Загрузка страницы

Для Казахстана

Курсовые

Дипломные

Отчеты по практике

Расширенный поиск
 

Предмет: Қазақ тілі мен әдебиеті

Тип: Дипломдық жұмыс

Объем: 61 стр.

Год: 2011

Предварительный просмотр

А. Байтұрсынұлы – тілші, әдебиетші ғалым


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 5
1. Ахмет Байтұрсынов – қазақ тілтану ғылымының атасы
1.1 Ахмет Байтұрсынұлы және қазақ жазуы 7
1.2 А.Байтұрсынұлы жасаған тіл терминдерінің танымдық негізі 11
1.3 А. Байтұрсынұлының артикуляциялық талданымы 17
1.4 А. Байтұрсынов және қазақ лингвистикасының мәселелері 20
1.5 Ахмет Байтұрсынұлы әдеби тіл мәселесі жөнінде 24
1.6 А. Байтұрсынұлының құрмалас сөйлем синтаксисі жөнінідегі мұралар 27
2. Ахмет Байтұрсынұлының ұлт – жанашыры
2.1 Ахмет Байтұрсынов өлеңдеріндегі ұлттық мүдде 35
2.2 Ахмет Байтұрсыновтың әдеби жанрлар жайлы тұжырымдары 38
2.3 Ахмет Байтұрсыновтың ағартушылық – педагогикалық идеялары қазіргі ұлттық тәлім – тәрбие негіздерінде 43
2.4 Ахмет Байтұрсынұлы – Алтынсарин өнегесін өрістетуші 46
2.5 Ахмет Байтұрсынұлының шығарманы көркейту жүйесіне қатысты тұжырымдары 51
2.6 А.Байтұрсынов көсемсөздеріндегі ұлттық мұрат 54
ҚОРЫТЫНДЫ 60
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТ ТІЗІМІ 61

КІРІСПЕ
Зерттеу өзектілігі. Өнер алды – қызыл тіл» деп мақалдап өткен қазақ ақындары, жазушылары осы күнге дейін қазақ поэзиясында биік орын алады. Солардың бірі Ахмет Байтұрсынұлы. Өз заманының ағысына қарсы тұра білген қайраткер. Қазақ халқының рухани көсемі болып, болашақтың жарық, тыныш, көк аспан астында өмір сүруіне өзінің ақылын арқау еткен. Өз достарының алды бола білген Ахмет өткір, алмас қылыштай адамның ойын осып өтетін сөздерімен өлең арқылы ой-сезімін білдірген. Қазақтың қазақ бола білуіне кеудесіндегі жанын да аямаған. Қарусыз-ақ сөзбен адам өлтіретін Ахмет қазақ елінің келешегін тәуелсіздікке жетелеген халықтың рухани жетекшісі. Халық үшін, халықтың мәдени-әлеуметтік болмысын көтеру үшін қызмет еткен.

1. Ахмет Байтұрсынов – қазақ тілтану ғылымының атасы
1. 1 Ахмет Байтұрсынұлы және қазақ жазуы
Адамзат мәдениеті тарихында алфавит пен жазудың маңызы ерекше. Жазу - адамдардың кеңістік пен уақытқа тәуелді болмай, әлеуметтік өмірдің барлық саласында кең түрде қарым-қатынас жасауына мүмкіндік беретін құрал. Әр халықтың рухани, мәдени өсуін, даму деңгейін көрсететін әлеуметтік мәні зор құбылыс ретінде жазу - өткен мен бүгінгіні, бүгін мен келешекті жалғастыратын алтын көпір. Еліміздің бүгінгі жеткен биігіне шығуы жолында жазу мәдениетіміздің де өз үлесін қосқанын жоққа шығармаймыз. Себебі жазу- мәдениеттің ажырамас бір бөлшегі. Ал жазудың өзгертілуі сол халықтың мәдени өміріне, әлеуметтік психологиясына әсер етеді.

