Несие жүйесі
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 Несиенің экономикалық мәні 5
1.1 Несиенің мәні және қажеттілігі 5
1.2 Несиенің құрылымы 7
1.3 Несиенің формалары және түрлері 10
2 ҚР несие жүйесінің саясаты 18
2.1 Несие жүйесінің ұғымы және оның құрылымы 18
2.2 Несие мекемелерінің түрлері 20
3 Қазақстан Республикасының банктік емес қаржы институты 24
ҚОРЫТЫНДЫ 27
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 29
КІРІСПЕ
Кез келген нарықтық шаруашылықта мәміленің екі түрі ажыратылады: сатып алу-сату мәмілесі және қарыз мәмілесі. Айырбастың екі контрагентінің жекелеген мәмлесі ретінде сатып алу-сату мәмлесі олардың арасында кездейсоқ, өйткені байланыс жасайды. Қарыз мәмлесі немесе қарыз, тауар айналымының ерекше формасы және сатып алу-сату мәмлесіне қарама-қарсы қойыла отырып, сипатталуы мүмкін. Қарыз мәмілесі кезінде эквиваленттің қайтарылуы кейінге қалдырылған қарыз- мәмлесі формасы, ал несие экономикалық категория ретінде осы мәміле негізінде пайда болатын және дамитын немесе онда көрініс табатын өндірістік байланыстарды өрнектейді. Несие тауар айырбасы сатысында пайда болады. Қоғамның негізі өндірістік байланыстармен негізделген несиелік қатынастар тауар айналысы сферасында пайда болады және тауар өндірісі шарттарынан туындайды.Несиенің қажеттілігі ұдайы өндіріс процесі фазаларының бірлігі мен өзара әсерін қамтамасыз ететін тауар-ақша қатынастарының, құнының тауарлай және ақшалай формаларының бар болуымен түсіндіріледі. Әр түрлі халық шаруашылығындағы жүйелерде кездесетін қарыз мәселелерінің типтерінің ресми ұқсастығы олардың бір атауына «несие» (сенім) бекітіледі, бірақ әр түрлі қоғамдық-экономикалық формацияларындағы несиелік қатынастар бір атауды сақтай отырып, әр түрлі мазмұнға ие экономикалық категория ретінде несиені қарыз мәмлесі негізінде пайда болатын және дамитын өндірістік қатынас ретінде анықтау керек.
1 Несиенің экономикалық мәні
1.1 Несиенің мәні және қажеттілігі
Өндіріс, ұдайы өндіріс процесінің бастапқы пункті,шешуші жағдай бола отырып, басқа фазалармен тығыз байланыста. Ұдайы өндіріс процесі материалдық игіліктердің қоғамдық өндірісі процесінің үздіксіз жаңаруы ретінде, оның әр түрлі сатыларының біртіндеп ауысуын ұлғайтады. Әрбір саты - өндіріс, үйлестіру, айырбас және тұтыну белгілі бір мағынаға ие.
Ұдайы өндіріс фазаларының бірлігі мен өзара әсері тауар-ақша қатынастарының, құнның тауарлық және ақшалай формаларының бар болуымен қамтамасыз етіледі.
Өндірісте несиелік қатынас жүргізілмейді. Өндірістік процеске несиелік қатынастардың тек бірінші жағы – алынған несиені өндірістік мақсатқа пайдаланушы қарыз алушы ғана қатынаса алады.Екінші жақ – кредитор өндірістік процестің сыртында қалады.
1.2 Несиенің құрылымы
Несиенің мәнін ашу – бұл несиені экономикалық қатынастардың біртұтас жүйенің элементі ретінде көрсететін, оның мәнді анықтығын білдіретін сапаларын тану болып табылады. Сондықтан несиенің мәні және қажеттілігі туралы жоғарыда айтылғандарға қосымша оның құрымын, қозғасының заңдылықтарын қарастырып көрейік.
Несиенің құрылымы белгілі бір мәнге айналған және несиелік қатынастар танымының сатысы ретінде көрінеді. Ол несиеде тұрақты, өзгеріссіз қалады. Құрылымдық талдау тұрғысынан алғанда несие зерттеу объектісі ретінде, бәрінен бұрын оның субъектілері болып табылатын элементтерден тұрады. Несиелік мәміледе қатынас субъектілері қарыз беруші және қарыз алушы болады. Кредитор мен қарыз алушының қалыптасуы тауар өндірісі мен тауар айналысы негізінде жүреді. Бастапқыда кредитор және қарыз алушы қарапайым қатынастарда болады. мүліктік теңсіздіктің тереңдеуіне байланысты артық өнімдері бар рулық қауымдастық мүшелері кредитор ретінде көріне алатын болады. Алғашқы өсімқорлар металл ақшадан бұрын пайда болған. Өсімқор – саудагер, көпес тәрізді ежелгі кәсіп. Қазіргі уақыттағы банкир болудан бұрын, ол өте үлкен тарихи жолдан өтті.
