Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Мемлекеттік және жергілікті басқару

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 71 стр.

Год: 2010

Предварительный просмотр

Қазақстанда орта және шағын кәсіпкерліктің дамуы


Мазмұны
Кіріспе 5
1 Шағын кәсіпкерліктің дамуы және халықаралық бағалау жүйесіндегі оның рейтингін анықтау теориясы 7
1.1 Шағын кәсіпкерлік дамуының теориялық негіздері 7
1.2 Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерліктің дамуын мемлекеттік қолдау 18
1.3 Шағын кәсіпкерліктің халықаралық бағалау жүйесіндегі рейтингін бағалау негіздері 24
2 Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерліктің халықаралық бағалау жүйесіндегі рейтингі мен даму ерекшеліктері 29
2.1 Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерліктің ағымдағы жағдайын бағалау 29
2.2 Шағын кәсіпкерлік рейтингінің жоғарылауына кедергі келтіретін факторларды талдау 33
3 Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерліктің халықаралық бағалау жүйесіндегі рейтингін жоғарылату жолдары 42
3.1 Шағын кәсіпкерліктің рейтингін жоғарылату жүйесін қалыптастыру 42
3.2 Шағын инновациялық кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұсыныстар 53
3.3 Шағын кәсіпкерліктің рейтингін жоғарылату мақсатында МАО деңгейінде ұйымдастырушылық мәдениетті басқару тетігін қалыптастыру 56
Қорытынды 68
Қолданылған әдебиеттер тізімі 71

Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі. Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылы Қазақстан халқына жолдаған Жолдауында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда және халықтың тұрмысын жақсартуда тәжірибе жүзінде тиімді нәтиже береді деп белгіленген.
Осыған орай, әкімшілік реформасы шеңберінде Үкімет келесі шараларды іске асыруда: шағын кәсіпкерлікке әкімшілік жүктемені төмендету, рұқсат беру жүйесін әрі қарай жеңілдету, ең алдымен лицензиялауды, сертификаттауды, аккредитациялауды, заң қорғаушы және басқа да тексеріс органдары жүргізетін тексерулер санын қысқартып ретке келтіру.

1 Шағын кәсіпкерліктің дамуы және халықаралық бағалау жүйесіндегі оның рейтингін анықтау теориясы
1.1 Шағын кәсіпкерлік дамуының теориялық негіздері
Дамыған елдердің тәжірибесі көрсететіндей, өз кезегінде қоғам өркениетінің өсуіне әкелетін шағын кәсіпкерліктің дамуы экономика тиімділігінің өсуіне әкеледі. Елдегі шағын кәсіпкерлікті дамытуды басқаруда алдына қойылған мақсаттар толық көлемде жүзеге асырылмайды. Шағын кәсіпкерлік адамның қабілеттіліктерін, іскерлік бастамаларын арттыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға, азаматтар табысының тұрақты көзін қамтамасыз етуге ықпалын тигізеді және осылайша ел тұрғындарының әлеуетін жақсарту мәселелерін шешеді.
Кәсіпкерлік әлеуметтік-экономикалық феномен ретінде эволюцияның және тұрақтанудың ұзақ, әрі қиын жолынан өтті. «Кәсіпкер» және «кәсіпкерлік» түсінігі ағылшын және француз тілдерінде «businessman» (іскер адам), «entrepreneur» (кәсіпкер), «enterprise» (кәсіпорын) сөздерінен пайда болған [1].

1.2 Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерліктің дамуын мемлекеттік қолдау
Қазақстанда шағын кәсіпкерлікті қолдау жүйесі қалыптасты және әлде де қызмет етуде. Бұл мәселемен Индустрия және сауда министрлігі, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, Қаржы министрлігі, Табиғи монополияларды реттеу агенттігі, Статистика жөніндегі агенттігі және атқарушы биліктің басқа да органдары мемлекеттік деңгейде айналысады.
Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың мемлекеттік және өңірлік қорлары құрылған. Дегенмен, Қазақстанда шағын кәсіпкерлік қызметін қолдау бойынша қызмет ету саласы біркелкі дамып жатқан жоқ. Әлемдік тәжірибе көрсететіндей, оның табысты дамуы мемлекеттік қолдауға, осы қызметтерді қажет ететін кәсіпкерлерге, жеке кәсіпкерлікті дамытуды көздеген тұлғалар тең дәрежеде тәуелді.

1.3 Шағын кәсіпкерліктің халықаралық бағалау жүйесіндегі рейтингін бағалау негіздері
ШК-ті дамыту саласындағы өзекті мәселелердің бірі – ШК рейтингін бағалау мен оны жоғарылату жолдарын анықтау болып табылады.
«Рейтинг» ағылшын тілінен аударғанда «to rate» - бағалау және «rating» - баға, бағалау деген мағынаны білдіреді.
Шағын кәсіпкерлікті рейтингтік бағалау – барлық ресурстардың, жетістіктер мен мүмкіншіліктердің жүйелі талдауы негізінде кәсіпкерлік дамуының тиімділігін салыстырмалы бағалау; рейтинг рейтингтік индекс түрінде анықталады, онда жоғарылау немесе төмендеу рейтингке түсетін субъектінің тиісті дамуын көрнекті бейнелейді.
Шетелдерде рейтингілік бағалау дамыған ақпараттық инфрақұрылымның ең тиімді құралына жатады.

