерді құру көздері және банктің қаржылық нәтижесіне оның әсері. Банк кірістері мен шығындарының есебі


Жоспар
Кіріспе 3
1 Бөлім. Кірістер мен шығындарды белгілеудегі критериялары мен әдістері 5
1.1 Кірістер мен шығындардың белгіленуі 5
1.2 Банк кірісінің құру көздері мен жіктелуі 7
1.3 Банк шығындарының жіктелуі 11
2 Бөлім. Қаржылық нәтижені анықтаудағы кірістер мен шығындар есебінің көрінісі 14
2.1 Банктің кіріс операциясының есебі 14
2.2 Банктің шығын операциясының есебі 16
2.3 Қаржылық нәтиже, таза кіріс есебі мен талдауы 20
3 Бөлім. Қаржылық нәтижеге әсер ететін факторлар 26
Қорытынды 29
Қолданылған әдебиеттер 30

Кіріспе

Қазақстан Республикасының банктері нарықтық экономика жүйесіне өтті. Тәуелсіздік алғанымызда құрылған банктер нарықтық экономикада жақсы жұмыс істеп, соның нәтижесінде пайда алу үшін көптеген әдістер іздестірді. Негізінде Қазақстанның банктерінің кірістері тәуелсіз алған жылдан бастап, қазіргіге дейін онша жоғары көлемде болған жоқ еді. Бірақ, соңғы жылдары, яғни 2003 жылдан бастап банктердің кірістілігі артуда. Оған дәлел болып келетін статистикалық мәліметтер.
Әрине әр бір банк белгілі бір кіріс алады, бірақ ол банктің қызмет атқаруына байланысты болып келеді. Неғұрлым өз қызметін жақсы атқарса, соғұрлым көп көлемде кіріс ала алады.

1 Бөлім. Кірістер мен шығындарды белгілеудегі критериялары мен әдістері

1.1 Кірістер мен шығындардың белгіленуі

Әрбір кәсіпкерлік қызметтің басты мақсаты пайда табу болып табылады. Бухгалтерлік есептің ең басты атқаратын қызметі - есептемеде банктің кірісінің жеткіліктігімен немесе кірісі мен шығынын белгілеу.
Табыс - бұл шаруашылық қызметті жүргізу нәтижесіндегі капиталдың көбеюі, толық шығынды алып тастағандағы жалпы табыс.
Есепшілер «бөлінбеген немесе таза кіріс» деген терминді қолданғанды жөн көреді.
Таза кіріс =кірістер-шығындар
Егер де шығын кірістен көп болса, онда жабылмаған зиян туралы әңгіме қозғалады.
Кіріс - активтің көбеюі немесе несиелі қарыздың азаюы формасындағы есеп беру кезіндегі экономикалық табыстың көбеюі. Яғни банктің өз қызметі нәтижесіндегі алған пайдасы.
Шығын - активті пайдалану немесе қарыздың көбеюі формасындағы есеп беру кезіндегі экономикалық табыстың азаюы. Шығындар капиталдың азаюына да себеп болып табылады. Шығын - кірісті төмендету көзі.
Кірістер банктің өмір сүру құралы болып саналады. Оларсыз табыс жоқ, табыссыз банк жоқ. Кірістер негізгі және негізгі емес қызметтен болған кірістер болып бөлінеді. Кіріс пен шығынның құрылымы және табыс есебінің реті Ұлттық Банкпен анықталады. Бухгалтерлік есептің қағидалары баптарды субъектінің қаржылық есеп беруіне қосылатын процессін мойындау болып табылады.
Кірістер мен шығындарды белгілеудегі критерийлары келесідей:

1.2 Банк кірісінің құру көздері мен жіктелуі

Кіріс – активтің көбеюі немесе несиелік қарыздың азаюы формасындағы есеп беру уақытындағы экономикалық табыстың көбеюі. Кіріс шығындарды жабу көзі болып табылады.
Коммерциялық банктердің табыс көздеріне мынадай банктік банктік бизнес түрлерін жатқызуға болады:

1.3 Банк шығындарының жіктелуі

Банк өз қызметін жүзеге асыру барысында көптеген банктік операцияларды жүргізеді. Операцияларды жүргізуде пайыздық, пайыздық емес және басқа да шығындары болады. банк осы операцияларды жүргізуге арналған ғимараттары, құрылғылары және қызметкерлері болғандықтан оның әкімшілік және басқа да шығындары болады.
Екінші деңгейлі банктердің шығындарын формасына және есепке алу тәсіліне қарай жіктеуге болады.
Формасына қарай, олар мынадай түрлерге бөлінеді:

2 Бөлім. Қаржылық нәтижені анықтаудағы кірістер мен шығындар есебінің көрінісі

2.1 Банктің кіріс операциясының есебі

Банктің кірістер есебін жүргізу үшін IV класында мынадай шоттар ашылған:
4100 - «Ұлттық Банкте орналастырылған депозиттер бойынша сыйақы (мүдделік) алумен байланысты кірістер».
4200 – «Сатуға арналған бағалы қағаздар бойынша сыйақы алумен байланысты кірістер».
4300 – «Басқа банктерге ұсынылған несиелер мен аванстар бойынша сыйақы алумен байланысты кірістер».
4400 – «Клиенттерге ұсынылған несиелер бойынша сыйақы алумен байланысты кірістер».
4500 – «Дилинг операциялары бойынша кірістер».
4600 – «Банктің комиссиондық кірістері».
4700 – «Банктің қайта бағалаудан кірістері».
4800 - «Басқа да операциялық кірістері».
4900 – «Айыптар, өсім ақылар, тұрақсыздықтар».
4999 – «Салыққа дейінгі кірістер».
Банк кірісін есептегенде оның сәйкестігі мен бақылануы қадағаланады. Қызмет көрсетілген кезде клиенттер мен енгізілген сомалар банк балансында бейнеленеді. Заңды және жеке тұлғаларға көрсетілген қызмет үшін алынған нақты ақша түріндегі комиссиондық кіріс:
Дт – 1001
Кт – 4801, 4802, 4920
4801 – «Жалға беру бойынша кірістер».
4802 – «Басқа да операциялық кірістер».
4920 – «Басқа да кірістер».
Заңды тұлғаларға көрсетілген қызмет үшін нақты ақшасыз түрдегі комиссиондық кіріс:
Дт – 1051, 2203, 1351
Кт – 4250, 4300, 4400
Жеке тұлғаларға көрсетілген қызмет үшін нақты ақшасыз түрдегі алынған комиссиондық кіріс:

2.2 Банктің шығын операциясының есебі

Банктің операциялық шығындары дегеніміз – есеп беру кезінде экономикалық пайданың ағымды түрдегі, активтерді қолдану түрінде немесе меншікті капиталдың азаюына әкелетін берешектің пайда болуы. Шығындар есептеу әдісі бойынша теңгеде есептелінеді, яғни ағымды айға немесе жылға тиісті бөлігі жіберіледі.
Осы шығындар есебі үшін V класта шоттар ашылған:

2.3 Қаржылық нәтиже, таза кіріс есебі мен талдауы

Банктің қаржылық нәтижесін анықтамас бұрын кірістер мен шығындарға көңіл бөліп талдаған жөн.
Капитал, банктің қаржылық жағдайының ең маңызды көрсеткіштерінің бірі дедік. Ал капиталдың тұрақты жағдайын сәйкес табыстарсыз қолдану мүмкін емес. Банк неғұрлым рентабельді жұмыс жасаған сайын соғұрлым жыл сайын өзінің капиталын толықтырып, акционерлеріне пайда беріп отырады. Акционерлер банктің одан әрі дамуына жағдай жасайды, ал шығындар банктің капиталын азайтып немесе жойып жіберуі мүмкін.

3 Бөлім. Қаржылық нәтижеге әсер ететін факторлар

Банк өз қызметінің нәтижесінде таза кіріс немесе зиян шегеді. Қызметінің жақсы жүруі таза кіріс әкеледі. Таза кіріс көлемі – салыққа дейінгі пайыздық, пайызсыз кіріс пен пайыздық , пайызсыз шығынға тең.
Бағалы қағаз бойынша операциялар таза кіріске әсер етеді. Бағалы қағаз бойынша кіріс немесе шығынға ұшырауы мүмкін. Егер де бағалы қағаз мемлекеттік болса, онда оның өтімділігі де, кірістілігі де жоғары болады. бұл бағалы қағаздан түскен кірісті банк жалпы пайыздық кіріс құрамына қосады. Ал несиеге келсек, бұл банктің ең көп кіріс табу көзі болып табылады. Бірақ тәуекелділігі де жоғары болып саналады. Банктер бұл операция түрінен кіріс табады, егер де ол операция қайтымды болса. Қазіргі таңда банктердің таза кірісіне осы проблемалық несиелер кері әсер етеді. Себебі, несиелік зияндарды жабуға құрылған резервтер банктің таза кірісін төмендетеді. Егер несие тәуекелділігі жоғары болса, онда банк бағалы қағаз бойынша кірістерді көздейді.
Қаржылық нәтижеге тағы бір әсер етуші фактор активтердің орналасуы. Сондықтан активтерді дұрыс орналастыра білу қажет.
Актив – акцияның қозғалмайтын мүлкі. Ол ө құзырындағы қозғалмайтын мүлікті сатып капиталын көбейе алады. Бұл ағымды кіріске әсер етеді. Таза кіріс екіге жіктеледі: акционерлерге және бөлінбеген таза кіріске – банк ресурсының базасын көбейтеді.

Қорытынды

Қазіргі таңда ірі банктер кірістілігі және сенімділігі мен айтарлықтай жоғарғы рейтингті иеленген. Бұл банктер қатарынада «Тұран Әлем» банкі, «Казкоммерцбанкі» , «Халық банкі» жатады. Болашақта Казкоммерцбанк Т23,8 млрд көтеруге, Халық банкі стратегиялық инвесторларды іздестіруде, ал Альянс банкі 2007 жылға дейін 100 млн доллар көтеруге ұмтылған т.б. банктер өзінің капиталын көбейтуге ұмтылады.
Бәсекелес орта банк қызметінің талдамалық ортасы болып табылады. Банк осы бәсекелестік ортада жеңіп шығып, капиталын көтеру үшін және өз қаржылық нәтижесін ұлғайту үшін әртүрлі әдістер іздестіруде. Кейбір жағдайда көптеген банктер акциялық жағдайларға байланысты, инвестрларға тартымсыз бағалы қағаз. Бұндай жағдайда банктің проблемалық жағдайларын құрылтайшылық қаржылар және стратегиялық инвестицияның қаржылары арқылы көбейтеміз және де банкте өз жағдайын қалыптастыру үшін менеджерлік басқару және аналитикалық бөлімде өте жүйелі қызмет құралуы. Әрбір банкте кірісті көбейту және шығынды азайту мәселесі басты поблемасы.

Қолданылған әдебиеттер

1. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі;
2.Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы» Заңы 30. 03. 1995. №2155 (өзгерістер мен толықтыруларды қоса 30. 05. 2001. №182-II);
3. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының Банктер және банктік қызмет туралы» Заңы 31. 08. 19995. №2444 (өзгерістер мен толықтыруларды қоса 25. 04. 2001. №179-II);