Қазақ мақалдарының танымдық қызметі
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 4
1 Қазақ мақал-мәтелдерінің қалыптасуы мен дамуы 6
1.1 Мақалдар мен мәтелдердің айырым белгілері 6
1.2 Қазақ тіліндегі аймақтық мақал-мәтелдердің қалыптасуы мен дамуына әсер еткен этномәдени факторлар 11
1.3 Қазақ мақал-мәтелдерінің гендерлік сипаты 16
1.4 Мақал-мәтелде кездесетін көнерген сөздер мен қарапайым сөздер қолданысы 21
2 Шығарма тіліндегі мақал-мәтелдердің стильдік қызметі және оны оқытудың ерекшелігі 28
2.1 Мақал-мәтелдегі көріктеуіш амал тәсілдердің танымдық белгісі 28
2.2 Нақыл сөздер мен афоризмдер қолданысы 37
2.2 Мақал-мәтелдердің, афоризмдердің кейіпкер тіліндегі қолданысы 40
2.3 Мақал-мәтелдердің, афоризмдердің автор бейнесін берудегі ерекшелігі 46
2.5 Қазақ тілі сабақтарында мақал-мәтел арқылы тіл дамыту 56
ҚОРЫТЫНДЫ 60
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 61
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Мақал-мәтелдер шығармашылықтың нәтижесінде ғана дүниеге келіп, ұлттық болмыстың барлық саласына қатысты ұлттық дүниетанымның тілдегі бір көрінісі болып келеді. Осылардың бәрін мақал-мәтел фактілеріне талдау жасай отыра белгілі бір жүйемен қарастыру тақырыптың тың әрі соны екендігін көрсетеді. Белгілі ғалым Ә. Қайдар мақал-мәтелдерге өзінің арнайы еңбегін арнайды[1]. Жұмыстың өзектілігін арттыра түсетін тағы бір фактор - қазақ мақалдарының жасалуындағы бейнелілік пен тілдік ерекшеліктерінің зерттелуі, мақал-мәтелдердің көркем мәтіндегі орны туралы пайымдап, мақал-мәтелдегі этномәдени белгілердің символдық мәнін ашуға талпыныс жасалды. Мақал-мәтелдегі символ - халықтық дүниенің түйсінуінен хабар беретін қоймай, яғни ғаламның тілдік бейнесі ретінде ұлттың эстетикалық таным-талғамын, шаруашылық кәсібін, мінез-құлық, ырым-наным, салт-дәстүрін, бір сөзбен айтқанда, ұлттық рухты тек тілде ғана жан-жақты танытады. Сонымен қатар, мақал-мәтелдердің, авторлық афоризмдердің кейіпкер тілінде қолданылуы мен автор бейнесін берудегі тілдік-стильдік көрінісін айқындау тақырыптың өзектілігін арттыра түседі.
1 Қазақ мақал-мәтелдерінің қалыптасуы мен дамуы
1.1 Мақалдар мен мәтелдердің айырым белгілері
Біз әдетте мақалдар мен мәтелдерді бір-бірінен ажыратпай, “мақал-мәтелдер” деп қосақтап қолдана береміз. Тіпті оларды қосақтап жатпай-ақ “паремия” деп ағылшынша атаушылар да табылып жүр. Ал шын мәнінде бұлардың бір-бірінен айырмашылықтары жоқ емес, бар. Айырмашылықтары болмаса халқымыз олардың бірін – мақал, екіншісін – мәтел деп, жеке-жеке атаулармен атамаған болар еді. Сол айырмашылық мақал-мәтелдердің сыртқы құрылысында ма, жоқ, әлде олардың ішкі мағынасында ма? Міне, зерттелуге тиісті мәселелердің бірі– осы деп есептейміз.
Қазақ тіліндегі мақал-мәтелдердің зерттелу тарихына зер салсақ, мақалдар мен мәтелдердің айырмашылықтары жөнінде алғаш пікір айтқан ғалым – әдебиетші Б.Шалабаев екен. 1948 жылы шыққан “Қазақ әдебиетінің тарихы” (1 том.фольклор) деген кітаптағы “Мақал-мәтелдер” деген тақырыпты жазған Б.Шалабаев екен.
