Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі мен әдебиеті

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 64 стр.

Год: 2011

Предварительный просмотр

Көркем проза тілінің лексика-грамматикалық фразеологиялық ерекшеліктері


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
1 Көркем прозаның лексика-фразеологиялық ерекшеліктері мен синтаксистік құрылымы 8
1.1 Әңгімелердің лексика-фразеологиялық ерекшеліктері 8
1.1.1 Бөгде тілдік элементтер мен көнерген сөздер 9
1.2 Әңгімелердегі синонимдер мен антонимдер қолданысы 13
1.3 Әңгімелер тіліндегі диалектизмдер 20
1.4 Бөлшектенген сөйлемдер мен қыстырынды құрылымдардың стильдік қызметі 24
2 Проза тіліндегі көріктеуіш тілдік-стильдік тәсілдер 30
2.1 Ажарлау мен құбылту 30
2.2 Қайталамалардың стильдік қызметі 40
2.3 Комика тудыру тәсілдері 48
2.4 Диалог пен монолог қолданысы 55
Қорытынды 63
Пайдаланылған әдебиеттер 64

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Суреткер белгілі бір қоғамдық ортада, әдеби атмосферада өмір сүретіндіктен өзінен бұрынғы және өз замандастарының шығармаларынан үйреніп отырады немесе оларға өзі ықпал етеді. Осы орайда шын таланттың әдеби мұрасы мен игі дәстүрі ғана әдеби құбылысқа, әдеби тілдің дамуына әсер ететінін естен шығармағанымыз жөн. Сөз шеберлері қалыптастырған қазақ әдебиетіндегі әңгіме жанры-бай дәстүрі бар, үлкен жанрлардың бірі. Оның алғашқы қарлығаштары әрі классикалық үлгілері жиырмасыншы, отызыншы жылдары дүниеге келген. Қазақ әңгімесінің аса көркем үлгілері Б.Майлин қаламынан туған. Жазушының «Сары ала тон», «Берем», «Арыстанбайдың Мұқышы», «Бекберген мектебі», т.б. әңгімелері қазақ әңгімесінің классикалық туындылары болып табылады. М.Әуезов, Ғ.Мүсірепов, А.Байтұрсынов сияқты алыптар тобының осы шағын жанрды қалыптастырып, дамытудағы үлестері - өз алдына бір төбе.

1 Көркем прозаның лексика-фразеологиялық ерекшеліктері мен синтаксистік құрылымы
1.1 Әңгімелердің лексика-фразеологиялық ерекшеліктері

Әдеби тілдің функционалды стильдерінің бірі ретінде көркем әдебиетті тілдік-стильдік қырынан зерттеу, соған орай әдеби тілдің даму бағыттарын бағамдап отыру бүгінде үлкен мәнге ие екендігін айттық. Жазба әдебиеті ертерек дамыған халықтарда бұл үрдістің ғасырлық тарихы болса, қазақ филологиясында көркем әдебиет тілін зерттеу мәселесіне өткен ғасырдың алпысыншы жылдарында ғана назар аударылды. Маман тілшілер Р.Сыздық[1], Е.Жанпейісов[2], М.Серғалиев[3], Б.Шалабай[4] еңбектерімен қоса кейінгі кезеңдерде жазылған еңбектер стилистикалық лингвистика саласын толықтыра түсті. Осы кезеңдерден бастап көркем әдебиет тілінің мәселелері танымал сөз зергерлері мен белгілі бір әдеби кезеңнің тілін қарастырған еңбектерде және әдеби тілдің түрлі проблемалық мәселелерін қарастырған еңбектерде кеңінен сөз етіле бастады. Қазіргі уақытта көркем әдебиет тілі лингвистиканың түрлі салаларында (әдеби тіл тарихында, көркем мәтінді лингвистикалық талдау мен тіл мәдениетінде, стилистика мен семасиологияда) қарастырылып келеді.