1.2 А. Байтұрсынұлы жасаған тіл терминдерінің танымдық негізі
Абайдан кейін, біздің заманымызға дейін қазақтан туған білімді талантты адамдардың ішіндегі бірегейі, ұлттық парасат пен пәтуәлі перзенттік тәлім – тәрбиені ұлықтандырған, ортасынан озық озалғы үрдістерді толқын –толқын ұрпақ –ұланға жалғастырған байтақ білімді А.Байтұрсынов аты тарихта алтын әріптермен таңбаланып, ұлтымыздың ұстазы атанды. М.Әуезовше айтсақ, «Қазақтың еңкейген кәрісі мен еңбектеген жасына түгелімен ой түсіріп, өлім ұйқысынан оятқан, жансыз денесіне қан жүгіртіп, күзгі таңның салқын желіндей ширықтырып, етек-жеңін жиғызған» халқымыздың рухани көсемі А.Байтұрсынов еді. Қазақтың әлеуметтік ақыл –парасатына қозғау салып, алаш ұлысын көгертуді көксеп айтқан көрегендік байламдары, заңғар пайымдаулары ел іргесін бекітуде игілігімізге айналып отыр.

1.3 А. Байтұрсынұлының артикуляциялық талданымы
Қазақ тілінің төл дыбыс құрамын анықтап, жіктелім белгілерін көрсетіп, жіктелім атауларын алғаш ұсынған қазақ тілтанымының негізін қалаған А.Байтұрсынұлы болып табылады. Қазақ сөзінің фонетикалық талданым желісінің мәтіннен дыбысқа қарай жүргізілу керектігі мен сөз ішіндегі дыбыстардың өзіндік байланысу заңдылығы бар деген ойды да ғалым еңбектерінен табамыз.

1.4 А. Байтұрсынов және қазақ лингвистикасының мәселелері
20 ғасырдың басы кезіндегі қазақ қоғамы оқу-ағарту ісіне де белсене араласты. Ә.Бөкейхан, А. Байтұрсынұлы, Е.Омарұлы, М.Жұмабаев, М. Дулатов, Ш.Құдайбердиев, Х.Досмұхамедов, М.Тынышбаев секілді ірі қоғам қайраткерлері қазақтың әлеуметтік тіршілігіндегі ен қажетті, игілікті әрекет деп қабылдап, оқу-ағарту жұмысына, ағартушылық қызыметіне бет бұрды. Халыққа қызмет етуді ауыл мұғалімінен бастаған А.Байтұрсынов тұтқынға алынып, айдалып, сергелеңге түсер алдындағы соңғы жылдарын ҚазПИ-де профессорлық қызметпен аяқтады.

1.5 Ахмет Байтұрсынұлы әдеби тіл мәселесі жөнінде
Өз табиғатына сай жазу, ғылыми негізде түзілген емле қағидалары мен терминологиясының болуы – Халықтың тіл негізінде қалыптаса бастаған жазба әдеби тілдің дұрыс бағытта дамуының қажетті алғы шарты. Ахаңның бұл саладағы еңбегі өз алдына бір төбе. Мектепте бала оқытқан жылдарда араб жазуы (бір таңбамен 3, кейде 5 дыбысты белгілейтін) арқылы баланың сауатын ашудың қиындығын бастан кешірген, қолайсыздығына көзі жеткен тәжірибелі ұстаз алдына өмірдің өзі бұл графиканы қазақ тілінің дыбыс жүйесіне сай етіп икемдеп, өзгеріс енгізіп, қайта түзу қажеттігін көлденең тартты. Бұл мәселемен айналысуға оның 1910 жылдардан бастап өзіне тән ұқыптылықпен, байыптылықпен кіріскені байқалады. Алдымен қазақ тілінің дыбыстық жүйесі мен грамматикалық құрылысын тыңғылықты зерттеді. «Одан кейін қазақ алфавиті және емлесін ретке салып, жеңілдету жолында жұмыс істедім» дейді өзі [3, 16].