1.2 Қазақ тіліндегі аймақтық мақал-мәтелдердің қалыптасуы мен дамуына әсер еткен этномәдени факторлар
«Ұлт тарихы, онымен бірге тіл тарихы- даму жолы ұзақ құбылыс. Ол халық санасында жатталған жергілікті ерекшеліктер сырын ашып, табиғатын тану, оны ұлт мәдениеті, тарихымен байланыста қарағанда толық көрінеді, өйткені ұлт жаны- тіл, этнос мәдениетсіз болмайды. Мәдениет тіл арқылы тарайды, ұғынылады, жетіледі. Қай ұлт болмасын, сыры-тілінде, оның түп тамыры этностың мың-мыңдаған жылдар жүріп өткен тарихи жолымен, күнделікті тұрмыс-тіршілігінде қолымен, ақыл-ой, санасымен жасаған мәдениетімен, дүниетанымымен сабақтасып жатыр»,- дейді ғалым М. Атабаева. Ғалым диалектілік лексикадағы этностың материалдық және рухани мәдениетінен хабар беретін, этнолингвистикалық зерттеулер өзегіне айналатын деректерді этнодиалектизмдер деген терминмен атайды [10, 206].
1.3 Қазақ мақал-мәтелдерінің гендерлік сипаты
Гендер – әйел мен ердің қоғам туғызған әлеуметтік моделі. «Әйел мен еркектің айырмасы биологиялық жыныс негізінде белгілі болса да, әлеуметтік тіл білімі тұрғысынан гендер – әлеуметтік жыныс. Жыныс ерекшелігі олардың сөз саптау ерекшелігін қалыптастырған. Бұған себепші жағдайлар аз емес. Екі жыныс өкілі жұмыс түрі, кәсіп түрлері бойынша дараланады» [16, 101] Мәселен, антропологтар, тарихшылар мен этнографтар әлеуметтік тұрғыдан әйелге тән, еркекке тән деп бөлу салыстырмалы түрде шартты бөлу деп есептейді. Өйткені белгілі бір қоғамда ерлер орындайтын жұмысты келесі бір қоғамда әйелдер ғана атқарады. Олай болса, әйелдер мен ерлердің әлеуметтік ролдерінің әртүрлілігін және биологиялық мінездемелерінің принциптік тепе-теңдігін биологиялық жыныс түсіндіріп бере алмайды. Ол әрбір жыныс өкілінің қоғамдық талаптар мүддесіне сай орындайтын әлеуметтік және мәдени нормаларының жиынтығын білдіретін ұғым гендердің еншісінде.
1.4 Мақал-мәтелде кездесетін көнерген сөздер мен қарапайым сөздер қолданысы
Мақалдар мен мәтелдердің құрамындағы архаизмдік сөздерді қазіргі қазақ тілі нормасынан қарағанда, олардың ескіріп, көнеруі әрқилы, әртүрлі жүйемен жасалып отыратынын байқаймыз. Бұлардың ескіріп, көнелеуі, біріншіден, қоғамдық жағдайдың өзгерісіне байланысты болса, екіншіден, тіліміздің жалпы лексикалық қорынан кейбір сөздердің мықтап орын ала алмауына байланысты болады. Сондықтан бұл архаизм сөздер өздерінің: көнеру дәрежесіне, ескіру, көнелену себептеріне, олардың қолданылу мүмкіндігі мен сипатына қарап сараланады. Архаизм сөздер өздерінің көнеру, ескіру дәрежесіне қарай мынадай топтарға бөлінеді:
2 Шығарма тіліндегі мақал-мәтелдердің стильдік қызметі және оны оқытудың ерекшелігі
2.1 Мақал-мәтелдегі көріктеуіш амал тәсілдердің танымдық белгісі
Ауыз әдебиетінің басқа түрлеріне қарағанда, мақалдың өзіне тән ерекшеліктері мен өзгешеліктері бар. Ең алдымен, әдебиеттік жағынан алғанда, мақал үлкен толғау, образ арқылы берілген логикалық ой қорытындысы болып келеді. Ол адам өмірінде, тұрмыстық-тіршілікте, қоғамдық жағдайларда кездесетін әртүрлі ққбылыстарға, тарихи мәні бар оқиғаларға берілген даналық баға, тұжырымды түйін есебінде қолданылады. Қандай мақалды алсақ та, оның шығуына үлкен уақиға, мәнді әңгіме себеп болған. Мақал соларға берілген баға, жасалған қорытынды, яғни «тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні» есебінде жүреді. Мақал мен мәтел құрылысы, түрі, сөз саптасы жағынан бір-біріне жақын және ұқсас келеді. Бірақ өзара айырмашылығы да бар. Басты айырмашылық - бұлардың мазмұнында. Мәтелдер, көбінесе, сөз айшығы, көркем теңеу, сөз образы («Көппен көрген ұлы той», «Құрыққа сырық жалғап», «Қызым саған айтам, келінім сен тыңда», «Тілге тиек жасап», «Ханнан қазық, биден тоқпақ»т.б.) ретінде қолданылады. Егер мақалда дәлелдеу мен қорытынды пікір бірдей келіп отырса, мәтелде бүл екеуінің бірі ғана болады. Мәтел айтайын деген ойын турасынан білдірмей, жанама түрінде, әртүрлі салыстыру, теңеу арқылы жеткізуді, кейбір сөздерін тыңдаушының өзі аңғарып түсінер деген оймен әдейі қалдырып кетеді. Бұл мәтелдің өзіне тән ерекшелігінің бірі болып табылады.
