Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Әдебиет

Тип: Реферат

Объем: 16 стр.

Полный просмотр работы

Қорқыт туралы аңыз

Жоспар
1. Қорқыт туралы ақиқат пен аңыз 3
2. Қорқыттың өліммен күресі 8
3. Қорқыт атаның өсиет-нақыл сөздері 13
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 16

1. Қорқыт туралы ақиқат пен аңыз
Қорқыт ата - түркі халықтарының бәріне ортақ ұлы ойшыл-кемеңгер, жырау, күйші-қобызшы. Ол туралы деректер бізге үш түрлі жолмен жеткен. Бірі - ел аузындағы Қорқыт туралы аңыз-әфсаналар, екіншісі - тарихи шежірелер, үшіншісі - «Қорқыт ата кітабы».
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1997 жылғы 12 қарашада «Қорқыт және түркі әлемі» халықаралық ғылыми-теориялық конференциясына қатысушыларға арнаған құттықтауында төмендегідей пікір айтты: «Түбі бір түркі халықтарының ортақ ойшылы саналатын атақты ақын, дәулескер күйші, философиялық мазмұны аса терең аңыздардың кейіпкері Қорқыт бабамыз - баршамыздың рухани болмысымыздың алтын арқауы болып табылады. Егемендікке қолжетіп, өзінің өткеніне көз жіберебастаған қазақхалқы үшін Қорқыт бабамыз қалдырған гуманистік ниеттегі дидактикалық мұралардың маңызы өзгеше зор дер едім. Өйткені оның осыдан он ғасырдан астам уақыт бұрын айтқан өсиет қағидалары қоғамымыздың бүгінгі тыныс-тіршілігімен дежақсы үйлесім тауып отыр.

2 Қорқыттың өліммен күресі
Мазмұны жағынан сан қилы болып келетін аңыздардың бірін де Қорқыт ата ажалдан қашып, мәңгі елмейтін өмір іздейді, сол үшін өзінің Желмаясына мініп алып, дүниенің төрт бұрышын түгел шарлайды. Бармаған жері, баспаған тауы қалмайды. Ол кайда барса да алдынан көр, яғни мола қазып жатқан адамдар шыға береді, Олардан: «Бұл кімнің көрі?»,- деп сұрайды. Бәрі де бірауыздан: «Қорқыттың көрі»,- деп жауап береді. Қазақтың қиындық көрген сәттерде «Қайда барсаң да - Қорқыттың көрі» деген сөзі осыдан қалса керек.

3. Қорқыт атаның өсиет-нақыл сөздері
Ой атасы Қорқыт айтқан мақал-мәтелдер, қанатты сөздер, ұтымды фразеологиялық тіркестер ғасырлар боиында онша өзгеріске ұшырамай, сол күйінде қазақ қауымы арасында ауызша да сақталып келген. Қорқыт дастанында ақыл-ойдык алыбы «Қорқыт ата айтты» деген қанатты сөздер, мақал-мәтелдерге айналып кеткен фразеологиялық сөзтіркестері, өсиет-нақыл сөздер көп. Бұлардың бәрі дерлік санғасырлар бойы қазақ қауымы арасында ауызша тарап, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, бүгінгі күнге дейін рухани қазына ретінде сақталып келеді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Қазақтар IV том
2. Наследие народов Казахстана
3. Қазақ совет энциклопедиясы.
4. Егемен Қазақстан газеті №24 ,26 қыркүйек 2006ж