Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 59 стр.

Год: 2013

Предварительный просмотр

Бастауыш мектепте сөз таптарын оқыту


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
1 Бастауыш сыныпта алғаш сөз таптары жайлы түсінік берудің әдіс-тәсілдері 7
1.1 Сөз таптарын оқытудың тиімді тәсілі 7
1.2 Бастауыш сыныпта грамматикалық күрделі материалдарды оқыту 10
1.3 3-сыныпта сөз таптарын оқытудың ерекшелігі 14
2 Бастауыш сыныпта зат есімді когнитивті оқытудың теориялық негіздері 25
2.1 Зат есімді когнитивті оқыту парадигмасының қалыптасуы 25
2.2 Бастауыш мектепте зат есімді когнитивті оқытудың әдістемелік негізі 30
2.3 Зат есімді концептілік жүйе және концептінің құрылымдық үлгілері арқылы меңгерту 35
2.4 Заттанған сындардың танымдық сипаты 38
2.5 Заттанған аталымдардың ішкі мағыналық құрылымы 43
2.6 Заттанған сындардың семантикалық топтары 49
ҚОРЫТЫНДЫ 56
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 59

КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі: Грамматикалық күрделі материалдарды оқытудағы ең күрделі тақырып сөз таптарын оқыту болып табылғандықтан, жұмысты жазуда бастауыш сыныпта сөз таптарын оқытудың әдіс-тәсілдерін зерттеу басшылыққа алынды.
Бұл тақырыпты өткенде, 1-сыныпта сөз таптары жайында бастапқы түсінік алса, алдағы уақытта сөз таптарын жүйелі түрде оқыту мақсаты қойылады. Сондықтан бірден зат есім, сын есім, сан есім, етістік деп атамай,1-сыныпта аталғанындай басталады да, артынан солардың грамматикадағы үйреншікті атаулары беріледі. Осылайша есім сөздерді 2-сынып оқушыларына білдірудің мақсаты морфологияны жүйелі түрде білдіруге алғашқы саты ғана емес, сондай-ақ бұл тақырып оқушылардың тілін дамытуға да көмегін тигізеді: сөз байлығын молайтады, ой өрісін кеңейтеді, сөйлем құрауды үйретеді.

1 Бастауыш сыныпта алғаш сөз таптары жайлы түсінік берудің әдіс-тәсілдері

1.1 Сөз таптарын оқытудың тиімді тәсілі
Зат есімді сөйлем ішінде танытудың мәні зор. Сондықтан сұрақты сөйлемдегі сөз бен сөздің тіркескен тобына лайықтап қойдыру керек. Тақырыпты оқытқанда суретпен жұмыс жүргізудің мәні зор. Ондағы мақсат – адам туралы кім? Басқа жанды-жансыз заттар туралы не? деген сұрақ қойылатынын түсіндіру. Содан кейін ережелерді оқып қана қоймай, берілген мысалдарды талдап түсіндіру жөн.
Зат есімді оқытудағы тағы бір мақсат – балаға заттардың әр алуан болатынын, мағыналық тобын, жігін, ара қатынасын білдіру.

1.2 Бастауыш сыныпта грамматикалық күрделі материалдарды оқыту
Оқушылар 3-сыныпта грамматикалық күрделі материалдарды оқиды. Материалдардың күрделі, түсіндіруге қиын болу себебі – материалдың көпшілігі өте абстрактілі түрде түсіндіріледі. Грамматикадан алатын білім тиянақты, терең болу үшін, оқушыларды сабаққа белсенді, саналы қатыстыру керек.
Ол үшін оқушылар материалдардың білімдік, практикалық мәнін, қажеттігін түсінуі керек. Сондықтан мұғалім оқу жылының басында, алғашқы сабақтарда грамматика пәні – тілдің құрылысын, тілдің пікір алысудағы қызметін танытатын пән екенін, грамматиканы білу арқылы дұрыс сөйлеуді, қатесіз, сауатты жазуды оңай меңгеретінін түсіндіру жөн. Осы тәрізді қысқа әңгіме әр күрделі грамматикалық материалдарды түсіндірген сайын өткізіліп тұрады.

1.3 3-сыныпта сөз таптарын оқытудың ерекшелігі
Зат есім – үшінші сыныпта өтілетін ең күрделі тақырып. Бұл тақырыпқа байланысты өтілетін материалдар грамматика мен емлеге ғана қатысты емес, оқушылардың ойын, тілін дамытуда да көп көмегі бар.
Зат есімді оқытуда ескеретін жай – тақырып бұрын өтілген білімге сүйеніп, соны пысықтап, толықтыратындай етіп ұштастырып оқытылуға тиіс. Тәуелдік, септік тұлғалар өтілгенде, оқушылар жалғау туралы білгенін еске түсіріп, тәуелдік, септік формалардың жалғау қатарына жататынын біліп алуы қажет.