1.6 А. Байтұрсынұлының құрмалас сөйлем синтаксисі жөнінідегі мұралары
Қазақ тілінен тарихта тұңғыш рет жазылған Ахмет Байтұрсынұлының «Тіл құралы» атты арнайы оқулығы үш кітаптан тұрады. Алғашқы кітабы - 1914 жылы Орынборда шыққан. Онда ана тіліміздің дыбыстық жүйесіне байланысты жайлар қамтылған. Екінші кітабы - 1922 жылы Ташкентте басылып шықты. Мұндай сөз таптары, көптік, септік, тәуелдік жалғаулары секілді қазіргі тіл біліміндегі грамматикалық категориялар тұңғыш рет арнайы термин ретінде қалыптасты. Ал, үшінші кітабы – «Сөйлем жүйесі һәм түрлері» деп аталады.

2. Ахмет Байтұрсынұлының ұлт – жанашыры
2.1 Ахмет Байтұрсынов өлеңдеріндегі ұлттық мүдде
ХХ ғасырдың басында демократиялық бағыттағы зиялы қауымның көш басшысы бола біліп, қазақ елінің саяси-әлеуметтік өмірінде Алаш партиясы мен Алаш автономиясын құрудағы еңбектері, халықты азаттық жолына бастап, күрес жолын көрсетіп беруі А.Байтұрсыновты «ұлт көсеміне » айналдырды. Ахметті саяси бостандыққа жетуді аңсап, қазақ халқын отаршылдыққа бұғаудан құтқаруды ойлаған басқа зиялылардан оқшауландырып, еңселендіріп тұратын да осы, әсіресе, күрес жолын көрсете білуі еді. Сонымен бірге ұлы жазушы М.Әуезов сөзімен айтсақ, «Ахаң ашқан қазақ мектебі», Ахаң түрлеген ана тілі, Ахаң салған әдебиеттегі елшілдік ұраны» [13] ел санасын оятып, рухын көтере түсті.

2.2 Ахмет Байтұрсыновтың әдеби жанрлар жайлы тұжырымдары
Ұлт қамқоры, табиғатынан ерекше дарын иесі, әдебиеттану саласында күні бүгінге дейін құнын жоймаған, болашақ ғылымға да сара жол сала берер тағылымды ой-пікірлер мен ғылыми тұжырымдарды соңына мирас еткен Ахмет Байтұрсыновтың мұралары туралы сан алуан ғылыми зерттеулер жарық көрді, әлі де жариялана бермек. Оның ақындық мұрасынан, саяси-қоғамдық көзқарастарынан, ғылыми-әдістемелік еңбектерінен, тіпті азаматтық, адамдық қасиеттерінен тағылым алу, елінің ертеңі үшін күрескен ұлтжанды азаматтың өнегелі өмірін жастарымызға үлгі ету бүгінгі күннің маңызды мәселелерінің бірі болуы заңдылық.

2.3 Ахмет Байтұрсыновтың ағартушылық – педагогикалық идеялары қазіргі ұлттық тәлім – тәрбие негіздерінде

Қазақтың тәлім – тәрбие теориясы, қисындары, салт – дәстүрлері, өмірлік дағдылары – халқымыздың өмірінің өрнегі болып табылады.
Ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық тәлім – тәрбиенің белгілі жүйесінде жас буын жадына біртіндеп сіңіріп отыратын арнаулы жолдар, тиісті тәсілдер де болған. Мәселен, мақал – мәтелдерде адамгершілік – имандылық тәрбиесіне байланысты әдет – ғұрыптар насихатталса, жұмбақтар мен айтыстарда ақыл – ой тәрбиесі, өлең, жыр–дастандарда эстетикалық тәрбиенің негізгі принциптері, ал ертегілер халықтық тәрбиенің сан алуан тақырыпты қозғайтын тәлімдік ретінде пайдаланылған. Халқымыз тәлім – тәрбие туралы ұғымдарын өз өмірінде заң ретінде қолданып келеді, осы қағиданың іске асуын ақсақалдар қадағалады. Олар оқулық болып басылмады, бірақ, жазылмаған заң ретінде күнделікті өмірге араласты.

