Құқықтық дәстүр, оның құқықтың бастау көзі ретіндегі ерекшеліктері
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
1 Құқықтық дәстүр (әдет) заңдарына жалпы сипаттама 8
1.1 Құқықтық дәстүр (әдет) заңдарының бастаулары 8
1.2 Әдет-ғұрып құқығындағы нормалар мен қағидалар 10
1.3 Қазақ қоғамындағы билер қызметі 14
2 Құқықтық дәстүр (әдет) заңдарының қамтыған салалары 21
2.1 Дәстүр (әдет) заңындағы отбасы-неке құқығы 21
2.2 Меншік дәстүр (әдет) заңы 28
2.3 Мұрагерлік құқық және міндеткерлік 33
2.4 Қылмыс дәстүр (әдет) заңы 36
3 Қазақ әдет-ғұрпында қолданылған заң негіздерінің түрлері 49
3.1 Майқы би шығарған жарғының қысқаша мазмұны 49
3.2 «Қасым ханның қасқа жолы» 50
3.3 «Есім ханның ескі жолы» 53
3.4 Тәуке хан және «Жеті жарғы» 55
ҚОРЫТЫНДЫ 70
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 72
КІРІСПЕ
Еліміз егемендік алып, мемлекеттік тәуелсіздігіміз өмір ақиқатына айнала бастауымен қатар ұлтымыздың құқықтық мәдениетін танып білу және игеру, оны жаңғырту және пайдалану күн тәртібіне қойылып отыр. Ол мемлекеттің даму тарихы мен байланысты. Кез-келген қоғамның даму кезеңін талдай отырып, бастапқы кезеңдегі заң нормаларын аттап өтуіне болмайды. Бұл жалпы құқықтың орнығуына, теориялық, тұрғыдан түсінуге мүмкіндік береді.
1 Құқықтық дәстүр (әдет) заңдарына жалпы сипаттама
1.1 Әдет-ғұрып заңдарының бастаулары
Әдет заңдары көшпелі халықта қоғамдық дамудың ұзақ процесінде біртіндеп қалыптасты, ұрпақтан ұрпаққа жалғасты, заманаға сай жетілді. Көшпелілер қоғамы бытыраңқы болғандықтан ру мүддесін қорғау қажеттілігінен әрекет нормалары өмірге келді. Сол әрекет нормалары жетіле келе көшпелілер тіршілік еткен халықтың дамуы және сабақтасуы барысында қоғамдық қатынастарды ретке салатын әдет заңдарына айналады. Өмір қажеттілігі әдет заңдарының мазмұнын молайтты, рөлін күшейтті, толықтырды және жетілдірді. Өзіне тән ерекшелігі бар дала заңдары ақыры тарих беттерінен айқын көрініс тапты. Азияны қоныстанған көшпелілер арасындағы ғұн, үйсін, қаңлы және түркі сынды жетекші ұлыстар өздерінің әр кездегі, әр деңгейдегі әдет заңдарын біртіндеп өмірге әкелді.
1.2 Әдет-ғұрып құқығындағы нормалар мен қағидалар
Көшпелілердің құқықтық мәдениетінің халық тұрмысына және тіршілігіне барынша лайықтанған, оның күнделікті өмірде қолдануына ең бейімделген сүбелі бір бөлігі - әдет-ғұрып құқығы нормалары мен институттары. Әдет-ғұрып құқығы нормалары тұп-тура және дәлме-дәл іске асып қолданылуға, орындалуға арналмаған. Қоғам мүшелеріне оларды бұлжытпай орындауға сырттан, жоғардан міндеттелмеген еді.
1.3 Қазақ қоғамындағы билер қызметі.
Билердің құрылымдық жүйесі. Қазақ халқының да ертеден қалыптасқан өзіндік ел басқару жүйелері болған. Олар: ел басшысы-ханы, елдің тыныштығын ойлаған ерлері, сөзін сөйлеген шешен-билері.
Қазақ халқының тарихында билер институтының алар орны мен үлес салмағы айрықша. Себебі, мемлекеттің саяси және әлеуметтік қалпын тек қана ғұрыптық құқық емес, сол сияқты рухани-мәдени салт-дәстүр негізінде де ұштастыра әрі теңдестіре отырып қамтамасыз етуші бірден-бір құрылым ретінде дәстүрлі билер институты орасан зор рөл атқарды.
2 Құқықтық дәстүр (әдет) заңдарының қамтыған салалары
2.1 Дәстүр (әдет) заңындағы отбасы-неке құқығы
Дүниежүзі халықтары тәрізді, қазақтың да өзіне тән отбасы тарихы бар.
Адам баласы басынан өткізген сан алуан қоғамдық – экономикалық формациялардың қай-қайсысы болмасын әр қилы отбасы түрлерімен тығыз байланысты болған. Ф.Энгельстің айтуынша, топты неке-жабайлық дәуірге тән болса, жұпты отбасы өркениетті дәуірге тән болған [12, 38 б.].
2.2 Меншік дәстүр (әдет) заңы
Меншік дәстүріндегі әдет нормаларына тоқталған кезде біз ол заңдарды қазақтың ірі тайпа- мемлекеттерінің төңірегінде тоқталамыз.
Үйсіндердің меншік әдет заңы.