2 Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерліктің халықаралық бағалау жүйесіндегі рейтингі мен даму ерекшеліктері
2.1 Қазақстан Республикасында шағын кәсіпкерліктің ағымдағы жағдайын бағалау
Соңғы онжылдықта Қазақстанда жүргізілген экономикалық өзгерістер республикамыздың барлық аймақтарында кәсіпкерліктің дамуына кең мүмкіндіктер бергені мәлім.
Қазіргі таңда шағын кәсіпкерлікті қолдау бойынша мемлекеттік саясат кәсіпкерлікті дамыту үшін оңтайлы жағдайлар жасау принципіне негізделетін мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық саясатының негізгі бағыттарының бірі болып келеді.

2.2 Шағын кәсіпкерлік рейтингінің жоғарылауына кедергі келтіретін факторларды талдау
Бүгінгі таңда кәсіпкерлік ел экономикасын дамытуда шешуші орынға ие, өйткені экономикалық, әлеуметтік және саяси сипаттағы көптеген мәселелердің шешілуіне жол береді.
Жеткен табыстарға қарамастан, еліміздің экономикасындағы шағын кәсіпкерлік рөлінің маңыздылығы төмен. Бұл туралы елбасымен қойылған стратегиялық маңызды мәселелер мәлімдейді: шағын және орта кәсіпкерлік ЖІӨ-нің 50%-ын құрайтын жағдайға жеткізу, оның құрылымын жетілдіру, оның әлеуметтік жауапкершілігін жетілдіру, және шағын кәсіпкерлік секторы құрылуының және кеңеюінің сатысына, жаңа идеологиясына көшуді талап ететін басқа да бір қатар мәселелерді шешу.

3 Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерліктің халықаралық бағалау жүйесіндегі рейтингін жоғарылату жолдары
3.1 Шағын кәсіпкерліктің рейтингін жоғарылату жүйесін қалыптастыру
Біздің еліміз өзінің даму жолында жаңа кезеңге аяқ басуда. Бұл бәсекеге қабілетті экономиканың, оның модернизациялануы мен әртараптануының қалыптасу кезеңі. Бүгінгі күні елімізде Қазақстан Республикасының Президенті қол қойған екі маңызды құжат бар: Азаматтық қоғамды дамытудың тұжырымдамасы мен Қазақстан Республикасының орнықты дамуға көшу тұжырымдамасы, олар жаһандық экономикада Қазақстанның болашақтағы дамуының негізгі контурларын анықтайды.
Әлемдегі дамыған елдерде шағын кәсіпкерлікті экономиканың моторы деп бұрыннан атайды. Осы елдердің бюджеттерінде ең көп үлес ШК кәсіпорындарынан келеді. Және түсінікті де, осы елдердің Үкіметі қайтсе де осындай кәсіпорындарды қолдауға, дамытуға тырысып келеді.

3.2 Шағын инновациялық кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұсыныстар
Өнеркәсіптік кәсіпорындар мен шағын кәсіпкерлердің арасында әріптестік қатынас орнату жолымен бәсекеқабілетті нақты сектор құру үшін мемлекет мыналарды қамтамасыз етуі тиіс:

3.3 Шағын кәсіпкерліктің рейтингін жоғарылату мақсатында МАО деңгейінде ұйымдастырушылық мәдениетті басқару тетігін қалыптастыру
Қазақстандық қоғамның тіршілік әрекетіндегі экономикалық, саяси және басқа салаларының өзгерісі оның әлеуметтік мәдени жасаушысының трансформациясына ықпал етті. Орталықтанған жоспарлау және басқару қағидаттарынан нарықтық экономикаға, өндірістің жаңа әдісіне көшу кезеңінде қоғам тұрақсыз болып қалды. Сыртқы ортаның өзгерісі әрбір азаматтың, әрбір ұйымның өзгерісін талап етті және де алғашқылардың бірі болып мемлекеттік қызметкерлер жаңа талаптармен, мақсаттармен және міндеттермен соқтығысып қалды. Аймақтағы шағын кәсіпкерліктің дамуын реттейтін мемлекеттік органдар мәдени дағдарыстың әсерін де басынан өткерді.

Қорытынды
Шетелдік әдебиеттерге шолу жасау нәтижесінде ШК-тің әлемдік даму сатылары төмендегідей жүйелендірілген: XIX ғасырдың соңы мен XX ғ. 30-жж., XX ғ. 30-ж.ж., XX ғ. 70-жж. Заңнамалық базаны зерттеу және отандық әдебиеттерге шолу жасау нәтижесінде Қазақстандағы ШК-тің даму сатылары төмендегідей жүйелендірілген: 1 саты (1986-1991); 2 саты (1992 – 1996), 3 саты (1997 – 1999); 4 саты (2000 –2006), 5 саты (2007 ж. бастап).
ШК-тің экономикалық маңызы анықталып, оның дамуы экономиканың тиімді өсуіне және өз кезегінде қоғам өркениетінің дамуына әкелетіндігі, бірақ оған қарамастан, елімізде ШК-ті дамыту мақсатында жүзеге асырылып жатқан шаралардың жеткіліксіз екендігі байқалады. Алайда, қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында ШК-ті мемлекеттік қолдау ерекшеліктері белгіленген.
Ең бастысы рейтинг, кәсіпкерлікті рейтингтік бағалау, кәсіпкерліктің ұлттық рейтингі және халықаралық бағалау жүйесі анықтамалары ұсынылған, рейтингтік бағалау қажеттілігі мен жүйесі көрсетілген.