1.1.1 Бөгде тілдік элементтер мен көнерген сөздер
Әңгімелер тіліндегі кірме сөздер мен көнерген сездердің қолданысы назар аударып, ерекше сөз етуді қажет етеді. Өзге тілдерден сөз қабылдау - тілдердің бәріне тән құбылыс. Қазақ халқы да өзінің ұзақ даму тарихында бірсыпыра елдермен араласып, қарым-қатынастаржасаған. Осы аралас- құраластықтың, қарым-қатынастың нәтижесін тіліміздің лексикалық қабаттарынан көреміз. Себебі қоғам өміріндегі оқиғалар тілдің лексика саласына тікелей ықпал етеді. Лексикамызға енген сөздердің тілімізге әбден сіңісіп кеткені соншалық, кейде кірме сөздер екені де аңғарылмайды. Күнделікті тұрмыста, ғылым салаларында, көркем әдебиетте актив қолданысқа енген.

1.2 Әңгімелердегі синонимдер мен антонимдер қолданысы
Мағыналары бір-біріне жақын, өзара мәндес сөздер синонимдер, ал мағынасы бір-біріне қарама-қарсы сөздер антонимдер деп аталатыны белгілі. Яғни, синоним мағына жақындығына негізделсе, антоним қарама-қарсылығына негізделген семантикалық құбылыс. Қазақ тіл біліміндегі антонимдерді зерттеуші Ж.Мусин: «Антонимдер лексиканың өзге топтарынан оқшау, жеке-дара тұрған құбылыс емес, олар синонимдермен байланысып жатады» дейді[8]. Қазақ тіліндегі қарама-қарсылықтың коннекторларын қарастырған А.Жүсіпов: «Синонимдер мен антонимдер семантикалық байланыстың екі бір негізгі түрі іспеттес өзара тығыз байланыста болады: нақтылы бір сөздердің синонимдер мен антонимдері бірдей лексика-семантикалық топқа жатады»[9] деген тұжырым айтады. Бұл семантикалық топтың әңгімелер тіліндегі стильдік қызметі кең тынысты талдауды қажет етеді.

1.3 Әңгімелер тіліндегі диалектизмдер
Көркем сөз шеберлері өзіне керекті материалды халық өмірінен, халық тілінен алып пайдаланады дедік. Сондықтан онда жалпыға ортақ біртұтас әдеби тілмен қатар белгілі бір территориялық аймақта ғана айтылатын жергілікті диалектілік ерекшеліктер де кездеседі. Диалектілер көркем шығармада белгілі үш себепке байланысты қолданылады:

1.4 Бөлшектенген сөйлемдер мен қыстырынды құрылымдардың стильдік қызметі
Әңгімелер тілінде ерекшеленетін синтаксистік құрылымдардың бірі - парцелляция құбылысы мен қыстырынды құрылымдар. Парцелляция дегеніміз Ю.В.Ванниковтың анықтамасы бойынша «сөйлемнің, яғни біртұтас синтаксистік құрылымның бөлшектеліп, бір немесе бірнеше тілдік интонациялық мағыналық единицаларда, яғни фазаларда айтылуы»[63.5]. Қазақ тіліндегі парцелляция құбылысына алғашқылардың бірі болып назар аударып, талдау жасағам ғалымдар М.Балақаев пен Т.Сайрамбаев [64]. Сонымен бірге аталмыш тілдік мәселеге назар аударған ғалым Р.Сыздық болды. С.Мұратбеков әңгімелерінен де аса жиі болмаса да біршама мөлшерде бөлшектенген сөйлемдер жинақталды. ңгімелер тіліндегі бөлшектенген сөйлемдердің силистикалық қызметі төмендегідей:

2 Проза тіліндегі көріктеуіш тілдік-стильдік тәсілдер
2.1 Ажарлау мен құбылту
Жазушының тіл шеберлігі тілдің лексика-фразеологиялық қабаттары мен синтаксистік құрылымдарды қолдану ерекшелігімен қатар көріктеуіш тілдік амал тәсілдерге де байланысты. Шеберліктің шыңдалуы үшін сөзді көп білу аз, көркем ойды көріктендіре жеткізетін түрлі тәсілдерді меңгеру қажет. Ондай көркем әдебиет тілінің шеберлік сипатын білдіретін тілдік тәсілдерді екі топқа бөлуге болады:

2.2 Қайталамалардың стильдік қызметі
Тілімізде ертеден келе жатқан әдіс-тәсілдердің бірі қайталамалар. Көне дәуір ескерткіштері мен ауыз әдебиеті үлгілерінен бастап, бүгінгі ақын жазушыларымыздың еңбектеріне дейін зер салып қарасақ, қайталамалардың түр-түрін кесдестіреміз. Өйткені қайталамалардың актив қолданылатын орны көркем шығарма. Онда жиі қолданыла отырып стильдік және құрылымдық-стильдік қызметтер атқарады. Қайталаманың көркемдеуіш тәсіл ретіндегі стильдік қызметі жазушының шеберлігі мен дара стиліне тығыз байланысты болып келеді.

2.3 Комика тудыру тәсілдері
60-80 жылдары қазақ әдебиетінде объектіні ашық әшкерелейтін сатиралық әңгімелер, әзіл-оспақ, қалжың-шыны аралас жылы леппен берілетін юморлық әңгімелер де жазылды. Бұл екеуінің де құралы - күлкі. Сөйтсе де бұл екеуі бір нәрсе емес. Олардың өзіндік ерекшеліктері бар. Сатиралық әңгіме қоғамдық, әлеуметтік мәні зор, күрделі жағымсыз жайттарға ауыз салса, юморлық әңгіме қоғамдық қаупі жоқ, әдет-салт тұрмыстағы ұнамсыз құбылыстарға адамдардың ісіндегі, мінезіндегі, тәртібіндегі жеке міндерге қарсы бағытталады. Әңгімелерде қоғамдағы әр алуан іс әрекеттер, жеке адамдар басындағы қоғамға, елге аса зиянсыз мінез-қылықтар сөз болады.

2.4 Диалог пен монолог қолданысы
Көркем проза тілін лингвистика тұрғысынан зерттеуде басты нысанаға алынатын мәселелердің бірі - кейіпкерлерді сөйлету принциптері. Кейіпкер сөзі диалог пен монолог арқылы беріледі, X. Кәрімов диалогтын адам образын жасаудағы қызметін оның басты қызметі ретінде бағалайды. «... диалог адамдар арасында, өмірде кездесетін сан-қилы қарым-қатынасты бейнелеп, кейіпкерлер репликалары арқылы бір-біріне әсер етіп, адам мінезінің нақты түрде, нанымды турде ашылуына көмектеседі. Соның тілдік амалына айналады» дегенді айтады [12.89].

Қорытынды
Жазушының тіл шеберлігі көріктеуіш тілдік амал-тәсілдерге байланысты. Шеберліктің шыңдалуы үшін көркем ойды көрікті жеткізетін түрлі тәсілдерді меңгеру қажет. Жазушы қолданған тілдік тәсіл ойды бейнелі жеткізумен бірге даралық қолтаңбасын анықтайды. Сондықтан қаламгерлер тілдегі ажарлау мен құбылтудың эпитет, теңеу, метафара, кейіптеу, перифраза, метонимия, синекдоха сияқты түрлері қарастырылып, стильдік қырлары айқындалды.
Ауыспалы мәндегі эпитеттер қолданысының суреттеген құбылысымен, тақырыпқа орай белгілі жағдай, кезеңдермен (сұрапыл соғыстың халыққа әкелген қайғы-қасыреті, соғыстан кейінгі қазақ ауылдарының ауыр тұрмыс-тіршілігі, еңбек майданы, т.б.) тікелей байланыста болатындығы айқындалып, көркемдік әсерлілік үшін қолдану аясы көрсетілді. Авторлық эпитеттердің көбінесе бірнеше сөзден құралған күрделі болатындығын анықтап, жасалу жолын көрсеттік.