Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі мен әдебиеті

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 65 стр.

Год: 2011

Предварительный просмотр

Әдебиет сабақтарында А. Байтұрсынов шығармаларын тиімді оқыту жолдары


Мазмұны
Кіріспе 5
1 Әдебиетті оқыту- ғылым, шығармашылық құбылыс 7
1.1 Ахмет Байтұрсынов – әдебиеттанушы 7
1.2 Ахмет шығармашылығы 17
1.3 Ахмет Байтұрсынов - қазақ тілтану ғылымының атасы 24
1.4 Ахмет Байтұрсынов және қазақ терминологиясы 30
2 Ахмет шығармаларын оқытудағы қамтылған мәселелер 37
2.1 Қаламгердің көсемсөзі 37
2.2 Ахмет Байтұрсынұлын орта мектепте оқыту 41
2.3 Ахмет шығармаларын өтуде ақпараттық технология пайдаланудың тиімді жолдары 50
2.4 Ахмет Байтұрсынұлы шығармаларын сыныптан тыс жұмыстарда қолдану 57
Қорытынды 60
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі 63
Қосымша 65

Кіріспе
Қазіргі заман мұғалімнен тек өз пәнінің білгірі болу емес, тарихи-танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық, саяси экономикалық білімділік талап етілуде. Сондықтан да оқытуды жаңаша ұйымдастыру, оқыту мақсатына жетудің тиімді жолдарын көрсету бүгінгі күннің талабы. Осы мақсатта Ахмет шығармаларын өтуде жаңа, тиімді әдіс-тәсілдерді көрсету
Тақырыптың өзектілігі: Ақаң ашқан қазақ метебі, Ақаң түрлеген ана тілі, Ақаң салған әдебиеттегі елшілдік ұран, «Қырық мысал», «Маса», «Қазақ» газетінің 1916 жылдағы қан жылыған қазақ баласына істеген еңбегі, өнер-білім, саясат жолындағы қажымаған қайраты – біз ұмытсақ та? Тарих ұмытпайтын істер болатын».
Бұдан он-он бес жыл бұрын:
Алаштың үмбетінің бәрі мәлім,
Кім қалды таразыға тартылмаған, -
деп Ақаң айтса, біз де осы күнде соны айтамыз. Айналып келіп таразыға тартылған, сыннан өткен деп Ақаңның ғана ардақты атын атаймыз...
Бұдан артық айта алмаспыз. Бұл ұрпақ бірінің қадірін бірі біліп, бір-бірін сыйлап, бағалай білген. Бұл ірі тектіліктің үлгісі екені сөзсіз.

1 Әдебиетті оқыту- ғылым, шығармашылық құбылыс
1.1 Ахмет Байтұрсынов – әдебиеттанушы
Ахмет Байтұрсынов — қазақ ғалымдарының ішінен шыққан тұңғыш әдебиет теоретигі. Оның әдебиетші ғалым-теоретик ретінде тұлғасын айқындаған басты еңбегі—"Әдебиет танытқыш". Еңбек 1926 жылы Ташкент қаласында басылып шыққан. Бұл кітабында ғалым алғаш рет қазақ әдебиетінің теориялық, методологиялық мәселелерін негіздеп берді. Әдебиеттану ғылымындағы басты ұғымдар мен терминдер жүйесін жасады. [1. 12.].
Араға екі-үш жыл салып, авторы ұсталып кеткен соң, бұл еңбек көпшілік арасына мол тарап үлгермеді. Бірақ қазақтың ұлттық әдебиеттануының ғылыми негізі, методологиялық арналары, басты-басты терминдері мен категориялары түп-түгел осы кітапта қалыптастырылған.