2 Бастауыш сыныпта зат есімді когнитивті оқытудың теориялық негіздері
2.1 Зат есімді когнитивті оқыту парадигмасының қалыптасуы
В.З.Демьянков, В.А.Маслова, И.А.Стернин, Н.Уәли, Ж.А.Манкеева, А.Ислам, Э.Оразалиева сияқты зерттеушілердің еңбектерінде қазақ грамматикасы мен оны оқытуды жүйелеу кезеңдері парадигмаларға бөлініп, қарастырылған.
Жалпы қазақ мектебінің бастауыш сыныптарында қазақ тілін оқыту Ы.Алтынсарин еңбектерінен басталады. Ол өзінің «Қазақ хрестоматиясында» қазақ тілінің тазалығы мен сөздердің дұрыс қолданылуына мән берсе, «Орыс тілін қазақтарға оқытудың бастауыш құралы» атты оқулығында балалардың тілді меңгеру кезіндегі жеке сөз мағыналарын үйретудің маңыздылығын айта келіп, тұрмыста жиі кездесетін сөздерден қазақша-орысша аударма сөздігін жасайды.

2.2 Бастауыш мектепте зат есімді когнитивті оқытудың әдістемелік негізі
Жалпы, бастауыш сынып оқулықтарында зат есім тақырыбы бойынша берілетін білімнің теориялық мазмұны мен оны меңгерту жолдары бірізділікпен сабақтастырыла, жүйелі түрде беріліп, оқушының психо-физиологиялық, интеллектуалдық даму дәрежесіне сай деп санаймыз. Бұл өз кезегінде 4-сыныпта зат есімді когнитивті оқытуға септігін тигізеді.

2.3 Зат есімді концептілік жүйе және концептінің құрылымдық үлгілері арқылы меңгерту
Зат есімді когнитивті оқытуда қолданылған әдістерді топтап 1) зат есімді концептілік жүйе арқылы таныту әдісі; 2) зат есімді концептінің құрылымдық үлгілері арқылы меңгерту әдісі деп қолдану қолайлы. 4-сыныпта зат есімді концептілік жүйе және концептінің құрылымдық үлгілері арқылы меңгертуде жоғарыда аталған әдістерді бір-бірімен тығыз байланыста, бірлікте қолданған нәтижелі болады.

2.4 Заттанған сындардың танымдық сипаты
Тіл білімін жаңа бағытта зерттеуші ғалымдардың біразы тілді танымдық бағытта қарастыруда В.Гумбольдт ұсынған тілдік теорияларға сүйенеді. Бұл теорияның негізінде тілдің дыбыстық, таңбалық өзгешелігі емес, дүниені көрудегі ерекшелік танылады. Тіл мен ойлау сабақтастығына байланысты қазіргі кезде тіл – ойлау, тіл – адам, тіл – ғалам арақатынасына байланысты көптеген пайымдаулар мен ғылыми тұжырымдар жасалуда. Адамзат өзінің қоғамдық-тарихи даму барысында ақиқатты меңгеріп, заттар мен құбылыстарды таниды, олар туралы ұғымды қалыптастырады, оларды бір-бірімен сабақтастырады. Бұл тілде көрініс береді, олар тіл арқылы сипатталады. Таным үдерісі – өте күрделі құбылыс. Ғылыми әдебиеттердегі деректерге сүйенсек, тілдік әмбебап құбылыстарды тереңірек тануға талпыныс Н.М.Хомский, Дж.Лакофф, Р.Лангакер және орыс тіл білімінде Ю.Д.Апресиян, Е.С.Кубрякова, Н.Н.Караулов т.б. еңбектерінен бастау алады.

2.5 Заттанған аталымдардың ішкі мағыналық құрылымы
Әлем тілдерінде, түркітанымда туынды сөзге қатысты теориялық жаңалықтар, негіздемелер сөзжасам тұрғысынан зерделеніп жүр. Оның теориялық негіздері уәждеме және аталым теориясында жатқанын Е.С.Кубрякова, Е.А.Земская, И.С.Улуханов, Л.Қ.Жаналина, Б.Қасым, А.Салқынбай т.б. зерттеу жұмыстарында нақтыланды. Аталым саласы – тілдік элементтердің таңбаланушы нысанмен бірігуін зерттейтін атаулану үдерісі. Аталымның зерттеу нысаны ретінде жеке ұғым, зат, сапа белгілері алынады. Б.Қасым:

2.6 Заттанған сындардың семантикалық топтары
Жалпы тіл біліміндегі заттануға қатысты зерттеу еңбектердің бірқатарында заттанған сөздерді мағынасына қарай топтау белгілі бір дәрежеде орын алған. Бұл ретте А.А.Потебня, А.Б.Перльмуттер, А.И.Судакова, И.Ф.Протченко, А.А.Аймурзаева, М.С.Малаева сынды зерттеушілердің еңбектерін атауға болады.

ҚОРЫТЫНДЫ
Қорыта келгенде, бастауыш сыныпта алғаш сөз таптары жайлы түсінік 2-сыныптан бастап беріледі де, өтілетін материал біртіндеп күрделеніп баратындығын айқындадық.
Зат есімді оқытудағы тағы бір мақсат – балаға заттардың әр алуан болатынын, мағыналық тобын, жігін, ара қатынасын білдіру.
Жұмыста, бастауыш сыныпта зат есім, сын есім, сан есім, етістік сияқты сөз таптарын оқытудың әдістемесі, бастауыш сыныпта грамматикалық күрделі материалдарды оқытудың әдіс-тәсілдері қарастырылды. Мұнда есімдер және етістік, шылауды оқытудың әдістемесі сабақ үлгілерімен дәлелденіп берілді.