1.3 Несиенің формалары және түрлері
Несие экономикалық котегория ретінде формаларға ие. Форма әр уақытта қандай да бір объектілерге тән тұрақты,қажетті байланыстардың жиынтығын білдіреді.Несиеге қатысты оның формасы бұл несиелік қатынастар құрлымының,олардың әр түрлі сыртқы және ішкі өзгерістер кезінде сақталатын негізгі қасиеттерінің көрінісі.Қарызға берілген құнға қатысты кредитор мен қарыз алушы арасындағы байланыс қалай өзгерсе де, несиенің формасы оның бүтін ретіндегі мазмұнын білдіреді.
2 ҚР несие жүйесінің саясаты
2.1 Несие жүйесінің ұғымы және оның құрылымы
Нарықтық экономикада несие-банк жүиесі маңызды роль атқарады.ол арқылы кәсәпорындардың,ұйымдардың және халықтың ақшалай есеп айрысулар мен төлемдер жүргізіледі, ол уақытша бос ақшалай қаражаттарды, халықтың жинақтары мен табыстарын жұмылдырады және белсенді түрде жұмыс жасайтын капиталға айналдырады,сондай-ақ көптеген түрлі несиелік,сақтандыру, делдалдық, инвиститциялық,сенім, кеңес беріу және басқа да апирацияларды орындайды.
Өндіріске қатысты алғанда, екінші кезекте саналатын несие жүйесі оған тұрақты және елеулі ықпал етеді.Ол бірнеше дүркін ақшалай қорлардың ауқымын кеңейтіп,өндіріс тейімділігінің өсіуін қолдай отырып ақшалай қаражаттардың бір саладан екіншісіне қайта құйылуын қамтамасыз етеді.
Несие жүйесінің ролі мен маңызы келесідей дірқатар көрсеткіштермен сипатталады: несиелік жұмсалымдардың жалпы көлемі, кәсіпорындар мен ұйымдардың негізгі және айналым каиталын қалыптастыруға банктегі қарыздардың үлесі жалпы төлем айналымы және тағы басқа.
3 Қазақстан Республикасының банктік емес қаржы институты
Нарықтар ресурстардың сұраныс пен ұсынысқа сәйкес оңтайлы түрде пайдалануы ұшін оларды бөлу арқылы экономикалық тиімділікке қол жеткізді. Қаржы нарықтары мен жақсы жолға қоиылған мекемелер жүйесі қаражаттарды бұл процецтің бір бөлігі ретінде табыстылығы жоғары инвестицияларға аударады Қаржы жүйесі бұл жұйенің әлсіз дамыған елдермен салыстырғанда, жоғары дәрежеде дамыған елдерде тезірек өсетінін және экономикалық жағдайлардың аяқ асты өзгерісіне де тез үйренетінін әлемдік тәжірибе көрсетеді.Сондықтан да экономикасы дамушы барлық елдер үшін барлық елдер үшін қаржы жүйесінің ажырамас бөлігі- банктік емес қаржы институтарын жедел түрде дамыту аңызды.
Бюджеттен тыс қорлар мемлекет оларды белгілі бір қоғамдық қажеттіліктерді қаржыландыру үшін тарта отрып, оперативтік дербес негізде жұмсайтын қаржылай қаражаттарды қайта бөлу және пайдалану нысандарының бірін білдіреді.Бұл қорлар қаржы нарығының инвесторлары және қатысушылары ретінде бола алады, себебі, бірінші, ақшалай қаражатарды пайдалану, оларды жинақтау уақытымен дәл келмейді, ал екіншіден, инвеститциядан түсетін табыстар сол немесе басқа қордың шығынын қаржыландыратын қосымша табыс болып табылады.[2]
Қазақстандағы мемлекеттік бюджеттен тыс қорларға жататындар:
ҚОРЫТЫНДЫ
Несиенің түрлер:банктік, ломбарттық, коммерциялық, тұтыну,құнды қағаздар мен және металлдар мен берілетін және тағы басқа да түрлері дамыған. Несиенің түрлеріне байланысты мерзімі де қолдану сферасфы да әр түрлі болып келеді. Несие саясатының маңызды факторы ол шаруашылықтарды, мекемелерді, әр түрлі ұйымдарды қаржыландыру.Несие алу арқылы халық яғни заңды немесе жеке тұлғалар өз шаруашылықтарын дамытуға немесе жаңартуға ұмтылады.Несиенің қолайлылылығы оны пайдалану саласы шексіз яғни несие алғысы келген барлық сала өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін несие көмегіне жүгіне алады.Несиені пайдалану арқылы кәсіпкерлердің өз пайдаларына ұтатын жақтары, жаңа техника немесе жаңа технология немесе жұмысшыларын тұрақты сақтау,нарықта бәсекелес фирмаларға бәсекелес бола алады.Несиелік мекеменің яғни банктердің ұтатын жақтары пайыз арқылы өз қаражаттарын көюейтіу.