1.2 Ахмет шығармашылығы
Ахмет Байтұрсынұлы XX ғасырдың басында қазақ халқы аса ірі қоғамдық-саяси өзгерістермен қатар ауқымды рухани жаңғыруларды да бастан кешті. Ұлттық мәдениет пен әдебиеттің, білім мен ғылымның туын көтерген, жұртшылықтың санасына демократиялық ойлар сіңіріп, алға жетелеуге ұмтылған зиялы топ қалыптасты. Халықтың зердесіне сәуле түсіріп, санасын оятқан осы топтың рухани көсемі Ахмет Байтұрсынұлы еді. Қазақ әдебиеті мен әдебиеттану ғылымының, тіл білімінің атасы, ұлы түрлендіруші-реформаторы атанған ол өзінің алдындағы Шоқан, ЬІбырай, Абайлардың ағартушылық, демократтық бағыттарын жалғастыра отырып, өз заманындағы тұтас бір зиялы қауымның төлбасы болды. Ахмет Байтұрсынұлы қазақ жұртының тәуелсіз мемлекетін құруды мақсат еткен Алаш қозғалысы көсемдерінің бірі болады.

1.3 Ахмет Байтұрсынов - қазақ тілтану ғылымының атасы
«Өнер алды – қызыл тіл» деп мақалдап өткен қазақ ақындары, жазушылары осы күнге дейін қазақ поэзиясында биік орын алады. Солардың бірі Ахмет Байтұрсынұлы. [25.6]. Өз заманының ағысына қарсы тұра білген қайраткер. Қазақ халқының рухани көсемі болып, болашақтың жарық, тыныш, көк аспан астында өмір сүруіне өзінің ақылын арқау еткен. Өз достарының алды бола білген Ахмет өткір, алмас қылыштай адамның ойын осып өтетін сөздерімен өлең арқылы ой-сезімін білдірген. Қазақтың қазақ бола білуіне кеудесіндегі жанын да аямаған. Қарусыз-ақ сөзбен адам өлтіретін Ахмет қазақ елінің келешегін тәуелсіздікке жетелеген халықтың рухани жетекшісі. Халық үшін, халықтың мәдени-әлеуметтік болмысын көтеру үшін қызмет еткен.

1.4 Ахмет Байтұрсынов және қазақ терминологиясы
Жуырда терминтану саласында өнімді еңбек етіп жүрген белгілі тілтанушы ғалым, филология ғылымдарының докторы, профессор Шерубай Құрманбайұлының “Алаш және терминтану”, “Терминологиялық әдебиеттердің библиографиялық көрсеткіші” атты еңбектері жарық көрді. Ғалымның “Алаш және терминтану” атты монографиясы қазақ терминологиясы ХХ ғасырдың 1910-30-жылдарына арналып, аталмыш саланың даму, қалыптасу кезеңдері, негізгі ерекшеліктері, сипаты, басшылыққа алынған ғылыми қағидаттар жан-жақты зерттеліпті. [33.2].
Бұл кезеңде терминологияны жасау мен қалыптастыруға Алаш зиялылары қызмет еткендіктен, кітапта Ахмет Байтұрсынұлы, Елдес Омарұлы, Халел Досмұхамедұлы, Нәзір Төреқұлұлы, Жұмахан Күдерин, Жүсіпбек Аймауытұлы, Мағжан Жұмабайұлы, Міржақып Дулатұлы, Қошке Кемеңгерұлы, Мұхтар Әуезов сынды қазақ зиялыларының ұлттық терминологиялық қорды байытып орнықтыруға ұстанған бағыт-бағдарларды саралай келіп, олардың әрқайсысының терминжасам тәжірибесі мен ғылым тілі жөніндегі көзқарастарына жеке-жеке тоқталады.

2 Ахмет шығармаларын оқытудағы қамтылған мәселелер
2.1 Қаламгердің көсемсөзі
Ахмет Байтұрсынов бай педогогикалық мол мұра қалдырды. Ахмет Байтұрсынов өзінің ғылыми педогогика тәрбие процесінің ерекшеліктерін негізгі кезеңдерін басқа құбылыстармен байланыстырып қарастырады. Олардың заңдылықтарын анықтайды.
Ғылыми философия құлықтық және эстетикалық тәрбиеге байланысты мәселелер зерттеуде педогогика этикамен, эстетикаға ал оқыту мен білім беру проблемаларын зерттеуде таным теориясына сүйенеді.