2.2 Нақыл сөздер мен афоризмдер қолданысы
Афоризмді мақалдан айыру қиын. Өйткені, көптеген афоризмдер мақал-мәтелдердің қатарына қосылып, халық аузында айтылып кетеді. Шынында, афоризм дегеніміз де халық мақалы. Бірақ бір-біріне қаншама ұқсас болса да, олардың өзара кейбір айырмашылығы барлығы байқалады. Афоризм мақал мен мәтелдерге қарағанда, белгілі бір автордың атынан айтылады. Сонымен қатар, афоризм, көбіне, жазба әдебиет тұсында пайда болатын категория. Ал мақал-мәтелдер, әрқашан, ауыз әдебиеті негізінде жасалып, ауызша пайда болатындықтан, оның авторы болмай, халық қазынасы деп аталады.
2.2 Мақал-мәтелдердің, афоризмдердің кейіпкер тіліндегі қолданысы
Көркем әдебиетте кейіпкер тілінің эстетикалық қызметін көрсетуде тілдік-стильдік амал-тәсілдердің орны ерекше. Кейіпкер тіліндегі көркем сөз мазмұны жағынан ерекше эстетикалық құрылымға ие. Кейіпкер тіліндегі тілдің барлық қабаттары экспрессивтік жүк көтеріп тұрады. Жазушы кейіпкерді суреттеуде оны тартымды етіп беру үшін жеке сөздер мен тұлғаларға әртүрлі стильдік жүк артып жұмсайды. Көркем әдебиетте кейіпкер тілінде қолданылатын сөздер мен сөз оралымдарының стильдік қызметі тіл мамандары мен сөз зергерлерінің назарын ерекше аударып келеді. Кейіпкер тілі - суреткерлік қасиетке мейлінше бай, образ даралау құралы. Оның экспрессивтілігі (оқырман мен тыңдаушы сезіміне әсер ету қабілеті) мағыналық байлығы мен амал-тәсілдерінің қырынан келіп туады.
2.3 Мақал-мәтелдердің, афоризмдердің автор бейнесін берудегі ерекшелігі
Сөйлеу формалары көркем прозаның композициялық -тілдік қабатының ішкі құрылымын құраса, оның сыртқы қабатын автор сөзі, төл сөз, ортақ төл сөздің әртүрлі типтері құрайды. Автор сөзі өзі білдіретін затқа тура бағытталған, ол өзі бейнелейтін нәрсені тікелей түсіндіруге арналған. Төл сөз - кейіпкер сөзі бұл да өзі бейнелейтін затқа тура бағытталған, сонымен бір мезгілде оның өзі де автордың бейнелеу объектісін құрайды. Автор сөзі кейіпкер сөзінің ешнәрсесін өзгертпейді, оны тек өзінің мақсатына ғана бағындырады. Кейіпкер автор атынан сөйлеп, шығармада негізгі әңгімелеуші болған күнде де, ол кейіпкер сөзінен гөрі автор сөзіне жақын. Өйткені бұл жағдайда кейіпкердің жеке ойлау, сезіну ерекшелігінен гөрі авторға оның көру, бейнелеу мәнері мәндірек. Бұл жағдайда автор кейіпкерге өз міндетін орындатады.
2.5 Қазақ тілі сабақтарында мақал-мәтел арқылы тіл дамыту
Тіл дамыту - қазақ тілін оқытудың, білім мен тәрбие берудің ең маңызды да салмақты мәселесі. Ол арқылы жасөскінді тіл өнеріне баулу, қазақ тілінің қыры мен сырын терең меңгеру, ойын жатық та көркем етіп жеткізе білу, мәдениетті де сауатты жаза білу іс-әрекеттері жүзеге асады.
Тіл – бүкіл тіршіліктің алтын қазығы. Ғылымның, білімнің қай саласы болмасын ол тек тіл арқылы дамиды.
амал болып табылар еді.