Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 61 стр.

Год: 2013

Предварительный просмотр

Бала бақшадағы балалардың танымдық белсенділігінің теориялық мәселесі


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 6
1 Бала бақшадағы балалардың танымдық белсенділігінің теориялық мәселесі 9
1.1 Бала дамуының психологиялық ерекшеліктері 9
1.2 Бала бақшадағы балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту жолдары 14
1.3 Бала бақшадағы балалардың тілін дамыту әдістері 29
2 Мектепке дейінгі балалардың танымдық белсенділігінің даму
ерекшеліктерін эксперименталды зерттеу 39
2.1 Зерттеуді ұйымдастыру 39
2.2 Әдістемелерге сипаттама 40
2.3 Зерттеу нәтижелерін талдау және оның интерпретациясы 44
ҰСЫНЫС 56
ҚОРЫТЫНДЫ 59
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 61

КІРІСПЕ
Заң талаптары негізінде бүгінгі жас ұрпақты тәрбиелеу үлкен жауапкершілік жүктейді. Қай елдің болмасын іргетасы, жарқын болашағы –ұрпағы екені белгілі. Олай болса, тілдің қадір-қасиетін, туған жерінің салт - дәстүрін әдет - ғұрпын бала бойына жеткізе білу әрбір тәрбиешінің басты борышы, сол ұрпақты тәрбиелейтін де, жоғары, саналы дейінгі балалардың қарапайым азамат ретінде қалыптастыратын да алғашқы баспалдақ балабақша десек, артық айтқандық болмас.
Қазіргі жас ұрпақты, білімді, мәдениетті, ұшқыр қиялды, өз ұлтың сүйетін, нағыз қабілетті етіп тәрбиелеу баршамыздың міндетіміз. Дүниедегі ұшқыр ойлы, тек қана шындықпен жүретін нәзік те, пәк те, батыл да батыр - ол бала. Өйткені, оның жаны да нәзік, нанғыштығы да тез, ол «өмірдегі барлық құбылысты білсем, ол неге олай, не бұлай деп, дүние сырын ашсам» деп талпынады, ұмтылады.

1 Бала бақшадағы балалардың танымдық белсенділігінің теориялық мәселесі
1.1 Бала дамуының психологиялық ерекшеліктері
Бала бақша кезіңде бала организмнің дамуы қарқынды тұрде өтеді. Бала организімінің жалпы өсумен қатар жекелеген мүшелерінің анатомиялық түрде дамуы, олардың функцияларының жетілуі де байқалады. Сондай – ақ баланың бұлшық еттері әрі қарай қалыптасып, тыныс алу, қан айналу жүйелерімен дамып, мый салмағы 900-1000 грамға дейін өседі.
Үлкен мый сыңарларының қабықтарының реттегіш ролі, мый қабығы астындағы орталықтардың бақылау рөлі артады. Шартты рефлекстердің пайда болу жылдамдығы артып, - 2 сигнал жүйесі қарқынды дамиды.
Ерте сәбилік шаққа қарағанда баланың әлеуметтік орны өзгереді, енді оның жасына сай кейбір қарапайым өздегінен атқаратын міндеттер пайда болып, үлкендерден тәуелділігі азаяды. Балабақшаға барса, белгілі бағдарлама бойынша баланы жүйелі оқыту мүмкіндігі туады.

1.2 Бала бақшадағы балалардың логикалық ойлау қабілетін дамыту жолдары
Білім беру жүйесінің барлық сатыларының алдында тұрған көкейкесті мәселелердің бірі білім сапасын арттыру, оның әдістемесінің жетілдіру, жас ұрпақтың тұлғалық дамуына қолайлы жағдай жасау, логикалық ойлауын дамыту болып табылады. Осыған сәйкес мектепке дейінгі ұйымдар – тәрбиеленушінің адамгершілік, интеллектуалдық мәдениеттілігі мен дамуын қамтамасыз ететін ізгілендірілген, демократияландырылған білім сатысы болуы шарт деп есептейміз. Мұнда тәрбие мен білім беру тығыз бірлікті қарастырылып, олардың мазмұны және сапалары бойынша біртұтас кіріктірілген кешенде жүйеде жүргізіледі. Кешенді оқыту туралы Ж.Аймауытов: «кешенді оқыту дегеніміз - бұл өмірдегі сан алуан құбылыстарды, нәрелерді бір пікірдің төнірегіне жинап, қосып, түйдектеп, біріктіріп оқыту» - деп атап көрсеткен. Балабақшада біз қашан да тәрбие мен білім беруді кешенді тұрғыдан егіз ұғым түрінде қарастырамыз.