2. 4 Ахмет Байтұрсынұлы – Алтынсарин өнегесін өрістетуші

XX ғасырдың бас кезінде қазақ халқының қолын азаттық пен теңдікке жеткізуді мұрат еткен Алаш зиялылары бұл істі оқу-ағарту ісімен тығыз байланыстырды. Олар ағартушылық қызметті қазақтың саяси тынысы мен әлеуметтік тіршілігіндегі ең қажет, ең игілікті әрі бейбіт әрекет деп қабылдады және олардың негізгі мұраты сол қызметке күрмей байланады. Сондықтан білім мен өнерді «дүнияда ерге кеңдік, кемге теңдік, азды көпке теңеретін» [13,214] қазына деп таныған Алаш көсемдері кезінде «қаперсіз отырғандықтан» [13,214] білім мен ғылымнан шет қалып, қалың ұйқыда жатқан қазағын «ызыңдап ұшқан масадай» оятуға бел шеше кіріседі. Сол тұста ұлтқа қызметтің ерен үлгісі мен өнегесін Ахмет Байтұрсынұлы көрсете білді.

2.5 Ахмет Байтұрсынұлының шығарманы көркейту жүйесіне қатысты тұжырымдары
Бұл тараушада «Әдебиет танытқыштың» «Тіл қисыны, яки лұғат қисыны» сөз болады. Тарауды мазмұндық, әдістемелік тұрғыдан алып, жалпы тілдің стилистикалық айшықтары (бұның аясына кез-келген тілдік құралдар мен троп та кіріп кетеді) деген түсінікпен тікелей байланыстырамыз. Салыстыра талдау барысында Ахмет Байтұрсынұлы тұжырымдарын Б. М. Томашевский, В. М. Жирмунский тұжырымдарымен бірлікте қарауға тырысамыз. Айта кету керек, 20-жылдардағы теориялық поэтика мен лингвистика арасындағы күшті ғылыми көзқарас қақтығыстары дәл осы мақала нысанына кірмейді. Оның үстіне, сол жиырмасыншы жылдардағы поэтиканың стилистикасына қатысты жазылған еңбектер де әдеби-теориялық ағымды жіті қадағалаушыларға мәлім.

2. 6 А.Байтұрсынов көсемсөздеріндегі ұлттық мұрат
Ресей империясының отарлау саясатының өктемдігімен ХІХ ғасырда-ақ құнарлы жері мен шұрайлы жайылымының көбін қара шекпенді келімсек мұжықтардың қанжығасына байлап берген қазақ ХХ ғасырдың табалдырығын орыс бодандығының қамытын киген кейіпте аттады. Қырда қамсыз ғұмыр кешкен қазақтың «қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған» сауық заманы артта қалып, әр күні алаң-елеңге айналды. Далалық өркениет өрісіндегі өзіндік салт-дәстүрі, дүниетанымы, төл-тілі, діні, мәдениеті, шаруашылығы бар. Табиғат-Ана төсінде мамыражай тіршілік етіп келген Қазақ даласы енді орыс отаршыларының отты өрісіне айналды.

ҚОРЫТЫНДЫ
Халықты ағарту баладан, мектептен бастау алады. Ең алғаш қазақ тілінде әліппе кітабын жинақтаған Ахмет еді. Қазақ балалары көзі ашық, сауатты азамат болып шығуға септігін тигізген. Қазақ тіліндегі әліп-би осы сөздердің бәріне дәлел. Тек қана кітап жазумен тоқтамаған Ахмет, орыстың белгілі жазушыларының белгілі жазушыларының белгілі еңбектерін ана тілімізге аударып, өзінің халыққа, шамшырақ екенін дәлелдеп өткен. Халықтың білімді болуына, сауатын ашуға көп көмек көрсеткен. Бұрынғы қарапайым қара сөздерді жаңғыртып, халық санасына қалыптастыру басты мақсаттарының бірі. Көкейіндегі түйілген ойды ана тіліндегі асыл, ұтқыр сөздермен жеткізе білген. Өлеңдеріндегі сөздердің өзі адам көңіліне талпыныс, алға қарай жол бастап, көш артында қалып қоймауға себепші болған.