Предмет: Технологиялық құрал-саймандарды жобалау
Тип: Бақылау жұмыс
Объем: 11 стр.
Год: 2012
Жалпы түсініктер
Жоспар
1 Жалпы түсініктер 3
1.1 Технологиялық құрал-саймандардың атқару міндеті 3
1.2 Құрал-саймандарды жіктеу 6
1.3 Құрал-саймандарды механикаландыру және автоматтандыру 9
Әдебиеттер 11
1 Жалпы түсініктер
Технологиялық құрал-саймандар технология процестерін жүргізгенде өте қажет құрал. Өңделіп шығарылатын бөлшектің дәлдігіне құрал-саймандар ықпалдасып, сапаны жетілдіру, өңдеу жұмысын оңайлатады және оның өнімділігін ұлғайтады, еңбектің мәдениетін және оның қауіпсіздігін көтереді. Осы бөлімде технологиялық құрал-саймандар туралы жалпы түсініктер және құрал-саймандардың технологиялық процестердегі орнын, құрал-саймандардың сұрыптау түрлерін анықтаймыз.
1.1 Технологиялық құрал-саймандардың атқару міндеті
Құрал-саймандар өндірістің бір қару түрі, білдек – құрал-сайман – кесу құрал – тетік (БҚСАТ) технологиялық жүйенің бір буыны; ол тетіктің және кесу құралдың координаттық жүйелерін білдектің координат жүйесімен байланыстырады. Ондағы мақсат тиісті сапаны жеткізіп тетікті өңдеу. Мысалы, вертикальді - бұрғылайтын білдекте өңдеу жұмысы. Мұнда құрал-сайманның бір түрі – көмекші құрал сайман.
1.2 Құрал-саймандарды жіктеу
Кұрал-саймандар технологиялық операцияларды жүргізгенде әр түрлі жұмыстар атқарады және түрлі технологиялық процестерде қолданылады. Осыған байланысты жалпы төрт түрлі кұрал – саймандар бар:
- білдектердің құрал - саймандары;
- құрастыру құрал - саймандары;
- бақылаушы құрал - саймандар;
- аударушы, қармаушы, орын ауыстырушы құрал - саймандар.
Олардың өз арасында тағы түрлі құрал-саймандарды ажыратуға болады. 1.4 суретте құрал-саймандарды жіктеу сұлбасы корсетілген.
Қондырғы – қыспақ құрал-саймандар металл кескіш білдектерде тетіктерді механикалы өңдеу кезінде қондыруға және қысуға арналған. Олар технолог таңдап, тағайындаған орнықтандыру сұлбаны материалдайды және тетіктің координаттық жүйесін білдектің координаттық жүйесімен байланыстырады. Жалпы құрал-саймандар айлабұйым деп аталады.
1.3 Құрал-саймандарды механикаландыру және автоматтандыру
Құрал-саймандарды механикаландыру – оларда қол энергисын басқа энергия түрлеріне ауыстырылады (пневможетек, гидрожетек, электржетек). Тетіктерді механикаландыру мақсаттары:
- бөлшектің жасалып шығарылуындағы еңбек сыйымдылығын азайту;
- еңбек өнімділігін көтеру;
- еңбек шарттарын жақсарту;
- өнімнің өзіндік құнын төмендету.
Машиналарды автоматтандыру, олармен қоса білдектермен айлабұйымдарды, оларға өздігінен басқарылуға мүмкіндік беру. Автоматтандырудың мақсаты - өнімнің жасалған еңбек сыйымдылығын азайту, жұмыс шарттарын жақсарту, өңдеу дәлдігін көтеру.
Әдебиеттер
1 Клепиков В. С. Проектирование технологической оснастки : учебное пособие. – М . : МГИУ, 2008. – 76 с.
2 Схиртладзе А. Г. Станочные приспособления : учебное пособие. – М. : Выс. шк., 2001. – 140 с.
3 Маслов А. Р. Приспособления для металлорежущего инструмента. – М. : Машиностроение, 2008. – 309 с.