1.3 Бала бақшадағы балалардың тілін дамыту әдістері
Сәбилердің сөздік қоры мен сөйлеу дағдыларын, бақшадағы тәрбие жұмысының барысын зерттеуде анықталған мәселелер мектепке дейінгі сәбилердің сөздік қоры толық жетіліп болмағанын, заттар мен құбылыстар туралы, зат мен сөзді байланыстыра сөйлеу ісінде дәлсіздік, сөз қайталау, үстірттік бар екенін көрсетті. Байқау үшін сәбилермен сөйлескенде, көбінесе, бір сөзбен ғаңа жауап береді.
Сурет мазмұнын жетекші сұрақтың көмегінсіз өз беттерімен айтып бере алмайды. Айналадағы таныс, күнделікті пайдаланып жүрген заттар туралы сұрағанда кейбір балалар заттың атын ғана атайды, ал сол заттың жеке бөліктері, неңін не үшін қажеттігі жайлы сипаттай білмейді.

2.3 Зерттеу нәтижелерін талдау және оның интерпретациясы
Зерттеу жұмысымыздың алдында балалардың сөздік қорын анықтау үшін және сол сөздерді әңгіме кезінде қолдана алу мүмкіндіктерін тексеру үшін «Қажетті сөзді тап» әдістемесін қолдандық
2 кесте.
«Қажетті сөзді тап» әдістемесінің тәжірибеге дейінгі нәтижелері

ҰСЫНЫС
Теориялық және эмпирикалық зерттеу жұмыстарынан алынған қортынды нәтижелерге сүйене отырып бала бақша тәрбиешілеріне, ата-аналарға, төменгі сынып мұғалімдеріне, мектеп психологтарына және оқу департментіндегі бала бақшаларына жауапты әдіскерлерге арнап төмендегідей ұсыныстар құрылды.
Түзету бағдарламасы С.А.Левашованың «Развитие мышления у детей», А.Лопатина, М.Скребцованың «600 творческих игр для больших и маленьких», «Сказки о буквах и словах», «Начало мудрости», А.И.Шужебаеваның «Педагогика коррекции трудностей в общении у детей дошкольного возраста», Х.Т.Шерьязданованың «Развитие воображения и творческих способностей у детей младшего школьного возраста» еңбектеріне сүйене отырып құрылды және балалармен екі айға жуық өткізілді.

ҚОРЫТЫНДЫ
Сонымен, біз осы дипломдық жұмысымызда бала бақша балалардың танымдык белсенділіктерінің ерекшеліктерін теориялық және эмпирикалық оқып зерттедік.
Бала бақшадағы балалардың тілін дамыту , сөздік қорын молайту ісінде айналадағы өмір құбылысын бақылату, көрсетіп, нақты таныту, көрген - білгені жайлы сұрап әңгімелесу олардың сөйлеу тілін дамытуда ерекше орын алады.
Балалардың тілін дамыту методикасын жасауда көрнекті ғалымдар ұсынған (Е.И.Тихеева, В.И.Логинова зат таныту айналадағы жануарлар дүниесін бақылату, өмірде қажетті заттардың жеке бөліктерін сөзбен атап айтуға, кейбір ерекшеліктерін салыстыра, ажырата білуге, адамға қажетті кейбір бұйымдардың неден жасалатынын, қайда, кімдер жасайтынын ұғындыру ісін сәбилер обынан бастау тиімді деген қағиданы біздің экспериментіміз дәлелдей түсті.