2.2 Ахмет Байтұрсынұлын орта мектепте оқыту
Қазіргі кезең тарихымызды түбірімен қайта қарастыруды талап етіп отыр. Әдебиетті оқыту алдында да келелі міндеттер тұр. «Халық жауы» болып жабылып келген саңлақтар шығармасын былай қойғанда, өзіміз әбден білеміз, танимсыз деген ақын –жазушылар шығармаларын қайта қарастырып, саясат «құрбанына» айналған еңбектеріне жол ашып, оларды партиялық идеядан аршып, халқымен табыстыру-басты мақсат болуы керек. [44.11].
Бағдарламада Ахмет Байтұрсынұлы қазақ мәдениеті тарихында ірі тұлға, аса көрнекті ғалым, қоғам қайраткері және белгілі де беделді ақын, аудармашы болғанын білгізу мақсаты қойылады.

2.3 Ахмет шығармаларын өтуде ақпараттық технология пайдаланудың тиімді жолдары
Қазіргі заман – бұрын – соңды болып көрмеген бәсекелестік заманы. Ұзақ жылдар бойы білім беру тек рухани – интеллектуалдық көзқараста болып келсе, енді білім туралы әлеуметтік әділдік пен өмір сапасына қажет құрал ретінде түсінік қалыптасуда. Себебі халықтың саналық деңгейінің өсуі де, мемлекеттік саясатты түсінуі де білік пен білімді қажет етеді.

2.4 Ахмет Байтұрсынұлы шығармаларын сыныптан тыс жұмыстарда қолдану
Мектепте әдебиетті оқыту барысында сыныптан тыс жұмыстарға ерекше көңіл бөлінуге тиіс. Әдебиет- өнер, сөз өнері пәні. Бағдарламада берілетін арнаулы сағаттарда мұғалімдер білім негіздерін қалыптастыру жұмыстарымен айналысады. Сөз жоқ икем дағдысын дамыту, тәрбиелеу, қабілеті, дарынына әсер ету, оған әрі қарай білім берумен қоса жүреді. Бірақ осы жұмыстардың барлығын сабақ процесінде жүзеге асыру мүмкін нәрсе емес. Оқушыларды сөз өнеріне тарту, көркем шығармаларға деген қызығушылығын арттыру, эстетикалық талғамын, сезімін дамыту сияқты білім мен тәрбие берудің басты-басты мәселелері сыныптан тыс жұмыстарды тиімді ұйымдастыру арқылы жүргізіледі. Осы мақсатта Ахмет Байтұрсынов шығармашылығына байланысты – мәнерлеп оқу, драма үйірмесін ұйымдастыру. Мұнда Ахмет шығармаларынан үзінді, инсценировкалар әзірлейді. Оларды мұғалім сабақта пайдаланып отырады. [46.6].

Қорытынды
Кеңес дәуірінде Ахмет Байтұрсынов есімін атаудың өзі қылмыс саналса, еліміз тәуелсіздік туын тіккеннен кейін халқымыз өзінің ұлы перзентімен қайта табысып отыр.Тау сілеміндей мол мұра оқырман қолына тие бастады.Қазақстан Республикасының арнаулы қаулысы бойынша республикамыздың әр жерінде шаруашылықтарға, мектептерге, көшелерге және Қазақстан Республикасының Ғылым академиясының Тіл білімі институтына Ахмет Байтұрсынов есімі берілді. Сөйтіп, тарихи әділет, шындық салтанат құрды; халқының бостандығы, тәуелсіздігі, еркіндігі үшін тар заманда жан аямай күрескен ұлы замат Ахмет Байтұрсынов ұлт күрескерлерінің сапына келіп қосылды.