Меншік – көшпелілердің дала өмірдегі мәнгілік мүдде. Жеке отбасынан ел билігіне дейінгі әлеуметтік өзгерісті туындататын тетік. Одан туған түсініспестік, өзгеріс және зиян, берісі – рулар арасында дау-дамай тудырады, ушыққанда ұлыстарды дауластырады. Сондықтан меншік көшпелі өмірдің жинақталған бейнесі, негізі. Кіндік Азиядағы көшпелілер меншік қатынастарын бұрыннан жалғасып келе жатқан әдет заңдарымен үйлестіріп келді.
2.3 Мұрагерлік құқық және міндеткерлік
Қазақ халқы ежелден-ақ мұрагерлікке ерекше көңіл бөлген. Қайсы заманда, қандай заң шығарылса да мұрагерлік ол – заңдардан шет қала алмаған. «Қасым ханның қасқа жолында да», «Есім ханның ескі жолында да», Тәуке ханның «Жеті жарғысында» да тіпті Ресей боданы кезінде де бұл мәселе көрнекті орын алған.
2.4 Қылмыстық дәстүр (әдет) заңы
Қылмыс адамдардың бас амандығына, денсаулығына, құқына және мүддесіне зиянды әрекет. Отбасының тыныштығы, қауымның тұрақтылығы, мемлекет билігінің орнықтылығы шаруашылықты өркендетуді, мәдениетті дамытуды, қоғамды ілгері бастыруды қажет етеді. Керісінше, алаңсыз өмірге пәлекет тисе, әлеумет ойран болса, онда бәрі де кері кетеді, құриды. Сондықтан, қылмысты ауыздықтау, жеке адамның құқын қорғау, қоғамдық топтардың мүддесін үйлестіру, қоғамдық қатынастарды жөнге салып отыру үшін қылмысқа қарсы заң керек болды.
3 Қазақ әдет- ғұрыпында қолданылған заң негіздерінің түрлері
3.1 Майқы би шығарған жарғының қысқаша мазмұны.
1. Адам құны туралы. Ол былайша ережеленіп түзілген.
«Соғыста өлгендерге /әр екі жаққа да/ құн төленбейді. Майданда өлген ерлерге 100 бесті төлеу күшінен қалдырылады. Құн төлеу жеңілдетіледі. Қанға қан алу күшін жояды, басқа жолдармен құн немесе айып салынады. Ежелгі төре, бай, бектер үшін қос құн /жай адамның екі есе құны/ төлеу де күшін жояды. Кім қаншалық зақым алса, қарсы жақ соншалық төлем немесе айып төлейді», - деп адам құқына, оның азаматтық тұлғасына жете мән беріліп, бұрыннан келе жатқан қатал да тұрпайы заңдылықтарды реформалау нышаны әбден аңғарылады.
3.2 «Қасым ханның қасқа жолы»
Қазақ хандығында «Қасым ханның қасқа жолы» деп аталатын заң болды. Бұл заң сол заманда ислам дінін тұтынатын Күншығыс пен Орта Азияның бірсыпыра елдердегі феодалдық мемлекеттермен хандықтар да жаппай қолданылып отырған ислам дінінің «шариғат» заңынан мүлдем басқаша болатын. Бұл қазақ хандығының ерекше тарихи әлеуметтік- экономикалық және саяси жағдайының туындысы еді. «Қасым ханның қасқа жолы» атанған, әрі ел басқару ісінде қолданылған әдет-ғұрып заңдарының негізі ежелгі әдет-ғұрып заң нормаларына сүйенген. Жошы ханның екінші баласының тұқымы хан өзінен жоғары бесінші ата жердегі бабасы – Жошы ханның тәртіп-заңдарындағы кейінге қалдырып кеткен «әдет-ғұрып» жол-жораларына, дәуіріне сай кейбір өзгерістер енгізген.
3.4 Тәуке хан және «Жеті жарғы»
Көп жылдар бойы ұлтымыздың тамыры тереңге кеткен тарихы және елінің бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күрескен аяулы тұлғаларының есімін атауға тыйым салып, коммунистік-тоталитарлық идеологияның үстемдік етуімен басылған әдебиеттерде өткен өміріміз бір сорлы, басқа ел емес, тіпті өзіміз шошитын құбыжық өмір болып суреттелінді. Тек тәуелсіздікке қолымыз жеткеннен кейін тарихымызға деген көзқарас, құштарлық арта түсіп, еліміздің өткенін тану жиналған астықпен, қазылған кенмен тепе-тең бағаланып, өшіп қалған есімдерді қайта тірілтіп жатырмыз. Міне, осыған орай заманындағы Тәуке хан сондай ардақты есімдердің ішінен ерекше орын алады. Бұған тарих куә, халқымыздың ой-санасы куә. Тәуке хан туралы зерттеулер мүлдем жоққа тән.
ҚОРЫТЫНДЫ
Қазақ даласындағы әдет-ғұрып құқығы дегеніміз құқықтық немесе құқықтық мәні бар қағида, көзқарас, ой-түсінік жүйесі және соларды іске асыруға бағытталған нормалар жүйесі. Оны бірнеше кезеңге бөліп арастыруға болады:
- хандық дәуірге дейінгі кезең;
- хандық дәуірдегі (ХУ-ХУІІІ ғ. басы);
- Ресей өкіметі кезеңіндегі;
- кеңес дәуірінде.